Зерттеу нысаны: Қожа Ахмет Ясауидің әдеби-қоғамдық, ғылыми танымдық, рухани-адамгершілік, ағартушылық педагогикалық идеялары.
Зерттеу пәні: Қ.А.Ясауидің педагогикалық мұралары және оларды оқу-тәрбие үрдісіне ендіру.
Зерттеудің мақсаты:Қожа Ахмет Ясауидің шығармашылық, рухани адамгершілік, мағнауи мұраларын, ұстаздық ағартушылық қызметін тарихи педагогикалық тұрғыдан талдау, негіздеу, тәлім-тәрбиелік идеяларын жүйелеп, үздіксіз білім беру саласына ендіруде тәжірибелік-эксперименттен өткізу, оқу тәрбие үрдісінде пайдалану.
Зерттеудің міндеттері: - Қожа Ахмет Иаасауидің өмірлік, қоғамдық қайраткерлік, ақындық, ойшылдық, ұстаздық қызметтері мен шығармашылық іс-әрекетін саралап қарастыру;
- Қожа Ахмет Ясауидің хикметтеріндегі, шығармаларындағы, педагогикалық ой-пікірлеріне талдау жасау және оларды бүгінгі күн талабы тұрғысыман негіздеу;
- Қожа Ахмет Ясауидің хикметтері мен рухани адамгершілік, мағнауи мұраларының тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық, ғылыми әдістемелік, арналарын ашу және олардың әлеуметтік, саяси, рухани ағартушылық мәнін айқындау;
- Қожа Ахмет Ясауидің педагогикалық ой-пікірлерін жалпы білім беретін орта мектептегі және жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үрдісіне ендірудің бағдарламасын құрастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы:Егер, Қожа Ахмет Ясауидің шығармаларындағы рухани адамгершілік, тәлім-тәрбиелік идеялары тарихы-педагогикалық тұрғыдан талдау жасалынып жүйеленсе, онда педагогикалық ойлардың қорлары молайып, орта және жоғары мектептердің педагогикалық үрдістеріне ендіру барысында оқушы жастардың тәлімдік тәрбиелік деңгейлері көтеріледі. Қ.А.Ясауидің құнды педагогикалық идеялары жалпы оқырман қауым, оқушылар мен студенттердің ұлттық құндылықтарды бағалауына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, ата-анасын, дінін, ділін, тілін, елін, жерін сүюіне, елжандылық ұлттық сезімдерін арттырып рухани адамгершілік, имандылық, инабаттылық қасиеттерінің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Жеке тұлға теориясы, іс-әрекет теориясы, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардың тарихи сабақтастығына, тарихи педагогикалық құбылыстарды және мәдени мұраны зерттеудегі жүйелік теориясы, жеке тұлғаны әлеуметтендіру тоеориясы құрайды.
Жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыруда адам, қоғам, табиғат туралы ой-пікірлердің заңдылықтары, қазақтың ұлттық дүниетанымы, рухани-адамгершілік, мәдени және жалпы адамзаттық мұралар негізіндегі демократиялық-гуманистік қарым-қатынастарды айқындайтын құжаттар, жеке тұлғаның қалыптасуына байланысты ғылыми тұжырымдар.