дүние. Ат
24 шілде,
№30 (458)
8
АУДИТОРИЯ
Біз де студент болғанбыз...
«РЕКТОРДЫҢ МАҚАЛАСЫН ОҚЫП, ЖОСПАРЫМДЫ ӨЗГЕРТТІМ»
«РЕКТОРДЫҢ МАҚАЛАСЫН ОҚЫП, ЖОСПАРЫМДЫ ӨЗГЕРТТІМ»
Қуандық ТҰРДАЛИН, профессор,
экономика ғылымдарының кандидаты:
Дайындаған Есет ДОСАЛЫ.
«АҒАЙЛАРҒА ЖАСАҒАН ПАРОДИЯМ ПАЙДА ƏКЕЛМЕДІ»
«АҒАЙЛАРҒА ЖАСАҒАН ПАРОДИЯМ ПАЙДА ƏКЕЛМЕДІ»
Елдос ТӨЛЕНДИЕВ, Тараз қаласы
əкімдігі ішкі саясат бөлімі «Тараз Жастар
орталығының» директоры:
– Абай атындағы Жамбыл
гуманитарлық
колледжінде
2001-2005 жылдары «Аспапта
орындау» мамандығы бойынша
білім алдым. Негізгі пəнім
домбыра болатын. Домбырадан
Талғат Орынтаев ағай сабақ
берді. Басқа студенттер нота
жаттап, күндіз-түні емтиханға
дайындалып жүргенде, менде
ондай алашапқын дайындық
болмайтын. Себебі, менің есте
сақтау қабілетім (слух) жоғары
еді. Талғат ағай тартып берген
кез келген күйді артынша дəл,
айнытпай қайталап орындап
бере алушы едім. Сондықтан
алатын бағам дұрыс болды.
Ұстаздардың
да
мінезі
неше түрлі еді. Сабаққа
мойным онша жар бермесе
де,
қоғамдық
жұмысқа
өте
белсенді
болдық.
Ұлбала Серімбетова деген
апай музыка методикасы
пəнінен сабақ беретін. Ол
кісі басқалардан қинап сабақ
сұрайды.
Маған
келгенде
ештеңе сұрамай-ақ «5» қоя
салатын. Басқа студенттер
мұның сырын жабыла келіп
сұрайды.
–
Оның
себебі
бар.
Төлендиев
бəрібір
музыка
маманы болмайды, əкімшілік
қызметкері болады. Сондай
қызметке барғанда дипломдағы
бағасы дұрыс болсын. Осы бір
апай төмендетті-ау деп маған
өкпелеп жүрмесін деп жақсы
баға қоямын ол студентке,
– дейтін Ұлбала ұстаз. Сол
апайдың айтқаны айдай келді.
Менен музыкант шыққан жоқ.
Бірақ,
ІІІ
курс
оқып
жүргенде бірнеше сабақтан
«3» алып қалғаным бар. Оның
себебі сол кездегі кафедра
меңгерушісі Əсет Рысдəулетов,
баяннан сабақ берген Асылбек
Жанғарин, Бауыржан Қарабаев
секілді ағайларыма мұғалімдер
мерекесіне орай өткен бір
іс-шарада
қатырып
тұрып
пародия жасағаным бар. Мен
қайдан білейін ұстаздардың
көңілі көтерілсін деп жүрмін
ғой. Сөйтсем, əлгі ағайлар
маған қатты өкпелеп қалыпты.
Үшеуі де өз сабақтарынан
«3» қойды. Бірақ, келесі алты
айда жақсы қырымнан көрініп,
сол
сабақтардың
бəрінен
үлгерімімді жақсарттым. Əлгі
ағайлардың
барлығымен
жақсы сыйласып кеттік. Сол
күндер тарих парағына еніп,
сағындырып жүр енді.
– Əуелгі арманым жоғары
оқу орнын қазақ тілі мен
əдебиеті мамандығы бойынша
оқу болатын. Сол мақсатты
көздеп, С.М.Киров атындағы
Алматы
Қазақ
Мемлекеттік
университетіне құжат тапсыру
үшін
жолға
шыққанмын.
Алматыға жетіп, теміржол
вокзалынан
түскенім
сол
киоскілердің бірінде жарнама
ретінде ілініп тұрған газетке
көзім
түсті.
Жақын
барып
қарасам, мен құжат тапсыруға
бара жатқан ҚазМУ-дың ректоры
Төлеген
Тəжібаевтың
ұзын-
сонар үлкен мақаласы екен.
Ол кісі əрі КСРО-ның шетел
істері жөніндегі министрі еді.
Ректор əлгі мақалада экономика
факультетінің жаңадан ашылып
жатқанын, оның жақсы жақтары
өте көп екенін тəптіштеп
жазыпты. Содан алғашқы
ойымнан айнып, филология
емес, экономика факультетіне
құжат
тапсырдым.
Сəтін
салып
студент
атандым.
Бірақ, ол кездің талабына
сəйкес сабақтың бəрі орысша
жүрді. Ал, мен бірде-бір
орысы жоқ ауылдан барған
бала едім. Бірақ, мектепті
жақсы бағалармен бітіргенмін.
Сабақ кілең орысша, əрі
қиын. Түкке түсінер емеспін.
Сол қиындығына шыдамай,
тастап кеткім де келді. Сонда
менің қимаған екі жағдайым
болды. Біріншісі сол жылы
жаңадан ашылған экономика
факультетіне
Мəскеуден
атақты
профессор-ғалымдар
шақырылған
еді.
Бробер
жəне Нейштад деген ғалым-
оқытушылар өте білімді кісілер
еді. Осы ғалымдардың сабағын
қимадым.
Екінші
жағдай,
кураторымыз
ер
жігіттердің
орысшаға жоқ екенін ескеріп,
сабағы жақсы бір-бір қыздың
қасына
бізді
отырғызып,
орысша білмейтіндерді алға
сүйреуді сол қыздарға тапсырып
қойған еді. Мен Лила Квон
деген кəріс қыздың қасына
жайғасып, үйренушісі болдым.
Ол қазақшаны біраз біледі.
Оқытушылардың айтқан сөзін
бұлжытпай жазып алады. Сосын
Лиланың конспектісінен мен
көшіріп жазамын. Екінші сол көзі
мөлдіреген кəріс қызды қимадым.
Лила ақылды, жақсы қыз еді.
Талай рет орысша білмей,
үйрене алмай, оның мазасын
алдым. «Мен бəрібір сізге
орысша үйретемін» – дейтін. І
курстың соңына дейін ерінбей,
мені алға жетелеумен болды.
Емтиханның бəрін тапсырып
болдық. Сонда да Лила екеуміз
он күндей Алматыда бірге қалып,
ол маған орысша үйретті. Құдды
бір маған үйретуге тиіс секілді
тыным
таппайды.
Саябақта
күнде қыдырып жүреміз, ол
кілең орысша сөйлейді. Менің
жауабым шала-шарпы. Ол мен
орысша жеткізе алмасам күліп,
мазақтайды. Мен шамданып
қаламын. Кетемін, сабағы да,
орыс тілі де бар болсын деймін.
Ол соңымнан жүгіріп жалынады.
Оның жалынғаны əдемі еді... Сол
үшін əдейі қашқан болушы едім.
Сөйтіп, ІІ курстың басында
кəріс қыздың қасынан қалмай
жүріп
орысшаны
əжептəуір
меңгеріп алдым. Сол Лила біздің
ешқайсысымызға
бұйырған
жоқ.
Бір
математик
кəріс
жігітіне тұрмысқа шықты. Ол
университетті қызыл дипломға,
мен «4-5-ке» бітірдім. Бес жыл
оқыған сол оқу орнындағы
достардан қазір есімде қалғаны
Лила ғана.
«ҮЙДЕГІ ҚҰРТ-МАЙДЫ ЖАТАҚХАНАҒА ТАСИТЫНМЫН»
«ҮЙДЕГІ ҚҰРТ-МАЙДЫ ЖАТАҚХАНАҒА ТАСИТЫНМЫН»
Гүлмира ТƏЖИЕВА,
«Нұр Отан» партиясы облыстық
филиалының баспасөз хатшысы:
– Жамбыл педагогикалық
институтының
филология
факультетінде білім алдым.
І курстан бастап староста
болдым. Біздің үйіміз менің
тобымдағы студенттер жататын
жатақханаға жақын еді. Өзім
облыс
орталығында
ата-
анаммен тұрамын. Тамағым
тоқ, көйлегім көк болса да
«жатақханада жатып оқыған
студент – нағыз студент» деп
ойлайтынмын.
Жатақханада
жатқан
құрбыларыма
қатты
қызығушы едім. Үйімдегі құрт-
майды,
алма-өрік,
жүзімді
пакетке салып алып, студент
қыздарға
беретінмін.
Неге
екенін
қайдам
үйден
гөрі
жатақханада жеген тамақ маған
дəмді, тəтті көрінетін. Гүлмира
Игілікова, Шарипа Омарова,
Гаухар Əденова секілді менімен
қатарлас оқыған, жатақханаға
жататын қыздар үйден апаратын
жеміс-жидек, тəттілерімді асыға
күтіп
отыратын.
Сосын
аудиториядағы
қызық
сəттерді
жарыса
айтып
отырып,
əлгі
жемістерді
жеп тауысатынбыз. Сосын
түннің бір уақытына дейін
кітапханада
отырамыз.
Кейде кітапханашы байқамай
біздерді жоқ екен деп ойлап,
бөлмені құлыптап кетіп, таңға
дейін кітапхананың оқу залында
отырған кездеріміз болған. Сол
кездің өзін қазір қызыға еске
алып жүреміз.
Тобымыздың
қыздары
«вечер» жасайтын болса, біздің
үйді таңдайтын. Біздің үй жер үй
жəне мен старостамын. Декан
мен кураторға өзім жауабын
берем, кейде ол кісілерге отырыс
болатынын ескертіп қоятынмын.
Біздің кезеңнің жігіттері де,
қыздары да ерекше болатын.
«Вечер» деген біз үшін жігіттің
қызға
алдамшы
сезімдерін
білдіру емес, шынайы достық,
сыйластықпен
көмкеріліп
тұратын. Сол уақыттың студент
жігіттері қандай сыпайы еді
десеңізші... Олар кез келген
қыз түгілі өздерінің сүйген
қыздарының
қолынан
əрең
ұстайтын.
Негізі үйімізге келген
қыздар дастарханға салынатын
жеміс-жидек, тəттілер, құрт-
майды біліп отыратын. Үйіме
жиі келетін құрбыларыма əкем
–Махамбет түсіністікпен қарап,
«Төрлетіңдер
қыздарым!»
деп оларды еркелетіп, еркін
жүрулеріне жағдай жасайтын.
Сондықтан, біздің үй олар үшін
екінші жатақхана болды десем
де болады.
ЕЛ ТІРЕГІ – БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ
ЕЛ ТІРЕГІ – БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ
Жазғы демалыс кезіндегі
балалардың бос уақытын
тиімді өткізу үшін, оларға оң
тəрбие көрсетудің бір үлгісі
ретінде
«Қазақстан-2050»
Жалпы ұлттық қозғалысы
«Елдің күші – бақытты
отбасы» атты жаңа жобасын
бастады. Ашылу салтанатын
Тараз қаласының «Астана»
мөлтекауданындағы
№18
үйдің ауласында мерекелік
концертпен
өткізді.
Əн
шырқалып, түрлі би биленген
іс-шара
барысында
ата-
аналар
мен
балалар
арасында қызықты ойындар
ұйымдастырылды.
