Зерттеудің жетекші идеясы: Жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуға арналған Отандық және әлемдік өркениетті елдер педагогикасындағы тәлім-тәрбиелік тұжырымдар мен ой-пікірлерді негізге ала отырып, жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстары үрдісінде оқушыларды адамгершілк, имандылық, инабаттылық құндылықтармен Қ.А.Ясауи мұралары негізінде әлеуметтендіру. Зерттеудің теориялық әдіснамалық негізі ретінде жеке тұлғаның дамуы жөніндегі ғылыми тұжырымдар, мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарымен Қ.А.Ясауи мұралары негізінде болашақ өскелең жас ұрпақты өмірге даярлау.
Зерттеу көздері: Келешек өскелең жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге бағытталған Қазақстан Республикасының Конституциясы, Білім туралы заңы, тәрбие жұмыстары жөніндегі тұғырнамалар, зерттеу проблемаларына байланысты болашақ өскелең жас ұрпақ тәрбиелеудегі озық та алдыңғы қатарлы тәжірибелер, психолог, педагог, социолог ғалымдардың ғылыми еңбектері.
Зерттеудіц әдістері:Тарихи философиялық, психологиялық, әдебиет-танымдық, тарихи-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу мәселесіне сай теориялық және ғылыми тұрғыда зерделеу, білім беретін орта мектеп мұғалімдерінің, зерттеу нәтижелерін жүйелеу. Салыстырмалы - жүйелік, тарихи-типологиялық, талдау және жинақтау әдістері.
Зертеудің негізгі кезеңдері: Бірінші кезең: әдіснамалық, ғылыми, психологиялық, педагогиалық, философиялық, тарихи, әдебиеттерге талдау жасалынды. Зерттеудің тақырыбы белгіленіп, теориялық негізі анықталды. Педагогика, этнопедагогика, педагогика тарихы мен мұрағат материалдары, сондай-ақ халық тағылымы жөнінде ғылыми материалдар сұрыпталды. Жұмыстың ғылыми аппатары айқындалды.
Екінші кезең:Қожа Ахмет Ясауидің тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерін белгілі бір жүйеге салып, оның ішінен өзекті педагогикалық мәселелерді іріктеп, ғылыми зерттеу жұмысының негізгі желісіне айналдырырылды, ғылыми зерттеу барысында жынақталған материалдар теориялық тұрғыда тұжырымдалды.
Үшінші кезең:теориялық қағидалар дайындалып, зерттеу жұмысымыздың нәтижелелігі тексерілді, ғылыми болжамдар дәлелденді. Тұжырымдар жасалынып, ұсыныстар берілді.