Бөлімше Көлемі, бет Ақша-кредит саясатын дамыту


Валюталық реттеудің жаңа бағыт-бағдарлары



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата06.03.2017
өлшемі0,72 Mb.
#8076
1   2   3   4   5   6   7

 

Валюталық реттеудің жаңа бағыт-бағдарлары 

 

Гуменюк Т.Ю., 



Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  

Орталық филиалы директорының орынбасары 

 

Соңғы уақытта ТМД-ге қатысушы кейбір мемлекеттердің валюталық заңнамасы  

мақсаты  валюталық  операциялар  жүргізуге  байланысты  шектеулерді  ішінара  немесе 

толық алып тастау болып табылатын өзгерістерге ұшырауда. Бұдан Қазақстан да тыс 

қалмады,  мұнда  валюта  нарығына  қатысушылардың  қызметін  жеңілдетуге  арналған 

құқықтық шаралар кешені қабылданды. 

Валюталық  операцияларды  жүргізуге  қойылған  шектеулерді  бұдан  əрі  алып 

тастауды  қамтамасыз  ететін  жағдайларды  жасау  жəне  ұлттық  валютаның  толық

 

айырбасталымдылығына



 

көшу    үшін,  Қазақстан  Республикасында 2005-2007 жылдарға 

арналған  валюталық  режимді  ырықтандыру  бағдарламасы  қабылданды.  Көрсетілген 

құжатқа  сəйкес  республикада 2007 жылы  аяқтау  жоспарланып  отырған  валюта  нарығын 

ырықтандырудың кезекті сатысы жүргізіліп жатыр. 

Бағдарламаның  ережелерін  іске  асыру  жəне  қажетті  құқықтық  негізді  құру 

мақсатында  валюта  нарығын  ырықтандырудың  екінші  сатысын  жүзеге  асыру  үшін 

Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу жəне валюталық бақылау туралы» 2005 

жылғы 13 маусымдағы  жаңа  Заңы  қабылданды.  Күшіне  енгізу 2007 жылғы 1 қаңтарға, 

яғни  ырықтандырудың  кезекті  сатысын  аяқтау  сəтіне  белгіленіп  отырған  кейбір 

ережелерін қоспағанда, Заң 2005 жылғы 18 желтоқсаннан бастап күшіне енді. 

Тұтас  алғанда,  жаңа  Заң  валюталық  операцияларды  жүргізуге  қатысты  барлық 

негізгі  нормаларды  жүйеледі.  Құжаттың  негізгі  құрылымы  қолданылуы 2007 жылдан 

кейін  де  сақталатын  шешуші  нормалардан  тұрады.  Бұл  құрылымға  сондай-ақ  ағымдағы 

жəне  күрделі  операциялар  бойынша  валюталық  режим  толық  ырықтандырылғанға  дейін 

қолданылатын уақытша шектеулер мен тыйымдар да кіргізілген. Сонымен, осы Заң оған 

өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етпестен, 2007 жылы ырықтандыруға көшуді 

жүзеге асыруға мүмкіндік береді.  

«Валюталық  реттеу  жəне  валюталық  бақылау  туралы»  жаңа  Заңға  сəйкес 

резиденттер  жəне  резидент  еместер  ретіндегі  жеке  тұлғалардың  Қазақстаннан  қолма-қол 

шетел валютасын алып шығуына қатысты бірдей құқықтары белгіленген. Жеке тұлғалар, 

резиденттер  жəне  резиденттер  еместер,  алып  шығатын  қолма-қол  шетел  валютасының 

шығу тегін растайтын құжаттар ұсынбай-ақ Қазақстан Республикасынан баламасы он мың 

АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын алып шығуға құқылы. 

Заңда  валюталық  шектеулердің  барлық  форматтары  жəне  валюталық  реттеу  мен 

бақылау  режимдері,  атап  айтқанда,  лицензиялау,  тіркеу  жəне  хабарлау  режимдері 

айқындалған.  Жəне  де  аталған  режимдердің  əрқайсысына  олардың  əрбіреуі  бойынша 

операциялар жүргізудің жағдайлары мен талаптарын айқындайтын жеке бап арналған. 

Капитал 

қозғалысына 

байланысты 

жəне 


лицензиялауды 

талап 


ететін 

операциялардың  тізбесі  ағымдағы  жылы  барынша  қысқартылды.  Ал,  келесі 2007 жылы 

капитал

 

операцияларын лицензиялау бойынша талап толық жойылады. Дегенмен, Заңның 

6-бабы  қолма-қол  шетел  валютасымен  есеп  айырысуларға  байланысты  қызметті 

лицензиялауды сақтайды.  

Экспорттық-импорттық  мəмілелер  бойынша  валютаны  шыққан  еліне  қайтарудың 

қолданылып жүрген талабы 2007 жылға дейін сақталып қалды, одан кейін шыққан еліне 

қайтару  талабы  экспорттық  түсімді  немесе  бұрын  тауарлардың  (жұмыстардың,  қызмет 

көрсетулердің)  импорты  үшін  аударылған  авансты  сыртқы  экономикалық  келісім-шарт 



 

40

талаптарында  көзделген  мерзімдерде  резиденттің  қазақстандық  банктердегі  шоттарға 



есепке алынуын қамтамасыз ету міндетін көздейтін болады. 

Заң  енгізген  тұжырымдамалық  жаңалық 2007 жылдан  бастап  валюталық 

операцияларды ағымдағы жəне капитал қозғалысына байланысты операцияларға дəстүрлі 

бөлу  болмайтын  болды.  Бұған  бірқатар  факторлар  себепші  болып  отыр.  Валюталық 

заңнамада  қолданылып  жүрген  бөлу  капитал  қозғалысына  байланысты  операцияларды 

жүргізуге шектеулер бар болғанда немесе енгізілуі мүмкін болғанда мақсатқа сай болып 

табылады  (халықаралық  міндеттемелерге  сəйкес  ағымдағы  операциялар  шектеулерсіз 

жүзеге асырылады). Валюталық режимді ырықтандыру жағдайында шектеулерді уақытша 

сипат  алмауға  тиісті  біртіндеп  жою  көзделгендіктен,  шектеулердің  мақсаты  да  тиісінше 

капитал  операцияларының  барлық  жиынтығын  реттеуге  емес,  нақты  операцияларды 

реттеуге бағытталуы тиіс. Осы қағидатқа көшу валюталық реттеу нормаларын валюталық 

реттеу нормалары толық ырықтандыру жағдайында тек қана капиталдың трансшекаралық 

ағындарын  шынайы  жəне  толық  есепке  алуды  қамтамасыз  етуге  бағытталғанын  ескере 

отырып, төлем балансы жіктеуіне мейлінше дəл сəйкестікке əкелуге мүмкіндік береді. Бұл 

сондай-ақ нақты валюталық операцияларды реттейтін рəсімдерді қолдануды жеңілдетуге 

жəне  валюталық  заңнама  нормаларын  екіұшты  түсіндіруді  болдырмауға    мүмкіндік 

береді. 

Бұдан  басқа,  Заң  мына  қағидатты  бекіте  түседі:  жүзеге  асырылу  тəртібі  Заңмен 

белгіленбеген валюталық операциялар шектеулерсіз жүргізіледі. Сөйтіп, валюта нарығына 

қатысушыларға  осы  заңнамалық  актінің  реттеуге  жататын  валюталық  операциялардың 

толық тізбесі бар бірден-бір акт болып табылатынына кепілдік беріледі. 

Ұзақ  мерзімді  сипаттағы  валюталық  операцияларды  ынталандыру  мақсатында, 

бұрынғы  қолданылып  жүрген  Заңмен  салыстырғанда  тікелей  инвестицияларға  қатысты 

барынша  қолайлы  режимді  қолдану  мақсатында  портфельдік  жəне  тікелей 

инвестицияларды реттеу тəсілдері бөліп қарастырылған. Жаңа Заңның ережелеріне сəйкес 

тікелей  инвестицияларға  тіркеу  режимі  қолданылады,  ал  портфельдік  инвестицияларға 

байланысты операциялар бұрынғыдай  лицензиялануға жатады. 

Шетелдік  банктерде  шоттар  ашуды  ырықтандыруға  қатысты,  Заң  филиалдар  мен 

өкілдіктерді  ұстауға  байланысты  операциялық  шығыстарды  қаржыландыру  үшін 

ашылатын  шетелдік  банктердегі  шоттарды  лицензиялауды  жоюды  көздейді.  Өкілдіктер 

мен  филиалдардың  лицензиясыз  ашылатын  шоттарына  қатысты  осы  шоттар  бойынша 

жүзеге асырылуы мүмкін операциялардың түрлері бойынша талаптар жəне Ұлттық Банкте 

тіркеу талабы енгізілген.  

ТМД-нің кейбір елдерінің заңнамасы құрылтайшының банктегі шотында кəсіпорын 

құру үшін белгілі бір ақша сомасын шоғырландыруды талап етеді. Тиісінше, резидент осы 

мемлекеттерде кəсіпорын құрған кезде Ұлттық банктен шот ашуға лицензия беруді жəне 

қайтадан  инвестицияларды тіркеуді (лицензиялауды) өтінеді. Осыған сүйене отырып, шет 

елде  кəсіпорын  құрған  кезде  заңды  тұлғалардың  уақытша  шот  ашуы  лицензиялаудан 

босатылды.  Бұдан  əрі  кəсіпорын  құру,  яғни  резиденттердің  тікелей  инвестициялары, 

жоғарыда айтылғандай, тіркелуге жататын болады. 

Валюталық  реттеу  жəне  бақылау  жүйесін  оңайлату  мақсатында  лицензиялаудан 

алып тастау жеке тұлғалардың ЭЫДҰ елдерінде ашылатын барлық шоттарына елдің талап 

етілетін ең төменгі рейтингі белгіленбестен қолданылады. Сондай-ақ егер жеке тұлғалар 

уақытша  Қазақстан  Республикасынан  тыс  жерде  жүрсе,  олар  шет  елде  болу  мақсатын 

растамай-ақ  шоттар  аша  алады.  Қазақстан  Республикасына  оралғаннан  кейін  резидент 

жеке тұлғалар шетелдік банктегі шотын жабуға  не лицензия сұрауға міндетті. 

2007  жылдан  бастап  экспорттық-импорттық  операциялар  бойынша  валюталық 

қаражаттың қайтарылуын бақылау схемасы түбегейлі өзгереді. Жүйені жеңілдету Ұлттық 

Банк,  салық  жəне  кеден  органдары  тарапынан  өз құзыреті  шегінде  бақылауды  мейлінше 

тығыз үйлестірумен қоса жүргізіледі. 



 

41

Бұдан  басқа,  Заң  валюталық  мониторинг  тəртібін  енгізуді  ұсынады.  Валюталық 



мониторинг  шетелдік  компаниялардың  филиалдары  мен  өкілдіктерінің  Қазақстанда 

жүргізетін валюталық операциялары туралы қажетті ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл 

ақпарат  елдің  төлем  балансын  жасау  үшін,  сондай-ақ  Дүниежүзілік  сауда  ұйымына  кіру 

аясында  шетелдік  коммерциялық    қатысудың  ауқымдары  мен  бағыттарын  бағалау 

мақсатында қажет.  

Заң  валюталық  бақылау  агенттерінің  функцияларын  қысқартуды  көздейтінін  атап 

айтқан жөн, мұның өзі екінші деңгейдегі банктердің шығынының азаюына жəне олардың 

бəсекелестік қабілетінің артуына себепші болуға тиіс, ал валюталық операциялар жүргізу 

тəртібін  жеңілдету  сыртқы  экономикалық  қызметке  қатысушылардың  əкімшілік 

шығасыларын  төмендетеді  жəне  жанама  түрде  капиталдың  көлеңкелі  түрде  əкетілу 

ауқымын қысқартуға ықпалын тигізеді. 

Жаңа Заңды іске асыру шеңберінде валюталық реттеу жəне бақылау органдарының 

міндеттері  айқын  белгіленген, «тыйым  салынбағанның  бəріне  рұқсат  етілген»  деген 

қағидат  іске  асырылған,  барлық  валюталық  операцияларға  қатысушыларға  валюталық 

реттеу  жəне  валюталық  бақылау  жүйесі  туралы  толық  түсінік  берілген,  Қазақстанда 

валюталық  заңнаманы  одан  əрі  ырықтандырудың  айқын  бағыт-бағдарлары  белгіленген. 

Сонымен,  қазіргі  уақытта  Қазақстанда  жүргізіліп  жатқан  валюталық  заңнаманы 

ырықтандыру  елдер  арасындағы  қарым-қатынасты  одан  əрі  жандандыруға  алғышарт 

жасайды.  

Ескі заңның жаңа редакциясы 2005-2007 жылдарға арналған валюталық режимді 

ырықтандыру бағдарламасын іске асырудың құқықтық негіздерін нығайтатын, сондай-

ақ 2007 жылдан  бастап  ұлттық    валютаның  толық  айырбасталу.  қағидаттарына 

көшуге  үлес  қосатын  Ұлттық  Банктің 2002 жылы  басталған  жұмысының  қисынды 

жалғасына айналып отыр. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

42

ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ПАЙЫМДАУЛАР 



 

ҚР Ұлттық Банкі филиалының имиджін нығайту – 

БҚО-да БАҚ-пен жұмыс істеудің негізгі əдістері 

 

Қалдыбеков Н.С. 



 «ҚР Ұлттық Банкі» ММ БҚФ-ның 

экономикалық талдау жəне статистика бөлімінің 

 маманы-экономисі 

 

 



Қазіргі күнде имидж əлеуметтік негізделген, қоғамдық пікірге белсенді əсер етеді, 

іскерлік  белсенділік  нəтижелеріне  түбірімен  ықпал  етеді.  Имиджге  қатысты  жұмыс 

істеу  жұртшылықпен  байланыс  жөніндегі  қызметтің  негізіне  кіреді.  Жұртшылықпен 

қарым-қатынасты  нығайтудың  жан-жақты,  неғұрлым  ықпалды  жəне  тиімді  құралы 

бұқаралық  ақпарат  құралдарымен  (БАҚ)  жұмыс  жүргізу  болып  табылады.  Осыған 

байланысты  бұл  мақалада  ҚР  Ұлттық  Банкі  Батыс  Қазақстан  филиалының  имиджін 

нығайту мəселелері, сондай-ақ БАҚ-пен өзара іс-əрекеті қарастырылады.  

«ҚР Ұлттық Банкі» ММ-нің БҚФ (филиал) аймақтың жұртшылықпен байланысын 

нығайту  жəне  дамытуға  аса  зор  назар  аударып  отыр,  себебі  тиімді  коммуникациялық 

саясат көбінде ҚР Ұлттық Банкінің беделінің өсуіне жəне имиджінің нығаюына мүмкіндік 

туғызады.  Онымен    облыс  аумағында  мемлекеттік  экономикалық,  ақша-кредит,  валюта 

саясатын,  сондай-ақ  банк  қызметін,  ақша  айналысын,  төлем  жүйесін  жүргізу  бойынша 

міндеттердің  орындалуына  тығыз  байланысты.  Жұртшылықпен  байланыс  жөніндегі 

қызметте  аса  кең  тараған  құралдардың  ішінде  баспасөзбен  өзара  іс-əрекетті,  медиа-іс-

шараларды, материалдарды БАҚ-да орналастыруды бөліп айтуға болады. 

ҚР  Ұлттық  Банкінің,  сондай-ақ  филиалдың  имиджіне  қатысты  негізгі  мəселе 

Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банктердің, оның ішінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 

арасындағы  функциялардың  айырмашылығын  нақты  түсінбеу,  сондай-ақ  ҚР  Ұлттық 

Банкінің қызметі туралы ақпараттың жеткіліксіздігі болып табылады. Сөз жоқ, ҚР Ұлттық 

Банкінің  имиджінің  ЕДБ-ден  айтарлықтай  артта  қалуы,  ЕДБ-нің  неғұрлым  белсенді 

жарнама  кампанияларын  жүргізуіне  байланысты.  Сондықтан  да  бүгінгі  күні  ҚР  Ұлттық 

Банкінің имиджін нығайту туралы мəселе маңызды болып отыр. 

БАҚ-пен  жұмыс  филиалдың  негізгі  іс-шаралараның  тоқсан  сайынғы  жоспары 

негізінде  қалыптасады.  БАҚ  іс  жүзінде  барлық  адам  пайдаланатын  бұқаралық 

коммуникацияның классикалық арнасы болып табылады. Филиал БАҚ-мен өзара іс-əрекет 

ете отырып, бірнеше бағыттар бойынша жұмыстар ұйымдастырады: 

- БАҚ мониторингі, оның ішінде баспа басылымдары; 

-  БАҚ-пен  ынтымақтастық,  яғни  телевидениеде  хабарлардың  жəне  баспа 

басылымдарында мақалаларды тұрақты түрде шығаруды жоспарлау; 

-  БАҚ  үшін  материалдар  дайындау  (баспасөз-релизі,  ақпараттық-түсіндіру 

сипатындағы мақалалар). 

Облыста  барлығы 30-дан  аса  бұқаралық  ақпарат  құралдары  жұмыс  істейді, 

олардың  

3 телевидение, 3 радио, шамамен 23 баспа басылымы. 

Мынадай БАҚ-пен іскерлік байланыстар орнатылды: 

1) 


Телевидение  жəне  радио

: «Қазақстан  РТРК»  АҚ  БҚФ  (облыстық 

телерадиокомпаниясы), ТДК-42 телеарнасы; 

2) 


Газеттер

: «Жайық-Пресс»  ЖШС («Приуралье»  жəне  «Орал  Өңірі»  газеттері); 

«Пульс города»; «Талап»; «Панорама «Карачаганака». 

Филиал  телевидениемен  жəне  радиомен  өзара  іс-əрекет  орната  отырып,  негізінен 

ақпараттық-түсіндіру  бағдарламаларына («Көк  жиек», «Время  вашего  вопроса»),  қажет 

болған  жағдайда  жаңалық  материалдарына  аса  айырықша  көңіл  бөледі.  Əрине, 



 

43

телевидение  мен  радиоға  материалдар  орналастырудың  өзіне  тəн  артықшылығы  мен 



кемшілігі бар. Мысалы, телевидение мен радиода эфир уақыты шектеулі, алайда бұл ретте 

облыс  тұрғындарының  көпшілігі  қамтылады.  Материалдарды  орналастыру  үшін  негізгі 

арна  БАҚ  ішінде    баспасөз  басылымдары  болып  табылады,  себебі  газеттер  жоғары 

адрестілігі, «ұзақ  жасайтын»  ақпараттық  материалдар,  қайталама  аудиторияны 

қалыптастыру сияқты ерекшеліктерге ие.  Сондықтан филиал баспасөзбен жұмыс орната 

отырып,  ҚР  Ұлттық  Банкінің  қызметі  туралы,  сондай-ақ  облыстың  қаржы  нарығының 

жай-күйі туралы материалдарды үнемі баспасөзде жариялап тұрады. 

Ашық  баспасөзде,  телевидение  мен  радиодағы  бағдарламаларда  пайдаланылатын 

барлық  материалдарды  ҚРҰБ  ДК  «ҚРҰБ  жүйесіндегі  таралымы  шектеулі  құпия  емес 

мəліметтері  жəне  құпия  ақпараты  бар  құжаттарды,  басылымдар  мен  істерді  есепке  алу, 

айналысқа  жіберу  жəне  сақтау  ережесін  бекіту  туралы» 23.01.2002 жылғы    № 48 жəне 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде қорғалатын мəліметтердің тізбесін бекіту 

туралы» 30.01.2002 жылғы № 57 қаулыларына сəйкес директордың бұйрығымен құрылған 

комиссияда қаралады.  

Журналистермен өзара іс-əрекет өте тиімді жəне табысты болуы тиіс, қазіргі таңда 

БАҚ арқылы таратылатын қандай да болмасын тақырыпқа қатысты түсіндіру мен талдау 

негізінен  соларға  байланысты.  Осыған  байланысты  имидж  қалыптастыру  мақсатында 

басшылық пен мамандар журналистерге ҚР Ұлттық Банкінің жəне филиалдың қызметіне 

қатысты  материалдар  дайындауға  көмектеседі,  бұл  облыс  тұрғындарына  қатысты  дұрыс 

ақпарат  саясатын  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Мысалы,  филиал  облыстық 

телевидениемен  бірлесе  отырып  ақша-кредит  саясатын  жүргізуге; «Валюталық  реттеу 

жəне  валюталық  бақылау  туралы»  ҚР  Заңына;  облыстың  қаржы  нарығындағы  ахуалға: 

қорытынды  (тоқсан,  жарты  жылдық,  жылдық);  төлем  карточкалары  нарығына, 

экономиканың нақты секторы кəсіпорындарының мониторингіне, төлем балансына, ҚР-да 

қолма-қол  шетел  валютасымен  айырбас  операцияларын  ұйымдастыруға  қатысты 

тақырыптар  қозғалатын  мемлекеттік  тілде  көрсетілетін  «Көк  жиек»  бағдарламасында 

басшылық  пен  мамандардың  ай  сайынғы  сөз  сөйлеу  жоспарын,  сондай-ақ  қажеттілігіне 

қарай  БАҚ    арқылы  таныстыруды  қажет  ететін  қосымша  ақпаратты  орналастыруды 

əзірледі. 

ҚР  Ұлттық  Банкінің  ақша-кредит  саясатының  негізгі  бағыттарын  түсіндіру 

мақсатында филиал ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жергілікті БАҚ-да барлығы 18 

сөз  сөйлеуді  ұйымдастырды,  оның  ішінде  телевидениеде – 9 (олардың 3 – «Көк  жиек» 

бағдарламасында),  облыстық  радиода -3, облыстық  газет  беттерінде – 6. Баяндалатын 

материалдар негізінен аймақтың қаржы нарығының даму, төлем карточкалары нарығының 

жай-күйі, валюталық заңнаманың өзгеру мəселелеріне қатысты. 

БАҚ  ақпарат  алуға  өздері  мүдделі  екендігін  атап  өткеніміз  дұрыс,  бірақ  ақпарат 

оларға  жаңалық  талаптарына,  сондай-ақ  БАҚ  нақты  арнасының  (ТВ/радио/баспасөз) 

талаптарына  сəйкес  ұсынылуы  тиіс.  Жұртшылықпен  байланыс  жөніндегі  америкалық 

мамандар  баспасөзбен  жұмыс  істеу  ережесін  əзірлеп  шықты,  олардың  негізгілері:  өз 

ұйымының  көзқарасы  тұрғысынан  емес,  жұртшылық  мүддесінің  көзқарасы  тұрғысынан 

сөйлеу;  жаңалықтың  оқуға  жəне  пайдалану  үшін  жеңіл  болуы;  алдымен  аса  маңызды 

фактілерді хабарлау. 

 PR-акцияларын  жүргізу  маңызды  мəселе  болып  табылады,  оның  мақсаты  ақша-

кредит саясатына қатысты аса маңызды мəселелерді баяндау. Мысалы, филиал ағымдағы 

жылдың сəуір айында «Валюталық реттеу жəне валюталық бақылау туралы» жаңа Заңның 

күшіне  енуіне  байланысты  валюталық  заңнама  мəселелері  жөніндегі  сыртқы 

экономикалық  қызметке  қатысушылармен  семинар  өткізді.  Сондай-ақ  филиал  ЕДБ-нің 

филиалдарымен бірлесе отырып, облыстағы төлем карточкалары нарығының жай-күйіне, 

сондай-ақ  сауда  операцияларын  жүзеге  асыру  (қызмет  көрсету)  кезінде  төлем 

карточкаларын  пайдаланудың  артықшылығына  қатысты  бірнеше  бағдарлама  жүргізді. 



 

44

Осы  іс-шара  тауарлар  мен  қызмет  көрсету  үшін  есеп  айырысу  кезінде  төлем 



карточкаларын қолдану жөнінде түсіндіру жұмыстарына бағытталған. 

 

БАҚ  бүкіл  дүние  жүзінде  жұртшылықпен  байланыстың  негізгі  құралы  болып 



табылады,  сондықтан  да  оған  ерекше  мəн  беріледі.  Мысалы,  америкалық  зерттеушілер 

(

Center A. H. a. o

. Public Relations practices. - Englewood Сliffs, 1990) БАҚ-тың  көбінесе 

жұртшылықпен  байланыс  құралы  ретіндегі  тəсілін  айқындайтын  мынадай    негізгі 

ерекшеліктерін атауға болады: 

 1) 


бұқаралық коммуникация бірден əсер етпейді. Масс-медиа осы мəселеге бірнеше 

рет  назар  аударғанда  ғана  мінез-құлықтағы  өзгерістерге  алып  мүмкін,  қандай  да  бір 

қарым-қатынас, немесе қандай да бір стереотип қалыптастырады. 

 2) 


Масс-медиа бірінші кезекте бізге айналамызда өнімнің, қызметтің, компанияның, 

идеялардың  бар  екендігі  жайында  хабарлайды.  Олардың  бар  екендігі  туралы  мүлдем 

білмей шешім қабылдауға болмайтындықтан, бұл өте маңызды. 

 3) 


Масс-медиа  апаттар,  қақтығыстар,  жанжал,  қателіктер  сияқты  теріс  оқиғаларды 

артық  көреді.  Тараптардың  қақтығыстарынан,  кереғарлықтан  тұратын  айырықша 

қорқынышты  оқиғаларға  оқырмандардың  қызығушылық  дəрежесі  жалпы  масс-медианың 

«əлдеқандай»  екендігінде  еместігін  мойындаған  жөн.  Оқырмандардың  өздері 7:1 

қатынаста  «нашар»  оқиғаларды  «жақсы»  жаңалықтардан  гөрі  дұрыс  көреді.  Осындай 

жағдайда  нашар    жаңалықтарды  жеткізушілер  болып  табылмайтын  РR-мендер  үшін  өте 

маңызды  мəселе  туындайды.  Мұның  барлығы  масс-медиа  үшін  қызықты  ғана  емес, 

сонымен бірге PR үшін маңызды болуы мүмкін жаңалықтар жасауда ерекше өнерді талап 

етеді. 

 

Қазіргі  таңдағы  негізгі  мəселе  əдістемелік  материалдардың,  сондай-ақ  Ұлттық 



Банктің  жұртшылықпен  байланыс  жөніндегі  қызметіне  қатысты  материалдардың 

жеткіліксіздігі. ҚР Ұлттық Банкінің имиджін нығайту бойынша жұмыс тиімді болуы үшін 

аймақтық  деңгейде  белсенді  ақпараттық  саясат  жүргізу,  БАҚ-мен  өзара  іс-əрекет  ететін 

мамандарға əдістемелік көмек көрсету (оның ішінде семинарлар өткізу); «Экономикалық 

шолу»  басылымының  беттерінде  жақын  жəне  алыс  шет  елдердің  Орталық  (Ұлттық) 

Банктерінің  БАҚ-мен  жұмыс  тəжірибесін,  сондай-ақ  ҚР  Ұлттық  Банкінде  БАҚ-мен 

байланыс  саясатын  қалыптастыруды  баяндау; «Территория  тенге»  бағдарламасының 

материалдарын  мүмкіндігіне  қарай  филиалдарға  жеткізу  немесе  ҚР  Ұлттық  Банкінің 

ресми  сайттарында  орналастыру,  себебі  ол  аймақтарда  үнемі  көрсетіле  бермейді; 

филиалдарға ҚРҰБ қызметі туралы БАҚ шолуын ұсыну тəжірибесін жалғастыру қажет. 



Р. Харлоудың сөзімен айтатын болсақ, «жұртшылықпен байланыс Ұлттық Банк 

пен  жұртшылық  арасындағы  қарым-қатынасты,  өзара  түсіністікті,  ниеттестікті 

жəне ынтымақтастықты орнатуға жəне қолдауға ықпал ететін басқару функциясының 

біреуі  болып  табылады».  ҚР  Ұлттық  Банкінің  имимджін  нығайту  мəселесіне  ерекше 

назар аудару қажеттігін атап айту қажет, бұл мəселеге жан-жақты тұрғыдан келген 

жөн. БАҚ-мен жұмыс жүргізудің жоғарыда аталған барлық мəселелері мен əдістері ҚР 

Ұлттық  Банкінің  жəне  филиалдарының  «банктердің  банкі»  ретіндегі  имиджі  мен 

мəртебесін нығайтуы тиіс.           

 

 



 

 

 

 

 

 

45

АСА МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАР МЕН МЕРЕЙТОЙЛАР 



Болашақ ұрпақтар қорына 5 жыл –  

ҚР Ұлттық қоры: қалыптасу жəне пайдалану ерекшелігі   

 

Жұмабаева Г.И., 



Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің   

Қостанай филиалы директорының орынбасары 

 

Қазақстан  қорлар  жəне  əр  алуан  табиғи  ресурстары  бойынша  əлемдегі  бай 

аймақтардың бірі. Пайдалы қазбалар Менделеев кестесіндегі барлық элементтер арқылы 

түгел  дерлік  берілген.  Біздің  ел  мырыштың,  вольфрамның  жəне  бариттің  зерттелген 

қорлары бойынша əлемде бірінші орын, күміс, қорғасын жəне  хромит қорлары бойынша  

екінші  орын  алады.  Сондай-ақ  Қазақстанда  əлемдегі    ірі-ірі  мұнай  өндіруші  он 

мемлекеттің  қатарына  жатқызуға  себепші  болатын  мұнай  мен    газдың  айтарлықтай 

қорлары шоғырланған.  

Осындай байлықтың арсеналы бола тұрып, мынадай қисынды сұрақ туындайды: 

əрбір  азамат  лайықты  өмір  сүруі  үшін  оларды  қалай  ұтымды  пайдаланған  жөн,  ел 

экономикасын қалай құру керек. Сондықтан осыдан бес жылдан сəл астам уақыт бұрын, 

мемлекет  басшысы  елдің  тұрақты  əлеуметтік-экономикалық  дамуын  қамтамасыз  ету 

мақсатында  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  қорын  құру  жөнінде  стратегиялық 

шешім қабылдаған болатын. 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына ағымдағы жылдың мамыр айында бес 

жыл  толды.  Тарихи  өлшеммен  қарасақ  шамалы  ғана  уақыт,  алайда  осындай  институт 

құрудың маңыздылығы өте жоғары. 

2004  жылғы 24 сəуірдегі  №548  Қазақстан  Республикасының  Бюджет  кодексіне 

сəйкес  елдің  бюджет  жүйесі – бұл  бюджеттердің  жəне  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық 

қорының,  сондай-ақ  бюджеттік  процесте  туындайтын  бюджеттік  қатынастардың 

жиынтығы. 

Негізгі  мақсаты  бюджет  кірісіне  шикізат  салаларынан  түскен  түсімдерді 

тұрақтандыру,  экономикадағы  шиеленісті  ахуалдар  жағдайына  арналған  резервтік 

активтерді  құру,  болашақ  ұрпақ  үшін  қаржы  жинақтау  болып  табылатын 2000 жылы 

құрылған  Ұлттық  қор 2001 жылғы  мамырдың  ортасынан  бастап  толық  жұмыс  істей 

бастады,  түрлендірілген  инвестициялық  стратегиясы  бар  жəне  заңды  тұлға  болып 

табылмайды. 

Қорды  құру  кезінде  осындай  қорлар  құру  жөніндегі  əлемдік  тəжірибе  кеңінен 

зерделенді жəне үлгі ретінде Норвегиялық мұнай қоры алынды.  

Қазіргі  уақытта  шикізат  ресурстарының  бай  қорлары  бар  жəне  оларды  белсенді 

түрде  экспорттайтын  көптеген  елдердің  немесе  олардың  жекелеген  аймақтарының 

тұрақтандыру  қорлары  бар,  мысалы,  Аляска,  Чили,  Венесуэла,  Кувейт  жəне  басқалары. 

2001-2002  жылдары  тұрақтандыру  қоры,  сондай-ақ  Ресейде  құрылған  болатын.  Əлемде 

олардың саны 15-ке жуық болып есептеледі, сондай-ақ олардың бəрі бірдей мұнай қоры 

емес.  Чилиде,  мысалы  мыс  қоры.  Фосфат  қоры  бар.  Оларды  орны  толмайтын  табиғи 

ресурстар  қорлары  деп  те  атайды.  Қорлардың  көпшілігі  дамушы  елдерде  құрылған. 

Мұндай қорлар  «голланд ауруына» қарсы күресу үшін құрылады. Бұл термин, 1959 жылы 

Нидерландта Солтүстік теңізде табиғи газдың едəуір қорлары табылғаннан кейін бірінші 

рет  қолданыла  бастады.  Газ  экспортынан  түскен  кірістер  голландтық  гульденнің 

қымбаттауына  əкеліп  соқтырды,  бұл  өз  кезегінде  əлемдік  нарықтарда  голландтық 

тауарлардың бəсеке қабілетінің жоғалуымен жəне импорттың өсуімен қоса жүрді. ХХ жүз 

жылдықтың  жетпісінші  жылдарының  ортасында  елге  жалпы  жеке  инвестициялар  он 

жылдықтың  басынан  бастап 15% төмендеді,  ал  өңдеуші  өнеркəсіптегі    жұмыспен  қамту 



 

46

16%  төмендеді.  Индустриясыздандыру  деп  аталатын  кезең  басталды,  ол  голландия 



экономикасы  құрылымының  күйреуіне  əкеліп  соқтырды.  Ел  дағдарысқа  ұшырады.  Осы 

уақытта қор құру идеясы туындады, онда мұнай секторының үстеме кірістері жинақталды. 

Нəтижесінде  бұл  инфляцияға  жəне  айырбас  бағамына  қысымның  төмендеуіне,  барлық 

экономикадағы тепе-теңдікті қайтаруға себепші болды.  

Ұлыбританияның экономикасы «голландтық аурудан» қашып құтыла алмады. Бұл 

ел 1976 жылға  дейін  мұнай  импортына  толығымен  тəуелді  болды. 1980 жылы  ол 

мұнайдың  таза  экспортері  болды.  Елдің  экономикасындағы  құрылымдық  өзгерістер,  оң 

сауда  балансы  жəне  мұнайдоллар  ағыны  айырбас  бағамының  қымбаттауымен  жəне 

өңдеуші  өнеркəсіп  үлесінің  қысқаруымен  бірге  жүрді.  Импорттық  тауарларға  сұраныс 

өсті, ал шикізат емес сектордың отандық тауарлар экспорты төмендеді. Осының барлығы 

Нидерландты жəне Ұлыбританияны «голландтық аурудан» біршама азап шекті деп айтуға 

мүмкіндік  береді.  Алайда  осы  елдердің  үкіметтері  қысқа  мерзім  ішінде  дұрыс  жəне 

сауатты экономикалық саясатты жолға қойды жəне өзінің экономикасын «емдеп» қатарға 

қосты.  


 

Бүгінгі күні Қазақстан экономикасының жай-күйі елеулі дəрежеде табиғи ресурстар 

секторындағы  ахуалдармен  айқындалады.  Республикалық  бюджетке  түсетін  түсімдердің 

табиғи  ресурстардан  тəуелділігі  мемлекеттің  алдында  Қазақстанның  болашағына 

байланысты  бірқатар  мəселелерді  қояды.  Біріншіден,  олардың  орындарының  толмауына  

байланысты  табиғи  байлықтарды  пайдалануды  дұрыс  жоспарлау  мəселесі.  Екіншіден, 

табиғи ресурстарға əлемдік бағалардың кенеттен жəне күтпеген өзгерістеріне мемлекеттік 

кірістер мен шығыстар көлемінің тəуелділігінің төмендеу мəселесі.  

Осы  міндеттерді  шешу,  елдің  тұрақты  əлеуметтік-экономикалық  дамуын 

қамтамасыз  ету,  қазақстандықтардың  болашақ  ұрпақтарына  арналған  қаржы  қаражатын 

жинақтау,  экономиканың  сыртқы  факторлардың  жағымсыз  ықпалына  тəуелділігін 

төмендету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 23 тамыздағы 

№ 402 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылды. Осы Жарлықта 

Қордың  активтері  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  Қазақстан  Республикасының 

Ұлттық  Банкіндегі  шотына  шоғырланатындығы,  ал  оларды  басқаруды  Қазақстан 

Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратындығы айқындалған.  

Түрлі бағалаулар бойынша Қазақстанның мұнай қоры қалыпты өндіру жағдайында 

тағы 100 жылға  жетеді.  Сондықтан  мұнай  экспортынан  алынған  кірістердің  бір  бөлігін 

кейінгі  ұрпаққа  аудару  туралы  мəселе  қойылады.  Бұдан  басқа,  Ұлттық  қор  бюджет 

кірісінің 30%-ы  мұнай  өнеркəсібінен  түсетіндіктен  мұнайға  əлемдік  бағалар  күрт 

төмендеген кезде мемлекеттің өз функцияларын орындауын қамтамасыз ету үшін қажет. 

Мұнайға  əлемдік  бағалардың  бір  барелль  үшін 10-15 АҚШ  доллары  деңгейіне  дейін 

төмендеген жағдайда (баррель – 131,58 литр мұнай, қазақстандық мұнайдың тоннасы  7,6 

баррельге  тең)  қордың  қаражаты  бюджетті  2-3 жылға  жуық  «қолдау»  үшін  жеткілікті 

болады.  

Бұл  үшін  Ұлттық  қорға  мемлекеттің  жинақталған  қаражатын  қалыптастыруды 

көздейтін  ақша  жинақтау  функциясын  орындау,  сондай-ақ  тұрақтандыру  функциясын, 

яғни бюджеттің əлемдік бағалар конъюнктурасына тəуелділігін азайту жүктеледі.   

Қорды құрудың жағымды жақтары мыналар болып табылады: 

баға 



конъюнктурасына 

байланысты 

табиғи 

ресурстар 



секторынан 

республикалық  бюджетке  түсімдер  жəне  республикалық  бюджеттің  шығыстары 

арасындағы тəуелділікті барынша азайту; 

мемлекеттің  қаржылық  міндеттемелерін  қолайсыз  кезеңдерде  қолдау  үшін 



қолайлы баға конъюнктурасы кезеңдерінде қаражат жинақтау; 

болашақ  ұрпақтың  қажеттіліктерін  қамтамасыз  ету  үшін  орны  толмайтын 



табиғи ресурстарды сатудан қаражат жинақтау; 

валютаның  артық  əкелінуі  нəтижесінде  монетарлық  өлшемдерге  артық 



қысымды болдырмас үшін ақша массасын реттеу, бұл қазіргі уақытта өте өзекті мəселе.   

 

47

Қазақстан Республикасы Президентінің жоғарыда аталған Жарлығын дамыту үшін 



Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  қорының 

кейбір  мəселелері  туралы» 2001 жылғы 29 қаңтардағы    № 543 басқа  Жарлығы 

шығарылды,  бұл  Жарлықта  Ұлттық  қордың  қызметінің  құқықтық  негізін  белгілейтін 

Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  қорын  қалыптастыру  жəне  пайдалану  ережесі 

бекітілді.  Бұл  Ереже  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  қорының  негізгі  мақсаттарын, 

міндеттерін, мемлекеттік органдардың оны басқару жөніндегі функцияларын, құқықтарын 

жəне  міндеттерін,  қорды  жұмсау  тəртібін  жəне  мақсаттарын  айқындайды.  Қорды 

қалыптастыру  жəне  пайдалану  туралы  есеп  беру  тəртібі,  мерзімі  жəне  құрылымы 

белгіленген,  жыл  сайынғы  сыртқы  аудит  жүргізу,  сондай-ақ  сыртқы  аудит  нəтижелерін 

жүргізудің  есебін  жəне  нəтижелерін  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жариялау 

көзделген.  

Инвестициялық кірісті сақтауға жəне алуға кепілдікті қамтамасыз ету үшін қордың 

қаражаты  сенімді  жəне  өтімді  шетелдік  қаржы  активтеріне  ғана  орналастырылады. 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметімен 2001 жылғы  маусымда  жасалған  Шартқа  сəйкес 

Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  жүзеге  асыратын  қорды  инвестициялық 

басқаруды    Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2001 жылғы 9 маусымдағы  №787 

қаулысымен 

мақұлданған 

жəне 

Қазақстан 



Республикасының 

Ұлттық 


Банкі 

Басқармасының 2001 жылғы 20 маусымдағы  №237  қаулысымен  бекітілген  Қордың 

инвестициялық  операцияларын  жүзеге  асыру  ережелеріне  сəйкес  жүзеге  асырылады. 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  қорды  сенімгерлік  басқару  кезінде 

инвестициялық  операцияларды  жүзеге  асырудағы  негізгі  мақсаттары  оның  активтерін 

сақтау,  қор  активтері  өтімділігінің  жеткілікті  деңгейін  қолдау,  сондай-ақ  тəуекелдің 

қалыпты  деңгейі  кезінде  ұзақ  мерзімді  перспективада  қор  активтері  кірістілігінің 

жеткілікті жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. 

Қорды  сенімгерлік  басқару  бойынша  қызметке  əлемнің  қаржы  нарықтары  туралы 

деректер  ұсынатын Bloomberg L.P., Reuters (Eastern Europe) Limited, Fitch Ratings Ltd  

жəне басқалар сияқты ақпараттық жүйелердің қызметін сатып алу кіреді. 

2000  жылдан  бастап  əлемдік  қаржы  нарықтарында  қолайлы  конъюнктураға 

байланысты  Қазақстанда  табиғи  ресурстарды  өндіруге  байланысты  төлемдердің 

республикалық  бюджетке  түсуі  едəуір  ұлғайды.  Сонымен  қатар  қазақстандық 

көмірсутектер  экспортерлерінің  экспорттық  түсімінің  ұлғаймалы  мөлшері  теңгенің 

айырбас  бағамына,  сондай-ақ  инфляцияға  да  қысымды  күшейтеді.  Бұл,  өз  кезегінде, 

отандық  тауар  өндірушілер  өнімінің  бағалық  бəсеке  қабілетінің  төмендеуіне  əкеліп 

соқтырады  жəне  отандық  тауар  өндірушілердің  қаржылық  нəтижелеріне  жағымсыз  əсер 

етеді.   

2006  жылғы 1 қаңтардағы  жағдай  бойынша  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық 

қорының жинақтары 1 071 199 510 мың теңгеге (8 053,7 млн. АҚШ доллары) жетті, бұл 

ЖІӨ-ге 14% (7 453,0 млрд.  теңге)  болды,  ал  2006 жылғы 1 мамырда    Қазақстан 

Республикасы Ұлттық қорының түсімдері жəне оны пайдалану туралы есептің алдын-ала 

деректері бойынша қордың жинағы 1 129 767 861 мың  теңге (8 546,9 млн. АҚШ доллары) 

болды. Мысалы, 2004 жыл үшін, норвегия ұлттық қоры активтерінің көлемі ЖІӨ-нің 54% 

жетті,  ал  Кувейт  қоры  жинақтарының  деңгейі  мүлде  қол  жетпейтіндей  болды – ЖІӨ-ге 

349%.  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  қорынан  əлі  алынған  жоқ.  Бірақ  пікірталас 

жинақтау  кезеңінің  аяқталғандығы  туралы  жəне  оның  қаражатын  дамытуға,  əлеуметтік 

жобаларға немесе өзге де мақсаттарға пайдалану кезеңінің жалғасып отырғаны жайында. 

Осы  жағдайда  Венесуэла  тəжірибесі  мысал  бола  алады:  үш  жыл  бойы  қордың  қаражаты 

популистік идеяларға лайықтап алынды жəне қорытындысында олар таусылды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет