Бөлімше Көлемі, бет Ақша-кредит саясатын дамыту



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата06.03.2017
өлшемі0,72 Mb.
#8076
1   2   3   4   5   6   7

Инвестициялар  

2006  жылғы 1 тоқсанда  инвестициялардың  өсуі  байқалды.  Аталған  кезеңнің 

неғұрлым  жоғары  көрсеткіштері  Шығыс  Қазақстан  облысында 2,4 есе  жəне  Астана 

қаласында 1,8 есе болып байқалды. Ақтөбе жəне Қызылорда облыстарында инвестициялар 

көлемінің тиісінше 6,5% жəне 13,1% төмендеуі байқалды. 

Тұтастай  алғанда  ел  бойынша 2006 жылғы 1 тоқсанда  инвестициялар  кен  өндіру, 

өндеу  өнеркəсібіне,  ауылшаруашылығына,  көлікке,  байланысқа  жəне  жылжымайтын 

мүлікпен  операцияларға  бағытталды,  бұл  ретте  инвестициялардың  үлкен  бөлігі  негізгі 

капиталға салынды. 

Инвестициялардың  негізгі  көлемі  кəсіпорындар  мен  жеке  тұлғалардың  меншікті 

қаражаты  (оның  ішінде  кредиттер),  олардың  үлесі  шамамен 64,2%, одан  кейін  шетелдік 

инвестициялар,  олардың  үлесі  шамамен 20,2%, мемлекеттік  бюджет  қаражаты,  шамамен 

7,4%, басқа заемдық қаражат, шамамен 8,1%, болып табылады.  



 

Құрылыс 

Экономиканың  құрылыс  секторының  қарқынды  дамуы  жалғасуда. 2006 жылғы 1 

тоқсанда  осы  саладағы  неғұрлым  үлкен  өсу  Алматы  қаласында 2,3 есе  жəне  Павлодар 

облысында 2 есе  болып  байқалды.  Бұл  ретте  орындалған  жұмыстың  едəуір  бөлігі  жаңа 



 

25

құрылысқа,  қолданыстағы  объектілерді  қайта  жаңғыртуға,  техникалық  қайта 



жарақтандыруға, одан кейін күрделі жəне ағымдағы жөндеуге сəйкес келеді. 

Сондай-ақ тұрғын үй құрылысына инвестициялардың өсуі байқалды. 2006 жылғы 1 

тоқсанда бөлінген қаражаттың неғұрлым үлкен көлемі бұрынғыша Астана қаласында 16,8 

млрд. теңге жəне Алматы қаласында 17,1 млрд. теңге болып байқалды. Неғұрлым аз көлем 

Қызылорда облысында 180,7 млн. теңге болып белгіленді.  

Филиалдар  атап  өткендей,  Қазақстан  Республикасының  Статистика  агенттігінің 

деректері  бойынша 1 ш.м  тұрғын  үй  салу  шығындары  мынадай  болды:  Алматы  қаласы 

бойынша – 61,2 мың  теңге,  Ақмола  облысы  бойынша – 62,3 мың  теңге,  Ақтөбе  облысы 

бойынша – 41,2 мың теңге, Қызылорда облысы бойынша – 5,6 мың теңге.  

 

Көлік 

2006 жылғы 1 тоқсанда көлік ұйымдарының қызмет көрсету бағасының неғұрлым 

ұлғаюы  Астана  қаласында 31,4%, төмендеуі  Батыс  Қазақстан  облысында 11,3% болып 

тіркелді. Көліктің барлық түрімен тасымалдау көлемі, байланыс кəсіпорындары көрсеткен 

қызметтер көлемі, сондай-ақ құрылыс мердігерлік шарттары бойынша орындалған жұмыс 

көлемі ұлғайды. 

 

Нақты сектордың басты  проблемалары 

Өсудің  оң  көрсеткіштеріне  қарамастан  нақты  сектордың  кəсіпорындарында 

олардың қызметіне кедергі келтіретін проблемалар осы уақытқа дейін өте көп. 

Шығыс  Қазақстан  филиалы  атап  өткендей,  соңғы  жылдары  бірқатар  өндіруші 

кəсіпорындардың өнімділігі бір жарым-екі есе ұлғайды, бірақ кен орындарының қорлары 

біртіндеп  таусыла  бастауда,  соңғы  он  бес  жылда  аймақта  нақты  геологиялық  барлау 

жұмыстары жүргізілген жоқ. Ғалымдардың бағалауы бойынша аймақтың жер қойнауында 

қазіргі  уақытта  қанша  барланса,  сонша  қор  əлі  де  бар.  Жаңа  кен  орнын  тауып,  оны 

өнеркəсіптік игеруге кірісу үшін 15 жыл қажет. Сонымен қатар, экономиканың құлдырау 

жылдары  тəжірибелі  мамандардың  көп  кетуіне  əкеп  соқты,  геолог  мамандығына 

қажеттілік  болмады.  Сонымен  бірге,  теріс  үрдісті  жою  мүмкіндігі  бар,  өйткені  соңғы 

жылдары  мемлекеттің  барлау  үшін  бөлетін  қаражатының  көлемі  өсіп  отыр. 

Экономиканың  шикізат  сипаты  тұтастай  алғанда 10-15 жылдан  кейін,  егер  өндірісті 

əртараптандыруды  жеделдетпесе,  жүйелік  дағдарыстың  себебі  болуы  мүмкін.  Осындай 

тұжырым экономиканың нақты секторының жəне атқарушы билік өкілдерінің қатысуымен 

өткен  Шығыс  Қазақстан  облысын  кластерлік  дамыту  жолдары  туралы  семинарда 

айтылды.  Облыс  экспорты  көлемінің 90% өнеркəсіптік  өнім – мырыш,  қорғасын,  мыс, 

титан,  тантал,  берилий,  алтын,  күміс,  сирек  кездесетін  металдар  құрайды.  Бір  мезгілде 

облыс  аумағында  өндіруге  болатын  өнім  импортталады.  Елдің  жəне  облыс 

экономикасының  өсу  үрдісін  энергия  тасымалдағыштар  мен  түсті  металдар  бағасының 

қолайлы  конъюнктурасына  сенімділік                  емес,  экономикалық  реформалар  есебінен 

сақтап қалу талап етіледі. Жолдардың бірі –мысалы, облыстың машина жасаушылары мен 

батыс  облыстардың  мұнайшыларының  кластерлер  құруы,  экономиканы  сервистік-

технологиялық негізге аударуы. Туризм саласында кластерлер құрудың да болашағы бар. 

Қызылорда  филиалы  атап  өткендей,  күріш  кластерін  құру  кезінде  күріш 

өнеркəсібінде  зерттеулер  мен  əзірлемелердің  жетіспеушілігі,  нарықтың  қазіргі  заманғы 

талаптарын  қанағаттандырмайтын    сорттарды  өсіру,  тұқым  шаруашылығының  жұмыс 

істеп тұрған жүйесінің жетілдірілмеуі, жердің сортаң тартуы сияқты негізгі проблемалар 

туындады. 

Мұнай  өндірумен  айналысатын  көптеген  мұнай  компаниялары  жергілікті 

кəсіпкерлермен байланысқысы келмейді. Осыған байланысты облыс əкімшілігі облыстың 

ірі  мұнай  компаниялармен  ынтымақтастық  туралы  меморандумға  қол  қойды.  Тараптар 

оған  сəйкес  ауқымды  міндеттемелер  алды,  атап  айтқанда,  мұнай  компаниялары 



 

26

кəсіпкерлер арасында тапсырыстар орналастырады, аймақтың əлеуметтік саласын дамыту 



үшін  тұрақты  негізде  қаржы  қаражатын  бөледі.  Сонымен  қатар,  компаниялар  жергілікті 

мамандар мен жұмысшылардың санын қысқартпауға, олардың жалақысын төмендетпеуге 

міндеттенеді.  Сондай-ақ  шетелдік  мамандарды  тарту  белгіленген  квоталар  шеңберінде 

қатаң түрде жүзеге асырылады.     

Көптеген  филиалдар  атап  өткендей  экономиканың  нақты  секторының 

кəсіпорындарын  дамытудағы  өзекті  проблемалар  мыналар  болып  қалуда:  меншікті 

қаражатпен  жеткіліксіз  қамтамасыз  ету;  негізгі  құрал-жабдықтар  тозуының  жоғары 

дəрежесі;  өнім  бəсекелестігінің  төмен  болуы;  маркетинг  пен  менеджмент  деңгейінің 

жоғары  болмауы;  кооперациялық  байланыстың  жоғалуы;  тұтынушылардың  төлем 

жасауға  қабілетсіздігі;  банк  кредиттерін  ресімдеу  немесе    қол  жеткізу  проблемасы 

(жоғары  пайыздар,  кепіл  мүлкінің  төмен  бағалануы);  банктердің  нақты  секторды 

артықшылықпен  қысқа  мерзімді  кредиттеуі;  басқарудағы  кедергілер;  шетелдік 

кəсіпорындар  тарапынан  нарықтық  бəсекелістік;  жанар-жағар  маймен  қамтамасыз 

етудегі  қиындықтар;  шаруашылық  жүргізуші  субъектілерінің  техникалық  қайта 

жарақтандыруға ауқымды инвестициялар жасауға мүмкіндік бермейтін төмен кірістері; 

өткізу нарығының жетіспеушілігі, мемлекеттің баға жасау процесіне əсер ету тетіктерін 

күшейту қажеттілігі, сондай-ақ білікті қызметкерлердің жетіспеушілігі. 

 

1.  Қаржы нарығы 

Депозит нарығы 

Депозит  нарығының  дамуы 2006 жылғы 1 тоқсанда  көптеген  облыста  депозиттер 

көлемінің ұлғаю үрдісімен сипатталды. Депозиттер көлемінің неғұрлым өсуі 2006 жылғы 

1  тоқсанда  Ақтөбе  облысында 83%  жəне  Астана  қаласында 53,8% болып  байқалды. 

Депозиттер көлемінің төмендеуі Қостанай облысында 14,4% болып байқалды. 

Депозиттердің  өсуіне  негізінен  аймақтардағы  экономикалық  ахуалдың  жақсаруы, 

халықтың  табысының  ұлғаюы,  халықтың  банк  жүйесіне  сенімінің  артуы,  сондай-ақ 

кəсіпорындардың  қаржылық  жағдайының  жақсаруы  себеп  болды.  Сонымен  қатар 

банктердің  жаңа  салымшыларды  тартуы  үшін  қатаң  бəсекелестік  жағдайында  салымдар 

мен қосымша қызмет көрсетулер тізімін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Халықтың  ұлттық  валютадағы  салымдарының  өсу  үрдісі  жалғасуда,  бұл 

салымшылардың теңгедегі активтеріне сенімділік деңгейінің артқанын, сондай-ақ ұлттық 

валютадағы  салымдар  бойынша  банктер  ұсынып  отырған  сыйақы  ставкаларының 

тартымдылығын растайды.  

2006  жылғы 1 тоқсан  ішінде  тартылған  депозиттер  бойынша  ставкалардың  түрлі 

бағыттағы  динамикасы  байқалды.  Мəселен, 



теңгедегі  депозиттер

  бойынша  көтерілуі 

облыстар бойынша орта есеппен 0,8 п.т., төмендеу 0,7 п.т. құрады.  

Теңгедегі  мерзімдік

  депозиттер  бойынша  орташа  алынған  ең  жоғары  ставка 

Қарағанды  жəне  Қостанай  облыстарында  тиісінше 9,5% жəне 9,4%, ең  төменгі  ставка 

Атырау облысында 2,4% болып тіркелді. 



Шетел  валютасындағы

  депозиттер  бойынша  ставкалардың  төмендеуі  орташа 

алғанда 0,5 п.т болып байқалды, оның ішінде неғұрлым төмендеу Ақтөбе облысында 1,4 

п.т болып байқалды.  



Шетел валютасындағы мерзімдік

 депозиттер бойынша орташа алынған ең жоғары 

ставка  Қарағанды  облысында  тиісінше 7,4%, ең  төменгі  ставка  Шығыс  Қазақстан  жəне 

Атырау облыстарында 2,6% болып тіркелді. 

Салымшы  түрі  бойынша  депозит  базасын  қарау  кезінде  көптеген  облыстарда 

тартылған депозиттердің едəуір бөлігі бұрынғыша алғанда жеке тұлғаларға тиесілі болды 

(74,2%).  Депозиттердің  халықтың  жан  басына  шаққандағы  көлемінің  динамикасы 1-

кестеде келтірілді.  

 


 

27

1-кесте 



Депозиттердің халықтың жан басына шаққандағы көлемі* 

(резидент еместердің ағымдағы шоттарын жəне шоттарын есептемеген) 

 

2006 жылғы 1 қаңтар 2006 



жылғы 1 сəуірге 

 

 



Облыстар 

халық 


салы-

мының 


жалпы 

көлемі 


(млн. 

теңге) 


халық 

(мың 


адам) 

халықтың 

жан басы-

на шақ-


қанда 

(мың 


теңге) 

халық 


салы-

мының 


жалпы 

көлемі 


(млн. 

теңге) 


халық 

(мың 


адам) 

халықтың 

жан басы-

на шақ-


қанда 

(мың 


теңге) 

Ақмола 8018 

746,7

10,7

8376 747,2



11,2

Ақтөбе  


22513 

686,9


32,8

50348 689



73,1

Алматы 4842 

1604,2

3,0

6830 1605,8



4,3

Атырау 12013 

472,2

25,4

14151 474,2



29,8

Шығыс Қазақстан 37292 

1430,9

26,1

42539 1429,7



29,8

Жамбыл 8346 

1001

8,3

9252 1002,6



9,2

Батыс Қазақстан 14789 

609,2

24,3

16429 610



26,9

Қарағанды 69250 

1334,3

51,9

84914 1335,8



63,6

Қостанай 26376 

903,1

29,2

22576 902,5



25,0

Қызылорда 5955 

618,1

9,6

5599 620,1



9,0

Маңғыстау 14607 

374,6

39,0

16811 378,3



44,4

Павлодар 20588 

742,7

27,7

23859 743,7



32,1

Солтүстік 

Қазақстан 

11649 662,9



17,6

12162 662,2



18,4

Оңтүстік Қазақстан 14141 2233,3



6,3

14562 2245,3



6,5

Алматы қ. 568425 

1247,4

455,7

621928 1257,5



494,6

Астана қ. 88590 

550,2

161,0

136294 555,1



245,5

* Зерттеу жəне статистика департаментінің есептері бойынша 

 

Кестені негізге ала отырып, халықтың жан басына шаққанда депозиттер көлемінің 



ең жоғары көрсеткіші 2006 жылғы 1 сəуірде Алматы жəне Астана қалаларында тиісінше 

494,6 мың теңге жəне 245,5 мың теңге болып тіркелді. Алматы жəне Оңтүстік Қазақстан 

облыстарында  осы  көрсеткіш  ең  төмен – 4,3 мың  теңге  жəне 6,5 мың  теңге.  Ең  жоғары 

жəне  төмен  көрсеткіштерді  халықтың  жан  басына  шаққанда  облыстар  бойынша 2006 

жылғы 1 тоқсанда өзгерген жоқ. 

 

Кредит нарығы  

2006  жылғы 1 тоқсанда  кредиттеу  көлемінің  ұлғаю  үрдісі  байқалды.  Кредиттер 

бойынша негізгі борыштың неғұрлым көп ұлғаюы Алматы облысында 37,3%, неғұрлым аз 

ұлғаюы Алматы қаласында 3,4% болды. 

Ұлттық валютадағы кредиттердің үлесін бөлу есепті кезеңде былайша қалыптасты. 

Ұлттық  валютадағы  кредиттердің  неғұрлым  көп  үлес  салмағы  Қарағанды  жəне  Алматы 



 

28

облыстарында  (тиісінше 71,8% жəне 76,7%), неғұрлым  аз  үлес  салмағы  Оңтүстік 



Қазақстан облысында жəне Алматы қаласында (тиісінше 44,4% жəне 44,9%) тіркеледі. 

Кредиттеу  мерзімдері  бойынша  кредиттер  құрылымында  ұзақ  мерзімді  кредиттер 

бойынша қарқындап өсу байқалды. Нəтижесінде барлық аймақтар бойынша ұзақ мерзімді 

кредиттердің үлес салмағы 70% асты жəне оның ең төменгі мəні Маңғыстау облысында – 

84% жəне Атырау облысында – 83% болып қалыптасты.  

Теңгедегі  кредиттер  бойынша  ең  төменгі  ставкалар  Алматы  қаласында 13,5%, ең 

жоғары  ставкалар  Алматы  облысында 20,2%, Жамбыл  жəне  Ақмола  облыстарында 20% 

болып тіркелді. 

Шетел  валютасындағы  кредиттер  бойынша  ең  төменгі  ставкалар  Маңғыстау 

облысында 13% болып тіркелді.  

Кредиттердің едəуір бөлігі бұрынғыша сауда саласына бағытталды: қысқа мерзімді 

кредиттер  бойынша  олардың  үлесі 60,8%, ұзақ  мерзімді  кредиттер  бойынша 73,6%, 

сондай-ақ  өнеркəсіп,  құрылыс,  ауылшаруашылығы  жəне  көлік  пен  байланыс  қызметі 

алады. 


Есептік  кезеңде  банктердің  шағын  кəсіпкерлік  субъектілерін  кредиттеудің  өсу 

үрдісі  Қазақстанның  барлық  аймағында  жалғасты.  Тұтастай  алғанда  шағын  бизнеске 

берілген  кредиттер  көлемінің  неғұрлым  ұлғаюы  Алматы  облысында 31,7% жəне 

Қызылорда облысында 21,4% болып байқалды. 

 

Қолма-қол ақша айналысы  

Қазақстанның  барлық  облысында  дерлік 2006 жылғы 1 тоқсанда  қолма-қол  ақша 

эмиссиясы көлемінің ұлғаюы байқалды. Ұлғаю тұтастай алғанда барлық аймақ бойынша 

3,7% – 60% дейінгі аралықта болды. Осындай жағдай еңбекке ақы төлеудің көтерілуімен, 

халық  табысының  ұлғаюымен  түсіндіріледі.  Сонымен  қатар  шаруашылық  жүргізуші 

субъектілердің  қажеттілігі  өсуде,  өнеркəсіп  өнімін  шығару  біртіндеп  ұлғаюда,  бөлшек 

тауар  айналымы  ұлғаюда,  сондай-ақ  кейбір  облыстардың  республикалық  бюджеттен 

ресми трансферттер алумен түсіндіріледі. 

Тауар  жəне  қызмет  көрсету  нарықтарының  қатысушылары  арасында  есеп 

айырудың негізгі үлесі қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады (орта, шағын кəсіпорындар 

жəне  жеке  кəсіпкерлер),  бұл  бюджетке  аударымдарды  қысқарту  мақсатында  кірістерді 

жасыру  əдістерінің  бірі  болып  табылады.  Бұл  өз  кезегінде  айналыстағы  қолма-қол  ақша 

көлемінің  ұлғаюына  себепші  болады.  Сондай-ақ  нашар  дамыған  қолма-қол  ақшамен 

жасалмайтын  есеп  айырысу  жүйесін  атап  өту  қажет,  мұны  төлем  карточкалары  сатып 

алынған тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысу үшін емес, негізінен қолма-қол ақша 

алу  үшін  ғана  қызмет  атқаратын  факт  растайды.  Осындай  жағдай  Қазақстанның  барлық 

облыстарында дерлік қалыптасқан. 

 

Шетел валютасымен айырбастау операциялары 

Қазақстанның  барлық  аймағында  дерлік 

АҚШ  долларын

  сатып  алу  көлемінің 

төмендеуі  байқалады.  Неғұрлым  төмендеу  Батыс  Қазақстан  облысында 24,7% болып 

байқалды. Бұл ретте көтерілу Маңғыстау облысында 22,1% болды. Доллар сату бойынша 

операциялар  көлемі  барлық  облыста  дерлік  орташа  алғанда 45,5% төмендеді,  неғұрлым 

төмендеу Батыс Қазақстан облысында 62,1% байқалды. 



Еуро

  бойынша  сатып  алу  көлемі  орташа  алғанда 37,2% төмендегені  байқалды. 

Сатып  алу  көлемінің  неғұрлым  төмендеуі  Алматы  облысында 54,4%, ұлғаю  орташа 

алғанда 5,6% болды.  Еуро  сату  бойынша  неғұрлым  өсу  Астана  қаласында 24,4%, 

неғұрлым төмендеу Ақмола облысында – 47,5% болды.   

Ресей  рублі

  бойынша  сатып  алу  операциялары  бойынша  төмендеу  барлық 

облыстарда  дерлік  орташа  алғанда 23,4% байқалды.  Сату  операциялары  бойынша 

төмендеу орташа алғанда 3,8% болды.  



 

 

29

 



Əлеуметтік жағдай 

2006  жылғы 1 тоқсанда  бүкіл  республика  бойынша  бір  қызметкерге  шаққанда 

орташа  айлық  жалақының  өсуі  орташа  алғанда  24,6% байқалды.  Есепті  кезеңде 

номиналдық  жалақының  неғұрлым  көп  өсуі  Ақмола  облысында – 32,6% жəне  Қостанай 

облысында – 31,2%, неғұрлым  азы – Атырау  жəне  Маңғыстау  облыстарында  тиісінше 

15,9% жəне 16,1% болды.  

Халықтың  аймақтық  белгі  бойынша  кірісіндегі  айтарлықтай  айырма  бұрынғыша 

сақталуда.  Ең  жоғары  орташа  айлық  жалақы  Атырау  жəне  Маңғыстау  облыстарында 

тиісінше 65,2 мың  теңге  жəне 59,5 мың  теңге,  сондай-ақ  Алматы  жəне  Астана 

қалаларында 52,5 мың  теңге  жəне 53,4 мың  теңге,  ал  ең  төменгі  көрсеткіш  Алматы 

облысында 24,4 мың теңге болды.  

Ең  жоғары  жалақыны  бұрынғыша  кен  өндіру  өнеркəсібінің,  қаржы  саласының, 

жылжымайтын мүлікпен жəне жалдау операциялары бойынша қызмет көрсету саласының, 

құрылыс,  көлік  жəне  байланыс  салаларының  қызметкерлері,  ал  ең  төменгі  жалақыны 

орман шаруашылығы, балық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау жəне 

білім беру салаларының қызметкерлері алады.  

Аймақтар  бойынша  жұмыс  істейтіндер  санының  динамикасы  əр  түрлі  бағытта 

қалыптасты, бұл ретте  жасырын жұмыссыздық негізгі орынды алды. Нəтижесінде ресми 

жұмыссыздықтың  ең  жоғары  деңгейі 2006 жылғы 1 тоқсанда  Қостанай  облысында 59,6 

мың адам, Алматы облысында 58,9 мың адам болды.  

 

Негізгі түйіндер 

• 

2006  жылғы 1 тоқсанда  инфляцияның  жалпы  деңгейін  сипаттайтын  тұтыну 



бағаларының  индексі  облыстық  статистика  басқармаларының  деректері  бойынша 

Алматы  жəне  Астана  қалаларында  тиісінше – 104,3% жəне 104,1% неғұрлым 

жоғары  болып  қалыптасты.  Аталған  облыстарда  бағалар  индексінің  көтерілуі 

негізінен  тұтыну  тауарлары  бағаларының  өсуі  есебінен  болды.  Тұтыну 

бағаларының индексі Алматы жəне Шығыс Қазақстан облыстарында төмен болды 

жəне əрбір облыс бойынша тиісінше – 102,5% жəне 102,6% құрады. 

• 

2006  жылғы 1 тоқсанда  ең  төменгі  күнкөріс  шамасы  республиканың  барлық 



облыстарында  орташа  алғанда 2039 теңгеге  көтерілді.  Ең  төменгі  күнкөріс 

шамасының  көрсеткіші  бұрынғыша  Атырау,  Маңғыстау  облыстарында  жəне 

Алматы қаласында неғұрлым жоғары, тиісінше – 10237 теңге, 9974 теңге жəне 9802 

теңге  жəне  Оңтүстік  Қазақстан  облысында 7208 теңге  жəне  Жамбыл  облысында 

7380 теңге төмен болды.  

• 

Өндірістің ұлғаюы бұрынғыша негізінен мал шаруашылығының жиынтық өнімінің 



өсуіне:  сүт  сауудың,  ет,  жұмыртқа  өндірудің  ұлғаюына  байланысты  болды.  Ауыл 

шаруашылығының  негізгі  өндірушілері  шаруа  қожалықтары  болып  табылады: 

олардың үлесіне барлық өнім көлемінің 90% келеді.  

• 

Депозит нарығының 2006 жылғы 1 тоқсандағы дамуы көптеген облыста депозиттер 



көлемінің ұлғаюы үрдісімен сипатталды. Депозиттер көлемінің неғұрлым өсуі 2006 

жылғы 1 тоқсанда  Ақтөбе  облысында 83% жəне  Астана  қаласында 53,8% болды. 

Депозиттер көлемінің төмендеуі Қостанай облысында 14,4% болып байқалды. 

• 

2006  жылғы 1 тоқсанда  бүкіл  республика  бойынша  бір  қызметкерге  шаққанда 



орташа  айлық  жалақының  өсуі  орташа  алғанда 24,6% болды.  Номиналдық 

жалақының  есепті  кезеңдегі  неғұрлым  өсуі  Ақмола  облысында 32,6% жəне 

Қостанай  облысында 31,2%, ең  төменгі  өсуі  Атырау  жəне  Маңғыстау 

облыстарында тиісінше 15,9% жəне 16,1% болды.  

 

Республика  бойынша  жалпы  экономикалық  ахуал 2006 жылғы 1 тоқсанда 

экономиканың  нақты  секторындағы  өндіріс  көлемінің  тұрақты  өсу  қарқынымен 


 

30

сипатталды, оған экономиканың дамуы үшін қалыптасып отырған қолайлы жағдайлар 



жəне  республикадағы  экономикалық  ахуалды  тұрақтандыруға  бағытталған  бірқатар 

шараларды іске асыру мүмкіндік жасады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

31

ЭКОНОМИКА ЖƏНЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ: АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕР 



 

АСТАНАНЫҢ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША АЙНАЛЫМЫ 

Сейфуллин М.Х., ҚРҰБ Орталық филиалының директоры (Астана қаласы) 

 

Астана  астана  мəртебесін  алған  кезден  бастап  қала  банктерінің  кассалық 

айналымдары  кіріс  бойынша,  сондай-ақ  шығыс  бойынша  да  жылдан  жылға  өсіп  келеді. 

Бірінші  кезекте  осы  көрсеткіштің  өсуіне  басқа  да  факторлардың  маңызы  зор 

болғанымен, аймақтың əлеуметтік-экономикалық дамуы жоғары қарқынға ие болды.   

 

Ұлттық Банктің маңызды функцияларының бірі міндеттердің кең аясын көрсететін 



ұлттық  валютаның  эмиссиясы  болып  табылады,  олардың  бір  бөлігі  Ұлттық  Банктің 

филиалдарына жүктелген, атап айтқанда: қолма-қол ақша аймақтарының қажеттіліктерін 

уақтылы қанағаттандыру, тозған жəне айналыстан алынған банкноталарды қайта есептеу 

жəне  оларды  жоюға  жіберу,  айналыстағы  қолма-қол  ақшаның  тозу  дəрежесін  бақылау, 

бүлінген жəне күмəнді ақша белгілеріне сараптама жүргізу жəне басқалары.  

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметінің қолма-қол ақша айналысын 

реттеу  саласындағы  негізгі  бағытын  ұстана  отырып,  Орталық  филиал  экономика 

субъектілерінің ұлттық валютаның ақша белгілеріне қажеттіліктерін уақтылы жəне толық 

қанағаттандырады.  Астана  қаласы  қолма-қол  ақша  эмиссиясының  жоғары  деңгейіндегі 

аймақтардың  бірі  болып  табылады.  Астанада  эмиссияның  өсуіне  қолма-қол  ақшаның 

Қазақстанның  басқа  аймақтарына  көшуі,  Астана  қаласын  мемлекеттік  дамыту 

бағдарламаларын  іске  асыру,  басқа  аймақтармен  салыстырғанда  жалақының 

салыстырмалы  жоғары  деңгейі  сияқты  факторлар  айрықша  ықпал  етеді.  Осы 

факторлардың  барлығы  екінші  деңгейдегі  банктердің  касса  айналымдарының  өсуіне 

ықпал ете отырып, соңғы бірнеше жылдар бойы өзгеріссіз қалып отыр.  

2005  жылы 2004 жылмен  салыстырғанда  Астана  қаласы  банктерінің  касса 

айналымдары кіріс бойынша 53,0%, шығыс бойынша - 47,1% өсті.

 

Банктерге түсімдердің



 

негізгі  үлесін (1-сурет)  тауарларды,  жұмысты  жəне  қызмет  көрсетуді  сатудан  түскен 

түсімдер құрайды, оған 32% тиесілі. Түсімдер өсімінің қарқыны 2005 жылы 2004 жылмен 

салыстырғанда 51,6% болды.  Шығыс  бөлігінде (2-сурет)  тауарларға,  жұмысқа  жəне 

қызмет  көрсетуге  беру  басым  болды,  мұнда  өсім  қарқыны 29,1% болды.  Осы  баптар 

бойынша  айналымның  көбеюі    азық-түлік  өнімдерін  жəне  халық  тұтыну  тауарларын 

қолма-қол  есеп  айырысумен  сату  көлемінің  өсуі  дəлел  болады,  бұған  астана  халқына 

қызмет көрсету саласының дамуы  жəне төлем қабілетінің артуы үлкен дəрежеде себепші 

болды. 

 Қолма-қол  ақша  айналымында  елеулі  көлемге  валюта  операциясына  жəне 



депозиттік шоттарға түсімдер жəне ақша беру  сəйкес келеді (1 жəне 2-сурет). Егер 2004 

жылы  валюта  операциясына  түсімдер  жəне  ақша  беру  үлесі  бойынша  депозиттік  шотқа 

түсімдер мен ақша беруден басым болса, ал 2005 жылы керісінше болғаны байқалды, бұл 

теңге позициясының шетелдік жетекші валюталарға, негізінен, АҚШ долларына қатысты 

нығаюына  жəне  республиканың  банк  жүйесіне  халық  сенімінің  өсуіне  байланысты. 

Депозиттік шотқа түскен түсімдерге қатысты салымдардың жалпы  көлемі 2006 жылғы 1 

қаңтарда  өткен  жылдың  осы  кезеңімен  салыстырғанда 9,5% өсті.  Ұлттық  валютамен 

депозиттердің үлесі салымдардың жалпы сомасында 17% көбейіп, 52,5% болды.  

Банктердің  касса  айналымының  оның  жалпы  көлемінің 13,6% алатын  шығыс 

бөлігінің бір бабы банкоматтарды нығайтуға арналған ақша беру болып табылады. Өткен 

жылы  осы  бап  бойынша  өсімнің  қарқыны 52,7% болды,  бұл  төлем  карточкаларын 

пайдаланушылар  санының  көптеп  өсуіне  жəне  банкомат  желілерінің  кеңеюіне 

байланысты.  Қала  банктері 230,0 мың  төлем  карточкаларын  сатты,  оларды  ұстаушылар 

саны 218,7 мың адам болды. Астана 1 төлем карточкасына сəйкес келетін халық санына 



 

32

қатынасы  бойынша  барынша  қолайлы  ахуал  қалыптасқан  Қазақстанның  аздаған 



аймақтарының  бірі  болып  табылады.  Астананың  екі  тұрғынына  бір  төлем  карточкасы 

тиесілі.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет