Болмаған балалық шақ



Pdf көрінісі
бет24/30
Дата22.07.2023
өлшемі2,2 Mb.
#104632
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Байланысты:
Elgezek A. Bolmag An Balalyik Shak.a4

 
«Бозторғай»
 
Басымнан осындай бір мұңлы да ауыр кездер өтіп жатқан көп күндердің бірінде кешке
жақын теледидардан қолында домбырасы бар, басына ақ бөрік киген, өзімнен бірнеше жас
үлкендеу бір балақайдың шырылдап ән салып тұрғанын көрдім. Бөрікті баланың салған әні –
менің жан-дүниемді астан-кестең еткен еді. Әннің аты – «Бозторғай».
Айналайын жыл құсым,
Аман-есен жүрмісің.
Ала таңнан шырылдап,
Қуантқалы тұрмысың.
Қанатыңды кердің бе,
Қияндардан келдің бе?
Жетімекпін мен неге,
Анамды сен көрдің бе?..
Аза бойым қаза боп, жүрегім жарылардай атқақтап, орнымда отыра алмай кеттім. Далаға
атып шығып, есіктің алдындағы орындыққа отыра сап, өкіріп жыладым. Жан-жағымнан жең-
гелерім қаумалап, «не боп қалды, не боп қалдыға?» салып, бәйек боп жүр. Ал мен өксігімді
баса алатын емеспін.
Туғаным жоқ, тумам жоқ,
Менде қызық-думан жоқ.
Қырға шығып бала боп,
Көбелек те қуғам жоқ.
Шешем болса, келмей ме,
Баласын бір көрмей ме,
Мейірлене құшақтап,
Өрік-мейіз бермей ме?
Тас жетім боп қалғаным,
Туа біткен арға мін.
Бір иіскесем анамды,
Болмас еді арманым.
Бозторғай-й-й, б-о-о-з-т-о-р-ғ-а-а-а-й....
Сол күні мен атар таңды көзбен атырдым. Меңірейіп жүріп, батар күнді де көкжи-
екке батырдым. Әлгі ән, әлгі шырылдаған, құлындаған дауыс құлағымнан еш кетер емес. Сол
баланы көргім келді. «Мен сияқты осы елдің бір шетінде бір жетім бала бар екен-ау, оның да
мұң-зары менікімен бірдей екен-ау» деп ойладым. Қайда жүрсе де сол балаға барғым келді, тіл-
десіп, сырласқым келді. Оны біреу жұбатса, мен жұбататынымды білдім, мені біреу жұбатса,
тек сол бала жұбатар деп ойлайтынмын. Амалым жоқ, оның қайда екенін мен білмеймін,
менің қайда, қандай жағдайда жүргенімді ол қайдан білсін! Кейін біздің ауылдағы кеңсенің
төбесінде тұратын радиоторабтан әлгі ән жиі беріліп жүрді. Мен ауылдың маңындағы қырға
қойды өргізіп бара жатқанда жан-дүниемді аласапыран қылған сол ән жүрегімді шымырла-
тып құлағыма жететін. Және күнұзаққа көкейімнен бір сәтке де кетпей тұрып алатын. Менің
жалғыз емес екенімді, дүниеде өзге де жетім балалар бар екенін білдірген сол ән құлазудан
шаршаған беймаза бала жанымды, шын мәнінде, жұбатқан еді…
Ал сай-сүйегімді сырқырата, жіңішке дауысы үзілердей шырқырап, жетім-тағдырымды
айна-қатесіз әнге салып айтып тұрған сол қара бала – кейін қазақтың әйгілі де сүйікті әншісіне
және менің жан досыма айналған ардақты Мейрамбек Бесбаев еді.


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
62


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет