Ұйымдастырушылық -ізденіс
|
Муз жетекшісі:
«Құлыншағым» дегенді,
«Қошақаным» дегенді,
«Айналайын» дегенді,
Ойлап тапқан кім екен?
-дұрыс айтасыңдар , Балалар, аналарың сендерді еркелеткенде «құлыншағым, қозым, ботам» дейді ғой.
Балалар, бізді осындай әдемі, ақылды етіп өмірге әкелген аналарымызға не дейміз?
«Анажаным»(Бота Бейсенова)Дауыс жаттығуы: «Мезгілдермен жаттығамыз»Ән айту: «Анашым» (Е. Хасанғалиев)Музыкалық ырғақты – қимыл: «Гүлдер» биіАспапта ойнау: «Біз өмірдің гүліміз» (Б. Ғизатов)
|
«Әткеншекте»
Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші балаларға ұшы түйілген жіп береді. Балалар оң қолдарымен жіптен ұстап, солға бұрылады да, мына тақпақты айтады:
Әрең-әрең әлдиледі,
Әткеншегім ән биледі.
Тербеткенде ойнадым ғой,
Жүгіруді қоймадым ғой.
Балалар мәтінге сәйкес шеңбер жасап жүреді: алдымен жайлап, содан соң тезірек, ал соңында
жүгіреді. Тәрбиеші балалар жүгірген кезде «Жү-гі-ре-міз, жү-гі-ре-міз» деген сөзді айтады.
Балалар шеңбердің бойымен екі рет шыққаннан кейін тәрбиеші қимыл бағытын өзгертіп: «Бұрылыңдар» дейді. Ойнаушылар шыр айналып, сол қолдарымен жіпті тез ұстайды да, екінші жаққа жүгіреді.
Содан соң тәрбиеші балалармен бірге қарай жалғастырады:
Жаймен ғана тербетіңдер,
Әткеншекпен ер жетіңдер!
Бір, екі, бір, екі,
Ойын бітті мінеки!
|