« С а м ұ р ы қ - Қ а з ы н а »
Ұлттық
əл-ауқат
қоры»
акционерлік
қоғамының
қолдауымен
ұйымдастырылған жобаның
аумақтағы жоба үйлестірушісі
Жансерік
Досымбековтың
айтуынша 14 тамызға
дейін шаһардың əр үйінің
ауласында түрлі іс-шаралар,
спорт шеберлерінің, еңбегі
сіңген жаттықтырушылардың
шеберлік
сабақтары,
Тараз қаласының танымал
жəне іскер тұлғаларымен
кездесулер
өткізілмек.
Ондағы
мақсат – дені
сау, білімді, сыни ойлай
алатын
өскелең
ұрпақты
тəрбиелеудегі
жергілікті
қоғамның рөлін арттыру жəне
оларды осы іске жұмылдыру.
Бүгінгі
ашылу
салтанатына облыстық ішкі
саясат
басқармасының
жəне Тараз қалалық ішкі
саясат бөлімінің өкілдерімен
қатар, 2012 жылғы Лондон
олимпиадасының жеңімпазы
Ғани Жайлауов қатысты.
Қ.РАХМЕТУЛЛИНА.
Сіз қалай ойлайсыз?
ҒАЛАМТОРДАН КӨШІРГЕН РЕФЕРАТ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС БОЛА АЛА МА?
ҒАЛАМТОРДАН КӨШІРГЕН РЕФЕРАТ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС БОЛА АЛА МА?
БҮГІН БІЗ БАЛА ДЕП ТƏРБИЕЛЕП ОТЫРҒАН БҮЛДІРШІНДЕРДІҢ
ЕРТЕҢГІ КҮНІ КІМ БОЛАРЫ БЕЙМƏЛІМ. ДЕГЕНМЕН, БАЛАНЫ О БАСТАН
ЖАН-ЖАҚТЫ ЕТІП ТƏРБИЕЛЕП, ӨСІРГІМІЗ-АҚ КЕЛЕДІ. ҮЛКЕНДЕРДІҢ
ОСЫ ТІЛЕГІНЕН БОЛАР, БІЛІМ САЛАСЫН БАСҚАРАТЫН ЖОҒАРҒЫ
БИЛІК МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА БАСТАУЫШ СЫНЫПТАН БАСТАП,
ҒЫЛЫМИ ТҰРҒЫДА ІЗДЕНУГЕ ЖЕТЕЛЕЙТІН ТАПСЫРМАЛАР БЕРЕДІ.
ЖОҒАРЫДАН КЕЛГЕН ƏР ТАПСЫРМА ОҚУШЫҒА АРНАЛСА ДА МЕКТЕП
БАСШЫЛЫҒЫНА, МҰҒАЛІМДЕРГЕ ЖҮКТЕЛЕДІ. ЖАУАПКЕРШІЛІК ТАНЫТУ
ҮШІН МҰҒАЛІМ АМАЛСЫЗДАН СЫНЫПТАҒЫ БЕЛСЕНДІ КӨРІНІП ЖҮРГЕН
БАЛАНЫ «ҒАЛЫМ» ЕТІП ШЫҒАРУҒА БАРЫН САЛАДЫ. ЕҢБЕГІН ӨЗІ
ЖАЗЫП ТА БЕРЕДІ. ҚАЗІР АҚПАРАТ АЯСЫ КЕҢЕЙГЕН ҒАЛАМТОР ДА
МҰНДАЙҒА ЖАҚСЫ «ЖƏРДЕМШІ». КЕРЕГІН СОЛ ҒАЖАЙЫП ЖƏШІКТЕН
КӨШІРІП АЛА САЛАДЫ. ƏРИНЕ, ҒЫЛЫМИ ЖОБА ҰСЫНЫП ЖҮРГЕН
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МҮЛДЕ ЕҢБЕГІ ЖОҚ ДЕУДЕН АУЛАҚПЫЗ. БІРАҚ, МЕКТЕП
ТАБАЛДЫРЫҒЫН КЕШЕ АТТАП, СЫНЫПТА САБАҚ ОҚУ ДЕГЕННІҢ НЕ
ЕКЕНІН ЕНДІ ҰҒЫНЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ОҚУШЫСЫ
ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ ТҮП МƏНІН ҚАЙДАН ТҮСІНСІН. РАС, БАЛА КҮННЕН
ІЗДЕНІМПАЗ БАЛА ДА ЖОҚ ЕМЕС. БІРАҚ, ОНДАЙ ТАБИҒИ ТАЛАНТЫ БАР
БАЛА ҚАБІЛЕТІН АРНАЙЫ ТАПСЫРМАМЕН ЕМЕС, ӨЗІНІҢ ҚАЛАУЫМЕН
КӨРСЕТПЕЙ МЕ?
Бір ғана мысал айта кетейік. «Азаттық радиосына»
шағымданған ұстаз-ана ғылыми жұмыс тапсырылған
3-сыныпта оқитын баласын аяйтынын айтыпты.
Алматылық Нұрбибі Иманбаева «Бастауыштың
оқушысына реферат сияқты ғылыми жоба жазу
керек екен. Жобаға қойылған талап бойынша оқушы
зерттеудің мақсатын, өзектілігін, жаңалығы мен
құндылығын көрсетуі керек. Үлкендердің ғылыми
диссертациясына қойылатын «өзектілік, құндылық»
деген ұғымдарды 3-сыныптың оқушысы қайдан
біледі» дейді. Рас-ау. Кіп-кішкентай, ойын баласы
осы сөздердің түп-төркінін түсінер ме екен? Шүкір,
вундеркинд балалар бар. Бірақ, ол Жаратқанның
ерекше сыйы бастауыштың барлық оқушысына
бұйыра ма? Ондай балалар тапсырмасыз-ақ
көрінеді емес пе?
Əлгі алматылық батыл ананың баласына «Киттер
əлемі» деген тақырып беріліпті. Əңгіменің қызығы
онда да емес, балаға алдын ала жарыстан нешінші
орын алатыны шешіліп қойғанында. Қалалық
байқаудан əлгі ғылыми жобасымен ол бала І орынды
алады екен. Сол үшін ата-анасынан делдалдар
арқылы 500 доллар сұратқан. «Қуырдақтың көкесін
түйе сойғанда көресіңнің» кері келіп, ол бала
ғылыми жобасын еш жерде қорғамаса да ІІІ орын
бұйырыпты. Анасы Алматыдағы жоғары оқу орнында
оқытушы əрі ғылыми дəрежесі бар болғандықтан да
баласының жұмысына осыған дейін өзі көмектесіп
келіпті. Енді ол болымсыз нəрсемен баласының
басын қатырмауды ұйғарып, келген тапсырмалардан
бас тартқан.
Біз де өз өңірімізден осындай шындықты
жасырмай айтатын ата-ана іздеп, біраз кісілерден
осы тақырыпта сыр суыртпақтап көріп едік. Бірақ,
бəрі де аты-жөндерін атаудан қаймықты, дегенменен
балаларының басын қатыратын тапсырмалардың
жоқ еместігін де жасырмады. «Əйтеуір, «мына
сабақтан реферат жаз, материалды интернеттен
алыңдар деді» деп күнде бір емес, бірнеше
пəндерден тапсырма алып келеді. Интернет үшін,
ол тапқандарын компьютерде жаздырып, қағазға
шығарту үшін деп ақша сұрайды да отырады» дейді
біз сөзге тартқан ата-аналар.
Кейінгі
кездері
«Оқушы
партфолиосы»,
«Мұғалім партфолиосы» дегендер шықты. Ол
папкаға баланың ғылыми ізденістері мен мұғалімнің
еңбектерін жинау керек. Ондағы жиналғанның бəрі
шынайы ізеніспен жазылған еңбектер деуге күмəн
көп. Мұндай қағазбастылықтар тек мұғалімнің алтын
уақытын сарп ететін қосымша жүк ғана секілді.
ШЫН ТАЛАНТ ШЫҢЫРАУДА ЖАТПАЙДЫ
Бүгінде
Т.Рысқұлов
ауданының
Құмарық
ауылында тұратын Жанболат Əмір есімді бозбала
жарамсыз болып қалған көліктердің бөлшектерінен
əмбебап машина құрастырып, бар шаруасына
пайдаланып жүр. Осыдан екі жыл бұрын мектеп
бітірген Жанболат Сұлтанбекұлы мұғалімдердің
көзіне түсіп, аузына іліккен екпінді немесе озат
оқушы да болмаған. Бірақ, тумысынан техниканың
тілін түсінген қабілеті бар бала күнделікті тұрмыстық
шаруаның қажеттілігінен əлгіндей көлікті əзірлеген.
Оның бұл тың жобасы шөп шабудың қажеттілігінен
туыпты.
Алғашында шөпті қолмен шапқаннан уақытты
да, қол күшін де үнемдейді деп мотоциклге шөп
шабатын құрылғыны (косилка) тіркеген. Бұл
ойы расында да жақсы нəтиже көрсеткен. Енді
өнертапқыш жігіт мұнымен тоқтап қалмай, ойын
ары қарай тереңдете түскен. Əуелі ойындағы
сызбаны қағазға түсіреді. Сосын ескі москвичтің
қаңқасын алып, темір-терсек қабылдайтындардан
іздеп жүріп, қажетті бөлшектерді табады. Жеті түрлі
темір тұлпардың бөлшектерінен небары он бес
күннің ішінде шөп шабуға тиімді көлікті құрастырып
шығады. Енді оның үстін жауып, осы көлікке жем
тартатын, моторы арқылы жер астынан су тартатын
жəне электр қуаты жүргізілмеген жерлерге ток
көзін беретін құрылғыларын қоспақшы. Сөйтіп, жас
өнертапқыштың қолынан нағыз шаруаға керекті,
əмбебап көлік дүниеге келетін болады. Нағыз
ғылыми, тың жоба осы емес пе? Бірақ, Жанболат
мұны ұстаздың жетелеуімен қағаз жүзінде жазған
жоқ. Жаңа жобасының өзектілігі мен құндылығын
талдаған жоқ. Қағазбастылықпен папка жинақтап,
ғаламторда сағаттап отырмады да. Тек тұрмыстық
қажеттіліктен туындады. Мақсатын ғана айқындады,
соған жетуді көздеді. Зор ізденісті еңбегінің нəтижесі
осындай жетістік берді.
Тағы да осы секілді күнделікті тұрмыстың
қажеттілігінен туған тың дүниені айта кетейік. Осы
ауданның Көкдөнен ауылындағы А.Байтұрсынов
атындағы шағын орталықты орта мектебінің 9-сынып
оқушысы Ақбөпе Тілеуберді электр қуатын күндіз Күн
энергиясынан алып, түнде пайдалануға негізделген
жаңа жобаны ойлап тапты. Яғни, күнделікті
біз тұтынып жүрген электр қуатын үнемдеуді
көздейді. Ақбөпе тұратын ауыл 2011 жылдан бері
салынып жатқан «Батыс Европа – Батыс Қытай»
автомагистралінің бойында. Ауылдың батыс жағына
үлкен көпір салынған. Автомагистралдың екі
жағында қас қарайғаннан бастап түні бойы электр
шамдары самаладай жарқырап тұрады. Ұзын-сонар
жолдың екі бойына қаншама шамдар тізбектелген,
əрқайсысы қандай көлемде электр қуатын тартып
жатыр? Міне, Ақбөпені осы сауалдар толғандырады.
Ол осы ой жетегімен мектепте физика апталығы
ұйымдастырылғанда өз тобымен бірге əлгі көпірдің
макетін сызып, электр қуатын қалай үнемдеуге
болатынын талдайды. Ізденімпаз оқушылардың
бұл жұмыстарына физика пəнінің мұғалімі Күланда
Көлбаева бағыт-бағдар беріп, ұстаздық кеңесін
ұсынады. Тың жоба мектеп басшылығының, аудан
педагогтарының да қызығушылығын тудырып,
Астанада өткен «ЭКСПО-2017 балалардың көзімен»
атты ғылыми байқауға жіберіледі. Еңбек бағасыз
қалмады. ІІІ дəрежелі дипломмен марапатталып,
арнайы сертификатқа ие болады.
Бұл да жоғары жақтағы биліктен «осы уақытқа
дейін міндетті түрде орындалсын» деген арнайы
тапсырмамен емес, баланың күнделікті көзбен көріп
жүргенінен туындаған ойынан шықты. Ғаламтордың
дайын материалдарын көшіріп, қағазға хаттағаннан
емес, талапшыл жеткіншектің шынайы ізденісінен
пайда болған тың дүние табиғи ресурстарды тиімді
пайдалануды, экологияға зиян келтірмеуді де
қамтыған.
Бұл келтірген мысалдарымыз расында да
ізденімпаз жасөспірімді өнер-ғылымға жетелейтін
жол. Қағазбастылық, тапсырманы орындау үшін
жөнді-жөнсіз сөзбұйдаға салу осы бір шынайы
жолдан тайдырмаса екен. Айтайын дегеніміз
əлдебіреуді даттап, енді біреуді асыра мақтау емес,
барлық істе «арық сөйлеп, семіз шықсақ» деген ой.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ж.
Ж.ƏМІР
ƏМІР..
Бәрекелді!
«ОҢАЙ ОЛЖА» – ƏУЛИЕАТА АНИМАЦИЯСЫНА ҮЛКЕН
«ОҢАЙ ОЛЖА» – ƏУЛИЕАТА АНИМАЦИЯСЫНА ҮЛКЕН ОЛЖА
ОЛЖА
Жуырда
өңіріміздің
мəдени
əлеміндегі
тағы
бір
ақжолтай
хабармен
қауыштық.
Облыстық
«Қазақстан-Тараз» телеарнасының
қызметкері
Сəбит
Жанбаев
анимациялық
фильм
жасауды
қолға алыпты. Жергілікті əуесқой
аниматордың
айтуынша,
қазір
фильмнің жетпіс пайызы дайын.
Оның үстіне ол ешқандай да күрделі
технология көмегінсіз фильмге
қажетті
дүниелердің
барлығын
да қолмен жасау үстінде екен.
Істің сəтін салса, анимациялық
фильм енді үш-төрт айдан соң
дайын болмақ. Туындының аты
«Оңай олжа» деп аталады. Бұл
кинотуындыда Бақыт пен Аңғалбек
секілді негізгі кейіпкерлердің басынан
өткен
оқиғалары
баяндалады.
Шығарманың мазмұны – екі дос
бір байшыкешке жалданып жұмыс
істейді, бірақ өмірлеріне аса риза
емес. Екеуі Қаратау бөктерінде
алтын жасырулы деген қауесет
сөзді естіп, соны табандарынан
таусыла
іздеп
жүргендерінде,
байқамай жерасты үңгіріне түсіп
кетеді. Қысқасы, оңай олжа іздеген
екі кейіпкердің басындағы осындай
жағдай баяндалады. Анимациялық
фильм бас-аяғы бір жарым сағатқа
созылады.
Сəбит
Жанбаев
əңгіме
барысында егер жақсы нəтижелерге
қол
жеткізіп
жатса,
облыс
орталығынан
киностудия
ашпақ
ниетінің бар екенін жеткізді.
Анимация жанрының елімізде
кенжелеп қалғаны рас. Ал, өңірімізде
бұл жанрдың мүлде жоқтығы ой
салған Сəбит Жанбаев жастар мен
жасөспірімдер сүйсініп көретін, ал
ересектер үшін комедиялық жанрдағы
шытырман оқиғалы анимациялық
фильм жасауға тəуекел етіпті.
Сəбит Жанбаев өңірімізге бұған
дейін сазгер ретінде танылды. Оның
шығармаларын Мақпал Жүнісова,
Айгүл Иманбаева, «Жігер» тобы
секілді эстрада жұлдыздары орындап,
халықтың ықыласына бөленіп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: