Большевистская власть на юге Казахстана в 1917-1928-е годы


Зерттеудің ғылыми жаңалығы



бет20/23
Дата16.02.2023
өлшемі339,5 Kb.
#68476
түріАвтореферат
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Сейдехан нурмаханулы большевистская власть на юге Казахстана в

Зерттеудің ғылыми жаңалығы төменде көрсетілген нақты зерттеу нәтижелерінен көрініс тапқан:

  • отандық тарихнамада алғаш рет жаңа құжаттардың негізінде және бұрын жариялаған еңбектерге сын көзбен қарай отырып, бүгінгі күн талабына сай Оңтүстік Қазақстанда 1917-1928 жылдар аралығында большевиктер саясатының жүзеге асырылуы жаңаша зерделеніп, зерттелген;

  • большевиктік саясатты жүзеге асыру барысындағы жергілікті және орталық мекемелердің билік пен халықтың күрделі де қарама –қайшылықтарға толы өзара қарым-қатынастары, көлеңкелі тұстары анықталып, көрсетілген;

  • жұмыста большевиктік биліктің алғашқы онжылдығы осы өкіметтің жаңа құрылымдарының негізі жасақталынып, тоталитарлық жүйеге көшудің тетіктерінің негіздері қаланған кезеңі болғандығын айқындайтын тұжырымдар келтірілген;

  • Қазақстанның оңтүстік облыстары жағдайындағы революциялық большевизмнің мәні мен мақсатын көрсету кеңес билігінің «жеңістік шеруі» туралы қалыптасқан қағидаларын сын көзбен жаңа деректер негізінде қарастыруға талпыныс жасалған;

  • ұлттық шеткері аймақтар үшін Қазан төңкерісі мен большевиктік биліктің «прогрессивті нәтижелері туралы» қалыптасып қалған көзқарастардан арылуға ұмтылыс жасалынып, зерттеушілердің назарынан тыс қалған, сол кезеңде үстемдік құрған марксистік-лениндік методология ауқымында біржақты айтылып келген мәселелерге жаңаша тұрғыда баға берілген;

  • Түркістан АКСР- дегі жоғарыда атап көрсетілген қазақ облыстарындағы саяси, экономикалық және мәдени құрылыстың салаларын басқарған, қазақ халқының арасынан шыққан ірі кадрлардың 1917-1928 жылдардағы іс-әрекеттері мүмкіндігінше толыққанды көлемде нақты деректермен талданып, көрсетілген;

  • Зерттеу жұмысының маңызды ғылыми жаңалықтарының бірі ретінде жергілікті органдарының құрамы туралы нақты мәліметтер келтіріліп мұрағат деректерінің негізінде жан-жақты сараланған;

  • проблеманы зерттеу барысында айтарлықтай жаңалық ретінде Орта Азияда жүргізілген ұлттық-территориялық межелеуге байланысты мұрағат деректері арқылы бұрын қарастырылған мәселелердің белгісіз болып келген, немесе басқаша түсіндіріліп келген көлеңкелі тұстары анықталып көрсетілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет