Болмаған балалық шақ



Pdf көрінісі
бет19/30
Дата22.07.2023
өлшемі2,2 Mb.
#104632
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
Байланысты:
Elgezek A. Bolmag An Balalyik Shak.a4

 
Көшедегі майдан
 
Екі үйдің ортасында от ала жүгірген бақталастық, уақыт өте келе, Орынғали-Кәкен бала-
ларының арасындағы жиі-жиі болып тұратын жанжалдарға соқтырды. Үйаралық қақтығы-
старға осы жолдардың авторы да еріксіз қатысатын. Жанжалдасу үйреншікті әдетке айналған-
дығы соншалық, төбелесу үшін екі үй де болмашы бір ілік іздеп отыратын. Мысалға,
Орынғалидың үйінде бір жақсылық бола қалса, оған атам Кәкенді де, оның бала-шағасын
да әдейі шақырмайды. Бірақ оларға естірту үшін, көшені басына көтеріп, хабар айтқызады.
Кәкеннің балалары мен өзіне керегі де сол. Той-томалақ, кішігірім ас беру біздің үйде «салта-
натты түрде» төбелеспен ашылатын.
Есімде қалғанын айта отырайын. Құдайдың бір шуақты күні, біз Жалын деген ағамның
баласын сүндетке отырғызатын болдық. Атам маған арнайы тапсырма берді. Менің міндетім –
бұл қуанышты бөлісу үшін Кәкеннің көршісі Нүрзиләні қонаққа шақыру. Қонаққа шақырып
тұрғандығымды ауласында құлағы үнемі түрік отыратын Кәкен апамыз естуі шарт. Сонымен
мен Нүрзиләнің үйіне тартам. Нүрзиләнің құлағы естімейтіндігін пайдаланып, үйіне кірмей,
көшеден былай айқайлаймын:
– Апа, бүгін біздің үйде сүндет той. Атам «тойда болсын» деп сізді шақырып жатыр!
– Әәәә, рахмет, шырағым. Сағат нешеде?
– Сағат үште апа, ү–ш–т–т–е, – деп дауысымды соза түсем.
Кәкеннің мені бақылап, тын тыңдап тұрғандығын байқай сала:
– Апа, ұмытып кетпеңіз, шалдың кенже ұлының баласын сүндетке отырғызамыз. Той
болады, той! Келіңіз! – деп одан бетер айқайлаймын.
– Ә, рахмет, жарығым, барам, барам, – деп бізге аса сыйлы да емес қонағымыз мәз-мәй-
рам боп қалады.
Нүрзиләның біздің үйдегі қуаныштарға қатысу бақыты оның Кәкеннің көршісі болған-
дығынан ғана еді. Өзі де ел-жұртқа: «Орынғали шал неге мені соңғы кезде сонша құрметтеп,
әспеттеп қалды?» – деп айтып та жүреді екен.
Үйге жетісімен атама баяндама жасаймын. Атам:
– Әлгі Кәкен естіді ме?
– Естіді, ата!
– Жарайсың, сабазым!
– Нешеде деп айттың керең кемпірге 
(Нүрзилә ғой!)
?
– Сағат үште.
– Ағаларыңды жина, төбелеске сағат екі жарымда дайын болайық…
Біздің осындай бұйрықтарға етіміз үйреніп кеткен. Әркім өзінің қару-жарағын дайын-
дап, қора жақта айқайлап, арқасы қозып, аруақтанып жүреді. Атам бізді сағат екіден он бес
минөт өткен кезде, штабтың соңғы жиналысына шақырады.
– Өткендегідей ұйықтап тұрмай, осы жолы қимылдап бағыңдар! Айдарбек, орыныңды
білесің ғой? Саған таяқ өтпейтіні бәріне мәлім, қайта-қайта ана әлжуаз Болатқа жүгіре бермей,
Мұратты ал өзіңе. Ұқтың ба?
– Құп болады!
– Әй, Асқар, сен осы жолы Асхатпен төбелесесің. Бірден барып, қолыңдағы шынжырмен
иықтан салып жібер, сосын ары қарай төбелес барысында көре жатарсың.
– Жақсы, әке!
– Ақош, тас жинап қойдың ба?
– Ия, ата!


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
47
– Өткен жолғыдай ағаларыңа тиіп кетпесін, дәлдеп ататын бол. Күмәндансаң, жақындап
кеп лақтыр тасты. Қыр жіліншіктен, қара сирақтан тигізуге тырыс. Көзіне тиіп кетіп, ағызып
алсаң, сотталасың!
– Құп болады, генерал!
– Мен өзім ана иттердің әке-шешелерімен айқасам, әлім жетпей жатса, жан-жаққа быты-
рамай көмектесіндер маған!
Бұл біздің соғыс қимылдарын соңғы рет саралап алатын кәдімгі әскери кеңесіміз. Бұл
жерде атам төбелесудің кейбір іс-қимылдарын, айла-шарғысын, біреуді мысалға ала отырып
көрсететіні тағы бар. Кеңес аяқталған соң, біздің қару-жарағымызды тексеріп алып, атам «жау»
келгенше терлеп-тепшіп шәй ішуге кетеді. Мен көрші баланы барлаушылыққа алғам, соның
хабарын күтуге көшеге шығам.
Бір кезде шолақ шалбарының екі балағы желбіреп, мұрыны делдиіп, айдарынан жел есіп
барлаушым жүгіріп келе жатады. «Аналар үйінен шықты! Келе жатыр! Дайындалыңдар!» –
дейді ол ентіге. Сол кезде оның жанарында алдағы қызыққа кенелерін білген қуаныштың
ұшқыны атып тұратын. Оған, әрине, қызық керек, ал біз денемізді сойылға төсейтінбіз.
Барлаушының хабарын мен біздің қолбасшыға баяндауға жүгірем. Осы сәтте көршілері-
міз ішкен асын жерге қойып, шаруасын тастап, қызықты тамашалауға көшеге шыға бастайды.
Бұл майдан атам үшін абыройлы майдан екенін осы жерде айта кеткенім жөн.
Екі көшенің ортасында тау болып, көң үйіліп жататын. Сол таудай үйіндінің ар жағы-
нан бір заматта жаудың жер қайысқан қолы көрінеді. Үйіндіден сырғи түсіп, алдыңғы шепте
қайқайып апамыз Кәкен келе жатады. Қасындағысы нәті жуастау болғанымен, төбелесқұмар,
төбелестен еті пісіп, сүйегі қатып кеткен үлкен жездеміз Төлеуғали. Ол екеуінің соңынан төбе-
лес десе делебесі қозатын, бес қаруын бойына асынған жауынгер ұлдары көрінеді.
Біз бұл уақытта көшеге шығып ап, ұрысқа сақадай сай дайын тұрамыз. Төбелес әдетте,
Кәкеннің өзгермейтін айқайынан басталатын.
– Бізді неге тойыңа шақырмайсың-ей, қу қақпас? Менен басқа кімің бар еді-ей сенің,
ә?! Әлгі сүндетке отырғызайын деп жатқан оңбаған немереңнің қызығын көрмей кет, көрмей
кеткір!
– Той өзімдікі, шақырсам да, шақырмасам да өзім білем, білдің бе?! Сайрама бет-алды!
– Үй, қалқан құлақ неме, жан бітіпті ғой саған! Мен саған көрсетейін, бәлем!
Осы сөзден кейін Кәкен баяғы әдетінше Орынғалидың құлағына жармасып, атамды
жерге тұқырта бастайды. Біз атойлап қып-қызыл төбелеске кіреміз де кетеміз. Кезекті бір ұры-
сымыз осылай басталатын.
Өтірік айтып отырғам жоқ, шалдың дұрыс жоспарлаған тактикасының арқасында біз сол
жолы жеңіске жеттік. Соғыстың біздің пайдамызға шешілуіне мен де аянбай үлес қостым.
Осы жолы атқан тасым нысанаға дөп тиіп, қарсыластарымыздың біразын есеңгіретіп, ұрысқа
жарамсыз қылды. Бұл көрініс біздің үйге лек-легімен келіп жатқан қонақтарымыздың алдында
өтіп жататын еді. Орынғали-Кәкен қақтығысына еті үйренген қонақтар таңдай қақпастан үйге
кіріп кете беретін.
Той біткесін бізді атам гараждың алдына дастархан жайғызып қойып жинайды. Бет-ауызы
ісіп көгерген, бірінің тісі түсіп, екіншісінің көзі домбығып, үшіншісінің аяғы ақсап, қолы
ауырып қалған майдангерлер соғыстың қорытындысын тындауға жозының басына жиналатын.
Бүгін атам көңілді. Өзінің бір құлағы бұрыннан да қалқиып, жағы едәуір үлкейіп кеткендігіне
қарамастан, қолбасшымыз маңғаз, көріктей кеудесінде жеңімпаз рухы асқақтап тұр. Бетіміз-
ден сүйіп, құшағына алып: «Әй, менің құлындарым-ұлдарым батыр ғой, кім бар шақ келетін
менің сарбаздарыма!» – деп кәнігі дала сарбаздарының командирлері сынды бізді мақтап жүр.
Біз жара-жарақатымызды ұмытып, пыс-пыс етіп, бауырсақ пен етті ұртымызға ұрып жіберіп,
қомағайлана асап отырмыз.


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
48
Кейде Төлеуғалидың Мэлс деген ағасының балалары көмекке келетін. Ондайда амал жоқ,
жеңілеміз. Сол кезде атам біздің жер-жебірімізге жетіп, айқайлап ұрсатын. «Өй, өңкей ынжық
неме, неменеге состиып тұрып қалдыңдар-ей, ұрмайсыңдар ма ана иттің балаларын!» – деп
өкінішін жасыра алмай, шапалақпен салып-салып жіберетін.


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
49


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет