Бөлім Қожа Ахмет Ясауидің діни-философиялық, педагогикалық көзқарасының қалыптасып, дамуы


«Диуани хикмет» (Қ.А.Ясауи) еңбегінің мазмұндық сипаты



бет11/12
Дата27.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#128997
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Дип.-Қожа-Ахмет-Ясауи-мұраларын-оқу-тәрбие

«Диуани хикмет» (Қ.А.Ясауи) еңбегінің мазмұндық сипаты



Қ.А.Иассауи еңбегі

Тәлім-тірбиелік ой-пікірі

Тәрбиенің мазмұны

Тәрбие берудегі іс-әрекеттерді ұйымдастыру формалары мен әдістері

«Диуани хикмет»

«Шариғат» - ислам заңдары мен әдет-ғұрыптарының негіздері, яғни мұсылман жолын қастерлеп, соны тәлім-тәрбиеге үлгі-өнеге етім жырлау.
«Тариқат» - сопылық ой-мақсаттарды насихат-өсиет ету. Яғни жыр өрнектері арқылы ұрпақты имандылыққа, әділеттілікке, тазалыққа, адалдыққа тәрбиелеу. «Мағрифат» - дін жолын танып-оқып білу, яғни Алланың ақ жолын ардақтап, соған тағзым етіп, тағлым алу. «Хақиқат» - құдайдың құдіретіне сену-әрбір мұсылманның парызы екенін түсіндіріп, ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу.

Адамгершілік, имандылық, инабаттылық, қайырымдылық, шындық адалдық, мейірімділік, ерлік, сыпайылық

Тәрбие сағаты. диспут, экскурсия, кештер, ұйымдастыру, түсіндіру, үйрету, жатықтыру, сендіру, көрсету, мақұлдау.



2 бөлім. Қ.А. Ясауи мұраларын оқу-тәрбие процесінде қолдану жолдары
2.1. Білім беру барысында Қожа Ахмет Ясауи мұраларын пайдалану

Қазіргі таңда, жеделдету мен демократияландыру жаңғдайларында Қазақстан Республикасындағы басты міндеттердің бірі ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, келешек өскелең жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру болып табылады.


Бұл жөнінде Республикамызда көптеген мемлекеттік құжаттар жарияланды. Білім Министрлігінің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында (ақпан. 1993) былай деп жазылған.
«Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оны рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады».
Міне осы тұрғыдан қоғамға жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, шығармашылықпен жұмыс істей білетін жеке адам қажет. Ондай адамды орта және жоғары оқу орындары дайындайды.
Оқушыларды адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру жағдайында белгілі бір жүйе немесе нақты белгілер болуы қажет. Бұл жағдайда оқу- тәрбие үрдісіндегі педагогикалық шарттардың мәнін ашып көрсету өте салмақты орын алмақ.
Тәрбие үрдісінде адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шартттарын акнықтамас бұрын, шарттар ұғымының мәнін ашу қажет. Шарт дегеніміз - белгілі бір объектінің туындауы, өмір сүруі немесе өзгеруі үшін қажетті объектілер жиынтығы деп қарастырайық. Экономикалық саяси, рухани жағдайлар оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың кеңістік-уақыттық, оқу материалдық, рухани-психологиялық, эстетикалық, мектеп, гигиеналық шарттарын негіздейді. Бұлардың арасында тура және жанама байланыс бар. Ол байланыстардың жиынтыгы жеткілікті педагогикалық шарттар деп аталады. Бұл шарттар тарихи қалыптасып педагогикада бейнелер мен елестер түрінде қоғамдық сананың формасы ретінде қарастырылған.
Сондықтан оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың деңгейі мына төмендегідей педагогикалық шарттарды ескеріп сақтағанда ғана көтеріледі. Егер:
1) тәрбие үрдісі оқушылардың адамгершілік құндылықтарды игеруіне бағытталса:
2) оқушылар адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында рефлективтік іскерлік дағдыларды игерсе:
3) оқушылар жеке тұлғаның және әлеуметтік мәні бар адамгершілік құндылықтарды өз іс-әрекеттерінде, мінез-құлқы мен тіршілік әрекетінде көрсете алу мүмкіндігін таңдаса.
Демек, оқушылардың адамгершілік құндылықтарының қалыптасуының педагогикалық шарттарының мәнін ашу үшін тұтас педагогикалық процесс теориясына сүйенген жөн. Мәселен, В. А. Якуниннің пікірінше, әртүрлі әлеуметтік жүйелердің, соның ішінде педагогикалық жүйенің де қызметтік құрамы бірдей болады делінген. Философ В.Г.Поляковтың еңбегінде әлеуметік жүйелер мінез құлықты сипаттап, сол сипаттаманы ереже, тұжырым ретінде қолданады. Олай болса, біздің ойымызша жеке тұлғалық, және қоғамдық құндылықтарды тәрбие үрдісінде моделдеуге болады. Жүйені қалыптасу кезеңінде оның мақсаттылық бағыты басты орын алады. Соның негізінде тәрбие үрдісіндегі оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырып, тиімсіз болған жағдайда оны ұйымдастырудың жаңа тэсілдерін табуға болады.
Тәрбие үрдісі оқушылырдың адамгершілік құндылықтарды меңгеруге бағытталуы тиіс. Құндылықтарды игеру механизмі адамгершілік құндылықтардың қалыптасуындағы адамның өзін-өзі тану барысында жүзеге асады. Оның алғашқы деңгейі игеретін құндылықтардың мәнін ашу нәтижесінде адамның адамгершілік құндылық бағыттарына ие болу.
Ю.К.Бабанский (1983ж) және В.В.Воронов (1999) ұсынған осы құрамды бөліктердің сипаттамасын білім беру-тәрбие үрдісінде де қатысты қолдануға болады. П.Ф.Каптеров «білім беру-тәрбие үрдісі» ұғымын былайша түсіндіреді: «Білім беру үрдісі дайын нәрсені біреуден біреуге жеткізу ғана емес, ол ұрпақтар арасын жалғастырушы ғана емес; оны мәдениеттің бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін құбыры деп айтуға да болмайды», дейді. Г.М.Коджаспирова, А.Ю.Коджаспирова білім беру үрдісін мемлекетік білім беру стандартына сәйкес жеке тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуге бағытталған оқу-тәрбиелік және өзін-өзі ағарту үрдістерінің жиынтығы деп түсіндіреді.
Республикамызда соңғы жылдары білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалық үрдістерге байланысты құндылықтарды қалыптастырудың психологиялық механизмі тәрбие үрдісіне жеткілікті түрде бағытталмаған, мұғалімдердің білімі мен білігінің тәрбие үрдісіндегі оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды дұрыс түрде ұйымдастыруы үшін жеткіліксіз екенін мойындау керек.
Адамның бойында жеке тұлғалық қасиеттердің пайда болуы ізгілік мәдениетінің негізін құрайды, гуманистік құндылықтар жүйесін меңгерумен байланыстырады. Осы тұрғыда Л.С.Выготскийдің мәдени дамудың генетикалық заңдылығын қалыптастырған еңбегіне сүйенсек ол:
«Баланың мәдени дамуындағы кез-келген қызмет екі түрде пайда болады деп көрсетеді. Бірінші - әлеуметтік кейін психикалық; алдымен ол адамдар арасындағы интер психикалық түрде, кейін баланың ішінде интрапсихикалық түрде қалыптасады». «Қоғамдық түсініктердің жеке адамның санасына енуі - интериолизация - жалпы адамзаттық құндылықтарды жеке адамның жоғары психикалық қызметтеріне айналдырғанда» құндылық іс-әрекеттің қозғаушы күшіне айналады. Құндылықтардың жеке адамның санасына ену механизми жеке тұлғаның рухани қажеттілігін түсіндіруге көмектеседі.
Адамгершілік құндылықтардың қалыптасуындағы оқушылардың өзін-өзі тануы жүзеге асатын тәрбиенің басты түрі құндылық жағы басым тәрбие үрдісі болып есептеледі. Тәрбиенің бұл түрі іс әрекеттік жағына жүзеге асады. (Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, П.Я.Гальперин, А.Н.Леоньтев, В.В.Давидов), «Жеке тұлғаның іс-әрекеті сыртқы ықпалдардың жиынтығын ішкі дамып жатқан өзгерістерге, жеке тұлғаның бойындағы жаңадан пайда болған қасиеттерге айналдыратын күш болып табылады». Адамгершілік құндылықтары негізінде өзін-өзі тану үшін кез келген емес, этикада (О.Г.Дробницкий, 1967), педагогикада (О.С.богданова, 1969,1672; Д.М.Гришин, 1979; Е.В.Бондаревка, 1980) және психологияда (К.К.Платонов, 1982; Нұрғалиева 1993) түсіндірілген адамгершілік іс әрекет қажет. М.Н.Аплетаевтің ойынша адамгершілік іс-әрекет дегеніміз-адамның жалпы игілік, жақсылық және тұлғаның еркін дамуы сияқты адамгершілік мақсаттарына жетуге бағытталған және адамгершілік мотивтер бойынша, адамгершілігі жагынан дәлелденген тәсілдер арқылы жүзеге асқан іс-әрекетті реттейтін адамның белсенділігінің, оның қоршаған ортамен өзара қатынасының өзіндік түрі формасы болып табылмақ.
Халықтық және дәстүрлі педагогикада жас бүлдіршіндер дүниетанымын қалыптастыру және оның ақыл-ойын дамытудың бастау көзі ретінде ең алдымен оның қоғамға, қоршаған ортамен дүниеге және ондағы адамның орнына көзқарастарды тірек еткен дүниетанымы алға шығады. «Арманы жоқ жас - қанатсыз қарлығаш», - халық. «Күш білімде, білім кітапта». Жастайында алған білімнің өмір бойына игілікті қызмет ететініне тәжірибеде көз жеткізілді. Олардың «Жаста оқыған оқуының тасқа жазғанымен бірдей»,- деп балаларды жастайынан білімдерді игеруге үндеуі, әсірссе, ақылды дәріптей, оның мүмкіндіктерінің шектеусіздігін ашып, талдап түсіндіруге тырысуы да осыдан болу керек. «Әліппенің ар жағы білім бағы», «Өнер ағып жатқан бұлақ, ғылым жанып тұрған шырақ», ал кітап халық көзқарасында адамның досы, кеңесшісі білім көзі. Осы орайдан жас бүлдіршіндерге жастайынан дүниетанымын қалыптастыру қажет. ҚР-нің «Білім туралы» заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайлар жасау білім беру жүйесінің басты міндеті болып табылды.
Жан-жақты білімді мәдениетті дамыған жеке тұлға, ең алдымен бір тұтас дүниетанымға ие болуы қажет. Ал оның негізі ұлттық дүниетанымнан бастау алады. Міне осы тұрғыдан дүниетанымды жас бүлдіршіндерден, яғни бала бақшалардан бастасақ өте құнды болар еді. Елімізде егемендік алғаннан кейін біраз уақыт бала бақшалар жабылып тоқырау мезгілдеріде өтті. Енді жаппай барлық жердерде бала бақшалар қайта ашылып заңсыз қолды болып кеткендері қайталап іске қосылуда. Бала бақшадағы бүлдіршіндердің ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің, сонымен қатар Қ.А.Ясауи ұсынған түркі-ислам дүниетанымының алатын орны ерекше. Өйткені дәстүрлі әрі түркі-исламдық мәдениетте халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәлім-тәрбиесі сақталған, ұлттық рухани байлықтың қайнар көзі мен мүмкіндігі көрініс тапқан. Бірақ халқымыздың үшан теңіз, бага жетпес құнды осы асыл мұралары ғылыми жолмен жүйленбеген әрі оны бала бақшаның оқу-тәрбие процесінде қолдану бағдарламаларға сай емес. Жас бүлдіршіндерге арналған әдебиеттермен оқу құралдары жетіспейді, әрі жоқтың қасы. Сайып келгенде қазақ дәстүрлі түркі ислам мәдениеті материалдары жүйелі түрде жеткізілмейді, оқытылмайды, оқу-тәрбие процесінде қолданылмайды. Осының салдарынан қазақ жастары ұлттық дүниетанымнан бейхабар болып өсіп жетілгендіктен, басқа ұлт өкілдерінің дәстүріне әрі діндеріне өтіп кетіп жатыр. Оның үстіне тәрбие ауқымы жастар арасында күн сайын төмендеп барады. Міне осы тұрғыдан ұлттық дүниетанымды қолға алып оны балабақшаларға ендіріп, оқу-тәрбие процесінде үздіксіз пайдалану қажет деп ойлаймыз. Оқу-тәрбие жұмыстарын бала бақшалармен мектептерде пайдаланғанын бағдарламалармен сәйкестендірілген. Мәселен, бала бақшаларға барғанда бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне байланысты Ясауи мұраларынан үзінділер алынып соларды оқып немесе жатқа айтып береді. Міне соның әсерінен бала бақша бүлдіршіндері жастайынан Ясауи дүниетанымын есітіп жатқа айтып үйрене бастайды. Мұндай бүлдіршіндер ер жетіп есейгенде ешқандай жамандыққа бас ұрып, басқа ұлт өкілдерінің дініне өтіп кетпейтін болады, әрі толық адам болып қалыптасады. Сондықтан Ясауи дүниетанымын балабақшалардан бастаған өте құнды. Ясауи мұраларынан біриеше үзінді хикметтер мен әңгімелер беріп өтейік. Егер жас бүлдіршіндер бір жастан үш жасқа дейін үйлерінде тәрбиеленсе, ал үш жастан бастап балабақшаларға бара бастайды. Сондықтан Ясауи хикметтерінде осы жастарға арналған хикмет шумақтары бар. Соны оқып беруге әрі жаттатуға болады.
Бір жасымда әруақ маған үлес берді,
Екі жаста пайғамбар келіп көрді.
Үш жасымда шілтен келіп халімді білді,
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге.

Төрт жасымада хақтағала Мұстапа барді құрма,


Жол көрсеттім адасқанды салдым жолға.
Қайда барсам Қыдыр бабам бірге жолда,
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге.

Бес жасымда шариғатқа белімді будым,


Дін жолында ораза ұстап әдет қылдым.
Күндіз түні зікір айтып тәубе қылдым,
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге

Алты жаста тура қаштым халайықтан,


Көкке шығып дәріс үйрендім мәлейіктен.
Киім киіп ынтық болдым шын көңілден,
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге.

Жеті жаста Арыстан бабам іздеп тапты,


Әр сырымды көрген сайын бүркеп жапты.
«Биихамдиллаһи» көрдім деп ізімді өпті,
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге.
Міне осы хикмет шумақтарын оқып жаттатып, талдап түсіндіріп отырады. Ясауи өмір жолына байланысты қысқа-қысқа хикаяттар мен аңыз әңгімелерді де оқу-тәрбие жұмыстарында пайдалануға болады. Мәселен, кішкентай бүлдіршіндерге амандасу, тамақтанып болған соң бата жасау, үлкенді сыйлау, құрметтеу, тағы сол сияқтыларды үйренулеріне болады.
Ясауи жастайынан дүниедегінің бәріне құрметпен қараған. Солардың ішінде ұстазға, медресеге, адамдарға, Құранға, Хадиске деген құрмет ерекше орын алған. Себебі, «Ұстазды ата-анаңнан артық сыйла» деген ұлағатты сөз бар. Өмірге, білімге, ғылымға жол бастаушы тек ұстаз екендігін есте сақтаған жөн. Ясауи өз тариқатын мурид пен муршид арасындағы қарым-қатынасқа көп көңіл бөліп, соларға арнап он ережені дүниеге келтірген. Осы ережені қатты қадағалайтын болған. Қараңғылықтан шығарушы бірден бір жол білім болса, онда білім ордасы медресе екендігін ұмытпау керек. Соны білген Ясауи медресесіндг құрмет тұтқан Алланың құрметі үшін адамдарға қызмет етіп болғандықтан Алланың сүйіп жаратқан құлы адамдарды да Ясауи ерекше құрметтеген. Ал енді, барлық ілімнің, ғылымның бастауы болған Алла тарапыпан, барлық азаматқа жіберілген Мұхаммад пайғамбарымызға түсірілген «Құрани Кәрімге және Хадиске» құрметі ерекше еді. Міне осылар туралы қысқаша хикметтер бар.
Құтты заманның саф, таза бұлақтарынан сусындаған Қожа Ахмет медреседен үйіне қайтқанда, сый тұтатын ұстазымен медресе қызметін атқарып жүріп кетеді екен. Бұл жас шәкірттің діліне, жүрегіне салынған Аллалық тағылым немесе ата-ана, ұстаз тағылымы ма көрген кісілерді ойландырар еді.
Жолда кездескендерге бірінші болып сәлем бергенде жоғары әуезбен дауыстан «Ассалаумаалайкум» дейді. оның Мұхаммад пайғамбар Хадисінен алған тағылымы секілді емес пе. Жас Ахмет Құрани Кәрімді төбесіне қойып жүретін еді. Бұл да Құранға деген шексіз құрмет болуы керек.
Оқушылардың, яғни бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыруда да Ясауи ұсынған түркі-ислам дүниетанымының алатын орны ерекше. Мәселен, бастауыш мектептерде бірінші сыныпта дүниетаным сабақтарын өткенде, мынадай тақырыптарға сәйкес іс-шаралар жүргізіледі. Сәлемдесу, мектепте, үйде және көшеде әдепті болу, үлкендерді құрметтеу және кішіге ізет көрсету, өзара әдепті болу. Соз тыңдау және сөзде тұру, дастархан басындағы және ас ішудегі әдептілік, жақындық қарым-қатынасты білдіретін атаулар т.б. Үшінші сынып, түбі бір туыспыз, үш жүз туралы түсінік, бірлік елдің берекесі туған жер туралы әңгіме, қоршаған ортаға қатысты тыйымдар, табиғатқа байланысты тұрақты тіркестер т.б. Төртінші сынып, Қазақ мемлекеті. егеменді қазақ елі, қазақ хандығының хандары, казақ халқының ақын-жыраулары мен күйшілері, қазақтың ұлттық киімдері, ғұлама ғалым, әулиелер жайлы т.б. Осы сынды тақырыптарға сәйкес Ясауи мұраларынан үзінділер алып қарапайым тілде әңгімелеп берер болсақ балалар оны қабылдап өздеріне өнеге тұтып өмір бойына қажетті рухани азық алатындарына күмәнсіз сенуғе болады. Мәселен, Ясауидің Диуани хикмет, Пақырнама және мұнажатнама, Мират-ул-Қулуб, сонымен қатар өмірі жайлы жазылған қысқа әрі қызықты аңыз-әңгімелері мен хикаяттарын пайдаланып, арнаулы өтілетін тақырыптарға сәйкес өлең, толғау, мақал-мәтел, әңгіме балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүргізілсе, өте пайдалы болады. Сол кезде елімізде, қоғамда, «кемел адам» қатары көбейе түседі. Бұл біздің өткен бабаларымыздың арманы. Мәселен, бұл жөнінде Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иугнеки, Қ.А.Ясауи, Абай, Шәкәрім т.б. өмір бойына аңсап жырлап өткен.
Жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын жақсарту және білім мазмұнын жаңарту жайлы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны калыптастыруға қажетті жағдайлар жасау білім беру жүйесінің басты міндеті болып табылады делінген.
Жан-жақты мәдениетті жеке тұлға ең алдымен біртұтас дүниетаныммен рухани, мағнауи байлыққа ие болуы қажет. Ал оның негізі ұлттық, рухани, мағнауи мұралар байлығы болып табылады.
Мектеп оқушыларының ұлттық дүниетанымын, рухани, мағнауи байлығын қалыптастыруда қазақ халқының дәстүрлі ғасырлар бойы жинақталған мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі мәдениетте сол халықтың сан ғасырлар бойы тырнақтап жинақталған бай да, баға жетпес құнды тәжірибелерінің қаймағы бұзылмай сақталған, ұлттық рухани, мағнауи байлықтың қайнар көзі мен мүмкіндігі көрініс тапқан. Дегенмен халқымыздың осы баға жетпес, құнды да бай асыл мұралары ғылыми жүйеге түспеген, әрі оны мектептің оқу-тәрбие жұмыстарында пайдалану талапқа сәйкестендірілмеген. Оқушыларға арналған анықтамалық әдебиеттер мен оқу құралдары жетіспейді, кейбірі жоқтың қасы. Сайып келгенде қазақ дәстүрлі мәдениетінің материалдары жүйелі түрде оқытылмайды да.
Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде өзінің атына және дәрежесіне сай көптеген қосымша пәндер өтіледі, оған қоса бірнеше ғылыми зерттеу орталықтары да бар.
Біріншіден, аталмыш университетте «Дінтану» мамандығы бар. Екіншіден: барлық факультеттер мен мамандықтарға «Ясауитану» пәні өтіледі. Сонымен қатар «Туркология», «Ясауитану», «Археология» ғылыми зерттеу орталықтары көп жылдардан бері қызмет етіп келеді. Осындай орталықтардың тынымсыз ізденулерінің арқасында көптеген ұлттық дүниетаным, ұлттық, рухани, мағнауи мұралар жарыққа шығарылуда. Соларды пайдаланып келешек өскелең жас ұрпаққа ұлттық, рухани байлықтар мен дүниетанымдық білімдерді оқытуды мектептерден бастау жөн болар еді. Жағдай болып жатса, балабақшадан, отбасына, бастаулар алуы өте құнды, төлем-тәрбие беруі күмәнсіз. Негізгі біздің айтайын деп отырған ұсынысымыз Қожа Ахмет Ясауидің мұралары негізінде, бастауыш сыныптарды, оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру. Мұны оқу-тәрбие процесіне пайдаланғанда, оны мектептің оқу-тәрбие бағдарламасына сәйкестендіру жолдарын көпшілік оқырман қауым ортасына ұсынғымыз келіп отыр. Сонымен бұл Ясауидің рухани, мағнауи мұраларын қалай пайдалануға болады. Еңбектері: «Диуани хикмет, Пақырнама, Мұнажатнама, Мират-ул Қулуб, әңгімелер мен хикаяттар», осы еңбектерді жегі бәлікке бәлсек, 1) сәбилік кезеңі яғни отбасы тәрбиесі; 2) балабақша жасындағы кезең; 3) бастауыш мектеп жас; 4) орта мектеп; 5) жоғары оқу орны; 6) ғалым ғұламаларға арналған мектеп; 7) жалпы оқырман қауымға арналған мектеп.
Осылай жіктемейінше Ясауи еңбектерін жете түсіну қиын. Тізбек жеті кезеңге бөлініп, жас ерекшеліктеріне сай болып әрі оқу-тәрбие бағдарламасына сәйкестендірілуі қажет. Сонда ғана мұның пайдасы болады, сонымен қатар жас өскелең ұрпақ ұлт жанды болып жетіледі, еліне, жеріне деген сенімдері оянады. Ал қазір біздің жастарымыз басқа діндерге өтіп кетіп жатыр, оның үстіне нашақор, маскүнем, наркомания, зинақор т.б. сол сияқты келеңсіз мінез-құлықтар қалыптасуда. Мұны қалай кімге тапсыруға болады деп ойласаңыздар, біздің ұсынысымыз, «Ұлттық дүниетаным» дәрісінде, «сыныптан тыс жұмыстарда», «әдеп» дәрісінде, тәрбие сағаттарында, қосымша дәріс ретінде, сұхбаттарда, кездесулерде, «Ана тілі», «Қазақ тілі», «Әдебиет», «Тарих» т.б. жалпы мектепте өтілетін дәрістерде орын-орнымен тақырыптарға сәйкес пайдалануға болады.
Орта мектеп оқушы жастарының ұлттық дүниетанымын, рухани байлықтарын қалыптастыру үшін қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі сан гасырлар бойы тірнектеліп жинақталған мәдениетінің алатын орны ерекше көрініс тапқан. Дегенменде, халқымыздың осы аталмыш баға жетпес, құнды да бай асыл мұраларын ғылыми тұрғыдан жүйеге жүйелеген, орі оны мектептің оқу-тәрбие жұмыстарында пайдалану талапқа, бағдарламаларға сәйкестендірілмеген.
Оқушыларға арналған анықтамалық әдебиеттер мен оқу құралдары жетіспейді, кейбірі мүлдем жоқ. Сайып келгенде, қазақ дәстүрлі мәдениеті материалдары жүйелі түрде оқытылмайды да.
Негізгі біздің алға қойған мақсатымыз: «Құл Қожа Ахмет Ясауидің рухани, мағнауи мұралары негізінде жоғары сыныптарда оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру» - істерін жүзеге асыру болып табылады. Осының арқасында келешек жас өскелең ұрпаққа рухани, мағнауи азық беру. Бұл мәселе бізде, бұл күндері мүлдем жоқтың қасы, міне осыны іске асыра отырып, қоғамға тәрбиелі де мәдениетті жастарды алып келу. Әрине мұны мектептердегі оқу-тәрбие процесіне пайдалану барысында, оны мектептің оқу-тәрбие бағдарламасына сәйкестендіру қажет. Сондықтан да, ол әр мектепте пайдаланылса деген ой туындап отыр. Осы тұрғыдан Түркістандағы мектеп, колледж, университеттерде өтіліп жатқан дәрістер:
1. Этнопедагогика
2. Этнопсихология
З. Дінтану
4. Ясауитану
Оқушыларды рухани дамыту мәселелері.
Ясауи бабамыз өзінің баға жетпес құнды да мәңгілік өшпес мұраларын жазуда өз бастауларын Мұхаммед /с.ғ.с/ пайғамбардан қалған рухани, мағнауи мұралары «Құрани Кәрім» мен «Хадистерінен» пайдаланған.
«....Сондай жаратқан Раббыңның атымен Оқы! (1) Ол, адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. (2) Оқы! Ол Раббың аса құрметті. (3) Сондай қаламмен үйреткен. (4) Ол, адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен (5) (Құран Кәрім қазақша мағына және түсінігі) (Сауд. Арабия. 1991. Халифа Алтай).
Міне осы жоғарыдағы бастапқы бес аят. Хыра тауында Мұхаммад /с.ғ.с/ пайғамбарға: «Оқы» деп алғаш түскеннен бастап, Жабрайіл періште арқылы Алланың ілімі үздіксіз жиырма үш жыл ішінде «Құрани Кәрім» сүрелерімен аяттары толық түсіп бітті. Барлығы 114 сүре 6236 аяттан тұрады. Ал хабистер болса 600 мыңдай, бірақ көптеген себептермен бүгінгі танда тек қана 7275 ғана жарыққа шыққан, солардың өзі де әлі қазақ тіліне тәржімаланбаған. Қазақ тілінде тек «Мың бір хадис» 1991 ж Шымкент шаһарында жарық көрген.
«Бір сағат білім іздену, үйрену түн бойына намаз оқып, бір күн білім іздену, үйрену үшай ораза тұтқаннан да артық, білімді жазсаң тереңдей түседі, есіңде жақсы сақталады» - деген пайғамбарымыз.
Осы сынды білім, ілім туралы Әл-Фараби бабамыздың жалынды да қанатты сөзін келтіре кетуді жөн деп таптық. «Тәрбиесіз берілген білім есуастың қолына жалаң қылыш ұстатқанмен тең». Өмірдің негізі тәлім-тәрбиеде болғандықтан, ол имандылыққа келіп тіреледі. Сондықтан имандылық туралы Ясауи бабамыз төмендегідей ой-тұжырымдар айтқан. Иман адамның рухани тірегі, таянышы, жамандыққа жібермес тежегіш. Адамда иман болмаса, адамдықтан шығады. Имансыздық айуандықтың белгісі, имансыз адам - қоғам үшін ең қауіпті хайуан. Ал осы жеке адам имансыздығы, қоғам имансыздығына ұласатын болса, қоғамнан сенім кетсе, одан өткен, қайғы да, қасіретте жоқ. Бұдан жеке адам азғындауы емес, бүкіл қоғам азғындауы келіп шығады. Міне осындай келеңсіз жағдайлар тәй-тәй басқан тәуелсіз мемлекетімізде белең алмауы үшін, барлық оқу орындарында оқу-тәрбие процестерін осы бағытта жетілдіре дамытуымыз қажет.
Қазіргі кезде қоғамымыздың ертеңгі болашығы, бүгінгі жас өскелең ұрпақтың тәрбиесімен тығыз байланысты. Сондықтан мектеп оқушылары мен бірқатар да жоғары оқу орындарының студент жастарын тәрбиелеу ісінде оларды рухани адамгершілікке, имандылық пен инабаттылыққа бағыттай отырып жетілдіре дамытуға аса назар аударған жөн. Бүгінгі жас өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе жоғары оқу орындарында студент жастарды рухани жетілдіріп дамыту. Рухани даму дегеніміз - өзінің өмірдегі орнын жауапкершілігіне түсініп, өзін-өзі жетілдіріп отыру. Рухани даму жеке тұлғаны қалыптастырудың негізгі өзегі болып табылады. Рухани дамыған тұлғаның көрсеткіштегі баспалдағы жақсылақ жасауға ұмтылу, өзін-өзі дамыту, жетілдіру, иманды болу, өзін-өзі тану арқылы Алланы тану.
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында студент жастарды тәрбиелеу ісінде адамның ішкі жан дүниесі мен рухани әлемін дамыту әрі жетілдіруге байланысты түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Халықтың діни әдет ғұрыпы, салт-дәстүр, ырым-тыйым, наным-сенім, рухани мәдениеті және ұлттық дүниетанымдық негізде, жас өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік, имандылық-инабаттылық тәрбиесін дұрыс жолға қою міндеттерін іске асыру, басты да маңызды нысана болып отыр.
Бұл тұрғыдан Елбасымыз 18 ақпан 2005 жылғы халыққа жолдауынан бірнеше үзінді келтіре кетуімізге болады. Біз саяси өмірімізді ырықтандыру жөнінде айтарлыктай табыстарға жеттік. Бұл тұста мыналарды айтсақ та жеткілікті:
- Қазақстан діни сенім-наным бостандығын қамтамасыз етіп, конферессиялар барлық келісім мен діни тең құқықтылық саясатты дәйекті жүргізіп келеді, - деп атап көрсеткен...
- Қазақ халқының моральдық және рухани құндылықтарын одан әрі дамыта беруге бағатталады.
«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруды жалғастыра беру, сөйтіп өткенді пайымдау арқылы казіргі заман мәдениетін жан-жақты дамыту қажет деген болатын. Міне, жоғарыда келтірілген жолдаулар сынды басқа да көптеген рухани тәрбиені дамытуға арналған қажетті де өзекті мәселерге Елбасымыз жеке-жеке тоқталып өткен болатын, соларды басшылыққа ала отырып, студент жастарды тәрбиелеудегі негізгі мақсатымызды өзіміздің күнделікті оқу-тәрбие прцесіміздегі қызметімізде түрлі жолдармен әдіс-тәсілдермен іске асырып келудеміз. Сонымен тәрбие істеріндегі негізгі мәселе студент жастарды тұлғалық қарым-қатынасты дамыту, жетілдіру, әр адамның құндылығын дамыту, ерекшелігін, сана-сезімін, өзіндік баға беруін қалыптастыру. Рухани адамгершілік, имандылық, инабаттылық тәрбиесінде студент жастардың назарын өз өміріндегі елеулі өзгерістерге бұрып саналы да сапалы түсінуіне баулу көзделеді. Сондықтан да бүгінгі жас өскелең ұрпақты оның ішінде түрлі оқу орындарындагы студент жастарды діни-философиялық және ғылыми бағытта тәрбиелейтін болсақ, онда адамгершілігі мол, иманды да инабатты студент жастар болып жетіледі. Өскелең жас ұрпақтың діни танымы болмаса, оны философиялық тұрғыдан талдай алмаса және ғылыми негізде дәлеліне көзі жетпесе онда оның рухани дамуы екі талай. Себебі өмірдің өзі осы үш негізден тұрады. Адам баласында ең әуел баста діни, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, наным-сенім, ырым-тыйымдар танымы пайда болған. Содан соң оның филорсофиялық яғни дүниетанымның негіздері ашылып жаратылыстану ғылымдарымен дәлелдене түскен. Сондықтан да осы үш бағытты бір-бірінен үзбей қарастырған жөн.
Рухани адамгершілік, имандылық, инабаттылық тәрбиесіндегі негізгі басты қажетгі мәселе адамды құрметтеу, сыйлау, әрбір келешек жас өспірім оның ішінде студент жастар өзін-өзі дамыту, жетілдіру үшін өзін өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға ұмтылу қажет екендігін түсінуі тиіс.
Сонда ғана ол өздігінен жетілу, даму жолына түседі. Рухани-адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу ісі тек білім беру мен ғана шектелмейтіндігі айқын. бұл студент жастардың сана сезіміне әсер ету арқылы, ішкі жан-дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады. Осы тұрғыда Ясауи мұраларын оқу-тәрбие процесінде қолдану арқылы төмендегідей көріністе тәрбие жұмысын жетілдіре дамытуымыз мүмкін. Олар: І.Шариғат, 2.Тариқат, 3.Ақиқат, 4. Магрифат. Бұған қосымша бүгінгі таңда ең қажетті болып отырған ұлттық ерекшеліктерімізді ескерсек. Онда: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, наным-сенім, ырым-тыйым негіздерінде
1. Өзін-өзі бақылау.
2. Өзін-өзі бағалау.
3. Өзін-өзі тәрбиелеу.
4. Өзін-өзі тану
Келешек өскелең ұрпақты жетілдіру дамыту үшін мектептерде бағдарламаға сәйкес дінтану, Ясауитану, мектеп оқушыларын рухани дамыту, жетілдіру негіздері дәрістерін жүргізер болсақ, онда олардың рухани азық алуына үлкен көмек көрсеткен болар едік.
Ұлы ғұлама, екінші ұстаз, шығыстың Аристотелі атанған Әл-Фарабидің жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін адамды өте жоғары бағалап, оны «Мәңгі нұрдың қызметшісі» деп атауы бекер емес. Бүгінгі жасөспірімдердің адам болып қалыптасуында, мұғалімдер қауымының атқарар еңбегі баға жетпес орасан зор. Оларға болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген.
Рухани адамгершілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана шектелмейтіні анық. Бұл баланың сана сезіміне әсер ету арқылы, ішкі жан-дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымы қалыптасады. Жасөспірімдердің жеке басының даралық ерекшеліктеріне мінез жатады. Мінез дегеніміз - адамның өзіндік бағыт-бағдарының жан дүниесінің ерекшелігінің тұрлаулы белгісі. Тәрбиелі мінез - адам бойында имандылық қасиеттердің бар екендігін көрсетеді. Басқаларға қамқорлық, қадірлеу, сыйлау, құрметтеу, жауапкершілікпен адалдық мінез сапасының негізгі бітістері. Мінездің тұрақтылығы адамның адамгершілік түсініктерінен туындайды. Жалпы адамдарды бес топқа бөлуге болады. 1. Ақылы жоқ адам, 2.Ақылды адам, 3. Зерек адам, 4.Кемел адам, 5. Ғарши адам.
Мұндағы бірінші-ақылы жоқ адам белгілі еш нәрсенің мәнісіне бара бермейді, екіншісі-ақылды адам яғни оң терісін танитын жамандыққа көп бара бермейді, үшіншісі-зерек адам, бұлар ғалым яғни ерекше қасиеттері бар, төртінші - кемел адам, Абайдың сөзімен айтқанда» ақылы, қайраты және жүрегімен іс шешімін қабылдайтын адам» яғни толық адам, бесіншісі - ғарши адам бұларға тек пайғамбарлар мен әулиелер жатады.
«Адам бұл дүниеге қонақ, сондықтан ол артына ылғи да жақсы сөзбен жақсы ісін қалдырып отыруы қажет. Ол үшін әркез жаман қылықтан сақтанып, адалдықпем жүріп-тұруы тиіс» деген Жүсіп Баласағұни ойлары бізге жақсы мәлім. Ондай болса, келешек өскелең жас ұрпақты рухани адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды жетілген азамат етіп тәрбиелеу - еліміздің, қоғамымыздың басты алға қойған мақсаты. Рухани тәрбие, білім беру, адам дамуының, жетілуінің үйлесімділігін түсінуді қамтамасыз етеді. Рухани тәрбиенің адамның инабаттылық, имандылық, ізгілік ұстанымдарын тәрбиелеп, ақыл-ой мен іс-әрекеттерін ізгізік мұраттарға бағыттай, рухани көзқарастарын қалыптастыратынын естен шығармаған жөн.
Балаларды тәрбиелеу - мемлекеттік зор маңызы бар іс. Еліміздің балалары - егеменді ел ретінде жаңа қоғамның келешек құрылысшылары және азаматтары. Сондықтан балалар мен жастарды тәрбиелеу мәселелері ұлттық рухани жолмен алға баса беруіміздің және біздің еліміздің келешегінің мәселесі.
Жас буындарды ұлттық рухта тәрбиелеуде біздің елдің мектептері шешуші роль атқарады. Мектеп балалар мен жастарға тек білім бермей, оларды барлық мәдениетті адамға тән қасиеттермен қаруландырын қана қаймай, сонымем қатар оларды моральдық рухта тәрбиелейді.
Егеменді еліміздің жастарының жоғары моральдық қасиеттері олардың Отанға деген жалынды сүйіспеншілігі, ұлттық гуманизм, аса тәртіптілік, адалдық пен шыншылдық, жолдастық өзара көмек, ерлік пен батырлық - бұлардың барлығы, көбінесе, еліміздегі мектептердің ойдағыдай жүргізген тәрбие жұмыстарының нәтижесі болып табылады. Мұғалімдер мен жастар ұйымы және бүкіл ел жұртшылығымен бірлесе отырып, біздің егеменді еліміздегі жанұяларда балаларды ұлттық рухта тәрбиелеу міндетін атқаруы тиіс. Балалар туған күнінен бастап-ақ ата-аналарының, өз отбасының әсерінде және ықпалында болады. Отбасында олардың алғашқы түсініктері мен ұғымдары пайда болады, олардың мінезі көркемдік сезімдері мен әдеттері қалыптасады. Балалар отбасында моральдың алғашқы мектебінен өтеді.
Балаларды тәрбиелеу мәселесі ата-аналарды терең ойландырады. Әрбір ана, әрбір әке мүмкіндігінше өз балалары дені ау және күшті, еңбек сүйгіш, батыл, жоғары мәдениетті және өз отанына шексіз берілген саналы азамат етіп тәрбиелеуге тырысады. Өз балаларын сүймейтін ата-аналардың табыла қоюы мүмкін емес.
Бірақ та, «...Балаларын сүюді - мұның өзін тауық та біледі, - деп жазады М.Горький. Ал балаларды тәрбиелей білу - бұл өмірді көп білуді және талантты керек ететін, мемлекеттік ұлы іс».
Отбасында балаларды дұрыс тәрбиелеу аса жауапты және күрделі іс. Ата-аналардың білім дәрежесі мен білім қоры қандай күнде де олардың барлығы да балаларды тәрбиелеу туралы ғылыми педагогиканың жинақталған тәжірибелерін меңгеруге талпынулары керек. Еліміздегі балалардың әкелері мен аналарының көпшілігінде мұндай талпынушылықтың бар екендігі даусыз мәселе. Сондықтан да ата-аналар балаларды тәрбиелеу туралы лекцияларды бар зейінімен ынталы тыңдайды және алуан түрлі сүрақтар береді. Газеттер мен журналдардың, радио мен теледидар редакцияларына, интернеттерге ата-аналардың өз балаларын қалай тәрбиелеу керектігі жөнінде сұраулар жазған хаттары күнде түсіп жатады.
Әсіресе, балаларды ең жоғарғы моральдық қасиеттерге ие болуға қалай тәрбиелеу керек:, оларды адал және шыншыл, тәртіпті және еңбексүйгіш етіп қалай өсіру керек деген мәселелер ата-аналарды өте көп қызықтырады.
Балалар мен жастарды адамегершілікке тәрбиелеудің көптеген құралдары мен әдістерінің ішінде ата-аналар мен тәрбиешілердің жолдастар мен дос жарандардың, атақты және алдыңғы қатардағы адамдардың, гұламалар мен ғалымдардың, ақындар мен жыраулардың өнегелері аса маңызды адамдардың бәрін алады. Біздің балалар, жасөспірімдер, жастар жағымды өнегелерге сүйене отырып, ұлттық моральдық ерсжесі мен нормаларын оңай және жақсы ұғады. Балаларға тәрбиелік әсер етуді тек сөзбен сендірумен ғана шектеуге болмайтындығы бұрыннан мәлім. Сөз әсері әрқашанда іспен, өнегемен қуатталып отыруы қажет. Балалар әдетте өздерінің естіген нәрселерін де жақсы түсініп және ұғынып отырады. Сондықтан өнегеге сүйеніп тәрбиелеу біздің балаларымыздың моральдық бейнесін қалыптастырудың ең негізгі құралдарының бірі болып табылады. Мұны Абай атамыздың сөзімен айтар болсақ: «Болмасаң да ұқсап бақ» міне өнегені бір ауыз сөзбен түйіндеп айтқан.
Отбасында балаларды әдепті тәрбиелеудің міндеті тәрбиелік әсерлердің әдістері мен түрлі құралдарын пайдаланған жағдайда ғана табысты орындалатыны сөзсіз. Әсіресе адамгершілікке тәрбиелеуде сендіру, жаттықтыру, мадақтау сияқты әдістер үлкен маңыз алады.
Сендіру дегеніміз жағымды моральдық қасиеттерді қалыптастырып, тиянақты ету мақсатымен балалардың санасына әсер ету болып табылады. Сендірудің өзі түсіндіру, нұсқау беру, моральдық және этикалық сұхбат, әңгімелер жеткізу арқылы жүзеге асырылады. Біз сендірумен пайдалана отырып, балаларды ұлттық моральдық нормаларымен ережелерін саналылықпен орындауға үйретеміз, оларды ұлттық саналық және ең жоғарғы идеялық рухта тәрбиелейміз.
Жаттықтыру, ягни жағымды істермен әрекеттердің көп қайталануы, балаларды ұлттық, моральдық нормалары мен ережелерін орындауға үйретеді. Ол біздің балаларымызға қажетті дағдылар мен жоғары адамгершілікке жататын мінез-құлық әдеттерін қалыптастырып, тиянақты етуге көмектеседі.
Адамгершілікке тәрбиелеуде балаларға әсер етудің бұдан басқа әдістері мен құралдары да үлкен орын алады. Атап айтқанда, оқу, еңбек ету, дұрыс ден саулықты сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру т.б. сол сияқты мүмкіншіліктерді отбасында тәрбиелеу ісінде пайдалану керек.
Бірақ балаларды жоғарыда аталған құралдармен әдістердің көмегімен тәрбиелеудің өзі әрдайым өнегенің тәрбиелік әсерімен толықтырылып отырылуы тиіс. Тәрбиешілер мен ата-аналардың моральдық бейнесі, олардың күнбе-күнгі мінез-құлықтары, балалардың көзқарастарымен сенімінің қалыптасуына олардың ерік пен мінезінің қалыптасуына үлкен әсер ететіні жалпыға мәлім. Үздік адамдардың өмірі мен қызметінің өнегелері балалардың моральдық бейнелерін қалыптастыруда ең басты құралдардың бірі болатыны сөзсіз. Бала тәрбиелеу ісінде өнегені ойдағыдай қолдану оның маңызы мен мәнін білуге оны тәрбие жұмысында пайдаланудың жолдарын бұрын анықтауға байланысты.
Ясауи өмірі желісімен жазылған ауызекі хикаяттар мен аңыз әңгімелерді қарастырып өтетін болсақ, мұның да үлкен тәлім-тәрбиелік мәні бар. Себебі, этнопедагогикалық мәселелердің қайнар бастауын көненің көзі ұлағатты аңыз әңгімелер мен хикаяттар желісінде сақтаған. Сондықтан да ондағы келтірілген сюжеттер мен мақал-мәтелдер, өсиет сөздер және де басқа астарлы айтылған жұмбақ сөйлемдер адам баласының ой-өрісін кеңейтіп, өсіруге көп септігін тигізеді. Берер тәрбиесі ұшан теңіз.
Сондықтан да біз Ясауи бабамыздың асыл мұраларын келешек жас өскелең ұрпақтарға күнбе-күн айтып жеткізіп отыруымыз керек. Мектептерде, тәрбие сағаттарында, сұхбаттарда, кездесулерде осы мәселелерді жиі көтеріп отырса, қандай жақсы болар еді. Мұндай «Кәміл Инсаны» бар ел еш уақытта да азып тозбайды.
Осы түрғыдан Түркістан шаһарында жайласқан көптелген жоғары оқу орындары мен мектептерде «Ясауитану» дәрістері өтіледі. Мұның бәріде бағдарламаға сәйкестендірілген және жас ерекшеліктері ескерілген, сонымен қатар сағат мөлшерлері 24-45 ке дейін. Бұл пәнді толыққанды меңгеру үшін бұған қосымша «этнопсихология», «этнопедагогика», «дінтану», «мектеп оқушыларын рухани тәрбиелеу» мәселелері т.б. осы сынды ұлттық тәрбиелерге баса көңіл аударылған. Негізінен мұндай пәндер арнаулы курс немесе факультатив дәріс ретінде өтіледі. Оған қосымша тәрбие сағаттарында және де басқа дәрістерде өтілген тақырыптарға сәйкестендіріліп көптеген мағлұматтар беріліп отырады. Қажетті жағдайда арнаулы мамандар шакырылып, сұхбаттар өткізіліп келеді. Оган қосымша семинар, конференциялар мен конгрестер ұйымдастырылып отырады. Ондағы қаралған мәеелелер топтама болып немесе ғылыми әдістемелік журналдарға жарияланып отырады. Ондағы қаралған мәселелер топтама болып немесе ғылыми-әдістемелік журналдарға жарияланып тұрады. Сонымен бұл Ясауи мұраларын қоғамға таратуда біршама іс-шаралар атқарылуда. Тек бір кемшілігі, бұл мәселе Түркістан айналасынан әрі кең таралмай жатыр. Егер мұны бүкіл Қазақстан көлеміне таратар болсақ рухани-адамгершілік, имандылық, инабаттылық тәрбие мәселесі алға қадам басқан болар еді.
Сонымен, жоғары оқу орындарында «Ясауитану» дәрісін өту үшін төмендегідей бағдарламаны ұсынуымызға болады. Шамамен 24-45 сағатқа есептелген, себебі колледждерде арнаулы курстарға 24 сағат бөлінеді. Ал, университеттерде 32-45 сағат аралығында. Берілген бағдарлама тақырыптары бірдей болғанымен, әрбір өтілген дәрістің қиындығы мен жеңілдігіне байланысты сағаттар азайып- көбейіп отырады.



1

Алғы сөз

2

Алла тағала қүдіретті күш

3

Мұхаммад /с.ғ.с/ Пайғамбар жалпы адамзатқа келген Алла елшісі

4

Төрт «Шаряр» және Шариф, Саиид әулеттері

5

Мұхаммад Ханафияның дүниеге келуі

6

Қожа Ахмет Ясауи шежіресі

7

Қожа Ахмет Ясауи ұстаздары

8

Сайрам тарихының қысқаша тарихы

9

Түркістан тарихынан қысқаша мағлұматтар

10

Қожа Ахмет Ясауи және оның өмір кешкен заманы

10.1

Өмірі мен шығармалары




Диуани Хикмет

10.2

Өмір кешкен заманы




Қожа Ахмет Ясауи және тасаууф

10.3

Тасаууфтың қысқаша тарихы және негізгі ұғымдары

11

Қожа Ахмет Ясауидің тасаууф түсінігі

11.1

Қожа Ахмет Ясауидің үш қызметі

11.2

Түркішенің жандануы




Исламның түркілер арасында таралуы

12

Тура мұсылмандық түсінігі

12.1



Қожа Ахмет Ясауидің дүниетанымдық негіздеріндегі жеті
принципі

12.2

Алланы сүю

13

Ықылас және шын жүректілік

13.1

Адам сүйіспеншілгі




Ясауидің білім туралы түсінігі

13.2

Асқа құрмет ас пен істің қасиеттілігі

13.3

Әйел мен еркек теңдігі, жұптылығы

13.4

Жақсы көру (дінге, тілге, ұлтқа, түрге, жынысқа қарамай)

13.5

Ясауи тариқатының мақамдары.

13.6

Ясауи дің Шаригат, Тарикат, Мағрифат және Ақиқат түсінігі

13.7 Екінші бөлім. Тариқат жайында
14 Үшінші бөлім. Хақиқат жайында
15 Қожа Ахмет Ясауи халифалары және жолын қуушылар
15.1 Халифалары
15.2 Жолын қуушылар
15.3 Ясауидің дін түсінігі және гүркілер мұсылмандыгы
16 Қазаккогамына Ясауидің тигізген әсері
16.1 Анадолының түркіленмесінде және исламдануында Ясауидің
рөлі
16.2 Қожа Ахмет Ясауидің шақыру тәсілдері
17 Қорытынды
18 Пайдаланылған әдебиеттер
19 Мазмұны




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет