1-сурет
Астананың қолма-қол ақша айналымының 2005 жылғы кіріс бөлігі
салымдар бойынша
шот?а т?сімдер
10%
валютаны сатудан
16%
тауарлар?а, ?ызмет
к?рсетуге ж?не
орындал?ан ж?мыс?а
сатудан
32%
бас?а т?сімдер
39%
банкоматтардан
алын?ан ?олма-?ол
а?ша т?сімдері
3%
2-сурет
Астананың қолма-қол ақша айналымының 2005 жылғы шығыс бөлігі
бас?а шы?ыстар
38%
тауарлар?а, ?ызмет
к?рсетуге ж?не
орындал?ан ж?мыс?а
а?ы т?леуге
31%
е?бека?ы т?леуге
6%
зейнета?ылар ж?не
ж?рдема?ылар
т?леуге
2%
депозиттер
бойынша т?лемдер
10%
банкоматтарды
ны?айту ?шін
13%
Қолма-қол ақша берудің жалпы көлемінде неғұрлым көбею – 2,7 есе, несие беру
бойынша байқалды. Бұл ретте қала экономикасындағы банктердің кредиттері бойынша
борыш сомасы 2005 жылдың аяғында өткен кезеңмен салыстырғанда 84,3% ұлғайды.
Жоғарыда атап өткендей, Астана барынша ірі номиналды қолма-қол ақшаның
Қазақстанның оңтүстік аймақтарына көшуге негізделген эмиссияның жоғары деңгейі бар
аймақтардың бірі болып табылады. Ірі номиналды қолма-қол ақша тапшылығынан
туындайтын проблема, əсіресе, банкоматтардың жұмысында айқын көрінеді. Қаланың
мəртебесіне негізделген жоғары жалақы деңгейіне байланысты банкоматтарды ұсақ
33
купюралармен толтыру кезінде банкоматтарды іске қосудың жиынтық лимиті
шыдамайды, іске қосу циклының қысқаруынан олардың жұмысында үнемі іркіліс
туындайды, ал бұл өз кезегінде, халықтың тарапынан наразылық туындатады.
Астана қаласындағы банктердің кассаларындағы номиналы ірі монеталардың
артық болуы осындай мəселелерге жатады. Бүгінгі күні оған деген қажеттілік 100%
қанағаттандырылғанына қарамастан, банктер нығайтудың жалпы сомасынан кемінде 4-
5% мөлшерде осындай монетамен нығайтылады.
Осылайша, астананың қолма-қол ақша айналымының өсуі экономиканың өсуіне,
қала халқының көбеюіне жəне еңбекақы төлеу деңгейінің артуына байланысты, мұның
өзі тауарларды, жұмысты жəне қызмет көрсетуді сату көлемінің өсуіне тікелей ықпал
етеді. Мысалы, қаланың өткен жылғы экономикасы 9,7% өсті, Астана тұрғынының
орташа айлық номиналды жалақысы - 21,6% (нақты көрсетуде – 13,5%), бөлшек тауар
айналымы салыстырмалы бағамен 15,8% ұлғайды. Қолма-қол ақша айналымында, əрине,
ақшаның елдің басқа аймақтарына көшуі маңызды рөл атқарады.
Алайда, Ұлттық Банк қызметінің қолма-қол ақша айналысын реттеу саласындағы негізгі
бағытын қолдана отырып, Орталық филиал экономика субъектілерінің ұлттық
валютаның талап етілетін саны мен сападағы ақша белгілеріне қажеттіліктерін
уақтылы жəне толық қанағаттандыруға тырысады.
34
ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ ТƏЖІРИБЕСІ
Дүниежүзілік банк. Қазақстан Республикасымен əріптестік стратегиясы
Күмісбеков К.Б.
«ҚР Ұлттық Банкі» ММ Жамбыл филиалының экономикалық талдау жəне статистика
бөлімінің жетекші маманы-экономисінің міндетін атқарушы
Дүниежүзілік Банк 180-нен астам мемлекетке, байларға жəне кедейлерге тиесілі
халықаралық ұйым, ол 1944 жылы құрылды жəне екінші дүниежүзілік соғыстың
салдарын жоюмен айналысты. Одан əрі оның қызметі əлемнің, əсіресе, неғұрлым аз
дамыған елдердің ресурстарын жəне өндірістік қуаттылықтарын дамытуға
бағытталды.
Дүниежүзілік Банк тұрақты экономикалық өсу мен дамуға ықпал ету арқылы
кедейшілік деңгейін төмендетуді жəне халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды алдына
мақсат етіп қояды. Банк заемдар береді, техникалық көмек көрсетеді жəне дамушы
елдерге осы мақсатқа жету жолында көмектесуге арналған саясаттың негізін қалайтын
қағидаттарын əзірлейді. Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы Тобы Халықаралық қайта
құру жəне даму банкі (ХҚДБ), Халықаралық даму қауымдастығы (ХДҚ), Инвестицияларға
кепілдік беру жөніндегі көпжақты агенттік (ИККА), Инвестициялық дауларды реттеу
жөніндегі халықаралық орталық (ИДРХО) жəне Халықаралық қаржы корпорациясы
(ХҚК) арқылы жұмыс атқаруда. Қазақстан ХҚДБ, ХДҚ, ИККА, ИДРХО 1992 жылғы
шілдеде жəне Халықаралық қаржы корпорациясына 1993 жылғы қыркүйекте мүше болды.
Дүниежүзілік Банктің Тобы коммерциялық емес ұйымдық құрылым, Қазақстандағы
сыртқы қаржыландырудың ірі көздерінің біреуі болып табылады.
Қазақстандағы реформалардың жалпы мақсатына сəйкес Дүниежүзілік Банк
тобының көмек стратегиясы мынадай бағыттардағы дамуға арналған:
1. Нарықтық экономикаға өту жағдайларында құқықтық жəне институционалдық
базаны жетілдіруді жəне өтуді жеңілдету үшін қажетті физикалық инфрақұрылымды қоса
алғанда экономикалық өсуге жəрдемдесу.
2. Өтпелі кезеңге тəн қайыршылық деңгейін төмендету үшін əлеуметтік қызмет
көрсетуді ұсыну мен қаржыландыруды оңтайландыруды қоса алғанда əлеуметтік
қамтамасыз ету жүйесін нығайту.
Дүниежүзілік Банк саясат туралы диалогты қолдау үшін, сондай-ақ кредиттеуге
байланысты оның қызметі базасын қамтамасыз ету үшін макроэкономикалық жəне
салалық мəселелер бойынша талдау жұмыстарын жүргізеді. Қазақстанда Дүниежүзілік
Банк ұсынатын заемдардың ішінде мыналарды атауға болады:
1.
Іске асыру сатысындағы құрылымдық заемдар (əкімшілік реформаларға,
бюджетті қалыптастыру жəне мемлекеттік инвестицияларды жоспарлау барысы
реформаларына, зейнеткерлік реформасын қолдауға арналған заемдар).
2.
Іске асыру сатысындағы инвестициялық заемдар (техникалық көмек жобасы,
мұнайгаз секторына техникалық көмек жобасы, кəсіпорындарды жəне қаржы секторын
дамыту жобасы, əлеуметтік қорғау жобасы, жерді суландыруды жəне жерді құрғатуды
жетілдіру бойынша жоба, Өзен мұнайгаз кен орнын сауықтыру бойынша жоба,
қазынашылықты түрлендіру жобасы, Қызылорда қаласында сумен жабдықтау бойынша
пилоттық жоба, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу жобасы, ауыл шаруашылығын
жекешелендіргеннен кейін қолдау жобасы, жол саласын жетілдіру жобасы).
3.
Дайындық сатысындағы заемдар (денсаулық сақтау саласын реформалау
жобасы, құқықтық реформа жобасы, Атырау қаласында сумен жабдықтау бойынша
пилоттық жоба, əлеуметтік қорғау реформасын қолдау жəне т.б.).
35
Жоғарыда аталған жобалар мен операциялық қызметтің түрлерінен басқа, оларға
қосымша ретінде Дүниежүзілік Банк
Аз гранттар бағдарламасы
(АГБ) бойынша
үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын қаржылай қолдауды жүзеге асырады. Гранттар
семинарлар, конференциялар, арнайы жарияланымдар, аудиовизуальді материалдар жəне
шағын ұйымдарды əдетте қаржыландыру қиын болатын басқа да жаңашылдық жүйелік іс-
шаралар сияқты қызметтің ақпараттық түрлері үшін беріледі. Гранттар қайыршылық
деңгейін, қоршаған ортаның ластануын төмендету, адам ресурстарын дамыту жəне жеке
секторды дамыту сияқты əлеуметтік экономикалық даму мəселелеріне назар аударады.
Дүниежүзілік Банк үкіметтік емес ұйымдарға тікелей қаржылай көмек көрсетпеуіне
қарамастан, соның өзінде олардың Дүниежүзілік Банк қаржыландыратын жобаларға
қатысуын қолдайды. Үкіметтік емес ұйымдар мынадай бағыттар бойынша Дүниежүзілік
Банкпен ынтымақтастықта болады:
-
экономикалық саясат мəселелері бойынша консультация, қоса қаржыландыруға
үлес қосу;
-
жобаларды əзірлеуге, жүзеге асыруға, мониторингіне жəне бағалауға көмек.
Үкіметтік емес ұйымдар қатысатын жобалар ауқымы ауыл шаруашылығын жəне
ауылдың, елді мекендердің, денсаулық сақтаудың дамуын, қоғамдық тамақтануды,
қоршаған ортаны қорғауды, əйелдерге қатысты мəселелерді жəне олардың мүмкіндіктерін,
сумен жабдықтау, жерді суландыру мен қала тұрмысын дамытуды қамтиды. Дүниежүзілік
Банк өздерінің заемдарын пайдалану үшін, сондай-ақ қажетті тауарлар мен қызмет
көрсетуді сатып алуды қоса алғанда қаржыландыруға өзі көмектесетін жобалардың іске
асырылуына бақылау жүргізуге арналған ережені əзірледі.
Дүниежүзілік Банк мыналарды сатып алуды жүргізудегі оның саясатын
айқындайтын 5 негізгі мақсатты көздейді:
1.
жобалар үшін қажетті тауарлар мен қызметті сатып алу кезінде құралдарды
үнемдеу мен тиімділігіне тиісті назар аударылуын қамтамасыз ету;
2.
заем қаражаты жобаларды орындау үшін қажетті тауарлар мен қызметті ғана
сатып алу үшін пайдалануын қамтамасыз ету;
3.
Дүниежүзілік Банк қаржыландыратын келісім-шарттар жасау құқығы үшін
бəсекеге Дүниежүзілік Банкке мүше елдердің ішінен тендерге қатысуға құқығы бар
барлық қатысушыларына тең мүмкіндіктер беру;
4.
заем алушы елдердегі жергілікті мердігерлердің жəне өндірушілердің дамуына
жəрдемдесу;
5. сатып алу процесінің айқындылығын қамтамасыз ету.
Халықаралық қайта құру жəне даму банкі (ХҚДБ).
1945 жылы негізі қаланды. Орналасқан жері - Вашингтон. Банк қатысушыларының
санына 182 ел кіреді.
Негізгі мақсаттары:
- мүше елдерге оларға ұзақ мерзімді заемдар мен кредиттер беру арқылы
экономикасының дамуына жəрдемдесу;
- кепілдік беру немесе заемдарға жəне жеке кредиторлардың басқа да
инвестицияларына қатысу арқылы шетелдік инвестициялауды көтермелеу;
- халықаралық сауданың ұзақ уақыт бойы теңгерімді өсуін ынталандыру, мүше
елдердің төлем баланстарының теңгерімділігін қолдау.
Қаржылық ресурстарды қалыптастырудың көздері жарғылық капитал; заем құралдары;
қарызды өтеу шотына төлемдер болып табылады
Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК).
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру процесін жылдамдату жəне «үшінші əлем»
елдерінде жеке кəсіпкерлікті ынталандыру мақсатында 1956 жылы Халықаралық қаржы
корпорациясы құрылды, ол 1957 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) мамандандырылған
мекемесі мəртебесін алды. ХҚК Халықаралық қайта құру жəне даму банкінің (ХҚДБ)
36
дамушы елдердегі жеке кəсіпкерлікті ынталандыру бойынша мүмкіндіктерін кеңейтуге
арналған.
Қазақстан 1993 жылғы қыркүйекте Халықаралық қаржы корпорациясының мүшесі
болғанына қарамастан, ХҚК-ның қызметі бұрынырақ,1992 жылғы қазанда елге бірінші
миссия келген кезде басталды. Дүниежүзілік Банктің тобы шеңберінде ХҚК жеке
сектормен жасалатын жұмысқа жауап береді жəне осы ұйымның ролі жеке секторға
инвестицияларды қаржыландыру арқылы жеке секторды дамытуға, халықаралық қаржы
нарықтарындағы капиталды жұмылдыруға жердемдесу жəне үкімет пен жеке
құрылымдар үшін техникалық көмек көрсету жəне консультациялар беру болып отыр.
Инвестицияларға кепілдік беру жөніндегі көпжақты агенттік (ИККА).
ХҚДБ-нің 1985 жылы Сеульде өткен сессиясында Инвестицияларға кепілдік беру
жөніндегі көпжақты агенттікті құруға шешім қабылданды. Осы мақсатта ИККА құру
туралы Сеуль конвенциясына қол қойылды. Ұйымның негізгі міндеті заемшы елдерге
жеке капитал инвестицияларына жəрдемдесу болып табылады. ИККА коммерциялық емес
тəуекелдердің мынадай жағдайларында ұзақ мерзімді кепілдік беруді қамтамасыз етуді
көздейді:
1) қабылдайтын ел үкіметінің капитал айырбастауға жəне аударуға шектеулер
енгізуі;
2) қабылдайтын елдің шетел салымшысын инвестицияларға меншік немесе
инвестицияларды бақылау құқығынан айыратын немесе оның пайдасын айтарлықтай
азайтатын заңнамалық немесе əкімшілік шаралары;
3) қабылдайтын елдің мемлекеттік органдарымен жасалған шарттарын бұзуға əкеп
соқтыратын, инвесторға қатысты кемсітушілік сот жəне əкімшілік практикасы;
4) қарулы қақтығыстар жəне азамат соғыстары.
ИККА сондай-ақ өз елдеріне жеке капитал тартуға көмек көрсету мақсатында
үкіметтің консультациялық қызметін ұсынады.
Халықаралық даму қауымдастығы (ХДҚ).
1960 жылғы қарашада өте кедей мүше елдердің қажеттіліктерін қанағаттандыру
мақсатында Халықаралық қайта құру жəне даму банкінің басқа филиалы – Халықаралық
даму қауымдастығы құрылды. ХДҚ – 1961 жылдан бастап БҰҰ-ның мамандандырылған
мекемесі.
ХҚДБ-нің филиалы бола отырып, ХДҚ да Банк сияқты мақсаттар қояды, оның
қызметі жеке капитал салымдары үшін қолайлы жағдайлар жасауға, дамушы елдерге
капитал экспорттауды ынталандыруға, көпжақты жеңіл кредит беруді, əлемнің өте кедей
елдеріне пайызсыз заемдар беруді бақылауды жүзеге асыруға бағытталған. ХҚДБ жəне
ХДҚ қатар жұмыс істейді. Олар бірлесе отырып, бірыңғай штатты пайдаланды, бір
басшылыққа бағынады, бір Президентке есеп береді жəне де жобаларды бағалау кезінде
бірдей стандарттарды пайдаланады. Мемлекет ХДҚ-на мүше болмай тұрып, алдымен
ХҚДБ-не мүше болу қажет.
Қазақстан Республикасымен əріптестік стратегиясы.
Дүниежүзілік Банк Қазақстан Республикасы Үкіметінің өтініші бойынша
жобаларды əзірлейді жəне қаржыландырады. Жобаны жəне заем талаптарын бағалағаннан
кейін, келіссөздер жүргізіледі, Директорлар кеңесі бекітеді жəне қол қояды. Заем
Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткеннен кейін күшіне енеді.
1992
жылғы шілдеден бастап Дүниежүзілік Банк Қазақстанда жалпы сомасы 2
миллиард АҚШ долларына 26 операцияны қаржыландырды. Бұған 6 құрылымдық заем
(1,270 млн. АҚШ доллары), 18 инвестициялық жоба (692,7 млн. АҚШ доллары) жəне
Жаһандық экологиялық қордың гранттары (5,27 млн. АҚШ доллары) кіреді. Осы 26
операцияның 2003 жылғы 31 желтоқсанда 16 операциясы аяқталды. Оның үстіне, қазіргі
уақытта 5 жаңа жоба дайындық сатысында тұр.
37
Банктің ағымдағы кредиттік портфелі негізінен, ауыл шаруашылығына, қоршаған
ортаны қорғауға жəне инфрақұрылымға бағытталған. Қазіргі таңда мынадай он жоба іске
асырылу сатысында тұр:
1.
Сырдария өзені мен атырауларын Арал теңізінің Солтүстік бөлігі бақылау
бойынша жоба
(2001–2007 жылдар, 64,5 млн. АҚШ доллары) Сырдария өзені
бассейінінде ауыл шаруашылығы өндірісін жəне балық аулауды сақтау жəне Арал
теңізінің солтүстік бөлігінде экологиялық жəне табиғи жағдайларды қалпына келтіру
міндетін қойып отыр.
2.
Өзен мұнайгаз кен орнын оңалту жобасы
(1996–2005 жылдар, 109 млн. АҚШ
доллары) «ӨзенМұнайГаз» ЖАҚ қайта құрылымдауға жəрдемдесуге, компанияның
басқару əлуетін жəне табиғатты қорғау мониторингін нығайтуға бағытталған.
3.
жол саласын жетілдіру жобасы
(1998–2004 жылдар, 100 млн. АҚШ доллары)
қолданылып жүрген нормалар мен стандарттарды сақтай отырып, жол учаскелерін
ішінара қалпына келтіру, ағымдағы жөндеу ауқымын кеңейту арқылы жолдар мен жол
көліктерін тиімді пайдалануды жақсартуға бағытталған.
4.
электр беру желілерін оңалту жобасы
(1999–2005 жылдар, 140 млн. АҚШ доллары)
Ұлттық электр желілерін басқару компаниясын (КЕГОК) нығайтуды, энергиямен
жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыруды, электр энергиясы бəсекелестік
нарығын қалыптастыруды жоспарлап отыр.
5.
Нұра өзенін сынаптан тазарту
жобасы (2003-2009 жылдар, 40.4 млн. АҚШ доллары),
су сапасын басқаруды арттыруға бағытталған.
6.
ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау – 2 кезеңі
(2004-2009
жылдар, 35 млн. АҚШ доллары) ауылда фермерлерді, шағын жəне орта ауыл
шаруашылығы кəсіпкерлерін қаржылық қызмет көрсетумен қамтуды ұлғайтуға
бағытталған.
7.
ауыл шаруашылығының бəсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы
(2005-2010
жылдар, 24 млн. АҚШ доллары), Қазақстанда нарыққа жəне білімге қол жеткізуді
ынталандыру арқылы ауыл шаруашылығының бəсекеге қабілеттілігін арттыруға
бағытталған.
8.
қуаң жерлерді басқару жөніндегі жоба
(2003-2009 жылдар, 9,7 млн. АҚШ доллары,
Жаһандық экологиялық қор гранты) Қарағанды облысының Шет ауданының пилоттық
аумағында маргиналды құрғақ экожүйені тұрақты пайдалануды ынталандыруға
бағытталған.
9.
ормандарды қалпына келтіру жəне Қазақстан аумағындағы орманды жерлерді
көбейту жобасы
(2005-2012 жылдар, 30 млн. АҚШ доллары, бірлесе қаржыландыру –
Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) гранты, 5 млн. АҚШ доллары), Ертіс
маңындағы қарағайлы ормандарға, Арал теңізінің кеуіп қалған түбіне жəне сексеуіл
екпе ағаштарына ерекше көңіл бөле отырып, қоршаған ортаның сапасын жəне
ормандарды жəне оларға жақын жайылым ресурстарын басқаруды экономикалық
мақсатқа сай жəне тұрақты қалпына келтіруге көмек көрсетуге бағытталған.
10.
Солтүстік-Оңтүстік электр беру желісі құрылысының жобасы
(2005-2009 жылдар,
100 млн. АҚШ доллары), басты мақсаты - Қазақстан кəсіпорындары мен халқының
сенімді, экономикалық тиімді жəне жоғары сапалы электр қуатымен жабдықталуын
қамтамасыз ету.
Төменде келтірілген жобалар дайындық сатысында:
1. инновацияны дамыту жəне бəсеке қабілеттілікті дамыту бойынша жоба.
2. кеден қызметін түрлендіру жобасы.
3. Өскемен қаласындағы су қоймасының құрылысы жəне жер асты суларын
ластануының алдын алу.
4. II кезең жерді суландыру жəне жерді дренаждау.
5. суарылатын экожүйелерді басқару жобасы.
38
Дүниежүзілік Банк əрбір екі-үш жыл сайын клиент елмен ынтымақтастық үшін
басшылыққа алынатын жұмыс жоспарын əзірлейді. Əдетте, осындай жұмыс жоспары
«Елге көмек стратегиясы» немесе ЕКС деп аталатын құжатта жазылады. Қазақстан
экономикасындағы жағымды өзгерістерге байланысты Банк «елге көмек» дегеннен «елмен
əріптестік» дегенге ауысты. Сондықтан Дүниежүзілік Банк пен Қазақстан
Республикасының Үкіметі 2004 – 2007 жылдарға арналған Əріптестік стратегиясын (ƏС)
əзірлеуде жұмыс жасады, бұл Қазақстан Республикасы Үкіметіне 2004-2006 жылдарға
арналған əлеуметтік-экономикалық дамудың индикативтік жоспарын, 2015 жылға
арналған
əлеуметтік-экономикалық
дамудың
орташа
мерзімді
фискальді
тұжырымдамасын жəне мақсатқа жетуді іске асыруда көмек көрсету үшін Дүниежүзілік
Банктің негізгі құралы болып отыр. Бұл үшін ƏС əзірлеу кезінде елдегі экономикалық
ахуал, оның даму басымдылығы жəне экономикалық қызмет нəтижесі ескерілді. Оның
үстіне, ƏС Дүниежүзілік Банктің халықаралық даму институты ретінде өкілеттігін
көрсетеді, сондай-ақ Банк тарапынан қандай үлес қосудың басқа даму институттарымен
жəне қаржыландыру көздерімен салыстырғанда айтарлықтай тиімді екендігін
айқындайды. Жалпы алғанда ƏС Қазақстан экономикасын əртараптандыруды қолдауға
жəне оның бəсеке қабілетін арттыруға бағытталған.
Елдің сыртқы қаржыландырудағы қажеттілігінің төмендеуін ескере отырып,
банктік көмек бағыты неғұрлым мақсатты инвестициялық заемдарға, саяси диалогқа жəне
білім беруге қарай ауысты. Талдама жұмысты жоспарлаудың жəне қаржыландырудың
жаңа тетігі алты миллион АҚШ доллары бюджеті бар
Бірлескен экономикалық
зерттеулер бағдарламасы (БЭЗБ)
болып табылады, бұл бағдарламаны Дүниежүзілік
Банк пен Қазақстан Республикасының Үкіметі
шығыстарды бірлесіп көтеру туралы
келіссөздерге сəйкес бірлесе отырып жүргізеді. БЭЗБ 2002 жылы басталды жəне де өте
жақсы нəтиже көрсетіп отыр. Осы талдама зерттеулер Үкіметтің болжамдарын қолдауға
жəне негізгі стратегиялық аса маңызды салаларда шешімдер қабылдау барысында өте
тиімді болып отыр. Экономикалық зерттеулердің бағыты мен көлемін Үкімет Банкпен
кеңесе отырып жыл сайын айқындайды. Қазіргі таңда БЭЗБ қамтыған тақырыптары: білім
беру мен денсаулық сақтауды дамыту стратегиясы, мемлекеттік шығыстар мен сатып
алуды жүзеге асыру стратегиясы, Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіру, кедейшілікті
талдау, қоршаған ортаға экономикалық өсудің ықпалын азайту, мұнай кірістерін басқару,
инновация мен технологияны ынталандыру жолдары.
Дүниежүзілік Банктің Қазақстанның дамуы бойынша іс-шараларға айтарлықтай
үлесі ел алдында тұрған қиындықтарды талдау жəне зерделеу болып табылады. Бұл
банктің қарыз алу бағдарламасында ғана көрінбейді, сондай-ақ Үкіметпен стратегиялық
мəселелер бойынша диалогтың іргетасын қалайды.
39
ЗАҢНАМАҒА ТҮСІНДІРМЕЛЕР
Достарыңызбен бөлісу: |