Сабақтың соңы
5 минут
2 минут
|
Қорытындылау. «Допты лақтыру» әдісі. Оқушылар бүгінгі тақырыпта өздері түсінген бір ақпараттан айтып, допты келесі оқушыға беріп отырады. Сабақты осылай қорытындылап, оқушыларға кері байланыс беріледі.
Рефлексия. «Cтикep» әдici apқылы қopтындылay. Үш түpлi cтикepлep қoлдaнылaды.
|
Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша өздері түсінген бір ақпараттан айтып, допты келесі оқушыға беріп отырады.
Oқyшылap өздеріне ұнайтын түстерін таңдап, мұғалімнің әзірлеген сұрақтарына жауап береді.
Қызыл түс – мен не білдім?
Сары түс – маған не қиын болды?
Жасыл түс - Мен не білгім келеді?
|
|
Доп
Түрлі-түсті стикерлер
|
Қосымша материалдар
Оқушылар суреттер арқылы сабақтың тақырыбын болжайды.
2 . «Мозайка» әдісі бойынша суреттер арқылы 3 топқа бөлінеді.
І. Тыңдалымалды жұмыс. Сөздікпен жұмыс
№
|
Жаңа сөздер
|
Аудармасы
|
Мағынасы
|
1
|
Ауызсу
|
Питьевая вода
|
Ішуге жарамды, күнделікті тұрмыста қолданылатын су.
|
2
|
Текше
|
Куб
|
Өлшем бірлік
|
3
|
Пайыз
|
Процент
|
Өлшем бірлік
|
4
|
Қойма
|
Водохранилище
|
суды тоқтатуға, жинақтауға және сақтауға арналған, өзендер алаптарында түзілген, су тірегіш ғимараттармен бекемделген, едәуір сыйымдылықтағы жасанды су қоймалары.
|
5
|
Біркелкі
|
Одинаковый
|
Барлығы бірдей
|
6
|
Суармалы
|
Поливной
|
-у, топырақ ылғалдылығын арттыру үшін жүргізілетін жұмыс
|
7
|
Тереңдік
|
Глубина
|
су қоймалардағы немесе ағын судағы су бетінен су түбіне дейінгі тік бағыттағы аралық (қашықтық).
|
8
|
Лайланған
|
Загрязненный
|
Ластанға, кір болған
|
9
|
Мұздықтар
|
Ледники
|
Кейде мұзарттар деп те атайды. Олар – жер бетіндегі мұздардың табиғи жиынтығы.
|
10
|
Жерасты су
|
Подземные воды
|
жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су.
|
«Ойлан, ойлан, жауап бер» әдісі арқылы оқушыларға тыңдалатын мәтін бойынша сұрақтар беріледі.
Балалар, Қазақстанды су қоры жағынан қандай елдер қатарына жатқызуға болады? Себебін қалай түсіндіреміз?
1-тапсырма. Жеке жұмыс. «Инсерт» әдісі. Мәтінмен жұмыс.
ЕБҚ оқушының тапсырмасы.
Мен тыңдағанақпарат
V
|
Мен түсінген ақпарат
+
|
Мен білмейтін ақпарат
-
|
|
|
|
Мәтін
Су - аса құнды табиғи ресурс. Кез келген елдегі халықтың тұрмыс-тіршілігі сумен байланысты екендігі барлығымызға белгілі. Соның ішінде ауыз су мәселесі өте өзекті болып табылады.
Қазақстанның су қорына өзендер мен көлдер, мұздықтар мен жерасты суы, су қоймалары мен су бассейндері жатады.
Қазақстанда жалпы 48000 көлдер болса, өзендер саны 39000-ға жуықтайды екен. Әсіресе Балқаш, Зайсан, Алакөл мен Арал және Каспий теңіздерінің орны ерекше. Суы мол өзендердің қатарында Орал, Ембі, Сырдария, Тобыл, Ертіс, Есіл өзендерін жатқызады.
Қазақстандағы мұздықтардың саны 2700-ден асады. Сондай-ақ елімізде 117 су қоймасы, 8 өзен бассейні бар. Сол бассейндердің жетеуі – трансшегаралық өзен. Нұра – Сарысу суқоймасы ғана – трансшегаралық өзен емес.
Қазақстан аумағындағы судың жалпы қоры 38,4 текше шақырымды құрайды. 45 текше шақырым су, яғни судың 40% пайыздан астамы көрші мемлекеттерден келеді.
Қазақстан жерінде су ресурсы біркелкі емес. Шығыс аймаққа су ресурсының 34,5%, оңтүстік – шығысқа 24,1%, оңтүстікке - 21,2%, батысқа – 13,4%, солтүстікке – 4,2%, орталық аймақтарға – 2,6% тиеді. Ең көп сумен қамтамасыз етілген Шығыс Қазақстан облысы. Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында су тапшы. Маңғыстау облысында тұщы су жоқ.
Жалпы Қазақстан суға тапшы мемлекет болып саналады. Су көздерінің ластануы, өнеркәсіпте суды үнемдеудің төмендігі, экономикадағы суды пайдаланудың тыйымсыздығы да ауызсу мәселесінің өзекті болуына ықпал етіп отыр. Оған мысал ретінде Қазақстандағы сегіз жарым мың өзендердің көбі тұнық емес. Таудан ағатын - лайланған кішкентай өзеншелер. Көктемде тола ағады. Ал жазда көбі кеуіп қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |