Бөлім: Магистратура Магистрант: Р. Базарбаева Кафедра



бет16/24
Дата15.12.2023
өлшемі8,93 Mb.
#139726
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Байланысты:
РАЙХАН МД

1-қадам

2-қадам

3-қадам

Өлеңде қандай идея ілгері сүрілген?

Бүгінгі күнде бұл мәселенің өзектілігі неде?

Ақынның дәл осы мәселені көтеруінің себебі неде?








Бұл әдісті қолдана отырып, оқушылар, біріншіден, өлеңнің негізгі идеясын анықтайды, екіншіден, мәселенің өзектілігін негіздейді, үшіншіден, бұл мәселенің көтерілу себебін түсінеді.
Оқушылардың тақырыпты меңгеруі және сабақты бекіту үшін «Синквейн» немесе «Попс формуласы» әдістерін қолдану да тиімді болмақ. Синквэй – француздың «бес» сөзінен шыққан бес жолды өлең жазу әдісі. Бұл жағдайда келесі тапсырмалар беріледі.
Бірінші жолда – тақырыпты бір сөзбен беру (зат есім).
Екінші жолда – тақырыпты екі сөзбен жеткізу (сын есім).
Үшінші жолда – тақырып бойынша іс-әрекетті білдіретін үш сөзді (етістік) табыңыз.
Төртінші жолда – төрт сөзден тұратын сөйлем құрау.
Бесінші қатардан – тақырыптың мәнін ашатын бірыңғай синонимді сөзді табыңыз.
Мысалы:
1. Ана тілі.
2. Қадірлі, қасиетті.
3. Адамды кемілдікке жетелейд.
4. Тіл – ұлттың рухани байлығы.
5. Қазақ тілі.
Сондай-ақ оқушыларға «Егер тілім ертең болса құрымақ, Мен дайынмын өлуге де бүгін – ақ» өлең жолдары бойынша оқушыларға шығармашылық тапсырма беру, оның шешімін табуда «Попс формуласы» әдісін қолдану ұсынылады. «Попс-формула» оқушыларды мәселеге қатысты өзінің жеке көзқарасын жүйелі түрде жеткізуге, нақты фактілер негізінде өз көзқарасын дәлелдеуге, өз тұжырымын қорғауға дайындайды.
Мысалы:
* “Менің ойымша ___________________________________________”
* “Себебі, мен бұл мәселені төмендегіше түсіндім _________________”
* “Пікірімді төмендегі фактор және мысалдармен дәлелдеймін_____”
* “Сондықтанда төмендегі қорытындыға келдім__________________”
Лирикалық туындыларды үйренуде ақынның ішкі жан дүниесі көбіне жасырын күйде болатынын оқушыларға ұғындыра отырып, ақынның лирика, лирикалық қаһарман, лирикалық сезім, лирикалық көңіл-күй туралы ой-өрісін кеңейтіп, байытуға болады.
Көркем әдебиет қаһармандарын сыни тұрғыдан зерттеуге әдеби білім беру тәжірибесінде логикалық тізбекпен сұрақ қою, мәтін бойынша тапсырмалар құруға бағытталған әдіс-тәсілдердің бірі – зерттеу (эвристикалық) әдісі.
Себебі, бұл әдіс арқылы белгілі бір шығарманы талдау, оқушылардың рухани дүниесі мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, оқушыларды белсендi ойлауға, мәселелердiң шешiмiн табуға, көркем сөйлеуiн байытуға, сөздiкпен жұмыс iстеу қабілеттерін дамытуға қол жеткізсе болады.
Зерттеу (эвристикалық) әдіс шығарма авторы тарапынан ілгері сүрілген құлықтылық, көркемдік, әлеуметтік немесе философиялық мәселелерді анықтау негізінде мәтінді зерттеу мәселелері шешіледі. Бұл үдерісті мұғалімнің негізгі міндеті – оқушыларға осы мәселелерді тауып, көркем мәтінге сүйене отырып, шешімін табуға көмектесу. Сондай-ақ көркем мәтінді талдауда оның түрі мен жанрлық ерекшеліктерінің мәнін түсіндіру, шығарманың композиция және сюжеттік ұстанымдарын саралау, ойын жүйелі түрте ретімен, дәлелдерге сүйне отырып жеткізу мәселелері де қарастырылады.
Жанр мәселесін сөз еткенде, соңғы кездері әдебиетті оқытуға тиісті ғылыми мақалалар немесе әдістемелік құралдарда негізінен эпикалық-лирикалық шығармаларды оқыту мазмұны кеңінен үйренілген, драмалық шығармаларды үйренуге деген көзқарас әлсіреп кеткендей.
Әрине, драмалық шығармаларды оқытудың ерекшеліктері оны оқуда немесе талдауда нақты тәсілдерді талап етеді
Осы орайда белгілі әдіскер-ғалым Қ.Юлдашев орынды атап өткендей, «драма оқырман қиялының ұштап, кейіпкерлер портретін нәзік қимылдар арқылы айналадағы дүниені, табиғат көрінісін елестетуді талап етеді. Оқырман драмалық типтегі шығарманы жай ғана тұтынушы ретінде оқи алмайды, драмада жазылмаған, көздеген тұстарын елестетіп, автормен серіктес бола білуге, өз қиялын пайдалана білуге мәжбүр болады Драмалық шығармаларды оқу оқырмандар ортасында кең жайылмағанының себебі осында»17.
Оқытудың эвристикалық әдісі аясында жұмыс істеу драмалық шығармалардағы әрбір іс-әрекетті, ым-ишараны немесе сөзді түсінуде оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады.
Драмалық шығармаларды талдау тәсілдері әр алуан, сонымен бірге қызықты және оқушылардың қатысуымен жанды түрде өткізіледі. Рөлдік ойын – драмалық шығармаларды түсінудегі негізгі белгілердің бірі. Бұл ретте әрбір кейіпкердің ішкі және сыртқы портреті, сөйлеудегі ерекшелігін көре білу маңызды саналады.
Автордың сөздерін жағдайға байланысты әр түрлі реңкте; кейіпкерлердің сөйлеген сөздерін олардың көңіл-күйіне (жоғары, байсалды, шаршаған немесе ашуланшақ) қарап айту керек. Бұл аспектілер авторды оқу процесінің мақсатын түсінуге дайындайды. Сонымен драмалық шығармаларда болмыстың мәні кейіпкерлердің іс-әрекеті мен сөйлеу әрекетін қабылдау негізінде енгізіледі. Жалпы білім беретін мектептерде әлем әдебиетінің драмалық шығармаларын оқыту 9-сыныпта Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы мысалында беріліп, 4 сағатқа созылады. Шығарманы зерделеуде, әрине, оқу бағдарламасының келесі аспектілеріне назар аудару қажет: «Шекспирдің өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет. Оның «Гамлеттегі» дүниежүзілік драматургияны дамытуға қосқан үлесі – адамдық сезім, отбасы намысы мәселелерін қызу тартыстар негізінде көркем түсіндіру. Гамлет – жан-жақты шиеленістерге негізделген адам эмоциялары мен жанұялық ар-намыс мәселелерінің көркем түсіндірмесі. Гамлет образында көрініс тапқан адам психикасының күрделі жақтары. Гамлеттің өзін-өзі қорлауы. Гамлет пен Офелия, Гамлеттің басқа кейіпкерлермен қарым-қатынасы. Спектакльде парыз бен махаббат, адалдық тақырыптары тоғысқан. Шығарманың қазақ тіліне шебер аудармасы. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, «Гамлетті» оқытуда оқушыларды логикалық ойлауға, қосымша білім алуға, ізденуге бағыттайтын оқытудың эвристикалық әдісі аясында әдістерді ұтымды таңдай білудің маңызы зор. Зерттеу әдісі оқушыларға теориялық ұғымдарды, әдеби құбылыстардың заңдылықтарын білуге, сол арқылы көркем шығармаларды талдау жолдарын меңгеруге көмектеседі.
Бұл жағдайда мыналар қолданылады:
1) оқулықтардан, әртүрлі әдебиеттерден немесе интернет көздерінен тақырып бойынша материалдар жинау, олардан тиісті үзінділерді таңдау;
2) мұғалімнің қойған тапсырмасы негізінде көркем шығарма мәтінінің кейбір тармақтары бойынша сұрақтар құрастыру;
3) шығарманың композициясы мен стилін талдау;
4) кейіпкерлерді салыстырмалы зерттеу жоспарын құру;
5) шығарманы әдеби дереккөздермен және өнердің басқа да түрлерімен байланыстырып түсіндіру;
6) тақырып бойынша жазба жұмыстар жазу және т.б.
Трагедияны талдауда ремаркадан бастап кейіпкерлердің көзқарасы, өз сөзі, автордың стилі, қолданылған бейнелеу құралдары, тілдік мүмкіндіктер ескерілуі керек. Кейіпкерлер арасындағы қақтығыстардың көрінісіне назар аудару оқушыларға шығарманың логикасын түсінуді жеңілдетеді. Демек, «Трагедия жанрында адам өмірінің күрделі, аса тартысты кезеңдері осы дауылдарды тудырған әлеуметтік-рухани себептерге қатысты қамтылған. Жан күйзеліске ұшыраған адамды бейнелеу, рухани бейненің көркемдік өрнектелуі белгілі бір жанрдың талабына сай жүзеге асады. Драмадағы адам өміріндегі трагедиялық шындықтар шығарманың жетекші идеялық-көркемдік бағытын құраса, трагедиядағы қайшылықтардың өткір де өткірлігі соншалық, олар апатқа апарумен қатар, тұтас бір кезеңнің әлеуметтік-рухани өміріне әсер етеді. Драмадағы адам өміріндегі трагедиялық шындықтар шығарманың жетекші идеялық-көркемдік бағытын құраса, трагедиядағы қайшылықтардың өткір де өткірлігі соншалық, олар апатқа апарумен қатар, тұтас бір кезеңнің әлеуметтік-рухани өміріне әсер етеді»18.
Соңғы жылдары тәлімдік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттағы дәстүрлі дидактикалық ойындардың мақсат-міндеттер аясы біршама кеңейіп, білім сапасын арттыру, оқушылардың оқу іс-әрекетін, шығармашылық қабілетін, өз бетінше ойлауын дамыту құралына айналды.
Т.М.Михайленконың айтуынша, «Педагогикалық білім берудің ең көне құралдарының бірі болып табылатын ойын қазіргі уақытта даму кезеңін бастан кешіруде.
Бүгінгі ойынға деген қызығушылықтың басты себебі неде? Бұл педагогикалық теория мен практиканың дамуы бір жағынан проблемалық оқытудың кең таралуымен байланысты болса, екінші жағынан жан-жақты белсенді тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік-экономикалық сұраныстың нәтижесі»19.
Сондықтан да мұғалім оқушыларды көркем шығарманы толық оқуға баулуы немесе оқу жоспары мен сабақ тақырыбынан ауытқымай өз бетінше әрекет етуге бағыттау үшін ойын технологиясын ұтымды пайдалану жолдарын анықтап, жүзеге асырғаны абзал. Драмалық шығармаларды оқытудағы дидактикалық ойындар әдебиеттің сөз өнері ретіндегі мүмкіндіктерін танытатын факторлардың қатарында екенін айта кеткен жөн.
Дидактикалық ойындардың құрылымын құрайтын сюжетті-рөлдік ойындар да әдеби білім беру үдерісін жетілдіру, оқушының белсенділігін арттыру, көркем шығарманы түсініп, сөз мағынасын сезіну қабілетін дамыту жағынан өте тиімді.
Бұл технологияны енгізу кезінде мыналар ескеріледі:
а) көркем шығармада көтерілген өмірлік маңызды мәселені анықтау;
ә) оқушылармен бірлесе отырып сабақ сценарийсын құру;
в) оқушылар арасында рөлдер мен міндеттерді бөлу;
ж) мәселені шешу жолдарын анықтау20.
«Гамлет» трагедиясын сюжеттік-рөлдік ойын технологиясы негізінде оқытуда оқушыларды шағын топтарға бөліп, шығармадағы белгілі бір сахналық көрініс дайындап, көрсетуге болады. Бұл жағдайда әр топқа мәтінді еркін таңдау құқығы беріледі. Топтар сахналарды дербес таңдайды, сценарий жасайды және рөлдерді бөледі.
Мұғалімнің міндеті – оқушыларға ойын сипатына қарай бағыт-бағдар беру, оларға қойылатын талаптарды, бағалау критерийлерін хабарлау, жұмыс бойынша нақты нұсқаулар беру. Әр топта сценаридің авторы, рөлді ойнаушылар және сабақты техникалық жағынан қамтамасыз ететін оқушылар тізімі қалыптастырылады. Көркем шығарманы сахналау үшін сахналарды таңдауда екі түрлі көзқарас бар екенін тәжірибелер көрсетіп отыр.
Ш.Норматованың айтуынша, «Бірінші – шығармаға негізделген фильмге сүйену, актерлердің ойынына еліктеп, көпшіліктің көңілінен шыққан эпизодтарды сахналау. Екінші тәсіл – күтпеген, кейде мән берілмеген эпизодтарды шешу және өз бетінше сценарий жасау»21 тиімділігі маңызды.
Айта кету керек, жоғарыда аталған тәсілдердің ерекше артықшылығын сахналауға қатысты келесі процестің мысалы арқылы көрсетуге болады:
Театрда немесе теледидарда спектакль қою, актерлардың шеберлігіне еліктеу арқылы кейіпкерлердің рухын жаңғырта білу, қимыл-қозғалыс, декорация, киім таңдауы біршама жеңіл. Өзіндік сценарий жасау ерекше жандасуды талап етеді
Олар жағдайды өз ойынша бейнелеуге, оқиғаны, кейіпкерлерді еркін түрде талдау арқылы ашып беруге бағытталады. Мәселенің күрделілігі мен маңыздылығы сол, жалпы мәтінге сүйену қиынырақ болса да тиімдірек.
Демек, бейтаныс фильмнің қойылуы қатысушылардың автор тілінде сөйлеуіне, яғни жағдайға түсініктеме беру арқылы көрерменді оқиға барысына дайындауға, ал орындаушылардың өздерін кейіпкер ретінде елестетуіне ықпал етеді. Бұл жағдайда шығарма мәтіні тұтас сақталады, оқушылар образдарға еліктемей, өзінің дүниетанымы, қабылдауы, ойлауы аясында әрекет етеді. Нәтижеде шығарма идеясын ауытқымаған хәлде шығармашылық талдауға қол жеткізеді.
Трагедиядағы әрбір сөздің немесе іс-әрекеттің астарындағы мағынаны оқушылар түсінуі үшін мұғалім кейіпкерлердің даралығын, олардың қақтығыстарын, олардың сөздері, ым-ишарасы, іс-әрекеттері арқылы айқындылығы туралы сұрақтар қоюы керек.
Мысалы, бірінші көріністердің мазмұны туралы келесі сұрақтарды қою арқылы көруімізге болады:
1. Шығарма кейіпкерлерімен танысу. Кейіпкерлердің сыртқы түрі, табиғаты немесе жасы туралы көзқарасыңды түсіндір? Бұндай жағдайда қандай жағдайларға негізделдің?
2. Оқиға суреттелген мекен, қатысушылардың киімдері немесе өздерін тұтуы, кейіпкерлердің болашақ өмірі туралы сенде қандай елес қалдырды?
3. Гамлет, Горацио, Марсель сұқбаттарында қандай қасиеттер бейнеленген? Мұны қалай түсіндің?
4. Аруақ образына жүктетілген міндеттер нелерден тұрады?
5. Әке аруағы мен Гамлет образы ортасындағы сұқбатта қоғам мүшелерінің рухани деңгейі қаншалықты көрініс тапқан деп ойлайсың?
6. Қарама-қайшылықтар образдардың мақсаты мен мүддесін қаншалықты көрсете алған?
Талдаудың маңызды шарты трагедиядағы қайшылықтың түп-тамырын ашуға мән беру болып табылады. Мәтінмен жұмыс жасау барысында оқушыларға оқиғалардың динамикасы қоғам мәселелеріне, әлеуметтік қатынастарға, адамдардың көңіл-күйіне және заман рухына байланысты дамитынын түсіндіру керек. Автор «өз дәуірінің мәселелерін, оқиғалары мен кейіпкерлерін жоғары әлеуметтік-философиялық жалпылау деңгейіне көтереді, соңғы Ренессанс дәуіріндегі барлық Еуропа елдеріндегі әлеуметтік-саяси дағдарысты, жалпы адамзаттық тарихи маңызы бар қайшылықтарды, ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық формациялардың алмасу процесін бейнелейді. Әрине, трагедияның мазмұны бұл процесті тікелей суреттемейді, бірақ кейіпкерлердің психологиясында, ойларында, іс-әрекетінде терең мағына жатыр, пьесада бұл өзгерістердің адам санасына қалай әсер ететіні көркемдік құралдар арқылы көрсетіледі. Гамлет үшін мәселе корольді өлім жазасына кесу емес, кек алу емес, оның неліктен болғанын, адамның міндетін, өмірдің мәнін түсінуде болды»22.
Автордың мақсатын бейнелеу мәтін бойынша мәнерлеп оқу, түсініктеме беру, сөздікпен жұмыс жасау сияқты жұмыстарды орындаумен тығыз байланысты. Бұл орайда мұғалімнің үлгісі оқушыларға шығарманың мәнін тереңірек түсінуге көмектеседі.
Мектепте әлем әдебиетін оқытуда кейде жанрлық-тақырыптық ұстанымғада мән беріледі. Мысалы, «ертегі» және «әдеби ертегі» жанрларын үйренуде. Мектеп оқулықтарына көз жүгіртсек, қазақ ертегілерімен бір қатарда Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай Ханзада» әдеби ертегісі оқытылады. Төменде француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюперидің мектеп бағдарламасына енген «Кішкентай ханзада» әдеби ертегісін оқыту әдістемесіне тоқталмас бұрын, шығарма және оның авторы туралы мәлімет береміз.
Әдебиет әлемінде негізгі кәсібімен бірге шығармашлықты қатар ұстаған қаламгерлер көп. Олардың қатарында неміс романтигі Гофман (заңгер), француз сыншыл реалисті Мериме (тарихи ескерткіштерді қорғаушы инспекторы), тарихи роман жанрының негізін салушы Вальтер Скотт (шериф), Нобель сыйлығының лауреаты Уильям Черчилль (бас уәзір) сияқты танымалы тұлғалар қатарында Антуан де Сент-Экзюпериде бар (ұшқыш).
Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» шығармасы өнердің жауһар туындысы: бұл көркем туынды екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қоғамның жай-күйі мен сана-сезімін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар оқушылардың адамгершілік ұғымдары мен құндылықтары, яғни өмірдің мәні, адамдарға деген сүйіспеншілік, адалдық, достық, бақыт туралы түсініктерін толықтыруға қызмет етеді.
Бұл шығарманың мұндай терең философиялық мәнін оқушылар өз бетімен түсіне алмайтынын айта кеткен жөн. Сондықтан бұл жұмысты зерттеуде мұғалімнің жеке тұлғасы үлкен рөл атқарады. Әдеби ертегінің мазмұнын түсіну деңгейі көп жағдайда мұғалімнің шеберлігіне байланысты. «Кішкентай ханзада» 1943 жылы француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюпериден жазылып, әлем әдебиетінің баға жетпес туындысына айналды.
Ертегінің феномені – шығарманың үлкендерге арналып жазылғанымен, балалар әдебиетінің қазынасынан орын алды. Балалар бұл ертегіні сүйіп оқиды, өйткені ертегі тілінің қарапайымдылығы, ондағы болған оқиғалар бүгінгі күні де өз мәнін жойған жоқ.
«Кішкентай ханзада» әдеби ертегісі адам мен әлем мәселелерін философиялық тұрғыдан талдаған көркем шығарма. Ертегіні оқып, талқыламас бұрын автордың өмірбаяндық жолына тоқталып өткен жөн. Бұл жерде өмірбаяндық ақпараға емес, Антуан де Сент-Экзюперидің тұлға ретіндегі сипатына, оның әртүрлі қызығушылықтары мен сүйікті жаттығуларына назар аударған жөн. Сондай-ақ, оның кәсібі мен туыстары, достары туралы ақпарат берген жөн. Осы жолмен оқушылар автордың тұтас, жарқын бейнесін таниды.
Ертегі мәтінінің өзіне келетін болсақ, онда оқушылар оның рухани мәнін, автордың адамгершілік құндылықтары мен адамдар арасындағы қарым-қатынасы туралы ойларын білдіруін және біріктіруін түсінуі керек. Мұғалім ертегідегі ханзаданың планетасы, басқа планета тұрғындарын, раушан гүлдерін, шөл, түлкі, су және т.б. символдық сөз тіркестерінің мағынасына тоқталып өткен. Бұл өз кезегінде оқушыларға ертегілерде кездесетін афоризмдердің «қанатты сөздердің» мағынасын түсінуін жеңілдетеді.
«Кішкентай ханзада» ертегісін талдауда шығарманың өзіндік ерекшелігін ескермеу мүмкін емес. Оқушылар жаңа тақырыпқа өтпес бұрын мұғаліммен бірге ертегілердің түрлерін, халық ертегілері мен әдеби ертегілердің айырмашылығын, ертегілердің философиялық аспектілері мен ерекшеліктерін талқылап алуы керек. Сабақтың құрылымы туралы айтқанда, мұғалім мен оқушылар ертегі мазмұнының негізгі ойларын оқудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтуі керек.
Әдебиет бағдарламасы бойынша «Кішкентай ханзада» ертегісі ІІІ тоқсанның соңында 5-сыныпта оқытылады. Оқулықтағы мәтіндерде жазушының өмірі мен шығармашылығы, «Кішкентай ханзада» ертегісінің жазылу тарихы және оның кейбір тараулары туралы мәліметтер берілген.
Енді біз бұл ертегіні әртүрлі тәсілдермен оқыту әдістері туралы сөз етеміз. Оқушылардың ертегіні алдымен үйде оқып, негізгі үзінділерді сабақта қайталаса мақсатқа сай болады. Өйткені, біріншіден, үйде өз бетінше оқу негізінде оқушылардың кітап оқу дағдысы қалыптасады, екіншіден, әдебиет пен өнерге деген қызығушылығы артады, үшіншіден, мұғалімнің көмегімен сыныпта қайталап оқу негізінде ертегі мазмұнын толық меңгереді.
Мектеп бағдарламасында осы тақырып бойынша 3 сағат қарастырылған. Сондықтан мұғалім әрбір сабақты шебер ұйымдастыра білуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет