6. Әйел мен еркек теңдігі, жұптылығы Әйел мен еркек Ясауи ұғымында тең, олар өндірісте, жұмыста, мәжілісте, әділетте, оқуда, әр жерде дәрежелері қатар. Бұл туралы жоғарыда айтып өткендей, атақты сопы әйелдерде өткен. «Құран» мен «Хадисте» әйел мен еркек теңдігі туралы көптеп айтылады. Мәселен, Мұхаммед /с.ғ.с/ пайғамбардың «кімде кім үш қыз баланы кәмелетке жеткізсе орны пейіштен болады» делінген хадис сөзі бар. Оған қоса Құранда әйелдерге ерекше көңіл бөлу туралы көптеген аяттар келтірілген. Жетім жесірлердің құқығын қорғау туралы Құранда аяттар жазылған.
Құранда, хадисте әйелдердің физикалық, биологиялық ерекшеліктерін тәптіштеп, талдап түсіндіріп өткен. Сол тәрбиені алған Ясауи де бұл мәселеге көп көңіл бөлген. Әрбір еңбек орындарында, оқуда зікір салғанда, зияратқа барғанда, намаз, ораза кездерінде жалпы істе әйел, еркек қатар жүретін болған.
7. Жақсы көру Бұл тақырыпта негізгі қарастыратын мәселе теңдік, түсіністік, ортақ тіл табушылық, адамдардың дін, тіл, жыныс ұлттық ерекшеліктеріне байланысты қорланбауы, бұл ерекшеліктердің дау-жанжалға себеп болмауы.
Ясауи өз хикметтерінде залымдар егер жәбір берсе Алла дегін деп жырлайды. Мұндағы залымдар дсп отырғандары дінді түсінбей мазақ еткен кісілер.
Достық, туыстық және махаббат адамзат баласы үшіи бүгінгі таңдағы аса қажет келешекте де керек болатын ең маңызды ұғымдар. Бүкіл адамзатты шектеген ең үлкен апаттан құтылудың бірден-бір жолы руханиятқа оралу болып табылады. Адамдықтың қадір-қасиеті мәдениетіне көңіл бөлуде «рухани мұра» арқылы арылу тазаруында жатыр. Міне дәл осы жерден біздің яғни, түркі дүниесінің ислам әлемінің міндеті басталады. Біз адамзатқа керек рухани мұраның өзімізде екендігін адамды адам еткен ең ұлы жаратылыс, біздің рухани жаратылысымызда екендігін түсіндіруіміз, ұғындыруымыз қажет.
Ең негізгі жүзеге асыратын іс – адамға деген сүйіспеншілік, махаббат, бірін-бірі жақсы көру, сыйлау, құрметтеу және ғылымға ден қоюды негізге алған Ясауи мен оның шәкірттерінің жолына бет бұру, оларды тану, оқып үйрену, іздену болып табылады.
Қазіргі таңдағы дамыған технологияның жан-жақты барлық мүмкіндіктері мен салаларын пайдалану арқылы ұлттық мәдениетіміздің, руханиятымыздың қайнар көздері болған ғұлама тұлғаларымыздың пікірлерін, ілімдерін, бүкіл адамзатқа, халқымызға жеткізуіміз керек.
Қожа Ахмет Ясауидің, Қажы Бектас әулиенің, Сары Салтұқтың және т.б. бізге үйреткеніндей «...адам әлемнің өзі, көздің қарашығы....» екендігін олардың қалдырған мол баға жетпес мұраларының әр түрлі мүмкіндіктерін жан-жақты пайдалана отырып, бүкіл адамзат баласына ұсынуымыз, жеткізуіміз қажет.
Бұларды іске асыра алсақ, келесі ғасыр тек қана ғылым мен білімге сүйенген жалпы білімді қоғам дәуірі ғана емес, сонымен қатар, махаббат, сүйіспеншілік заманы. Негізінен Қожа Ахмет Ясауи Түркілердің исламдық түсінігін, ұғымын қалыптастырып, осы түсініктің негізінде адал, шынайы, мұсылмандықты жайған ғұлама. Соның нәтижесінде риядан, көріністерден, алыс тұруы, басқа діндегілерге құрметпен қарау, білімге, адал еңбектенуге, әйел затына, оның теңдігіне мән беру пайда болады.
Міне сондықтан да, Қожа Ахмет Ясауи іліміне, руханиятына, түркі дүниесімен қатар бүкіл адамзат зәру болып отыр . Осыған бір дәлел ретінде Балқанда да мұсылмандықтың жайылуына Ясауи мен оның шәкірттерінің еңбегі көп сіңді. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады, яғни ел бірлігі үшін ауыз біршілік керек. Халық бір біріне алакөз болмауы тиіс.