А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
44
– Әй, ғраждан, маған қол көтеруге болмайды, мен органмын! – деп доқ көрсетіп қояды.
Оған
шал одан әрі өршеленіп, тоқпақтай берген:
– Сен сияқты милиссаны
мына өкіметке мен туып бергем, ал
сотта, қағыңғыр неме!
Одан кейін отырған келіншектің есімі Зәкен. Бұл Орынғалидың үлкен қызы. Бет-әлпеті
кемпірге ұқсап қалған, бүкшиіп жүретін, отыздан енді асқан әйел. Қазақстанның бар алтын
қоры Зәкеннің ауызында сияқты көрінетін маған. Тісі түгел саудырап түсіп қалғандықтан,
тамақты шайнайтын «құралдарды» алтыннан салдырған болатын. Оған оның дәулеті жететін.
Бұл да саудамен айналысады. Мен оның біреумен тіс жарып сөйлескенін есіме түсіре алмай
отырмын.
Ал мына ерте қартайған қыз – Зәкеннің сіңлісі Дәкен. Бұл да Асқар секілді бала көңіл
жан еді. Кейін бір жаққа күйеуге шықты да, ғайып болды. Содан бері одан хабар естігем жоқ.
Тек есімде қалғаны оның «р» мен «с» әріптерін айта алмайтындығы, сөйлесе – оны адам баласы
түсінбейтіндігі еді.
Осы аты аталған балаларын Орынғали атам ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында
ұстайтын. Үш мезгіл асын аға-жеңгелерім қара шаңырақ – Орынғалидың үйінен ішеді. Сосын
абысын-ажын күнұзаққа күйеулері жұмыстан келгенше, осы үйдің шаруашылығымен айна-
лысатын. Кешкі асты бірін-бірі әжуалап, қыран-топаң күлкінің астында сіңіретін. Күн ұясына
батқанда үй-үйлеріне тарайтын. Таңертең тағы осы үйге жиналатын.
А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
45
Достарыңызбен бөлісу: