Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
|
Сабақ басында:
Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру.
Оқушыларды бүгінгі сабақтың оқу мақсатымен таныстыру үшін келесі кесте үлестіріледі.
|
Оқушылар осы кестеге қарай отырып, олардың қандай жұмыс атқаратындықтарын және бұл жұмысты орындау арқылы қандай мақсатқа қол жеткізуге болатыны ауызша сұралады. Осылайша оқушылар екінші оқу мақсатын өз беттерінше анықтап, дәптерлеріне жазып алады.
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
|
http://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/3066ea0e-e95c-4448-a667-60ed1a301ad0
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
Оқушыларға жұмыс парағы үлестіріледі.
Жұмыс парағы
Тапсырма №1
|
А) 14 топ элементтерінің физикалық қасиеттерін салыстыру кестесіндегі бос орындарды толтырыңыз
Б) қалайының балқу температурасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз
С) көміртегінің атомдық радиусының айырмашылығын түсіндіріңіз
Д) Электртерістілік топ бойынша қалай өзгереді, себебін түсіндіріңіз. Германий мен кремнийдің электртерістіліктерін салыстырыңыз.
Е) Валенттік электрондарын толтыру кезінде Хунд, Паули, Клечковскийдің ережелерін пайдаланып, орындаңыз.
|
|