12
24 шілде,
№30 (458)
Жамбыл облыстық «АРАЙ» газетінің редакциясы ЖШС, ЖСК KZ51319Е010004665197, БСК ABKZKZKX, СТН 211500223161, КБЕ 17, КНП 851, БСН 050740003533 «БТА банк» АҚ Жамбыл филиалы
E-mail: aray2008@mail.ru
www.ar-ay.kz
МЕНШІК ИЕСІ
«Жамбыл облыстық «АРАЙ»
газетінің редакциясы»
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі
Директор –
Бас редактор
Гүлнұр ЕМБЕРДИЕВА
Газет 2012 жылғы 17 сəуірде Қазақстан
Республикасы Мəдениет жəне ақпарат
министрлігінде тіркеліп, мерзімді баспасөз
басылымдарын жəне ақпарат агенттіктерін
есепке алу туралы №12681-Г куəлігі берілген.
Дəулет ТӨЛЕНДІ – бас редактордың орынбасары
Шолпан БӨГЕНБАЕВА – жауапты хатшы
Хамит ЕСАМАН
– шығармашылық топ жетекшісі
Тілшілер:
Есет ДОСАЛЫ
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Қамар ҚАРАСАЕВА
Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ
Саятхан САТЫЛҒАНОВ
Талғат НҰРХАНОВ
Мұратхан ƏЛІМХАН
Ғани СҮГІРƏЛИЕВ – компьютер орталығының жетекшісі
Құралай СҮЙМАНОВА – корректор
Алтынбек ҚАРТАБАЙ – фототілші
А – материалдың жариялану ақысы төленген
Газет аптасына бір рет шығады
Газет редакцияның компьютерлік
орталығында теріліп, беттелді
Газет «Сенім» ЖШС баспаханасында
басылды
(Тараз қаласы, Төле би көшесі, 22)
Газет индексі – 66250
Тапсырыс – №637
080012, Тараз қаласы,
Ə.Əйтиев көшесінің 2-ші қиылысы, 7-а
Қабылдау бөлімі: 8 (7262) 43-69-00,
43-69-04, Факс: 43-69-04
Тілшілер: 43-69-06
Бухгалтерия: 43-69-08
Мекен-жайымыз:
Редакция
телефондары:
Мақала авторы пікірінің редакция көзқарасын білдіруі міндетті емес
Жарнама мен хабарландырулардың мəтіні мен тіліне жарнама
беруші жауапты
Газетте жарияланған материалдар мен суреттерді сілтемесіз көшіріп
басуға болмайды
Редакция оқырман хаттарына жауап бермейді, оны қайтармайды
жəне авторлар қолжазбасы өңделеді
Көлемі бес компьютерлік беттен асатын материалдар
қабылданбайды
Кейбір суреттер интернет сайттарынан алынды
Таралымы 10075
Кезекші редактор
Қамар ҚАРАСАЕВА.
АҚШАМ
АҚШАМ
Өткен сабақта оқырман қауым ағылшын тілінде тағам жəне сусын атауларымен
танысқан болатын, ал бүгінгі сабақта тұратын жеріміз жайлы жəне тұрмыстық
бұйымдарды айтуды үйренеді
14-cабақ
Тілашар – Language learning
"ÀÐÀÉÄÀÍ"
"ÀÐÀÉÄÀÍ"
ÀFÛËØÛÍ ÒIËIÍ
YÉÐÅÍÅÉIÊ!
ÀFÛËØÛÍ ÒIËIÍ YÉÐÅÍÅ
ÉIÊ!
Айдарды жүргізетін
Арайлым ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,
Тараз қаласындағы №53 орта мектебінің
ағылшын тілі пəнінің мұғалімі.
МЕНІҢ ЕЛІМ ЖƏНЕ ҮЙІМ. (MY COUNTRY AND HOUSE)
City (сити) – қала
Town (таун) – қалашық
House (хауз) – үй
Flat (флəт) – пəтер
Street (стриит) – көше
Park (пак) – саябақ
Square (скуэя) – алаң
Building (билдиң) – ғимарат
Live (лив) – өмір сүру
Country (кантри) – ел, ауыл
Хамит ЕСАМАН
– Where are you from? (уэр а ю фром?) – Сен/сіз қай елденсің(сіз) ?
– I am from Kazakhstan.(ай эм фром Кəзəхстан) – Мен Қазақстаннанмын.
– Where are you from in Kazakhstan? (уэр а ю фром ин Казахстан?) – Сен/сіз Қазақстанның қай жеріненсің
(сіз) ?
– I am from Taraz.(ай эм фром Тараз) – Мен Таразданмын.
– Where is your friend from? (уэр из ио фрэнд фром?) – Сенің/сіздің досың(ыз) қайдан?
– He/she is from England.(хи/ши из фром иңглəнд) – Ол Англиядан.
ЕСКЕРТУ: He (хи) – ол (ер адам) , She (ши) – ол (əйел заты)
ДИАЛОГТАР
Сырсарай
Қайсар КӨКІШЕВ,
облыстық филармонияның əншісі
«РАМАЗАН АЙЫНДА ҮЙІМІЗДЕ
ҮЛКЕН ҚУАНЫШ БОЛДЫ»
– Қайсар Рамазан айында
үлкен қуанышқа кенеліп жатыр
екенсіз. Кішкентайдың бауы
берік болсын!
– Иə, көп рахмет. Бір Алланың
қалауымен сүйікті жарым қылығы
тəтті Қарлығаш атты қызымнан
кейін шекесі торсықтай ұл
сыйлады. Осы қасиетті айда
жеке шығармашылығым да жаңа
əндер дүниеге келуде. Жақында
Асхат Абзалбековтың сөзіне
жазылған Мəлік Ақүрпековтың
«Айналайын ауылым» əнінің
ұлттық арнаның «Ұлттық шоу»
теле думанында тұсауын кестік.
Одан кейін Қырғызстанның
атақты клипмейкері Эрнист
Сыдыковпен бірге жұмыс
жасап, осы əнге бейнеклип
түсіруге дайындық үстіндеміз.
Бұл қасиетті айда Тəңірдің мені
жарылқап жатқаны ғой деп
шүкіршілік айтып қоямын.
– Жалпы, дəл қазір əн
қоржыныңызда неше əн бар?
– Репертуарымда Тоқтар
Серіковтың «Үміт тамшысы»,
Жандос Омаровтың «Достарым»,
Нартай Алтайдың «Сөнбес
сезім», «Анашым», Елікбай
Исаевтың «Қарындасыма»,
Құралай Қырықбаеваның
«Өмірмен сырласу», «Жастық
шақ» жəне бірнеше көше
əндері бар. Өткен жылы Ғани
Мəтебаевтың сөзіне жазылған
Данияр Ермұратовтың «Тоқта
жаным» əніне бейнеклип
түсірілді. Поп-рок стилінде
айтылған «Тоқта жаным» əні
менің бойтұмар əніме айналды
десем болады, оның дəлелі
атаулы əн соңғы уақытта жұрттың
қолындағы ұялы телефондардан
жиі естіліп, арнайы сайттардан
көп жүктеліп жатқан рейтингісі
жоғары əндердің қатарында тұр.
– «Жігітке жеті өнер де
аз», – демекші бойыңызда
əншілік өнерден басқа қандай
қасиеттер бар?
– «Алатау – жастығымның
елесі» атты мюзиклде өзімнің
актерлік шеберлігімнің бар
екендігін байқадым. Өздеріңіз
білетін «МузАРТ», «Нұр-
Мұқасан», «Меломен», «Тарту»
жəне Жұбаныш Жексен, Ғаділбек
Жанай секілді Қазақстан эстрада
жұлдыздарынан құралған
«Алатау» командасымен
облысымыздың жұлдыздарынан
құралған «Əулиеата»
командасы арасындағы
«Жұлдызды гол»
жобасын Тараз
қаласында жоғары
деңгейде өткізіп,
жанкүйерлерге жақсы
көңіл-күй сыйладым
деп ойлаймын.
Өзім де осы жобаға
белсене қатысып «Əулиеата»
командасының тарапынан
салған жалғыз гол иесі болып,
облыс əкімінің қолынан «Үздік
шабуылшы» номинациясымен
марапатталғанымды
мақтанышпен айтқым келеді.
Егер де əнші болмағанымда
менен жақсы спортшы шығар еді.
Футболдың жанкүйерімін.
– Көпшілік сізді іздесе
дыбыс жазу студиясынан
табады. Бұл саладан да
хабарыңыз бар сияқты ғой?
– Иə, өзім қызмет атқаратын
облыстық филармонияда дыбыс
жазу, əн өңдеу студиясында
əншілердің фонограммасын
жазып, кішігірім əндерін
өңдеп талабымды шыңдап
жүрген жайым бар. Бұл
салада бар білгенін үйретіп,
көмегін аямайтын əнші Ғани
Мəтебаевқа алғысым шексіз.
Өнерде бағыт-бағдар көрсетіп
жүрген əріптес аға-əпкелерім
Маралбек Бабақұлов, Мəдина
Сағымбекова, көркемдік
жетекшім Жандос Омаров сынды
өнер иелерімен қуанамын,
мақтанамын.
– Алға қойған мақсатыңыз
бен ойға алған жоспарыңыз
қандай?
– Алға қойған ең
үлкен мақсатым – өзімнің
шығармашылық есеп беру
концертімді өткізу. Оқып
түйгенімді, тірнектеп жиған-
тергенімді халық алдына тарту
етсем деген арманым бар. Бірақ,
қай күні екенін айта алмаймын.
Барлығы уақыттың еншісінде.
– Əңгімеңізге рахмет.
Сұхбаттасқан
Ақмарал АХМЕТОВА.
Бүгінде ғылым саласы алға шығып, əлемдік
деңгейде дамып келеді. Соның бір айғағы
ретінде осыдан екі-үш жыл уақыт бұрын
электронды қазақ үй жобасы дүниеге келген
еді. Бүгінгі заман талабына негізделген, «Ұлас-
Электрон» серіктестігі бастаған бұл жоба
ұлттық музыка мен халық ауыз əдебиетінің
насихатшысы болып келеді.
Осы электронды қазақ үй өнімін Жамбыл
жұртшылығына
насихаттау
мақсатында
облыстық баспасөз орталығында жобаның
жауапты редакторы Жарқын Сəленұлының
қатысуымен
жергілікті
БАҚ
өкілдерінің
арасында жиын өтті. Аталған жиынды облыс
əкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының
орынбасары Жəмилə Бекбосынова сөз сөйлеп,
ашты.
– Электронды қазақ үй – ұлттық
мəдениетті
насихаттайтын
құрал.
Ұлттық бояуы қанық, көркі көз тартады.
Мазмұны бай, жанры əр алуан, еңбектеген
баладан, еңкейген қарияға дейін кез келген
сəтте рахаттана тыңдауға тұрарлық
рухани тəрбиеші, – деді өз сөзінде Жəмилə
Арғынбайқызы. Бұдан кейін сөз алған Жарқын
Сəленұлы электронды қазақ үйдің негізгі
ерекшеліктеріне тоқталды.
– «Ұрпақты ұлттық
рухта
тəрбиелейтін
өнім
патенттелген,
авторлық
құқығы
қорғалған, Елбасының
жақсы
бағасына
ие
болып,
еліміздің
Мəдениет министрлігі
Тіл
комитетінің
сараптауынан өткен.
Жобаның
жүзеге
асуына үш жыл уақыт
жұмсалды. Оның сəтті
шығуына
Дүниежүзі
Қ а з а қ т а р ы н ы ң
қ а у ы м д а с т ы ғ ы ,
М.Əуезов атындағы
Ə д е б и е т
жəне
өнер
институты,
т а н ы м а л
ақындар мен
əнші-компози-торлар қолдау білдіріп, кеңес
берді, – деді ол өз сөзінде.
Электронды қазақ үй төрт негізгі бөлімнен
тұрады. Бірінші бөлім – ертегілер. Мұнда
топтасқан 150 ертегіні белгілі актер Айдос
Бектемір мен əйгілі диктор Сауық Жақанова
оқыған. Ал, екінші бөлімі – балалар əні. Мұнда
кең көлемде жинақталған балаларға арналған
167 əн енгізілген. Орындаушылардың ішінде
танымал
əншілермен
қатар,
талантты
жасөспірімдер де бар. Ал үшінші бөлімде
дəулескер күйшілеріміздің күйлері қамтылған.
Мұнда 315 домбыра, 34 оркестрмен
орындалған күй, 20 қобыз, 20 сыбызғы,
12 жетіген, шаңқобыз, адырна, шертер,
8 сазсырнаймен орындалған шығармалар
енгізілген. Төртінші бөлімі – дəстүрлі əн,
терме-толғаулар, бесік жырлары жəне Абай
Құнанбаевтың 45 қара сөзінен тұрады.
Оның ішінде 114 халық əні, 202 халық əнші-
композиторларының əндері, 62 терме-толғау,
26 отаншылдық рухтағы əн, 7 бесік жыры бар.
Сондай-ақ, электронды қазақ үйден радио
тыңдап, жеке құрылғылардағы əндерді қосып
естуге болады. Жобаның авторы Ғалымбек
Қызырбекұлы.
Электронды қазақ үй бүгінгі таңда
Елбасынан бастап, қарапайым халықтан
да қызу қолдау тауып келеді. Компанияға
тапсырыс беру арқылы бұл дүниені он мың
теңгеге сатып алуға болады. Ал, облыстардағы
сауда нүктелерінде бұл қазақ үй үстеме бағамен
сатылады. Түйіп айтқанда, электронды қазақ
үй жас ұрпақты тəрбиелеуге, оларға ұлттық
мəдениетті үйретуге таптырмас құрал.
Ақжолтай
ҚАЗАҚТЫҢ КИІЗ ҮЙІ – ҰЛТТЫҢ
ҰЛТТЫҒЫН, ЕЛДІҢ ЕЛДІГІН ДҮНИЕЖҮЗІНЕ
ТАНЫТҚАН КӨРНЕКТІ НЫШАНДАРДЫҢ БІРІ.
ЖАЙЛАУДА ТІГІЛГЕН ОН ЕКІ ҚАНАТТЫ КИІЗ
ҮЙ ҚАЗАҚТЫҢ БОЛМЫСЫН БЕДЕРЛЕЙТІН
МƏҢГІЛІК СУРЕТ. ОҒАН ЕШБІР ЕЛДІҢ
ДАҢҚТЫ
СУРЕТШІЛЕРІНІҢ
ШЕБЕРЛІГІ
ДЕ, ТАНЫМЫ ДА ЖЕТПЕГЕН. ЕЖЕЛГІ
ҚАЗАҚ КИІЗ ҮЙДІҢ ІШІНДЕ ОТЫРЫП-АҚ
ҰРПАҒЫНА ҰЛАҒАТТЫ ТƏРБИЕ БЕРГЕН,
ӨЗАРА БІР МƏСЕЛЕДЕ МƏМІЛЕ ТҮЙІСКЕН.
АТАЛЫ СӨЗ ДЕ, БАТАЛЫ СӨЗ ДЕ ОСЫ КИІЗ
ҮЙДІҢ ІШІНДЕГІ КЕУДЕСІ АЛТЫН САНДЫҚ
ҚАРИЯЛАРДАН ШЫҚҚАН.
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ҚАЗАҚ ҮЙ
арасында жиын өтті. Аталған жиынды облыс
«Ұр
рухта
өнім
авторл
қорғалғ
жақсы
ие
бо
Мəдени
Тіл
сарапта
Жобаны
асуына
жұмсалд
шығуын
Қ а з а
қ а у ы м
М.Əуе
Ə
ТҰРМЫСТЫҚ БҰЙЫМДАР
Room (рум) – бөлме
Living room (ливиң рум) – қонақ бөлмесі
Bedroom (бэддрум) – жатын бөлме
Bathroom (бəсрум) – жуынатын бөлме
Study (стади) – кабинет
Kitchen (кичен) – ас үй
Toilet (тойлет) – əжетхана
Dining room (дайниң рум) – ас ішетін бөлме
My name is Asem. (май нейм из Асем) – Менің атым Əсем.
My family and I live in Almaty.(май фэмэлы энд ай лив ин Алматы) – Менің отбасым жəне мен Алматыда
тұрамын.
We live in a nice fl at in a modern block of fl ats.(уи лив ин э найс флəт ин модэн блок оф флəтс) – Біз көпқабатты
үйдің пəтерінде тұрамыз.
Our fl at is on the third fl oor of the nine-storied building.(ауэ флəт из он зэ сөд фло оф зэ найн сторид билдиң)
– Біздің пəтер тоғыз қабатты пəтердің үшінші қабатында тұрамыз.
We have got four rooms: a living room, a bedroom, a kitchen and my room. (уи хəв гот фо румс: ливиң рум, э
бэдрум, э кичен энд май рум) – Біздің төрт бөлмеміз бар:қонақ бөлме,жатын бөлме,ас үй жəне менің бөлмем.
There are a sofa, a table, a bed in my room.(зэр а э соуфа, э тейбл, э бэд ин май рум) – Менің бөлмемде диван,
үстел,төсек бар.
ГРАММАТИКА: There is (зэр из) – бар(жекеше түр)
There are (зэр а) – бар (көпше түр)
There is a chair in my room. – Менің бөлмемде орындық бар.
There are chairs in my room. – Менің бөлмемде орындықтар бар.
Sofa (соуфа) – диван
Bed (бэд) – төсек
Table (тейбл) – үстел
Chair (чея) – орындық
Carpet (капит) – кілем
Pillow (пилоу) – жастық
Blanket (блəнкет) – жамылғы
Television set (телевижэн сэт) – теледидар
Cupboard (капбод) – шкаф
Lamp (лəмп) – лампа
Fridge (фридж) – тоңазытқыш
Vacuum cleaner (вəкум клинэ) – шаңсорғыш
Washing machine (уошиң
мəшин) – кір жуғыш машина
Bath (бəс) – ванна
Sink (сиңк) – раковина
Cooker (кукэ) – плита
EAST OR WEST, HOME IS BEST –
ӨЗ ҮЙІМ ӨЛЕҢ ТӨСЕГІМ