Бөлім: Магистратура Магистрант: Р. Базарбаева Кафедра



бет17/24
Дата15.12.2023
өлшемі8,93 Mb.
#139726
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Байланысты:
РАЙХАН МД

Бірінші сабақ. Сабақтың кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбымен таныстырады.
Мұғалім сөзі: Оқушылар, бүгін біз сендермен әлем әдебиетінің тағы бір тамаша француз жазушысы Антуан де Сент Экзюперидің өмірі және шығармашылығымен таныстырамыз. Үйде сендер автордың «Кішкентай ханзада» әдеби ертегісімен таныса бастадыңдар. Бірақ ертегіні талқыламас бұрын, жазушының өмірі мен шығармашылығына тереңірек үңілсек.
Жазушының тағдыры ерекше болды. Өмірімен танысу мақсатында графикалық санатына жататын «Кластер» әдісінің сызбасын тақтаға немесе дәптерге (оқушылар өз бетімен) салады, ортасына автордың аты-жөнін жазады және оған сипаттама жазады. Одан соң мұғалім жазушының өмірі туралы мәліметті толықтырады.
Антуан де Сент-Экзюпери (толық аты-жөні: Антуан Мари Жан-Батист Роджер де Сент-Экзюпери) 1900 жылы 29 маусымда Лион қаласында (Франция) ақсүйектер отбасында дүниеге келген. Ол Сент-Жан-Сент-Экзюперидің үшінші баласы еді. Антуан төрт жаста толғанда оның әкесі қайтыс болды. Одан соң оның тәрбиесімен анасы шұғылданды. Анасы балаларға үнемі ертегілер, айналадағы дүние туралы қызықты әңгімелер айтып беретін. Антуан белсенді, іскер бала болып өседі. Үлкендердің тыйымына қарамастан көбіне үйдің тамбасында болар еді. Антуанның мұрны аспанға көтерілгендіктен, оның отбасы оны кейде «Күн патшасы», «Астролог» және т.б. шақырар еді.
Оқушылардың көңілін бөлмеу үшін балалық шақтағы жарқын естеліктерімен бөлісу мақсатында «Бала кезіңіздегі сенің сүйікті жаттығуың?», «Бала кезіңізде басынан өткен ең қызықты оқиға болған?», «Қазір балалықта өткен оқиғаларға қалай қарайсың?» сияқты сұрақтармен оқушыларға жүгіну мүмкін. Өйткені кейбір оқушылар бала кездегі сүйікті жаттығулары мен қызығушылықтары туралы айтып береді. Дәл сен сияқты Антуанның бала кезінде екі сүйікті жаттығуы болды: авиация және әдебиет. Ол бұл жайлы күнделігінде былай дейді: «Мен үшін ұшу мен жазу бәр нәрсе».
Екінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде Антуан әскери қызметке жарамсыз деп танылды. Бірақ Антуан соғысқа қатысу үшін бар күшін жұмсайды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оған 15 рет қауіп төнген. 1944 жылы 31 шілдеде аспанға көтерілген Экзюпери ұшағы әуе базасына оралмады. Сабақ барысында оқушылардың назарын жазушының жұмбақ өліміне емес, оның артында қалған шығармаларының халық арасында мәңгілік өмір сүретініне назар аударуымыз керек. Жазушы көп өмір сүрген жоқ, көп шығарма жазған жоқ. Бірақ, жазушы адам өміріне қажет маңызды дүниелерді айта білді. Мұны біз оның 1942 жылы шыққан «Кішкентай ханзада» ертегісінен көруіміз мүмкін.
Құрметті оқушылар, автордың «Кішкентай ханзада» ертегісімен үйде оқып, танысып үлгердіңдер. Ертегі мазмұны бойынша өз ойымызды ортаға салайық. Мұғалім оқушыларға келесі сұрақтар қояды. «Саған ертегі ұнады ма?», «Ертегі саған несімен ұнады?» немесе «Неге ұнамады?» сияқты сұрақтар арқылы оқушылардың ертегіге деген көзқарасын білуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет