I. Түркішенің жандануы Үш қызметтің біріншісі болып табылатын, түркішенің жандануы. Қожа Ахмет Ясауи өзге ғұламаларымыздың барлығы арабша, парсыша жазған кезеңдерінде, яғни XII ғасырда Түркі тілінде «Хикметтер» жазды. Түркіше діни сопылық өлеңдер жазу дәстүрінің негізін қалады. Оның бұл жолы негізінде халықтық әдебиетіміздің арнасы қалыптасты. Түркі халқының бүгінгі кең жайылуына, тіршілік етуіне Әзірет-Сұлтан түрткі болды. Бұл замандарда Селжук билікте отырғанымен, өзі түрік бола тұра парсыша сөйлейтін болған. Құжаттар парсы тілінде жүргізілген. Осындай қиыншылыққа қарамастан Ясауи көп еңбектерін түркі тілінде алғаш болып қаймықпай жазған. Бұл туралы өз хикметтерінде айтып өткен.
Қостамайды ғалымдар біз сияқты түркіні,
Арифтардан есітсең ашар көңіл мүлкіні.
Аят, хадис мағынасы түркі болса керемет,
Мағынасын ұққандар жерге қояр бөркіні.
Міне осылай аят, хадистерді түркі тілінде ұғындырсақ халық дінге тез бет бұрған болар еді, оған жоғарыдағы патша ағзамдар араб, парсы тілдерін жоғары санап бізді менсінбейді деген. Ондай кісілердің іштерінде де ғұлама ғалымдар бар, біздің тіліміздің бай әрі көркем екендігін мойындайды деп жырлаған. Сен түркі тілінде «Хикметтер» жаздың деп қудаласа оларға қарсы хикметтері арқылы сөздер айтқан. Сөздері өткір, ұғымды болғандықтан патша ағзамдар да мойындай бастаған, сол үшінде түркі тілі жоқ болып кетпей бір қалыпқа түсе бастаған. Түркістан халқы өз тілдерінде сөйлеуді әдетке айналдырған.
Бүкіл Түркістан, Қорасанда Ясауидің «хикметтерін» түркі тілінде жатқа айтатын болған. Себебі жергілікті халыққа түсінікті ұйқастығы жағынан оңай есте қалатын еді. Оның үстіне шариғат заңдарында түркі тілінде хатқа түсіру әдетке айналған. Міне осылай түркі тілі қалыптасып осы заманға дейін өзінің негізін жоғалтпай келеді. Сөйлеу диалектілерінде азғана өзгеріс болғандығымен түркі тілдес халықтар бәріде бірін-бірі түсіне береді. Сол бабамыздың еңбегінің арқасында қазіргі кезде барлық түркі тілдес халықтар бір-біріне жақындасып келуде.
2. Исламның түркілер арасында таралуы. Қожа Ахмет Иассаиудің екінші қызметі исламның түркілер арасында таралуы болып саналады. Бұл қызметін іске асыру үшін ұлы ұстаз өзінің тәрбиелеген шәкірттерін биік ұстаздық дәрежеге дейін жеткізіп, түркі әлеміне жолдау арқылы халқымыздың арасына ислам дінін жайды. Ислам қайнарынан сусындағандардың ұлы нәтижелерге жетуіне себепші болды. Әмір Темір мемлекетінің де, Осман империясының да тағы да басқа Қорасан мен Түркістандағы халықтар мен мемлекеттердің негізінде Ясауи руханияты жатыр. Хамадани мектебінен тәлім-тәрбие алып келген соң, олардың ұлттық айырмашылығын ескеріп Түркістаннан өз мектебін ашты және бұл жолды «Ясауиа» тариқаты деп атады. Міне осы мектептен тәлім-тәрбие алған шәкірттер дүниенің түкпір түкпіріне аттанып өздерінің жанын аямай жан-тәндерімен ілімдерін таратты. Әсіресе түркілер арасында бұл іс қызу жүріп отырды. Олардың мұсылман болуына исламды қабылдауына бірден бір себепші осы «Ясауиа» мектебінің түлектері болатын. Барған жерлерінде мешіт-медреселер, ханақалар ашып сол жерлердің өзінде шәкірттер дайындалатын болған. Әрине түркі әлемінің исламға бетбұруына бірден бір себеп Ясауи «Хикметтері болса, екіншіден шариғат заңдарының түркі тілінде жазылуы еді. Оның үстіне дәрістер түркі тілінде жүргізілді. Бұл жергілікті түркі халқына түсінікті болатын. Алғашқы замандарда діннің босаңсуына себеп болған, барлық шариғат заңдары, құжаттар араб-парсы тілдерінде болғандығы еді. Енді исламның көп дүниесі түркі тілінде болғандықтан халық жете түсініп исламның қандай дін екендігіне көздерін жеткізіп, қатарларын көбейте бастады. Осылай Ясауи ғұламаның еңбегінің арқасында Түркі дүниесі исламды толық мойындады. Оған дейін әртүрлі дінде жүрі ендері де бар еді. Сол себептен біз бүл кісіге қарыздармыз.