Суреттер
Слайдтар
Қазақ тілі мен әдебиеті» оқулығы (Бәйшешек)
Сабақтың ортасы
Оқылым. 1-тапсырма. Суретке қара. Автор туралы берілген мәліметті оқы.
Дескриптор:
Автор туралы берілген мәліметті оқиды;
ЖАЗЫЛЫМ. АЙТЫЛЫМ 2-тапсырма. Мұғалімнің көмегімен Ы. Алтынсарин
өлеңінің мазмұнын түсін. Өлеңді жазып
ал, жаттап айт.
Дескриптор:
Мұғалімнің көмегімен Ы. Алтынсарин
өлеңінің мазмұнын түсінеді.
Өлеңді жазып алады, жаттап айтады;
Оқылым. Жазылым. Айтылым. 3-тапсырма. Жұптық жұмыс. Дереккөздерден Ы. Алтынсарин туралы ақпараттар тауып, ғалым-педагогтің өмірі мен шығармашылығына қатысты постер жасаңдар. Оны сыныптың алдында
қорғаңдар. Мәтінде ыңғайластық және қарсылықты жалғаулықтарды қолданыңдар.
Дескриптор:
Дереккөздерден Ы. Алтынсарин туралы ақпараттар тауып, ғалым-педагогтің өмірі мен шығармашылығына қатысты постер жасайды;
Мәтінде ыңғайластық және қарсылықты жалғаулықтарды қолданады;
(ҰЖ) аудио тыңдалым:
«Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін екі рет мұқият тыңдаймыз.
Өнер-білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны,
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды,
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді.
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі-дағы анықтай...