Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
|
Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа қатысымын бақылау. Өтілген тарау қайталанып, бөлім бойынша жиынтық бақылау алынады.
Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты және күтілетін нәтижелермен таныстыру.
|
Оқушылардың туған жеріндегі өндіріс орындары туралы білетін білімдерін кеңейту мақсатында сұрақтар қойылады:
Қызылорда облысында қандай өндіріс (өнеркәсіп) орындары бар?
Оқушылардың жауаптары тыңдалып, қорытындыланады және формативті (ауызша) бағаланады.
Сіздер атаған химиялық өнеркәсіптердің қайсысы «химия наны» деген атпен белгілі? Не себепті?
(күкірт қышқылы)
Ендеше, біз өз сабағымызды күкірт қышқылы өндірісінің процесімен жалғастырайық.
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
|
http://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/749f4f93-c72c-4812-a466-df331c56096b
|