беріледі.
Түйіндеме 25 шілде - 25 тамыз аралығында
zhambyl@zhasotan.kz электронды мекен-жайы
арқылы қабылданады.
24 шілде
№30 (458)
4
АЙНА
БАСПАНАЛЫ БОЛУ – БІР БАҚЫТ
БАСПАНАЛЫ БОЛУ – БІР БАҚЫТ
немесе 2015 жылға дейін кімдер тұрғын үйге қол жеткізеді?
Қала халқын баспанамен қамту əрі еліміздің
мемлекеттік тұрғын үй саясатын іске асыру
бағытында облыс орталығында «Астана»
мөлтек ауданы бой көтергелі біраз жыл өтті.
Одан беріректе, қаланың батыс кіреберіс
жағынан жаңа мөлтек аудан «Бəйтерек» те
тотыдай тарана бой көтерді. Шамамен он алты
мыңдай тұрғынға есептелген аталған мөлтек
ауданда қазір жыл сайын қуаныш иелеріне
пəтер кілті тапсырылып келеді. Соның бір
айғағы ретінде жуырда Астана күні қарсаңында
Ұлы Отан соғысы жəне Ауған соғысы
ардагерлеріне, ата-ананың қамқорлығынсыз
қалған жетім балаларға жылдар бойы күткен
кезектері бойынша пəтерлер берілген еді. Бұдан
бөлек Жаңатас қаласында да ардагерлер мен
əлеуметтік топ өкілдеріне 120 пəтерлі үйден
баспана берілген болатын. Міне, осылайша
облыстағы пəтер кезегінің пайыздық көрсеткіші
біршама қысқарып отыр.
Еліміздің əлеуметтік-экономикалық жəне
қоғамдық-саяси дамуының басты өлшемдерінің
бірі
саналатын
халықты
тұрғын
үймен
қамтамасыз ету мəселесі Елбасы, партия
Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның
кезектен тыс ХV съезінің биік мінберінен
берілген мақсатты биік тапсырмалары мен
партияның Сайлауалды тұғырнамасын іске
асыру жолындағы маңызды шаралардың бірі əрі
бірегейі. Сондықтан, баспана мəселесіне «Нұр
Отан» партиясы да айрықша көңіл бөліп, оның
оң шешім табуына барынша ықпал етіп келеді.
Соған сай облысымызда жұртты баспанамен
жарылқауда жағымды жаңалықтар баршылық.
– Облыста «Қолжетімді тұрғын үй-2020»
бағдарламасына сəйкес, 2020 жылға дейін
барлық қаржыландыру көздерінен 2805,5 мың
шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға тапсыру
жоспарланып, ол мақсатқа бюджет есебінен
78,4 млрд. теңге жоспарлануда. Бүгінгі таңға
осы бағдарлама аясында тұрғын үй алу
кезегінде облыс бойынша 11 571 адам тұр.
Оның ішінде кезекте тұрған азаматтар саны 11
113 адам болса, жас отбасылар – 357 адам,
ал, тұрғын үй құрылысы жинақ банкі жүйесі
арқылы 101 адамның үйден үміті бар. Ал, Тараз
қаласы бойынша жалпы 8 379 адам кезекте
тұр (кезектегілер – 8072, жас отбасылар – 206,
ҚТҮҚЖБ – 101), қалғандары аудандар еншісінде.
Сонымен қатар, облысымызда жеке тұрғын үй
құрылысын салу үшін жер телімін алуға 83 432
адам кезекте тұрса, оның ішінде Тараз қаласы
бойынша 58 355 адам кезекте тұр. 2005 жылдан
бері 24 206 адамға жер учаскелері берілді,
– дейді облыс əкімінің бірінші орынбасары
Бекболат Орынбеков.
Осы салаға тікелей жауапты облыс əкімінің
бірінші
орынбасары
Б.Серікбекұлының
айтуынша, 2012-2013 жылдары пайдалануға
тапсырылған тұрғын үйлердің динамикасына
қарасақ, облыс құрылысшыларының жоспарды
толығымен орындап отырғаны байқалады.
Мəселен, 2012 жылғы жоспар 201,3 мың шаршы
метр болса, пайдалануға 226 мың шаршы
метр тұрғын үй тапсырылған немесе жоспар
112,2 пайызға орындалған. Ал, 2013 жылы
256,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға
тапсырылып, жоспар тағы да көздеген межеде –
100 пайызға орындалыпты.
Ал, 2014 жылы, Жамбыл облысы əкімдігі
жəне ҚР Өңірлік даму министрлігінің арасында
жасалған Меморандумға сəйкес, 256,9 мың
шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға тапсыру
жоспарланып, алты ай қорытындысы бойынша
109,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға
тапсырылып, өткен жылдың есепті кезеңімен
салыстырғанда 5,1 пайызға артып
отыр.
– Ал, республикалық
бюджет
есебінен
ж а р т ы ж ы л д ы қ т а
15,3 мың шаршы
метр
(жоспар
24,2) тапсырылып,
ж
ы
л
д
ы
қ
көрсеткіштің 63,2 пайызға қол жеткізіп отырмыз,
– дейді Бекболат Серікбекұлы.
Əрбір жас отбасын үйленген соң үйлі болу
мəселесі жиі мазалайтыны белгілі. Қалай
болмасын үйді сатып алу бірінші кезекте
тұрғанымен, біздің елде жаңа үй сатып алып
жатқан жас отбасылар саны тым аз. Сондықтан,
осы əлеуметтік жағдайлар ескеріліп, мемлекет
өз бюджетінен жылда қыруар қаржы бөлуде.
Мəселен, біздің облыста кезекте тұрған
азаматтар үшін 5,7 мың шаршы метр тұрғын үй
құрылысына 526,4 млн. теңге республикалық
бюджеттен бөлініп, ағымдағы жылдың 1
шілдесіне игерілуі тиіс 415,4 млн. теңгенің 356,5
млн. теңгесі игерілді немесе ол 85,8 пайызды
құрапты. Игерілмеген 58,9 млн. теңге Қордай
ауданындағы 50 пəтерлі тұрғын үй құрылысынан
болып отыр екен.
Қазіргі таңда өндірісі қайта дамып келе
жатқан Қаратау қаласындағы 5,7 мың шаршы
метрді құрайтын 120 пəтерлі тұрғын үй сатып
алынған. Қаратауда шағын қалаларды дамыту
бағдарламасы аясында да кезінде қаңырап
бос қалған көп қабатты тұрғын үйлерді қайта
қалпына келтіріп, ал, Тараз қаласында 5,1 мың
шаршы метр құрайтын 5 қабатты 75 пəтерлі бір
тұрғын үй пайдалануға беріліп қойды.
Жас отбасылар үшін көзделген 10 мың
шаршы метр тұрғын үйге 1160 млн. теңге бөлініп,
есепті кезеңде игерілуі тиіс 570 млн. теңге
толығымен игеріліпті. Əрине, мұндай қуанышты
хабардың артынан тағы үш 5 қабатты 75 пəтерлі
тұрғын үй құрылысы жүргізілуде, жыл соңына
дейін екі тұрғын үй пайдалануға тапсырылып
қалуы бек мүмкін. Ал, бір тұрғын үйдің пəтер
кілтінің тапсырылуы 2015 жылға қалыпты.
Көп қабатты тұрғын үйлермен қатар, жеке
тұрғын үйлер де өз иелерін тауып келеді.
Бірақ, құрылысы алғашқысындай қарқынды
жүрмегенімен, мұнда да алға жылжу бар.
Мəселен, жеке тұрғын үй құрылысы бойынша
жоспар 227 мың шаршы метр болса, жыл соңына
дейін жоспар толығымен орындалуы қажет.
Алайда,
алты
айдың
қорытындысы
бойынша 89,4 мың шаршы метр жеке тұрғын
үй пайдалануға тапсырылып, ол өткен жылдың
есепті кезеңімен салыстырғанда 10,2 пайызға
артық
орындалғанымен,
аудандарда
бұл
бағыттағы шаруалар ақсап қалыпты. Атап айтсақ,
Жамбыл ауданы өткен жылмен салыстырғанда
40 пайызға, Мойынқұм ауданы 88 пайызға,
Қордай ауданы 14 пайызға, Шу ауданы 11
пайызға кем орындап отыр. Осылайша жеке
тұрғын үйлер құрылысының жүзеге асуына
аудандарда аздап тұсау салыныпты.
«Қазақстан
ипотекалық
компаниясы»
акционерлік қоғамы да азаматтарды баспанамен
қамтуда нанымды тірліктер атқарып келеді.
Дегенмен, оның пайыздық ставкаларының
кейбір тұрғындар үшін тиімсіз болуы əзірге
ипотекалық жүйемен пəтерлердің сатылу
көрсеткішін аспандата алмай тұр. Десек те,
қолға алынып жатқан жұмыстар жоқ емес, яғни,
«Бəйтерек» мөлтек ауданынан екі 5 қабатты 75
пəтерлі тұрғын үй құрылысына жер телімдері
бөлініп қойыпты. Тіпті, онда барлық ішкі
кварталдық инженерлік жүйелері қамтамасыз
етілген. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу
рəсімдері жүргізіліп жатқан аталған нысанда,
алдағы 1 ай көлемінде құрылыс-монтаж
жұмыстары басталады деп күтіліп отыр.
Экономикасы біршама алға жылжыған
елдерден
алынған
индустриалды
тұрғын
үй
жобасы
бойынша
елімізде
қозғалыс
байқалады. Біздің облыста бұл жоба бойынша
«Бином Строй Деталь» ЖШС айналысуда.
«Биномдықтар» биыл қуаттылығы жылына
30 мың шаршы метр құрайтын тұрғын үй
комбинаты құрылысын аяқтады. 100 пайыздық
инженерлік-коммуникациялық
жүйелермен
қамтамасыз етілген комбинат қазіргі таңда сынау
өнімдерін шығаруда. Бұйыртса, алдағы күндері
«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы
бойынша, тұрғын үй құрылыс комбинаты
арқылы салынатын тұрғын үйлер көлемін 70
пайызға жеткізу жоспарлануда.
Егер бұл жоба көңілден шығып жатса, облыс
басшылығы облыс аудандарында жəне тректі
ауылдарда да аталған технология бойынша
əлеуметтік нысандар жəне аз қабатты тұрғын
үйлерді тұрғын үй комбинаты детальдарымен
салуды қарастырып отыр. Дегенмен, мұнда
да шешімін күткен мəселе де жоқ емес. Яғни,
комбинат арқылы тұрғын үй салу үшін Тараз
қаласы «Арай» тұрғын алқабынан екі үйге жер
берілгенімен, комбинаттың жылдық қуаттылығын
ескеретін болсақ, келешекте комбинатты толық
іске қосу үшін оған қажетті жер мəселесін
ертерек шешу қажеттігі туындауда.
Жалпы, қай салада болмасын қаржыны
игерудің тетіктері ұқсас əрі күрделі болып келеді.
Сондықтан, тұрғын үй құрылысын ілгерілетуде
де осы қаржы игерудің кейбір машақаттары
қолбайлау болып отырған көрінеді. Яғни,
жоспарлар орындалғанымен, шешімін табуды
қажет ететін жекелеген проблемалар үй салу
саласында да жеткілікті екен.
– Бағдарламаны іске асыруға кері əсерін
беретін үлкен мəселелердің бірі, ол – тұрғын
үйлерге,
инженерлік
инфрақұрылыммен
қамтамасыз етуге жобалардың аудан жəне
Тараз қаласы əкімдіктері тарапынан мерзімінде
дайындалмауы, жобалық-сметалық құжаттарын
дайындауға қала жəне аудан бюджеттері
есебінен қаржының қарастырылмауы. Осы
себептер 2014 жылға бағдарламаға сəйкес
қаралған
қаржы
республикалық
бюджет
есебінен толық бөлінбеуіне əкеліп соқты, –
дейді тағы бір сөзінде облыс əкімінің бірінші
орынбасары Б.Орынбеков.
Иə, шынымен де кезекте тұрған азаматтар
үшін 2014 жылға 1 млрд. теңге бөлінуі
жоспарланған екен, ал бөлінгені бар болғаны
526,4 млн. теңге. Тұрғын үй құрылыс жинақ
банкі жүйесі бойынша 800 млн. теңге қаралса,
оның 573,5 млн. теңгесі бөлінген. Инженерлік
инфрақұрылымға 3 000 млн. теңге жоспарланса,
оның тек жартысынан астамы, яғни, 1663,9 млн.
теңге ғана бөлініп отыр.
Мұндай жағдай биыл да қайталанып
отыр екен. Салдарынан 2015 жылға игеруге
қаржысы жоспарланып отырған Тараз қаласы
«Арай» тұрғын алқабына салынатын 4 көп
қабатты тұрғын үйлердің жобалық-сметалық
құжаттамалары дайын емес, ал, сəуір айында
Мемсараптаманың оң қорытындысы алыну
қажет болса, ол да əлі алынбаған екен. Сондай-
ақ, тұрғын үй салынуға бөлінген «Автобекет»
аумағындағы 98 га, «Арай» алқабындағы
14 га жəне Сабалақов көшесіндегі 362 га
жер телімдері мəселесі толық шешілмеген,
инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз
етуге
жобалық-сметалық
құжаттамалар
дайындау жұмыстары да кешігуде. Сондай-ақ,
ЖСҚ-сы сапасыз дайындалған жəне жоқ жерлер
Тараздан бөлек, Қордай, Қаратау, Құлан елді
мекендерінде де бар. Əрине, бұл кемшіліктер
де қаржының дер кезінде игерілуіне кері əсерін
тигізудей-ақ тигізіп тұр. Сондықтан, жоғарыда
айтылған түйткілдер тиісті шешімдерін таппаса,
бағдарламаның түпкілікті нəтижеге қол жеткізуі
сағымға айналатын түрі бар.
Қазір облыста 59 мыңнан астам адам жеке
тұрғын үй салуға жер теліміне кезекте тұр
екен. Оның ішінде ең көбі Тараз қаласында –
51 мыңнан астам азамат. Осы кезекте тұрған
азаматтарды жер телімімен қамтамасыз ету
үшін, жергілікті атқарушы органдар жаңа тұрғын
алқаптар бөліп, бас жоспарларды нақтылау
жоспарларын дайындау жұмыстары жүруде.
Бірақ, оны əлі де ширату қажет. Себебі – қазір
бұрынғыдай жер телімдері қалай болса солай
беріле бермейтін болды. Ол үшін ҚР Өңірлік
даму министрлігі арнайы талап та қойып отыр.
Яғни, ең бастысы, тек игерілмеген жаңа тұрғын
алқаптар болуы қажет, сосын барып қана жер
телімдерін
инженерлік
инфрақұрылыммен
қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен
қаржы бөлінеді. Бұл бағыттағы жұмыстар
бойынша Байзақ, Қордай, Жуалы, Жамбыл
аудандарында бірқатар шаруа атқарылған, ал
қалған аудандарда əзірге тыңғылықты қимыл
байқалмайды.
Əрине, мүмкіндігінше салаға қатысты
сандарды көрсеттік. Мəселелерді де айналып
өте алмадық. Сол себепті, «Қолжетімді тұрғын
үй – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруда əлі
де қамшылай түсетін тұстар көп-ақ. Бар мəселе
бөлінген қаржыны сапалы, əрі уақтылы игеруге
келіп тірелетіні белгілі. Сондықтан, саладағы
қолбайлауды болдырмау үшін аудан əкімдері
қаржы игеруді түпкілікті қадағаға алғандары
жөн. Сонда ғана біз тиісті максималды
нəтижеге қол жеткізе аламыз. Бұл мəселе,
облыс əкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының да
басты назарында тұрғаны анық. Ендеше, 2020
жылға дейін 2805,5 мың шаршы метр тұрғын
үй пайдалануға береміз десек, Шу, Жаңатас,
Қаратау сынды аудан деңгейіндегі қалалардың
да тұралап тұрған тұрғын үй мəселесін шешуді
жеделдету қажеттігі сұранып тұрғанын естен
шығармайық.
ЕЛІМІЗ ӨЗГЕ ДЕ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАДАМДАРМЕН ҚАТАР
ХАЛЫҚТЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ІСІН ДЕ МАҢЫЗДЫ МƏСЕЛЕЛЕРДІҢ
ҚАТАРЫНА ҚОСҚАН. ОСЫЛАЙША ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕР БОЙЫНША
ТҰРҒЫНДАРДЫ БАСПАНАЛЫ ЕТУДІҢ ТҮРЛІ ТЕТІКТЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛЫП
КЕЛЕДІ. МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН КЕЗЕКПЕН ҮЙ БЕРУ
БҰРЫННАН БАР ҮРДІС БОЛСА, СОҢҒЫ УАҚЫТТАҒЫ НАРЫҚТЫҚ АЛҒА
ЖЫЛЖУДЫҢ АРҚАСЫНДА НЕСИЕЛЕНДІРУ ТЕТІКТЕРІ АРҚЫЛЫ ДА
БАСПАНА ПРОБЛЕМАСЫ БІРТІНДЕП ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ.
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ «ДЕРТІН» ӨЗІМІЗ АСҚЫНДЫРАМЫЗ
Іздегенге сұраған демекші, Аса ауылының əкімі
Бауыржан Қалшымбетов біздің келетінімізді білгендей
аудан орталығына жақын орналасқан «Сатымбек»
шаруа қожалығына барғалы отыр екен. Келген
мақсатымызды бірден түсінген ауыл əкімі жұмысы қызу
жүріп жатқан шабындыққа қарай жол бастады. Кездесу
барысында Аса ауылының əкімінен биылғы жем-шөп
əзірлеу маусымының қалай жүргізіліп жатқандығы
жөнінде сұрадық.
– Жем-шөбімізді уақытында жинап алмасақ,
қыста қиналып қаламыз. Сол себепті, аудан əкімінің
тапсырмасымен қазір барлық ауылда қысқы азық
даярлануда. Бұл тірлікті аудан басшысы өзінің жіті
бақылауында ұстап отыр. Жалпы, аудан бойынша
2014 жылы 95 480 тонна шөп дайындау қажет болып
отырса, бүгінгі күні 68 200 тонна шөп дайындап
үлгердік. Жұмысқа жұмылдырылған техникаларымыз
тынбай жұмыс жасап жатыр. Дəл осылай жалғаса
беретін болса, көп ұзамай белгіленген межеге
жетеміз деген ойымыз бар, – деген Бауыржан əкімнің
бұл айтқандарын «Сатымбек» шаруа қожалығының
меншігіндегі шабындық басына жеткенде анық көзіміз
жетті. Тіпті, бір уақ түскі мезгілдің өзінде комбайнмен
шөп орып, тіркемелерге тиеп əлек.
Шабындық басында жұмыс жасап жүрген
тракторлардың дарылдаған үнінен құлақ тұнады. Біз
де көп тұрмастан, əудем жерде сынған техникаларына
жөндеу
жұмыстарын
жүргізіп
жатқан
шаруа
қожалығының төрағасына қарай тарттық. Амандық-
саулық сұрасып, келуіміздің себебін түсіндіріп болғанша,
өзін «Сатымбек» шаруа қожалығының төрағасымын
деп таныстырған Досым Каипов шабындық басындағы
жұмысы жөнінде баяндай жөнелді.
– Қазір шабындықта жұмыстың нағыз қызған
шағы. Жауын-шашынға ұрынбай, науқанды тезірек
бітіруіміз қажет. Дəл қазір шабындық басында КПС-
1,5 шөп оратын комбайнымыз, қосалқы қызметтерді
атқаратын МТЗ-80 тракторы, шөп тасуға
пайдаланып жатқан ГАЗ-53 көліктері тоқтаусыз
жұмыс жасап жатыр. 300 гектар жер оруды межелеп
отырсақ, бүгінгі күні соның 150 гектары орылып,
жиналып алынды. Техникамыз мүлтіксіз жұмыс жасап
тұрса, бір-екі жетіде тəмамдайтын боламыз, – дейді
шаруа қожалығының төрағасы.
Жоңышқаның екінші орымын үлгерген шаруа
қожалық, алдағы күндері ауа райы қарайласып, жауын-
шашын мол болып жатса, үшінші орымын да орып
қалармыз деген сенімде отыр. Бірақ, биылғы жылы
су мəселесі күрмеуін таппай жатқандығын қынжыла
айтып өтті. Ал бұл жағдайды ауыл əкімі былай түсіндіріп
берді:
– Су мəселесі тек біздің ауданда ғана емес, барлық
өңірде тапшы болып отырған жайы бар. Себебі,
Қырғызстаннан келетін су мөлшері жылдағыға
қарағанда əлдеқайда азайып кеткен. Аса ауылының
өзінде 180 шаруа қожалық болса, барлығына бірдей
су жеткізу оңай шаруа емес. Сол себепті, шаруа
қожалықтарына кезекпен су жіберіп қана шешімін
табуға тырысып отырмыз. Басқа қолымыздан келер
дəрмен жоқ.
Дейтұрғанмен, су тапшы, құрғақшылық екен деп
қол қусырып қарап отырған шаруаларды көре алмадық.
Д. Каиповтың сөзіне сүйенсек, құрғақшылық болып
тұрғандығына қарамастан, жылдағыдай шөп бітік
шыққан. Тіпті, шөптің жеткілікті болуына байланысты,
өзге аудандарға да сатып, пайдаға кенеліп отыр.
Əсіресе, Талас ауданынан, Сарысу аудандарынан
шаруалар көптеп келіп, сатып алуда екен.
Жалпы, шаруа қожалығының жұмысы мақтауға
тұрарлықтай. Су мəселесі шешіліп жатса, алдағы
уақытта нəтиже бұдан да жақсы қарқын алары
сөзсіз. Шабындық басында жүрген жұмысшылардың
көңіл-күйлері жаман емес. Кесімді жалақылары бар.
Сондай-ақ, қораларындағы малдарына шөпті осы
серіктестіктен алатын көрінеді.
Жамбыл ауданына сапарымыз барысында, аудан
əкімінің қадағалауымен қысқы мал азығын дайындау
науқанында қажетті жем-шөпті уақытылы, əрі сапалы
дайындап жатқандығына көзіміз жетті. Дəл осындай
көрсеткіш өзге аудандарда да орын алып жатса құба-
құп болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: