Зерттеудің базасы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласындағы №15 М.Жұмабаев, №1 Ататүрк орта мектеп, №2 Яссы мектебі болды. Сонымен қатар студенттердің педагогикалық іс-тәжірибелері де болды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні: - Қ.А.Ясауидің өмір жолы мен шығармашылығындағы ұлттық тәлім-тәрбиелік идеяларға талдау жасалынып, жүйеленді;
- Қ.А.Ясауидің педагогикалық мұраларындағы білім және тәрбие берерлік мәні тарихи-педагогикалық және ғылыми теориялық тұрғыдан айқындалды;
- Қ.А.Ясауидің діни-философиялық, педагогикалық көзқарасы айқындалды;
- Қ.А.Ясауидің педагогикалық мұрасы үздіксіз білім беру жүйесіне ендіріліп, нәтижесі қорытылды.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні: Тәрбие сағаты бойынша әдістемелік нұсқау ұсынумен, зерттеуден алынған нәтижелермен, олардың негізінде құрылған ұсыныстарды мектеп практикасында қолдану ерекшелігі.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар: 1. Қожа Ахмет Ясауидің дүниетанымдық және педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына ықпал жасаған қоғамдық-тарихи жағдайлар.
2. Қожа Ахмет Ясауидің шығармашылығындағы педагогикалық идеялары мен оның қазіргі кездегі оқушы жастарға ұлттық тәлім-тәрбиелік мазмұны.
3. Қожа Ахмет Ясауидің рухани-адамгершілік, мағнауи мұраларының бүгінгі психологиялық-педагогикалық үрдіспен сабақтастығы.
4. Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың қорытынды нәтижесі.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: Қ.А.Ясауидің педагогикалық мұраларын теориялық, әдіснамалық қағидалармен, олардың тиімділігін іс-тәжірибе барысында тексерумен, анкеталық сауалнама нәтижелері статистикалық мәліметтер негізінде дәлелденуімен және педагогикалық практикаға ендірілуі мен сипатталады.
Зерттеу жұмысының сынақталуы: Жұмыстың мазмұны «Қазақстан ғылым әлемі» журналының қосымшасы «Ізденуші» журналында жарияланған «Ясауи тағылымы - тәлім-тәрбие ғибраты», «Түркі халықтарының этнопедагогикасының қалыптасуына Ясауи еңбектерінің тигізген әсері» атты мақалаларында көрініс тапты.