Бөлім: Магистратура Магистрант: Р. Базарбаева Кафедра


Бірінші тарау бойынша қорытынды



бет15/24
Дата15.12.2023
өлшемі8,93 Mb.
#139726
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
РАЙХАН МД

Бірінші тарау бойынша қорытынды:
1. «Әдебиет» оқу бағдарламалары мен оқулықтар мазмұнына әлем әдебиетінің әртүрлі жанрдағы және әртүрлі тақырыптағы үлгілерінің енгізілуі оқушыларға ұлттық әдебиетте кеңінен зерттелмеген кейбір жанрлармен немесе ағымдармен танысуға мүмкіндік береді.
2. Әлем әдебиетін оқыту бойынша факультативті, өз бетінше оқу және сыныптан тыс оқу сабақтарын ұйымдастыру, оқулықтар мен олардың мультимедиялық нұсқаларын жасау қажеттілігін туғызады.
3. Әлем әдебиетінің озық үлгілерін оқытуда әдеби білім беру ұстанымдарына амал ету оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, көркем мәтіннің ішкі логикасын түсінуге, өмірдегі күрделі жағдайлардың негізін таба білуге, белгілі бір ұлт әдебиетінің тарихи-әдеби жолын, қаламгерлерге тән болған стилді меңгеру үшін қажетті жағдай жасайды.

ІI ТАРАУ. ӘДЕБИ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1-§. Әдеби білім беру жүйесінде әлем әдебиеті үлгілерін жанрлық тұрғыдан оқыту
Оқушылардың әлем халықтарының әдеби үдерісі туралы тұтас түсініктерін қалыптастыруда және оларды адамгершілік ұстанымдар негізінде тәрбиелеуде әлем әдебиетін оқудың маңызы зор. Көркем шығармаларды талдаудағы тарихи-функционалдық көзқарас және жеке ұстанымдардың негізгі ережелерін жүзеге асыру оқушылардың адамгершілік және эстетикалық дамуына әсер етуге мүмкіндік береді.
Әдебиетті оқыту міндеттерінің бірі – пәннің белсенді тәрбиелік рөлі арқылы оқушылардың рухани жан дүниесін, дүниетанымын қалыптастыру. Сондықтан таңдап алынған әдебиеттер оқушыларды өз бетінше ойлауға, өз көзқарасын дәлелдеуге баулу керек. Бұл мәселені шешуде белгілі дәрежеде әлем әдебиеті үлгілерін салыстырмалы түрде оқыту ерекше мәнге ие.
2017-2021-жылларда Өзбекстан Республикасын дамытудың бес бастама бағдары бойынша әрекеттер стратегиясындағы міндеттердің бірі – білім сапасын түбегейлі өзгерту.
Жалпы орта білім беретін 5-11-сыныптарына арналған «Әдебиет» пәнінің оқу бағдарламасының «Түсінік хаттында» белгіленген ұлттық және әлем әдебиеті үлгілерін оқыту арқылы оқушылардын рухани әлемін, эстетикалық талғампаздығын қалыптастыру және де оларды өзіндік пікірлеуге сәйкес білім, ептілік, дағдыларды пайда ету және дамыту мәселесінде оқытудың озық және заманауи әдістерін кеңінен қолдануды талап етеді.
Әдебиетті оқытудағы нақты тәсілдер оқушылардың қажеттіліктері, табиғаты, қызығушылықтары, шығарманың түрі мен жанры сияқты бірқатар факторларға негізделеді.
Әсіресе, лириканы оқытудың күрделілігі оның жанрынан ғана емес, оқырманның оған деген көзқарасынан да байқалады. Әсіресе, 5-8 сынып оқушыларының көпшілігі лирикалық өлеңдерден гөрі қызықты оқиғаларға негізделген прозалық шығармаларды ұнатады. Өйткені ақын өз сезімін, басынан кешкенін лирикалық шығармаларында тікелей өрнектесе, лиризмнің ерекшелігін ұғыну үшін оқырманның талғамы мен сезімінің нәзік болуымен қатар, терең байқайтын қасиеті де болуы шарт. Лирикалық шығармаларды құлақпен емес, жүрекпен қабылдау керек десек, оқушының лирикалық шығарманы қаншалықты меңгергенін, оның қандай сезімде екенін анықтау мұғалімге оңай емес. Лирикалық шығармаларды оқытудың күрделілігі де осында.
Осы орайда зерттеуші И.Ғаниевтің пікірін келтірген орынды сияқты. Оның айтуынша: көркем шығармада субъект тілі және объект тілі (бұл жерде «тіл» сөйлеу мәдениеті деген мағынада жұмсалады) атаулары қолданылады. Әдеби жанрлардың – лирика, эпос, драма тілі арасындағы айырмашылық та осы тұстан – объекті мен субъектілік сөйлеудің бірінің үстемдігінен басталады.
Субьект – автор, объект – қаһарман екенін ескерсек, лирикада субьектінің сөзі басым екенін сезіну қиын емес. Лирикалық туындылар өмірде болған оқиғаларды тікелей суреттеу емес, сол оқиғалардың нәтижесінде белгілі бір тұлға жүрегінде туған сезім мен сол сезімдерді суреттеу беріледі. Бұл белгілі бір эмоцияның белгілі бір адамға – объектіге және осы сезімді білдіретін субъектінің өзіне тиесті екенін білдіреді16.
5-8-сыныптарда лирикалық шығармаларды оқытуда мынадай мәселелерге көңіл бөлген жөн:

  • лирика туралы әдеби-теориялық білім беру;

  • оқушыларды мәтінмен жұмыс істеу тәсілдерімен таныстыру;

  • шығарманың поэтикалық тілі мен құрылымын анықтауға арналған тапсырмалар үстінде істеу;

  • тақырыпқа сәйкес ән, сурет және өнердің басқа түрлерін тиімді пайдалану;

  • шығарманы мәнерлеп оқуға және жаттауға мән беру;

  • оқушылардың назарын ақынның сезіміне бағыттау, өлеңнің әсерлілігіне көңіл бөлу.

Жалпы орта білім беретін мектептердің 7-сынып “Әдебиет” бағдарламасында Р.Гамзатовтың өмірі мен шығармашылығын оқытуға бір сағат ажратылған болып, “Ана тілім” өлеңі оқытылады.
Ақынның «Ана тілім» өлеңін оқытуда тиімді болатын мынадай стратегияны пайдалану жоспарын келтіріп өтеміз:
1. Неліктен ана тілі дейміз?
2. Ана тілінің қоғамдағы рөлі қандай?
3. Ана тілің туралы қандай мақал-мәтелдер, даналық сөздер, өлеңдер білесіңдер және жат алғансыңдар?
Осыдан кейін оқушылар үш топқа бөлініп, әр топқа үш шумақ өлең беріледі. Өлеңді оқушылар мәнерлеп оқып болған соң, тақырыпты түсінгенін анықтау үшін сұрақтармен жұмыс жасауға болады.
1. Лирик қаһарман түсінде не көрді?
2. Өлім төсегінде жатқан адамды өмірге қайтарған күш не?
3. Өлеңдегі «Егер тілім ертең болса құрымақ, Мен дайынмын өлуге де бүгін – ақ» деген жолдарға пікіріңді айт.
4. Өлеңнің соңғы шумағының мазмұнын түсіндір.
5. Қалай ойлайсың ақын ана тіліне соншалықты сүйіспеншілікпен қарайды.
Оқушыларға тақырып түсінікті болу үшін «Үш қадам» әдісі арқылы берілген кестемен жұмыс жасайды. Әр оқушы тақырыптың ерекшелігіне қарай өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, кестені толтыруы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет