активтері (талаптары) 2004 жылғы 4 тоқсанның аяғындағы дəл сондай көрсеткішпен
салыстырғанда 41,14 %, ал 2003 жылғы 4 тоқсанмен салыстырғанда 130,36 % артып, 2005
жылғы 4 тоқсанның аяғында 992,13 млн. АҚШ долларын құрады (1-кесте.)
1-кесте. Сыртқы активтер.
Кезең
Кезең
аяғындағы
сыртқы
активтер,
млн. долл.
Алдыңғы кезеңмен
салыстырғанда
өзгерістер -
көбею (+),
азаю (-),
млн. долл.
Алдыңғы
кезеңмен
салыстырғанда
%.
2003 жылғы 4-тоқсан 430,69
2004 жылғы 4-тоқсан 702,928
272,2
63,21
2005 жылғы 1-тоқсан 827,034
124,1
17,66
2005 жылғы 2-тоқсан 1
016,559
189,5
22,92
2005 жылғы 3-тоқсан
1 065,803
49,2
4,84
2005 жылғы 4-тоқсан 992,133
-73,7
-6,91
2004 жылғы 4-тоқсанға
қарағанда 2005 жылғы 4-тоқсан
289,2
41,14
2003 жылғы 4-тоқсанға
қарағанда 2005 жылғы 4-тоқсан
561
130,36
15
430,69
702,928
827,034
1 016,559
1 065,803
992,133
0,00
200,00
400,00
600,00
800,00
1 000,00
1 200,00
2003 ж.
4-то?сан
2004 ж. 4-
то?сан
2005 ж. 1-
то?сан
2005 ж. 2-
то?сан
2005 ж. 3-
то?сан
2005 ж. 4-
то?сан
Кезе? ая?ында?ы сырт?ы активтер, млн. долл
Кезе? ая?ында?ы сырт?ы активтер, млн. долл
Сыртқы активтер құрылымында бұрынғысынша басқа талаптар үстем болып отыр,
олардың үлесі 2004 жылғы 4-тоқсанмен салыстырғанда 5,14 % артып, 2005 жылғы 4-
тоқсанда 83,63% құрады (1-қосымша).
Басқа талаптардың ең басым бөлігін негізгі құрамдасы, өз кезегінде, тауарлар,
жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін аванстық төлемдер болып табылатын сауда
кредиттерінің бабы алады.
Тікелей инвестициялар (ЖК-ға инвестициялар) салуға қатысты неғұрлым танымал
əріптестерді Алматы кəсіпорындары көрші республикалардан – ТМД қатысушы елдерден
табады. Олардың жалпы көлемдегі үлесі 56%, оның 38,8% Ресейге, 13,61% Қырғызстанға
жəне 6,58% Өзбекстанға тиесілі (2-қосымша).
Алматы қаласы кəсіпорындарының сыртқы міндеттемелері 2004 жылғы 4-
тоқсанмен салыстырғанда 29,96%, ал 2003 жылғы 4-тоқсанмен салыстырғанда 77,59%
артып, 31.12.2005 жылы 4996,43 млн. АҚШ долларын құрады (2-кесте.)
2-кесте. Сыртқы міндеттемелер
Кезең
Алматы қаласы
кəсіпорындарын
ың сыртқы
берешегі,
млн. долл.
Алдыңғы кезеңмен
салыстырғанда
өзгерістер –
көбею (+),
азаю (-),
млн. долл.
Алдыңғы
кезеңмен
салыстырғанда
%.
2003 жылғы 4-тоқсан 2
813,46
2004 жылғы 4-тоқсан
3 844,485
1031,0
36,65
2005 жылғы 1-тоқсан
4 066,377
221,9
5,77
2005 жылғы 2-тоқсан
4 260,882
194,5
4,78
2005 жылғы 3-тоқсан
4 906,130
645,3
15,14
2005 жылғы 4-тоқсан
4 996,430
90,3
1,84
2004 жылғы 4-тоқсанға
қарағанда 2005 жылғы 4-тоқсан
1151,94
29,96
2003 жылғы 4-тоқсанға
қарағанда 2005 жылғы 4-тоқсан
2182,97
77,59
16
2 813,46
3 844,485
4 066,377
4 260,882
4 906,128
4 996,427
0,00
1 000,00
2 000,00
3 000,00
4 000,00
5 000,00
2003 жыл?ы
4-то?сан
2004 жыл?ы
4-то?сан
2005 жыл?ы
1-то?сан
2005 жыл?ы
2-то?сан
2005 жыл?ы
3-то?сан
2005 жыл?ы
4-то?сан
Алматы ?аласы к?сіпорындарыны? сырт?ы берешегі, млн. долл.
Алматы ?аласы к?сіпорындарыны? сырт?ы берешегі, млн. долл
Сыртқы міндеттемелер құрылымында
басқа міндеттемелер
2004 жылғы 4-
тоқсанмен салыстырғанда 1,35% азайып, ал 2003 жылғы 4-тоқсанмен салыстырғанда 4%
азайып, 51,75%-ға басым түсіп отыр. Басқа міндеттемелердің ең көп үлесі салмағы
бұрынғысынша несиелерге тиесілі (салыстыру үшін: 2005 жылғы 4-тоқсан - 67%; 2004
жылғы 4-тоқсан – 66%) (3-қосымша).
Алматы қаласының қадағалаумен қамтылған кəсіпорындарына инвестицияланатын
ең үлкен қаражат (
жарғылық капитал
бөлігінде), Виргин (Британ) аралдарынан келіп
түседі - 20,3%, одан кейін Нидерланды – 16,6%, Австрия – 8,7%, Түркия – 6,9%, АҚШ –
6,5%, Қытай – 6,3% (4-қосымша).
Сыртқы талаптар мен сыртқы міндеттемелер қорларының көрсеткіштерін салыстыра
келіп, Алматы қаласы кəсіпорындарының талаптары пайыздық көрсетілуінде
міндеттемелер-ге қарағанда шапшаңырақ өсетінін атап өткен жөн. Сыртқы активтердің
біртіндеп өсуі сондай-ақ талаптардың міндеттемелерге қатысы бойынша байқалады:
мысалы, бұл көрсеткіш 2003 жылдың аяғында 15,3%; 2004 жылдың аяғында 18,3 %; ал
2005 жылдың аяғында 19,9 % құрады.
Сыртқы активтер мен сыртқы міндеттемелердің абсолюттік көрсеткіштерінің ұлғаюы
сыртқы экономикалық мəмілелер көлемінің тұрақты ұлғаюы туралы пікір айтуға
мүмкіндік береді. Операциялар көлемінің өсу көрсеткішіне сонымен бірге, өз кезегінде,
респондент-тердің тұрақты түрде өсіп отырған саны да əсер етеді, яғни барған сайын
кəсіпорындар сыртқы саудаға көбірек араласады,барынша пайдалы əріптестер табады,
неғұрлым арзан кредиттер іздеп табады, мейлінше сапалы жəне арзан шикізат пен
тауарлар сатып алады. Осы факторлардың барлығы сыртқы əлеммен сауданың тауар
өндірушілерге де, сол сияқты тауар тұтынушыларға да пайдалы екендігін жəне
«Валюталық реттеу жəне валюталық бақылау туралы» жаңа Заңның бірқатар
артықшылықтарды пайдалануға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Бұл валюталық
құндылықтарды əкелу жəне əкету рəсімдерін оңайлата отырып, СЭҚ-ты
сапасы жағынан
СЭҚ-тың негізгі құралдарының бірі ретінде сапалы жағынан өзге деңгейге көтереді.
Сыртқы экономикалық операциялардың тоқсан сайын ұлғайып отыратын көлемі
,
сыртқы активтердегі оң үрдістер, СЭҚ-қа қатысушылар алатын пайдалар жəне т.б.
жайында айта келіп, мемлекеттің тұтыну тауарларының импортына қатысты өсіп отырған
тəуелділігі тəрізді басқа үрдіс туралы да айтпауға болмайды. Сондай-ақ СЭҚ-тың негізгі
оң нəтижелерінің бірі деп санау əдетке айналған шетелдік тікелей инвестициялардың
ұлғаюы бұдан əрі капиталдың пайыздар, дивидендтер, маржа түрінде əкетілуіне əкеліп
соғатынын атап өткіміз келеді.
3. Халықаралық қызмет көрсету саласының дамуын айқындайтын көрсеткіштер
бұрынғысынша 2005 жылы мейлінше əртүрлі қызметті пайдаланған жəне көрсеткен
Алматы аймағы кəсіпорындарының сыртқы экономикалық қызметі саласының маңызды
құрамдастары болып отыр. Ұлыбритания, Германия, Қытай, Қырғызстан, Нидерланды,
17
Ресей, АҚШ, Түркия, Өзбекстан сияқты елдер мейлінше белсенді əріптестер болып қала
береді. Сонымен қатар қызмет көрсетудің географиясы кеңейді: Əзербайжан, Алжир,
Италия, Кипр, Лихтенштейн, БАƏ, Щвейцария, Франция, Жапония əріптестерге айналды.
2005 жылы 42 жаңа кəсіпорын халықаралық қызметтер көрсететін кəсіпорындардың
санын толықтырды. Алайда, талданып отырған кезеңде 10-ТБ нысанының жиынтық
деректері бойынша 2005 жылы қызмет көрсету экспортының жалпы көлемінің өткен
жылға қарағанда 21997,36 мың АҚШ долл. немесе 14,7% төмендегені байқалады.
Сонымен қатар қызмет көрсету импортының көлемі 46772,07 мың АҚШ долл. немесе
28,33% ұлғайды.
Халықаралық қызмет көрсету
экспорты
көлемінің төмендеуі негізінен мына
қызметтерді көрсетудің қысқаруы есебінен болды:
- құрылыс қызметі - 1799,1 мың АҚШ долл. немесе 93,24%;
- тауарларды жөндеу бойынша: ағымдағы жөндеу - 85,09 мың АҚШ долл. немесе
59,26% жəне күрделі жөндеу - 100,59 мың АҚШ долл. немесе 11,7%;
- əр түрлі іскерлік, кəсіби жəне техникалық қызмет көрсетуге қатысты азаю 26723,44
мың АҚШ долл. немесе 27,47% құрады.
Осы топтың құрамдастарына қатысты мыналар бойынша едəуір қысқару болды:
•
қалдықтарды өңдеу жəне тазарту бойынша қызмет көрсету - 134,42 мың АҚШ
долл. немесе 75,13%,
•
ауыл шаруашылығы жəне пайдалы қазбалар өндіру саласында қызмет көрсету
бойынша
- 40826,2 мың АҚШ долл. немесе 76,54%,
•
сақтандыру жөнінде қосалқы қызметтер көрсету бойынша
- 57,0 мың АҚШ долл.
немесе 60,25%;
•
ал кадрды оқыту жəне даярлау бойынша жалпы қызмет көрсетілмеді.
Мəдениет жəне демалыс саласында қызмет көрсету тобында туристік қызмет көрсету
көлемінің 283,16 мың АҚШ долл. немесе 22,85% азаюы байқалады.
Төменде Алматы қаласы кəсіпорындарының 2004 жəне 2005 жылдардағы
қызметтері экспортының
жекелеген көрсеткіштері бойынша деректер келтірілген:
Қызмет көрсету экспорты №3 кесте.
Ауытқулар
Қызмет көрсету түрлері
2004 жыл 2005
жыл
мың долл.
%
Құрылыс қызметі 1929,60
130,50
-
1799,10
-93,24
Тауарларды күрделі жөндеу 859,99
759,40
-
100,59
-11,70
Тауарларды басқа (ағымдағы) жөндеу 143,59
58,50
-
85,09
-59,26
Əр түрлі іскерлік кəсіби жəне техни-
калық қызмет көрсету (атап көрсетілсін)
97 275,23
70 551,79
-
40826,2
-27,47
• қалдықтарды өңдеу жəне тазарту
178,92 44,50
-
134,42
-75,13
• байланыс қызметі
15,00 6,00
-9,00
-60,00
• кадрды оқыту жəне даярлау
14,40 0,00
-
14,40
-100,00
• сақтандыру бойынша қосалқы
қызметтер көрсету
94,60 37,60
-
57,00
-60,25
Жеке тұлғаларға қызмет көрсету жə-
не мəдениет пен демалыс саласында
қызмет көрсету
37 442,76
43 680,45
6
237,69
16,66
• туризм (сапарлар)
1 239,47
956,31
-
283,16
-22,85
18
мың АҚШ. долл.
Импорттың
ұлғаюына қызметкерсіз жұмыс істейтін жабдықтың
операциялық
лизингі көлемінің 7014,65 мың АҚШ долл. немесе 124,18%, тауарларды ағымдағы жөндеу
бойынша қызметтердің 398,86 мың АҚШ долл. немесе 64,3% болып өсуі ең көп ықпалын
тигізді.
Əр түрлі іскерлік, кəсіби жəне техникалық қызмет көрсету тобында едəуір ауытқулар
байқалды. Атап айтқанда, мыналар едəуір өсті:
•
заң қызметі – 655,22 мың АҚШ долл. немесе 168,6%,
•
ауыл шаруашылығы жəне пайдалы қазбалар өндіру саласында қызмет көрсету -
208,5 мың АҚШ долл. немесе 118,53%,
•
сыртқы сауда –1706,22 мың АҚШ долл. немесе 283,44%,
•
бухгалтерлік немесе аудиторлық – 928,41 мың АҚШ долл. немесе 33,13%,
•
сəулеткерлік, инженерлік-техникалық – 7694,60 мың АҚШ долл. немесе 24,24%,
•
байланыс қызметі – 404,68 мың АҚШ долл. немесе 26,65%,
•
резидент еместердің тасымалдауы – 9536,94 мың АҚШ долл. немесе 49,23%,
•
сақтандыру бойынша қосалқы қызметтер көрсету – 22,13 мың АҚШ долл. немесе
35,43%.
Төменде Алматы қаласы кəсіпорындарының 2004 жəне 2005 жылдары алған
қызмет
көрсетулер импортының
жекелеген көрсеткіштері бойынша деректер келтірілген:
Қызмет көрсету импорты №4
кесте
мың АҚШ. долл.
Ауытқулар
Қызмет түрлері
2004 жыл 2005
жыл
мың долл. %
Құрылыс қызметі
26 000,22
13 189,24
-12 810,98
-49,27
Қызметкерсіз жұмыс істейтін жабдықтың
операциялық лизингі (жалдау)
5 648,85
12 663,50
7 014,65
124,18
Тауарларды басқа (ағымдағы) жөндеу 620,267
1019,125
398,86
64,3
Əр түрлі іскерлік кəсіби жəне
техникалық қызмет көрсету:
87 160,17
111055,58
23 895,41
27,42
• заң
388,63 1
043,85 655,22 168,60
• бухгалтерлік, аудиторлық
2 802,23
3 730,64
928,41
33,13
• сəулеткерлік, инженерлік-
жəне басқа да техникалық қызметтер
31 739,77
39 434,37
7 694,60
24,24
• ауыл шаруашылығы жəне
пайдалы қазбалар өндіру саласында
қызмет көрсету
175,90 384,40 208,50 118,53
• байланыс қызметі
1 518,70
1 923,38
404,68
26,65
• резидент еместердің
тасымалдауы
19 371,46
28 908,40
9 536,94
49,23
• сақтандыру бойынша қосалқы
қызметтер көрсету
62,46 84,59 22,13 35,43
• сыртқы сауда қызметтері
601,97
2 308,19
1 706,22
283,44
Аймақ кəсіпорындары қызметкерлерінің шетелдік сапарларына жұмсалатын
шығыстар өткен 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 9876,69 мың АҚШ долл.
құрады немесе 12,81% өсті, бұл шетелдік əріптестермен белсенді өзара іс-əрекетті жəне
жаңа нарықтарды игеруге ұмтылысты көрсетеді.
19
Резидент емес қызметкерлерге төленген жалақы 11975,96 мың АҚШ долл. құрады
немесе 2004 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6716,35 мың АҚШ долл., яғни 127,7%
өсті.
Қайырымдылық мақсаттарға алынған трансферттер 10350,34 мың АҚШ долл. немесе
143,89% өсті. Негізінен Германиядан, АҚШ-тан жəне халықаралық ұйымдардан келіп
түсті. Бұдан басқа, 2005 жылы резиденттер шет мемлекеттердің жолдарымен жүргені үшін
төлеген салықтар, экопостылардан өту жəне басқалары бөліне бастады. Резидент
еместерден əр түрлі жобаларды жүзеге асыруға қайтарымсыз бөлінген инвестициялық
гранттар түрінде түсетін түсімдер ұлғайды - 672,50 мың АҚШ долл. немесе 175,82%.
Автокөлікпен жүк тасуды жүзеге асыратын кəсіпорындар
есептерінің деректеріне
сəйкес, 2005 жылы жүк тасу көлемінің 4508,0 мың АҚШ долл., яғни 84,4%, жолаушылар
тасу көлемінің 429,3 мың АҚШ долл., яғни 76,25% азайғаны байқалады. Сонымен бірге,
резидент еместердің олардың автокөлік құралдарына қызмет көрсетуі үшін жұмсаған
қазақстандық тасымалдаушылар шығыстарының 322,82 мың АҚШ долл. сомасына, яғни
52% ұлғаюы орын алды, бұл ретте автотасымалдаудың жалпы көлемі 2209,39 мың АҚШ
долларын құрады.
Талданып отырған жылда КЭК (көлік-экспедиция компаниялары) алған түсім
көлемінің 83239,06 мың АҚШ долл. немесе 59,23% өсуі орын алды. Сонымен бірге
қазақстандық КЭК-тердің теміржолдарға жəне шет елдердің КЭК-теріне қазақстандық
экспорт пен импортты шет мемлекеттердің аумағымен транзиттік тасымалдағаны үшін
төлейтін төлемдері 127568,29 мың АҚШ долл. немесе 87,84% өсті.
Əуе жолымен тасымалдаушылардың түсімі 2005 жылы 14729,42 мың АҚШ долл.
немесе 13,4% өсіп, 124363,04 мың АҚШ долл. құрады.
Байланыс қызметін жүзеге асыратын кəсіпорындардың деректері 2005 жылы
экспорттың 9828,91 мың АҚШ долл. немесе 15,58%, оның ішінде: почта байланысының -
6,12 мың АҚШ долл., телефонмен сөйлесулердің - 5988,73 мың АҚШ долл., ұялы
байланыс қызметінің - 5356 мың АҚШ долларына өскенін көрсетеді. Байланыс қызметі
құрылымында негізгі түсім телефонмен сөйлесулерден түскен түсім болып қалады,
жалпы көлемде 77%. Импорт бөлігінде сондай-ақ 5841,98 мың АҚШ долл. немесе 10,26%
өсу байқалады.
1369,07 мың АҚШ Резидент еместерге
сақтандыру бойынша
2005 жылы көрсеткен
қызметтер
едəуір - долл., немесе 155,67% ұлғайды, ал қайта
сақтандыру бойынша
көрсеткен
қызметтер
456,46 мың АҚШ долл. немесе 65,14% азаюы орын алды.
Қызмет көрсетудің тұрақты түрлерімен қатар олардың сыртқы сауда (əріптестер
іздеу, келісім-шарттар жасауға дейін жеткізу, тауарлар іздеу), патенттік, өнімдерді тазарту
жəне өңдеу бойынша қызмет көрсету жəне тағы басқалар тəрізді жаңа түрлері пайда
болып отыр жəне белсенді дамып отыр.
2005 жылы экспортта да, сол сияқты импортта да мəдениет жəне спорт іс-шараларын
ұйымдастыруға қызмет көрсету пайда болды. Бұдан басқа, экспортта – емдеу бойынша
қызмет көрсету, импортта - өнімдерді тазарту жəне өңдеу бойынша қызмет көрсету жəне
мəдениет пен демалыс саласында басқа да қызметтер көрсету пайда болды.
Келтірілген деректер Алматы қаласы кəсіпкерлерінің сыртқы экономикалық
қызметті белсенді дамытып отырғанын, іскерлік халықаралық келісім-шарттардың
кеңейгенін, экономикадағы интеграциялық процестердің дамып отырғанын көрсетеді.
20
ЭКОНОМИКА ЖƏНЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ: АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕР
Қазақстан Республикасы аймақтарының
2006 жылғы 1 тоқсандағы əлеуметтік-экономикалық дамуы
(ҚРҰБ аумақтық филиалдарының есептері негізінде)
Сыдықова Қ.С.,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Зерттеу жəне статистика департаменті
стратегия жəне талдау басқармасының жетекші маманы-талдаушысы
Осы мақалада Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары
ұсынған есептер негізінде облыстардың 2006 жылғы бірінші тоқсандағы əлеуметтік-
экономикалық дамуын талдау ұсынылған. 2006 жылғы 1 тоқсанда барлық облыстар
бойынша əлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көтерілуі байқалды. Аймақтардағы
осы уақытта қалыптасқан жалпы экономикалық ахуал олардың даму дəрежесін
көрсетеді.
2006
жылғы 1 тоқсанда тұтыну бағаларының инфляцияның жалпы деңгейін
сипаттайтын индексі облыстық статистика басқармаларының деректері бойынша Алматы
жəне Астана қалаларында тиісінше 104,3% жəне 104,1% болып барынша жоғары
қалыптасты. Аталған облыстардағы баға индексінің көтерілуі негізінен тұтыну тауарлары
бағасының өсуі есебінен болды.
Тұтыну бағаларының индексі Алматы жəне Шығыс Қазақстан облыстарында төмен
болды жəне əрбір облыс бойынша тиісінше 102,5% жəне 102,6% болды.
Азық-түлік сегментінде
бағаның неғұрлым көтерілуі Атырау облысында 107%
жəне Алматы қаласында 105,8%, неғұрлым төмендеуі Ақмола облысында 100,9% болып
тіркелді.
Бұл ретте есептік кезеңде республиканың барлық аймақтарында жеміс жəне
көкөніс бағасының күрт өсуі байқалды. Бағаның неғұрлым көтерілуі Атырау облысында
1,5 есе, Қарағанды облысында – 31,7%, неғұрлым өсуі Ақмола облысында 4,5% болып
тіркелді, сондай-ақ Алматы облысында бағаның 0,3% төмендеуі байқалды. Жеміс-көкөніс
өнімдері бағасының елеулі дəрежеде өсуіне мынадай факторлар себепші болды:
маусымдылық, республиканың оңтүстік аймақтарынан, Қырғыз Республикасынан жəне
Өзбекстаннан əкелінген жеміс-көкөніс өнімдерінің жалпы көлемдегі үлесінің азаюы,
сұраныстың ұсыныстан артуы, жеткілікті бəсекелестіктің болмауы, өткізушілердің баға
жөнінде ымыраласуы, ауылшаруашылық өнімдерін өсіру үшін климат жағдайының
қолайсыз болуы, ЖЖМ қымбаттауы.
Сондай-ақ қант пен кондитерлік бұйымдар бағасының өсуі байқалды. Неғұрлым
көтерілу Атырау жəне Павлодар облыстарында тиісінше 50% жəне 41,4% болып
байқалды.
Солтүстік Қазақстан филиалы атап көрсеткендей, азық-түлік тауарлары қоржынында
қант бағасының 31,2% өсу қарқыны неғұрлым жоғары болып қалыптасты. Оның барынша
қымбаттауы ақпан айында 21,9% болып тіркелді. Осы өсудің негізгі себебі шикізат – қант
қамысы бағасының өсуі, сондай-ақ жүк тасуға арналған магистралдық теміржол желісінің
қызметі тарифтерінің 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап 11% көтерілуі болып табылды.
Солтүстік Қазақстан облысындағы тұтыну бағаларының өсу факторларының бірі
сондай-ақ тиісті тауар нарықтарында бəсекелестіктің жетіспеуі болып табылады. Бұл баға
жөнінде ымыраласуға жəне монополиялық баға жасауға жағдай жасайды.
Филиалдар атап көрсеткендей, «Тұтыну нарығындағы бағаларды тұрақтандыру
жөнiндегi қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15
сəуірде қабылданған № 285 қаулысына сəйкес жеміс пен көкөніс бағасының одан əрі
дамуында төмендеу үрдісі болуы мүмкін.
21
Оңтүстік Қазақстан филиалы жүргізген өздерінің бағалар мониторингі есептік
кезеңде бағалар динамикасына халықтың инфляцияны күтуі, валюта нарығының
тұрақсыздығы сияқты жалпы факторлармен қатар сондай-ақ ұсыныстың қысқаруына
байланысты жеміс-көкөніс өнімі бағасының көтерілуіне себеп болған қыстың əдеттен
суықтығы жəне қар да əсер еткенін көрсетеді. Сонымен қатар Үкіметтің ЖЖМ
экспортына тыйым салу жөнінде қабылдаған шаралары жəне ауылшаруашылық
өндірушілері үшін арнайы бөлінген ЖЖМ көлемі аймақтағы инфляция қарқынының
төмендеуге себеп болғанын атап айтқан жөн.
Ет жəне ет өнімдері бағасының түрлі бағыттағы өсуі байқалды. Неғұрлым көтерілу
Ақтөбе жəне Шығыс Қазақстан облыстарында тиісінше 7,5% жəне 7,6%, неғұрлым
төмендеу Атырау облысында 9,4% болып тіркелді. Қарағанды, Қызылорда облыстық жəне
Алматы қалалық филиалдары атап көрсетіп отырғандай, ет өнімдері бағасының өсу
динамикасына мынадай факторлар себеп болды: жем құнының ұлғаюы, құсқа арналған
құрама жем құрамына арналған шикізаттың қымбаттауы, жанар-жағар материалдардың
қымбаттауы жəне ауылшаруашылық өндірушілер тарапынан сату бағасының ұлғаюы,
сондай-ақ ауа-райының қолайсыз болуы. Сонымен қатар, бағаның өсу факторларының бірі
Қазақстан ауылшаруашылық өндірушілерінің етті Ресейге экспорттауы болып табылды.
Сыртқа кету, ішінара заңсыз түрде, ішкі нарықта етке ұсыныс деңгейінің төмендеуін жəне
ет бағасының 2006 жылғы 1 тоқсанда ұлғаюына себеп болды. Сондай-ақ делдалдар
арасындағы ымыраласуды да жоққа шығаруға болмайды.
Атырау филиалының мамандары атап өткендей, делдалдық құрылымдар тауар
көлемінің 60% сатып ала отырып, Атырау облысының ет нарығын толық бақылауға алған.
Ауыл тұрғындарына делдалдар төлейтін баға нақты нарықтық бағадан 2 есе төмен. Ет
өндірісінен басты пайданы нарықтың аралық қатысушылары алады.
Қарағанды облысында жеміс-көкөніс қоймаларының жетпіспеуі ескеріле отырып,
АӨК тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы
əзірленді, онда бюджет қаражаты есебінен, ірі шаруашылықтарды немесе қайта өңдеу
кəсіпорындарын кредиттеу арқылы мал, ет, сүт, жүн жəне тері шикізатын қабылдау
жөніндегі дайындау пункттерін құру көзделеді.
Қарағанды филиалы атап көрсетіп отырғандай, мал азығы дақылдарын өсіру
кезеңінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты мал азығын толық ала алмау
нəтижесінде оның қымбаттауы 2006 жылғы 1 тоқсанда сүт өнімінің өндірісі
шығындарының қымбаттауына əкеп соқты.
Жанар-жағар материалдары бағасының қымбаттауы сүт өнімдері бойынша баға
индексіне шешуші ықпал жасады.
Сонымен қатар, баға өсуінің себебі сүтті қайта өңдеу кəсіпорындары жеке меншік
сектордан сатып алған шикі сүт құнының бір литрі үшін 40 теңгеге дейін көтерілуі болып
табылды. Сүттің негізгі жеткізушісі – жеке меншік шаруашылық. Облыстың сүтті қайта
өңдеу кəсіпорындары ішкі сұранысты шамамен 60% қанағаттандырады, ал сүт өнімінің
40% сырттан əкелінеді. Қазақстандағы ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеу жөніндегі
кəсіпорындардың салық жүктемесі Ресейге қарағанда екі есе жоғары. Бұл Ресейден
əкелінетін сүт өнімінің бағасы бойынша бəсекеге түсудің мүлдем мүмкін болмайтынына
əкеп соғады. ҚҚС арқасында отандық өнім Ресейдікімен салыстырғанда өзіндік құны
бірдей бола тұрса да тұтынушыға ұсынарда 10% қымбат болады.
Тұтастай алғанда, қарастырылып отырған кезеңде республиканың барлық
облысында сүт жəне сүт өнімі бағасының көтерілуі байқалды. Неғұрлым жоғары
көрсеткіш Атырау облысында тіркелді - 31,5%. Жекелеген филиалдар атап өткендей, сүт
өнімінің бағасы өсуінің негізгі себебі отандық өндірушілердің құрғақ, қаймағы
айырылмаған сүт жəне майсыздандырылған сүт бағасының, тұрғындардан сатып
алынатын шикі сүт құнының, ыдыс материалдары құнының көтерілуі жəне сүт сауудың
22
азаюы есебінен көтерілген болып табылады. Бағаның төмендеуі 12,3% Ақмола облысында
байқалды.
Республиканың барлық облыстарында дерлік жұмыртқа бағасының төмендеуі
байқалды. Неғұрлым төмендеу Қостанай облысында – 6,4% болып байқалды, сонымен
қатар тұтастай алғанда республика бойынша жұмыртқа бағасының жалпы төмендеуіне
қарамастан, 4 облыста олардың бағасының көтерілуі байқалды. Неғұрлым өсу Қарағанды
облысында – 9,4% болып байқалды. Жұмыртқаның қымбаттауы оны өндірудің қысқаруы
салдарынан тұтыну нарығындағы ұсыныстың төмендеуіне байланысты болды.
Ауылшаруашылық өндірушілерде сатып алу бағасы көтерілді, көлік шығыстары ұлғайды,
бұл тұтыну нарығының бағаларына біршама əсер етті.
Бірқатар облыста нан жəне нан өнімдерінің бағасы аз ғана көтерілді, бұл жерде
неғұрлым көтерілу Қарағанды облысында 4,3% болып тіркелді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар сегментінде
2006 жылғы 1 тоқсанда баға
индексінің неғұрлым көтерілуі Қызылорда облысында 12,6% жəне Оңтүстік Қазақстан
облысында 8,5% болып байқалды. Неғұрлым төмен индекс Жамбыл облысында 0,3%
болып қалыптасты.
Маусымдық фактордың салдарынан киім жəне аяқ киім бағасының аз ғана өсуі
байқалды. 2006 жылғы 1 тоқсанда орташа алғанда Шығыс Қазақстан облысында киім мен
аяқ киім бағасы 9,2% жəне 6,8% өсті, ең аз көтерілуі Қостанай жəне Ақтөбе облыстарында
тиісінше 1% болып байқалды.
Бүкіл республика бойынша есепті кезеңде ЖЖМ бағасы көтерілуінің түрлі
бағыттағы үрдісі байқалды. Бензин бағасының неғұрлым көтерілуі Қарағанды облысында
15,3% жəне Шығыс Қазақстан облысында 10,8%, төмендеуі Павлодар облысында 6,1%
болып байқалды. Қарағанды филиалы көрсетіп отырғандай, талдау жасалып отырған
кезеңде бензин бағасының көтерілу себебі көршілес Ресейде бағаның өсу салдарынан
жанар-жағар материалдарының бөлшек бағасының көтерілуі, шикізат құнының ұлғаюы
салдарынан шикізаттың сату бағасының ұлғаюы болып табылды. Ресей экспортерлеріне
тəуелді болу ішкі нарықты барынша əлсіретеді. Ресей шикізаты құнының өсуін бағаның
шарықтауына негізгі «себепкер» деп санауға болды.
Сондай-ақ бағаның өсу факторларының бірі ретінде бағаны ымыраласып белгілеуді
жəне бағаның ішкі нарықтағы жасанды өсуін айтуға болады. Отын бірнеше делдалдар
тізбегі арқылы өтеді, онда əрбір буын өз мүддесін ескереді. Халық пен кəсіпорын
табысының бірнеше жылдар бойы өсуі жағдайында бағаны ұстап тұрудың басты табиғи-
нарықтық факторы – төлем қабілеттілігінің «жоғары шегі» əрекетін тоқтатты.
Сонымен қатар бензин бағасының шарықтауы оның Қазақстаннан тысқары
экспортталуымен түсіндіріледі. Отандық мұнай өңдеу зауыттары бүгінгі күні бензинді
экспорттау үшін барлық мүмкіндікті жасайды, себебі оның көршілес елдердің
нарықтарындағы бағасы біршама жоғары, ал ішкі нарықтың осындай бағаны ұсынуға
жағдайы жоқ. Осылайша алғанда, мұнай өңдеу компаниялары үшін ішкі нарыққа шикізат
жеткізгенге қарағанда экспорт неғұрлым пайдалы болды.
Осылайша алғанда, мұнай өнімдерінің көтерме бағасы бөлшек бағадан, ал бөлшек
баға өз кезегінде инфляциядан басым болып отыр. Баға өсуінің бірінші себебі мұнайдың
əлемдік бағасының өсуі болып табылады.
Дизель отынының бағасы индексінің неғұрлым көтерілуі Шығыс Қазақстан
облысында 14,3% болып тіркелді.
Сондай-ақ жиһаз жəне кілем бұйымдары бағасының өсуі байқалды, бұл өз кезегінде
жаңадан тауар əкелу бағасының ұлғаюына, ал мата, киім жəне аяқ киім бағасының өсуі
оларды сатып алатын жердегі бағаның көтерілуіне байланысты.
Ақылы қызмет
сегменті бойынша бағаның көтерілуі барлық облыста бір мезгілде
тіркелді. Неғұрлым көтерілу Қарағанды облысында 10,2%, Оңтүстік Қазақстан облысында
7,4% жəне Астана қаласында 7% байқалды. Неғұрлым төмендеу Қостанай жəне Атырау
облыстарында 0,9% болып тіркелді.
23
Негізгі тұрғын үйді ұстау бойынша қызмет үшін ақының өсуі есебінен мынадай
облыстарда тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің бағасы индекстерінің неғұрлым өсуі
байқалды: Шығыс Қазақстан облысында – 9,9% жəне Қарағанды облысында – 9,9%.
Төмендеу Қызылорда облысында 11,7% болып байқалды.
Бензин бағасының өсуі салдарынан жолаушы тасымалдау қызметі бағасының
Ақтөбе облысында – 66,7% жəне Астана қаласында 28,9% көтерілуі байқалды.
Қызылорда филиалы атап өткендей, осы аймақта инфляцияны тежеу жөніндегі
бірқатар шаралар қабылдануда. Мəселен, облыстық əкімшілікте инфляциялық процесті
тоқтату жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылды, 2006 жылға арналған іс-шаралар жоспары
қаралып, бекітілді. Ай сайын жұмыс комиссиясының отырысы өтеді. Отырыстарда
инфляцияның өсу себептері қаралды, жалдау ақысы жəне облыс орталығындағы
базарларда, оның ішінде «Арзан базар» коммуналдық базарында біржолғы талон
негізінде салық жинау, базарларды жеміс-көкөніс жəне басқа ауылшаруашылық
өнімдерімен толтыру, дайындау жəне сатып алу пункттерін ашу, бос тұрған көкөніс
қоймалары мен базаларына түгендеу жүргізу жəне іске қосу мəселелері қаралды.
Филиалдар атап өткендей, бағаның есептік кезеңде өсуінің негізгі себебі ішкі жəне
сол сияқты сыртқы факторлардың əсерінен болып отыр. Тұтастай алғанда республика
бойынша байқалып отырған экономикалық өсу халықтың кірістерінің өсуі нəтижесінде
сатып алу мүмкіндіктерінің ұлғаюымен қатар жүруде, сонымен қатар жекелеген
аймақтарда бағаның өсуіне республиканың сауда орталықтарынан шалғай орналасуы əсер
етеді.
Тұтыну бағаларына əсер ететін айтарлықтай маңызды фактор – инфляцияның
«импорты» болып табылады, ол импорттық өнім құнының көтерілуі арқылы пайда
болады, себебі негізінен облыстар өнеркəсібінің, халықтың тағам өніміне, халық
тұтынатын тауарларға қажеттілігі облыстан тысқары, оның ішінде басқа мемлекеттерден
əкелінуі есебінен қанағаттандырылады. Сонымен қатар мұнайдың əлемдік бағасының
көтерілуі түпкі нəтижеде өндірілетін өнімнің жəне көрсетілетін қызметтің құнына əсер
етеді.
2006 жылдың 1 тоқсанында ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы республиканың
барлық облыстарында орташа алғанда 2039 теңгеге өсті. Күнкөріс деңгейінің көрсеткіші
бұрынғыша Атырау, Маңғыстау облыстарында жəне Алматы қаласында неғұрлым
жоғары, тиісінше – 10237 теңге, 9974 теңге жəне 9802 теңге жəне мына облыстарда төмен:
Оңтүстік Қазақстан облысында 7208 теңге жəне Жамбыл облысында – 7380 теңге.
Экономиканың нақты секторында бағаның түрлі бағыттағы динамикасы
қалыптасты. Мəселен, көптеген облыстардың өнеркəсібінде өндіруші кəсіпорындардың
баға индекстерінің өсуі байқалды жəне неғұрлым үлкен көрсеткіш Ақтөбе облысында
35,5% жəне Қарағанды облысында 24,4% болып тіркелді. Бұл ретте бағаның төмендеуі
Жамбыл облысында 5,9% жəне Қостанай облысында 0,7% болып белгіленді. Ақтөбе
филиалы көрсетіп отырғандай, өнеркəсіптегі баға динамикасы 2006 жылғы 1 тоқсанда
олардың өзгеруінің энергия ресурстарына ықпалымен, сондай-ақ доллар бағамының
ықпалымен қалыптасты.
Өнеркəсіп
2006 жылғы 1 тоқсанда бүкіл республика бойынша экономикалық өсу байқалды.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркəсіп өндірісінің нақты көлемі
индексінің неғұрлым үлкен көрсеткіші Ақтөбе облысында 42,6%, Ақмола облысында
31,9% жəне Астана қаласында 31,9% болып тіркелді, бұл ретте өндірістің едəуір
құлдырауы Қостанай облысында 27% болып байқалды.
Кен өндіру өнеркəсібінде өндіріс көлемінің жалпы өсуі кезінде төмендеу Жамбыл
облысында 30,9% жəне Қызылорда облысында 37,7% болып байқалды. Жамбыл филиалы
атап өткендей, өндірістің төмендеу себебі аймақтағы фосфат шикізатын өндірудің 65,4%
қысқаруы болып табылады.
24
Қызылорда облысында өндіріс көлемі төмендеуінің негізгі себебі энергия
ресурстарын жəне ең алдымен мұнай өндіру динамикасының бəсеңдеуі болып табылды.
Мұнай өндірудің қысқаруы Үкіметтің мұнай өндіру кəсіпорындарын мұнай кен
орындарында ілеспе газды пайдаға асыру жөніндегі шаралар қабылдауға міндеттейтін іс-
қимылдарына байланысты.
Өңдеуші өнеркəсіптегі нақты көлем индексінің неғұрлым үлкен көрсеткішісі
Атырау облысында 59,5% болып байқалды.
Өңдеуші өнеркəсіптегі едəуір өсу қарқынына мұнай өнімдері, қара жəне түсті
металл, машина жасау өнімі өндірісінің өсуі, тамақ өнімдері өндірісі көлемінің ұлғаюы,
баспа ісіндегі, тоқыма жəне тігін өнеркəсібіндегі жоғары өсу қарқыны салдарынан қол
жеткізілді.
Ауыл шаруашылығы
2006 жылғы 1 тоқсанда ауылшарушылық өнімі көлемінің өсуі байқалды. Есептік
кезеңде неғұрлым өсу Алматы облысында 9,1% болып белгіленді. Өндірістің осы ұлғаюы
негізінен мал шаруашылығының жиынтық өнімінің өсуіне: сүт сауудың, ет, жұмыртқа
өндірудің ұлғаюына байланысты болды.
Солтүстік Қазақстан филиалы атап өткендей, 2006 жылы АӨК тұрақты дамыту
тұжырымдамасына сəйкес республикалық бюджеттен 5921,8 млн.теңге сомаға
қаржыландыру көзделеді.
2006 жылғы 1 тоқсанда өсімдік шаруашылығында осы кезеңге тəн жұмыстар
жүргізілді. Мəселен, тұқым сапасын жақсарту жөнінде шаралар қабылданды, топырақтың
өнімділігін арттыру жəне өсімдіктерді зиянкестер мен аурудан қорғау мақсатында
басымды дақылдарға арналған себу алаңдарының ұлғаюын ескере отырып себу
алаңдарының құрылымы əзірленді, сондай-ақ машина-трактор паркі жаңартылды.
Халықтан өнім сатып алу бағдарламасын жүзеге асыру бұрынғыша мал
шаруашылығының дамуына елеуі əсер етіп отыр.
Ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті міндеттерінің бірі өндірілген өнімді қайта
өңдеу жəне оны бəсеке қабілеттігіне жеткізу болып табылады. Ауылшаруашылық өнімін
негізгі өндірушілер бұрынғыша үй жəне шаруа қожалықтары болып табылады, олардың
үлесіне барлық өнім көлемінің 90% жуығы сəйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |