АЙТЫЛЫМ. 3-тапсырма. Өлеңнің мазмұнын өз сөзіңмен айт.
Автор компьютерді неге «дос» деп атайды?
Компьютер балалардың төзімін қалай сынайды?
Дескриптор:
Өлеңнің мазмұнын өз сөзіңмен айтады.
Оқылым. Айтылым. 4-тапсырма. ТЖ «Үштік» әдісі (ойлан, жұптас, бөліс) арқылы мәтінді мұқият екі мәрте оқиды.
Компьютер-ақпараттық үдерісті орындауға арналған
құрал. Ақпарат үдерісі дегеніміз-қажетті ақпараттарды алу, тыңдау, көру, өңдеу, тарату. Тез және сапалы жасауда компьютердің пайдасы өте көп. Мысалы: реферат жазғанда, сабаққа дайындалу, қажетті ақпаратты іздеу, фильм қарау, пойызға, кинотеатрға, ұшаққа билет алу,көшірме жасау, комуналдық қызмет ақысын төлеу және т.б.компьтердің көмегімен жүзеге асырылады. Осылайша уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Бірақ компьтерді дұрыс пайдаланбасаң, оның зияны да өте көп. Ғалымдар компьтердің адам ағзасына тигізетін мынадай зияны бар екенін айтады:
- көздің көру қабілетің төмендетеді
- омыртқалардың қисаюына әкеледі
- жүйкеге салмақ түсіреді
- шаршағыштық, дипрессия пайда болады
- ерік-жігері әлсіз балалар құмарпаздар, компьтерге тәуелді болып қалады
- мінездері ашуланшақ болады.
Дескриптор
Жазылым. 5-тапсырма. Мәтіндегі қою қаріппен жазылған сөздердің аудармасымен дәптеріңе жазып ал.
|
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «SMS» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.
Оқушыларға қайталатады. Оқушылар сөз тіркестерін, сөйлем құрастырады.
Суреттерге қарайды.
Олар компьютерге не үшін қажет екенін айтады.
Әр затқа сипаттама береді.
Өлең жолдарын төменде берілген ұйқасты сөздермен толықтырып оқиды.
Өлеңді жазып алады, жаттап айтады.
Өлеңнің мазмұнын өз сөзіңмен айтады.
Мәтінді оқиды.
Мәтіндегі қою қаріппен жазылған сөздердің аудармасымен дәптеріңе жазып алады.
|