І. Тыңдалымалды жұмыс.
1-тапсырма. «Алтын сандық» әдісі. Тыңдалым мәтінінде кездесетін таныс емес сөздермен таныстырып, мағынасын түсіндіру.
№
|
Жаңа сөздер
|
Аудармасы
|
Мағынасы
|
1
|
Ауыз су
|
Питьевая вода
|
Ішуге жарамды, күнделікті тұрмыста қолданылатын су.
|
2
|
Текше
|
Куб
|
Өлшем бірлік
|
3
|
Пайыз
|
Процент
|
Өлшем бірлік
|
4
|
Қойма
|
Водохранилище
|
суды тоқтатуға, жинақтауға және сақтауға арналған, өзендер алаптарында түзілген, су тірегіш ғимараттармен бекемделген,едәуір сыйымдылықтағы жасанды су қоймалары.
|
5
|
Біркелкі
|
Одинаковый
|
Барлығы бірдей
|
6
|
Суармалы
|
Поливной
|
-у, топырақ ылғалдылығын арттыру үшін жүргізілетін жұмыс
|
7
|
Тереңдік
|
Глубина
|
суқоймалардағы немесе ағын судағы су бетінен су түбіне дейінгі тік бағыттағы аралық (қашықтық).
|
8
|
Лайланған
|
Загрязненный
|
Ластанға, кір болған
|
9
|
Мұздықтар
|
Ледники
|
Кейде мұзарттар деп те атайды. Олар – жер бетіндегі мұздардың табиғи жиынтығы.
|
10
|
Жерасты су
|
Подземные воды
|
жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су.
|
Мақсаты:_Сөздік_жұмысы.'>Мақсаты: Сөздік жұмысы. Оқушылар жаңа сөздер мен сөз тiркестердің мағынасын түсiнеді.
«Ойлан, ойлан, жауап бер» әдісі арқылы оқушыларға тыңдалатын мәтін бойынша сұрақтар беріледі.
-Балалар, Қазақстанды су қоры жағынан қандай елдер қатарына жатқызуға болады? Себебін қалай түсіндіреміз?
ІІ. Тыңдалым барысы. «Қазақстанның су ресурстары» тақырыбындағы аудиоматериал тыңдатылады.
1-тапсырма. Жеке жұмыс. «Инсерт» әдісі. Оқушылар мәтін ішіндегі ақпараттарды іріктейді. (Мен білетін ақпаратты «V» белгісіне, мен үшін жаңа ақпаратты «+» белгісіне, мен білмейтін ақпаратты «-» белгісіне, менің танысқым келетін ақпаратты «?» белгісіне жазады)
Мақсаты: оқушылардың мәтіндегі ақпараттарды түсіну деңгейін анықтау.
Дескриптор:
- білетін ақпаратын анықтайды;
- жаңа ақпаратты жазады;
- білмейтін ақпаратты жазады;
- білгісі келетін ақпаратты жазады.
ЕБҚ оқушының тапсырмасы. Мәтін ішінен білетін ақпаратын, жаңа ақпаратты және білмейтін ақпаратты жазады.
Мен тыңдағанақпарат
V
|
Мен түсінген ақпарат
+
|
Мен білмейтін ақпарат
-
|
|
|
|
Дескриптор:
- білетін ақпаратын анықтайды;
- жаңа ақпаратты жазады;
- білмейтін ақпаратты жазады.
ІІІ.Тыңдалымнан кейінгі кезен. Жұптық жұмыс. «Ақпаратты іздеу» әдісі. 2-тапсырма. Барлық оқушылар жоғарыдағы кестені толтырып болғаннан кейін тыңдалған мәтін мазмұнын топта талқылап, берілген сұрақтардың негізінде 3 детальді ақпараттарды табады.
- Қазақстанның су қорының түрлерін ата.
- Қазақстандағы көлдер мен өзендер, мұздықтар саны қанша?
- Қазақстанның су ресурсы елді мекендерге қалай бөлінеді?
- Неліктен кейбір елді мекендерде ауызсу мәселесі өзекті?
- Қазақстандағы су қоймалар мен өзен бассейіндерін ата.
|