Болмаған балалық шақ



Pdf көрінісі
бет16/30
Дата22.07.2023
өлшемі2,2 Mb.
#104632
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
Байланысты:
Elgezek A. Bolmag An Balalyik Shak.a4

 
Екінші бөлім
 
Атамекенге оралу
Қалаңның үйі Үржардың ең шетінде орналасқан Аэродромная көшесінде болатын.
Көшенің «Аэродромная» деп аталуы, Үржардың әуежайына жақын орналасқандығына байла-
нысты болса керек. Біз сол әуежайдың үлкен алаңында ойнауды жақсы көруші едік. Жан-жағы-
нан мал кірмеу үшін, терең қылып ор қазып тастаған. Сол орда біз ұрланып шылым шегіп, отқа
картоп пісіріп, уақытымызды мәз-мейрам қылып өткізетінбіз. Ордың үйілген топырағының
үстінде міндетті түрде бір қарауылымыз сырттан келіп қалуы ықтимал қауіпті бақылап тұра-
тын. Олар картоп піскесін немесе ішке сормай, түтінін сыртқа үрлеп шегетін темекіміз біткен
кезде ауысатын. Сондай қызықты күндердің бірінде, біз әдеттегідей көңіл көтеріп отырғанбыз.
Қарауылымыз: «Бәшөннің қатыны Шынар келе жатыр», – деп айқай салды. Үрпиісе-үрпиісе
қалып, сыртқа шықтық. Қара көйлегінің етегі шұбатыла толқып, бір қолында шыбығы бар, біз
отырған жақты бетке алып, шынымен де, Шынар келе жатыр еді. Шынар – Қалаңның келіні.
Еркек қатын. Енесі Мәстен сияқты ол да күйе қара. Мінезін адам ұғып болмайды. Қарадүр-
сін, дөрекі. Мен бұл кісіден оқта-текте таяқ жеп қалатынмын. Менің бақытыма орай, Шынар,
бірақ, біздің үйде тұрмайды. Дегенмен келген сайын бір ілік іздеп мені шымшып, түйіп қалу-
дың ретін жібермейтін. Қысқасы, Шынар келе жатыр.
«Әй, қу жетімек, сені іздемеген жерім жоқ, неғып отырсың мынау өңкей хулиганның ара-
сында?» – деп Шынар маған бірден дүрсе қоя берді. Содан кейін, қолымнан ұстаған күйі, үйге
дедекдетіп ертіп кетті. Жол бойы бірдемелерді айтып келе жатыр, көбісі есімде жоқ. Сөйтсем,
мені тауып әкелуге шешем жұмсапты.
– Айналайын-ау, қайда жүрсің, іздемеген жеріміз жоқ қой сені? –деді шешем мені көре
сала.
– Әуежайда жер сағыз тердік…
– Ия, саған, көк түтіннің ортасында отыр, наша шегіп отыр-ау деймін, – деп мені тапқа-
нына мақтанып тұрған Шынар сөзге араласты.
– Қой, абысын, Құдай атқыр, нашасы несі?! Менің балам наша түгілі, темекіні де тарт-
пайды, бостан-босқа, жала жаппа! – деп шешем мені қорғаштап жатыр. Шешемнің сөзіне
Шынар дүрдек ернінің астынғысын сылп еткізді де, көлеңкеде тұрған төсекті сықырлата,
үстіне бар салмағымен құлай кетті.
Шешем мені үйге алып кірді. Залдағы ескі-құсқы шәлі орамалға оралған киімдерді алып
шығып жатыр. Үйіншек-түйіншектен маған кигізетін ештеңе таппаған шешем, «уф, жаным-
айлап» жерге шөкелей түсті. Сосын маған ұзақ қарап отырды да: «Сені іздеп, Шұбартаудан
әкеңнің туыстары кепті», – деді. Мен аң-таңмын. Әкемнің туыстары? Олар кімдер? Менде несі
бар? Бұл бір секундта басымда жүгіріп өткен сұрақтар. Шешем орнынан тұрып, мені бауырына
басты.
– Үлкен ағаңның үйіне түсіпті таңертең. Сені күтіп отыр. Қазір дүкенге барып, саған
дұрыс киім аламыз да, Бақыт ағаңның үйіне барамыз, – деді шешем. Дауысы біртүрлі тарғыл-
данып шықты.
– Олар кімдер, мама?
– Сенің папаңның ағасы мен қарындасы келіпті. Сен оларға «менің жағдайым жаман емес,
сабағымды жақсы оқып жүрмін» деп айт, жарай ма, құлыным?!
– Жарайды, мама.
Біз орталық дүкенге барып, маған су жаңа шалбар мен алдында жолбарыстың суреті бар
футболка алдық. Шікірейіп киініп алған мен осының бәрін достарыма көрсеткім-ақ келіп тұр.
Бірақ қазір емес. Қазір мені күтіп отырған туысқандарға бару керек. Сосын да үлгерем ғой!


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
41
Бақыттың үйіне кіре бере айқай естілді. Біреу елдің жер-жебір жекен-суына жетіп, ұрсып
отыр екен. Мына қуатты дауыстың иесі – әкемнің ағасы Орынғали екен. Үйге кірер-кірмесімді
білмей, айқайға басып отырған адамнан кәдімгідей шошып, үрейлене қарап, босағада состиып
тұрып қалдым. Анау маған тіпті қарағысы да жоқ. Үстелді тоқпақтап елдің бәрін ысқыртып,
боқтап отыр.
Әкемнің ағасы дегеніміз, міне, осы Орынғали. Егде тартып қалған кісі көрінді. Денесі
төртпақтау, мойыны жуан, құлағы қалқиған, шашы селдіреп үлгерген, мінезді біреу. Мінезі
шәлкес жан екенін жымқырылған жіңішке еріндері де айтып тұр. Желке тұсы төрт бөлікке
бөлінген, ортасынан жалт-жұлт етіп мөлтілдеген тер көрінеді. Қолдары ауыр екен. Ұрған сайын
үстелдің аяқтары тұрған жерінен айнып кетіп жатыр. Мұрыны келте, бақакөз кісі. Дауысы
сұмдық қатты шығатын сойқанның нақ өзі.
– Әй, қу Бақыт, әлгі бала қайда?
– Міне, алдыңызда тұр ғой, Ореке!
– Қайсы, мынау тыриған сары шымшық па?
– Иә, Ореке, Ақбереніңіз осы ғой.
– Ойбай, ойбай, қай бетімді шымшиын, ойбай?! Мынау өлуге шақ қалыпты ғой, ойбай!
Өлексе ғой, мынауың!
– Ореке-ау, енді, бала болғасын ойнай....
– Кет, сандалмай, қу Бақыт! Баламды өлтіруге айналыпсыңдар, сендердің екі аяқтарыңды
ма, бәлем, бір етікке тығып, түрмеде шірітіп өлтірем, өңкей безбүйрек оңбағандар!
– Ореке, қойыңыз, енді!
– Қоймаймын дегесін, қоймаймын! Ал, қайтесің? – деп, басын үстелге екі ұрды. Мен
шегіншектей бердім.
Кенет Орекеміз: «өй, әйнәләйын, келе ғой», – деп мені өзіне жұлқи тартты. Мен «баж»
ете қалып, шешеме ұмтылдым. Орекеңнің мені жіберетін түрі жоқ. Қолымды мытып, өлтіріп
барады. Жүрегім дүрсілдеп, тырбаңдап жатырмын. Оған Орекең қоймады. Құшағына басып,
сілекейін жағып, сүйе бастады. Онысы ұрғанмен бірдей сияқты екен. Менің бетіме еріндерін
әдейі батырып сүйіп жатқандай. «Ерінде де күш болады екен-ау!» – деп мен де уақытты
босқа жібермей ойланып үлгердім. Мені сүю кезегі әкемнің қарындасы Жайнаға жетті. Ол
кісі Орекеңдей, дөрекілік көрсетпей, емірене сүйді. Жайнадан кейін, мені Орекеңнің баласы
құшақтады. Айдарханның жасы жиырма алтыға келген сұңғақ бойлы, сымбатты жігіт екен.
Үстіне сол кездегі мода киім – «адидас» спорт көстюмін киіп алыпты. Басында Қалаңның
інілерінің басындағы бейсболкадан да әдемі кепка. Қолында сағат.
Орекеңнің баласымен тез тіл табысып кеттім. Себебі, Айдархан сол кештен бастап, «біз-
бен бірге жүр», – деп мені үгіттей бастаған. Уәделері керемет енді! Мен, шынымды айтсам, ана
шалдан қатты сескеніп, шошып қалғам. Өйткені Орекең маған Қалаңнан да жындылау көрінді.
«Мынаның үйіне кетсем, тіпті оңбаймын ғой» деп ішімнен өзімше топшылаймын кеп. Сонды-
қтан да Айдарханның үгіттеуіне көнбей жүрмін.
Айтпақшы, Айдархан кішкентай кезімде мені іздеп бір рет Үржарға келіп кеткен екен.
Ол есімде жоқ. Кейін екеуміз түскен фотосуретті көргенімде таң-тамаша болғам. Сол кезден
бастап осы ағамды ерекше жақсы көремін. Егер менен біреу «адамның асылы қандай болады?»
деп сұраса, ойланбастан Айдарханды көрсетер едім.
Ештеңеге бой бермей келе жатқан мені Айдархан Алматымен алды. Алматыны көру
деген мен үшін орындалмайтын арман еді ғой, шіркін! Теледидардан ғана көреміз. Сол кездегі
астана – Алматыда тұратын адамдар күн жүйесінен бөлек орналасқан планеталықтар секілді
елестейтін. Оның үстіне, менің кіндік қаным тамған шаһар. Туған топырақтың өзіне тарту
қасиеті болады. Ол да өз кезегінде Айдарханға көмектесіп жатыр.


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
42
Сонымен, мен шешеме «Орынғалидың қолына кетем» деп қиғылық салдым. Орынғали-
дың да келген шаруасы – мені алып кетіп, өсіріп, ел қатарына қосу екен. Қанша айтқанмен, әкем
екеуі ағайынды. Есін енді жиған Орекең, інісінің үрім-бұтағын түгендеуді мұрат тұтыпты.
Есін енді жиған деп отыруым, Орынғали өмірбақи жетім асыраумен келеді. Жұбайы-
нан ерте айырылған ол, тағдырдың талайына көніп, қалған ғұмырын бала-шағасын асырауға
арнаған күрескер адам. Мұнысын хош көрген Тәңірім оған дәулетті де аямай бере салған. Дәу-
лет пен бақты Құдай тегін бермейді. Күн-түн демей, еңбек еткен Орынғалидан мал да, ақша
да үзілмеген екен. Бір ауданның білдей шикізат жинаушысы. Шұбартау ауданының сыйлы аза-
маттарының бірі. Ала жаздай тері, сүйек пен жүн жинап, қойшыларды аралап жүріп, шаруа-
сын дөңгелетіп алған екен. Қазір зейнетке шыққан бір әулеттің көшбасшысы. Балаларының
бірсыпырасын әкем тірі кезінде оқуға түсірген көрінеді. Солардың бір-екеуі Алматыда тұрады.
Біздің үйде. Мен дүниеге келген шаңырақта.
Сонымен не керек, мен Шұбартауға, ата-бабам мекен еткен жерге кететін болдым.
Шешем жылап-сықтап жүріп, киім-кешегімді жинап, батасын беріп, шығарып салды.
Міне, біз сап-сары пазик автобусымен сап-сары мидай даланы басып Шұбартауға тартып
келеміз. Орекеңді мен бірден «ата» деп атайтын болдым. Жол бойы шешемнің қолында өткен
өмірімді тергеумен болды. Мен Қалаң туралы тіс жарғам жоқ. Оны бірақ көпті көрген Оре-
кең Үржардағы «тыңшыларынан» біліп алған екен, кейін айтып беруге тура келді. Жолда атам
болашақ арманымды да сұрап қояды:
– Ақошжан, өскенде кім боласың?
– Қойшы болам, ата!
– Көтек, не дейд? Қойшы болғаны несі?
– Қойшылар бай болады ғой, ата, сойса – еті бар, сатса – ақшасы бар!
– Мәссаған, мынау адам болмайтын бала ғой, әкесіне тартпаған екен!.. – деп атам ауыр-
ауыр күрсініп қояды.
Әкем туралы бірауыз сөз. Марқұм әкем жастайынан алғыр, білімге құштар болып өсіпті.
Семейдегі Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық училищені бітіріпті. Қазақ тілі мен әде-
биетінің маманы. Шешеммен сол оқу орынында қатар оқып, бас қосыпты. Сүйенері жалғыз
Орынғали. Әкемнің азан шақырып қойған есімі – Орынбек. Атама ұқсастырып шешелері қой-
ыпты. Кейіннен мінезіне байланысты жора-жолдастары оны «Елгезек» атап кеткен екен. Бұл
әңгімені мен алғаш Орекеңнен естідім. Ауылда жүріп, әкем аудандық «Шұбартау шұғыласы»
газетінде редактор қызметін атқарыпты. Әскерден келгесін, Алматыға кетіп, ҚазҰУ-ға оқуға
түседі. Кейін сол университеттің газеті мен баспасын басқарды. Алайда ғұмыры қысқа болып,
34 жасында дүниеден озады.
Тамыз айы. Біз Шұбартаудың Көктал деген ауылындамыз. Бетімнен ешкім қақпайды.
Туыс-туғандарымның бәрі мені көруге үйге келіп, мәре-сәре болып жүр. Мен беделдімін, абы-
ройлымын, көңілім шат. Әлдебір жорықтан жеңімпаз боп оралғандаймын.
 «
Не жеймін, не кие-
мін» демеймін. Ішкенім алдымда, ішпегенім артымда. Мұндай май шелпекті көрмеген мен
бақыттан басым айналып, шауып жүрмін.
Оқырманның уақытын алмау үшін, Алматыға барған сапарымды айтуды жөн көрмедім.
Әркімнің өз Алматысы бар. Сондықтан Алматыдан алған алғашқы әсерлерім біреуді қызы-
қтыра қоймас деп шештім.


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
43


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет