Бөлім: Магистратура Магистрант: Р. Базарбаева Кафедра


Үшінші тарау бойынша қорытынды



бет23/24
Дата15.12.2023
өлшемі8,93 Mb.
#139726
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
РАЙХАН МД

Үшінші тарау бойынша қорытынды
1. Жоғарыдағы талдаулар нәтижесінде жалпы орта білім беретін мектептерде әлем әдебиеті үліглерін оқыту бойынша мұғалімдер үшін әдістемелік нұсқаулар, әдістемелік кешендер даярлау, жоғары оқу орындары мен мектеп ортасында интеграция болуы, оқытушылар мен оқушылар әлем әдебиетіндегі жаңалықтармен әрдайым хабары болуы, кітапхана фондын әлем қаламгерлерінің көркем шығармаларымен толтырып бару мақсатқа сай.
2. Тәжірибе-сынақ жұмыстарында әлем әдебиеті үліглерін оқытуда зерттеу, ішнара іздену (эвристикалық), сөздікпен жұмыс сияқты әдістер, сондай-ақ, оқушылардың қоршаған ортадағы әрбір оқиғаларға өзінің жеке көзқарастарын білдіру, салыстыру және қорытынды шығару, шығармада ілгері сүрілген идеялар, әдеби кейіпкерлердің бітім-болмысына автор және жеке көзқарас білдіру тұрғысынан баға беру дағды және ептіліктерінің қалыптасуына қызмет етеді.
3. Жалпы орта білім беретін мектептерде әлем әдебиеті үлгілерін оқыту ұлттық және әлем халықтары әдеби байланыстарын бақылау негізінде өзара байланыстарды талдауға көмектеседі.
Қорытынды
Жалпы орта білім беретін мектептерде әлем әдебиетін оқытудағы теориялық көзқарастар, алынған нәтижелер және оларды салыстырмалы түрде зерттеу негізінде мынадай қорытындылар жасалды:
1. Жалпы орта білім беретін мектептерде әлем әдебиетін оқытудың қазіргі жағдайы – халықаралық білім стандарты деңгейінде мәселені ғылыми-әдістемелік және дидактикалық қамтамасыз етуді жетілдіру, оқушылар әдебиетінің әртүрлі халықтардағы әсері мен түсіндірмесі, тарихи шындық пен көркемдік текстурасы, көркемдік шығармашылық концепциядағы тұтастық.әлеуметтік мәселелер, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың үндестігін түсіну
2. Әлем әдебиеттін оқытуда оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктеріне сүйене отырып, білім беру субъектісі ретінде қабылдау, оқу бағдарламалары мен оқулықтарға әртүрлі жанрдағы және әртүрлі тақырыптардағы әлем әдебиетінің үлгілерін енгізу ұлттық әдебиетінде кейбір жанрлармен немесе ағымдармен танысудың оңтайлы әдістерін талап етеді, сондай-ақ, оқытушылар мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін одан әрі нығайтуға қызмет етеді.
3. Әлем әдебиетін оқытуда педагогикалық процестің негізгі мақсатына бағытталған мотивтерді қалыптастыратын оқу-әдістемелік материалдар, оқу материалдарын жүйелеудің формаларын, әдістері мен құралдарын ұтымды таңдауға, автор тұлғасы мен әдеби қаһарман мәселесінің бір-бірімен тығыз байланыста болуы, яғни, әдеби қаһарман жаратушының мүшесі ретінде көрінеді, сонымен қатар жаратылыс психологиясы мен жазушының шығармашылық шеберханасы сияқты критерийлерді анықтауға көмектеседі.
4. Жалпы орта білім беретін мектептерде әлем әдебиетін оқытуда оқушылар әлем әдебиеті жауһарларының ана тілдеріндегі аудармаларымен жүйелі түрде таныстыру олардың әртүрлі халықтардың ұлттық ерекшеліктері, тарихы, мәдениеті, өнері, салт-дәстүрі мен ойлау тәсілі туралы түсініктерін кеңейтеді, дүниетанымын арттырады, өзін-өзі тану сезімдерін бекітеді.
5. Салыстыру әдісі автордың әдебиетті, әдеби көзқарастарын, образ жасауын, шындыққа дәстүрден тыс көзқарастарын, рухани әлеміндегі қайталанбас поэтикалық форма мен мазмұндағы жаңалау қабілеті туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтуге қызмет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет