Тура мағынасында
|
Өзбек тілінде
|
Қазақ тілінде
|
Үлкен іске ұмтылу
|
Осилсанг баланд дорга осил
|
Жығылсаң нардан жығыл
|
Көпіртіп айту
|
Пашшадан фил ясама
|
Түймедейді түйедей қыл
|
Бұл жерде бір гәп бар
|
Бир балоси бўлмаса, шудгорда қуйруқ на қилур?
|
Бұл не деген батпан құйрық, Айдалада жатқан құйрық
|
Бірлік, ынтымақ
|
Бир майизни қирқ бўлиб емоқ
|
Жарты құртты бөліп жеу
|
Қуану
|
Дўпписини осмонга отди
|
Төбесі көкке екі-ақ елі жетпеді
|
Жақсы сөйле, жаман сөз айтпа
|
Нафасингни ел учирсин
|
Жағыңа жылан жұмыртқаласын
|
Бұл жанрдағы мысалдары белгілі бір халықтың шығу тарихы, кәсібі, жер-суы сияқты табиғи факторларды тереңірек зерттеу тұрғысынан оқушыларды қызықтырады.
Атап айтқанда, ынтымақтастық, бірлік мағынасында жұмсалған «Бир майизни қирқ бўлиб емоқ» деген сөз тіркесі өзбек халқының отырықшы өмір салтын, халықтың негізінен егіншілік пен бау-бақша шаруашылығына қатысты кәсіппен шұғылдануынан хабардар етсе, «Жарты құртты болып жеу» деген тіркестің негізгі кәсібі мал шаруашылығы болған қазақ халқының далаға көшіп-қонып, сол халық мекендеген географиялық ендіктердің материалдық ресурстарына, географиясына немесе геологиясына тікелей байланысты болғанын білдіреді. Бұл, әрине, екі халықтың тамыры ортақ жасаған жердің ауа-райы, өңірдегі табиғат ерекшеліктерін, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін зерттеуге қызығушылық тудырады. Мысалдар әлем әдебиетін салыстырмалы түрде зерттеуде сол немесе басқа топқа жататын халықтардың тілі мен әдебиетінен басқа зерттелетін дереккөздердегі салыстыруға негіз болатын тақырыптарды интегративті зерттеу мәселесін көлденең қояды.
Қазақ және өзбек әдебиетін өзара байланысын зерттеу оқушыларды екі халықтың мәдениетімен жақыннан танысуға ынталандырудың тиімді құралы болып табылады. Бұл өз кезегінде оқушыларға әрі ұлттық, әрі жалпыадамзаттық сипаттағы мағлұматтарды алуға көмектеседі. Біздің ойымызша, салыстыру объектісіне жалпы әртүрлі жазушылардың шығармашылық лабораториясының ерекшеліктерін зерттеуді де жатқызуға болады.
Осы тұрғыдан алғанда қазақ жазушысы Әбділда Тәжібаев пен Абдолла Қаххор шығармаларын салыстыра зерттеу бұл екі қаламгердің тіл, шеберлік, бағыт-бағдар, әдіснамалық даралығын бір қырынан қарастыруға мүмкіндік береді. Абдолла Қахһардың «Шымшық» атты повесінде көп жылдар колхоз ісіне қайрат жұмсап, еңбегі сіңген, бірақ бірте-бірте табысқа мастанып, кішіпейілділікті ұмытқан бастық образы сомдалған. А.Қаһһардың «Шымшығындағы» Каландаровтың мінезі, әрекеті жағынан туыстас қазақ әдебиетінен де көрінген. Бұл ретте Ғ.Мұстафиннің «Миллонер» романындағы Жақып, Ә.Тәжібаевтың «Жалғыз ағаш орман емесіндегі» Телғараларды көрсетуге болады.
Айта керлік жайт, өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ тілінде Ш.Рашидовтың «Дауылдан да күшті», Ғ.Ғұлам, Х.Ғұлам, Ұйғұн, Миртемир, Қаһһар, Зульфия, Фазылов, Якубов шығармаларының жинақтары басылып шықты. Сонымен қатар өзбек әдебиетінің түрлі жанрындағы шығармаларды қамтитын «Өзбек әңгімелері», «Өзбек өлеңдері», «Туыс жыр», сондай-ақ балаларға арналған әңгімелер мен пьесалар жинағын айта аламыз. Мұның бәрі қазақ жазушыларының өзбек әдебиетін халқымызға таныстыру жолында еңбек сіңіргенін көрсетеді. Өзбек шығармаларының көпшілігі түпнұсқадан тікеле аударылып жүруін де ерекше атап айтқан жөн. Өзбекшеден аударуға маман жазушылар Ө.Тұрманжанов, Ә.Сатыбалдиев, Қ.Мұқамеджановтардың есімін атауға болады.
Алайда өзбек әдебиетінің қазақ жұртшылығына таныстыруда осы жұмыстармен шектеуге болмайды. Әрине, әдеби байланысты аудармамен ғана шектеп қалдыру жөн емес. Әдебиет сыны мен әдебиеттенау ғылымының да атқарар қызметі орсан зор. Өзбекстан Республикасы және Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының әдебиет зерттеу институттары зерттейтін сүбелі тақырыптардың бірі – өзбек-қазақ әдебиеттерінің ежелгі заманнан осы кезге дейінгі өзара қатысы, бір-біріне үлгісі, әсері, өсіп-өнуінің заңдылықтары болуға тиіс. Халықтық әдебиет дәстүрі және жаңашылдық әдебиеттің халықтығы, ұлттық характер, көркем әдіс және стиль даралығы, әдеби тілдің дамуы сияқты теориялық проблемалар аясында халықаралық конференциялар өткізілсе, өзбек-қазақ әдеби байланыстар одан ары нығая түспек. Тіпті өзбек, қазақ әдебиетінде тарихи тақырыпты меңгеру жайында да айтырлар сөз көп.
Қорыта айтқанда, әдебиет бар елдің көлемінен асып, басқа жұртқа жеткенде оның өмірі ұзара бермек. Бүгінгі күнде екі туыстас елдің әдебиетіндегі озық өнер туындылары өзбек және қазақ әдебиеттінің асыл туындыларына айналып, рухани қымбат қазынасына үлес қосуда.
Достарыңызбен бөлісу: |