Бөлім: Магистратура Магистрант: Р. Базарбаева Кафедра


-§. Жалпы орта білім беретін мектептерде әлем әдебиетін оқытуға қойылатын ғылыми-әдістемелік талаптар



бет13/24
Дата15.12.2023
өлшемі8,93 Mb.
#139726
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Байланысты:
РАЙХАН МД

1.2-§. Жалпы орта білім беретін мектептерде әлем әдебиетін оқытуға қойылатын ғылыми-әдістемелік талаптар

Қазіргі мектепте білім беру жүйесінің бір міндеті – әдебиет пәні жетекшілік ететін жас ұрпаққа адамгершілік тұрғыдан рухани тәрбие беру.


Әдебиет пәнінің міндеті – оқушыларды ұлттық және әлем әдебиет үлгілерімен таныстыру негізінде олардың көркемдік талғамын дамыту, олардың ұлт пен адамзат өмірінде өзіндік орны бар әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде қабылдауын қалыптастыру. Әдебиет – мәдениеттің бір бөлігі ретінде жалпыадамзаттық құндылықтарды жүзеге асыруға көмектесетін ғылым екенін түсіндіру.
Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептерде шетел жазушыларының шығармаларын оқудағы проблемалар оқушылардың оқуға деген қызығушылығының төмендеуімен және әдебиет бағдарламасына енгізілген әлем әдебиетін оқытуда әдістемелік құралдардың сан тұрғысынан аздығымен түсіндіріледі. Соған қарамастан мұғалімнің әдебиет сабағында оқушылардың қызығушылықтарын ескере отырып, әлем әдебиетінің інжу-маржандарына жүгіну мүмкіндігі бар.
Ұлттық әдебиет әлем әдебиетінің бір бөлігі болғаны сияқты, мектепте әлем әдебиетін оқыту да әдебиет курсының бір бөлігі болып табылады. Әр бір сыныптың әдебиет оқулығында әлем әдебиеті үлгілері қатарында саналатын ақын-жазушылардың шығармалары бар. Бұнда негізгі кемшіліктердің бірі – бұл практикалық қызметтің нәтижелері мен қойылған міндеттердің бір-біріне толық сәйкес келмеуі.
Жаңартылған педагогикалық қызмет барысында әлем әдебиетін оқытудың тиімділігін арттыру үшін жалпы даму талаптарына сәйкес келмейтін ескірген көзқарастар мен материалдардан арылып, білім мазмұнына ғылым және қоғам дамуына байланысты жаңаша білімдер мен ұғымдарды енгізу қажет.
Әрине, әлем әдебиеті үлгілерін зерделеу мазмұнын жаңарту және жетілдіру оны әр уақытта да жан-жақты қайта қарастыру керек дегенді білдірмейді. Яғни, тәжірибеде сыннан өткен пассив оқыту әдістерінің көпшілігі өзін-өзі ақтауы және тиімді болуы заңды. Осыған байланысты білім беруді дамытуға негізделген келесі принциптерді ұстану күткен нәтижені береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет