Болмаған балалық шақ



Pdf көрінісі
бет23/30
Дата22.07.2023
өлшемі2,2 Mb.
#104632
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Байланысты:
Elgezek A. Bolmag An Balalyik Shak.a4

 
Әкенің суреті
 
Кеш қарайса, әкемнің фотосуреттерін қолыма алып, ұзақ қарап отыратын әдетім бола-
тын. Күлгенін, көзқарасын, жүріс-тұрысын қатып қалған фотосуреттегі бейнесін тірілтіп, еле-
стетіп отыратынмын. Тіпті, кейде бұл кісі өмірде болмаған адамдай көрінетін еді. Жұрттың
бәрі сенің әкең осындай адам болған, мынандай мінезі болатын деген кезде де маған соның бәрі
жұбату үшін адамдардың ойлап тапқан аңызындай көрінетін. Дегенмен мына фотосуреттегі
бейне – менің әкем! Маған туыс кісі. Тірі болса, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтыр-
май өсіретін еді. Тәңірдің жазғанына адамның қарсы тұрар қауқары болса, кәні?!
Әке. Есте жоқ ғайып адам. Елес кісі. Тек сәттік уақытқа қана түске енетін тылсым жан.
Бозбала кезімде қатты аңсаған жақыным. Тіпті шешеден де қатты қажет болған туғаным. Мен
оның бөлшегімін.
Ол – мұхит, мен – дауылды күні аспанға ұшып кеткен бір үзік тамшысымын. Ол – бәй-
терек, мен қисайып өскен бұтағымын.
Ол – даңғыл жол да, мен – жалғыз аяқ сүрлеумін. Ол – Аспан, мен оның жарық жұлды-
зымын. Ол – Ұлы Өлең, мен – оның ең соңғы шумағымын. Ол – менің мәңгілік жұмбағым,
мен – оның тәп-тәтті сағынышымын.


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
59
 
Сағыныш
 
Бір жылы сүп-сүйкімді қара қозы туған бір қойымыз арам қатты. Атам қозысы өліп қал-
масын деп, оған қойдың сүтін сауып беріп жүретін. Өзі сияқты басқа қозылармен ойнақтай
шапқылап жүрген әлгі қозы енесінен айырылғасын бірден өзгеріп кетті. Қораның бір шетінде
көзінен жасы ағып, құлазып тұратын. Аяғы дір-дір етіп, ішін тартып әрең демалатын.
Қырға шыққанда отардан бөлектеніп, жалғыз жайылып жүретін. Жаз аяғында басқа
қозылар марқаға айналып, үлкейіп қалған еді. Ал біздің қара қозымыздың бойы сол қалпында
қалды. Тек қарыны ерекше қампайып, екі жағына томпайып шығып тұратын. Жан-жағына
марғау ғана қарап тұрған, дүниеде ештеңеге селт етпейтін қалпы әлі көз алдымда.
Бұл қозының жан күйзелісін менен өзге тірі жан түсінбейтін. Иен далада сол қозыны
ұстап алып, тұмсығынан шөпілдете сүйіп, еркелететінмін. Ондайда, жетім қозы ақырын ғана
мекіреніп, кішкене жұбанатын. Үстін сипап отырған шақта, оның басын көтеріп маған қараға-
нын ешқашан ұмытпаймын!
Жалғыздық туралы үнсіз ғана айтып тұрған мұндай көзқарасты мен кейін еш тіршілік
иесінен көрген емеспін.
Қара қозы өліп қалған енесін сағынып жүрсе, мен осы жер бетінде жүрген тірі шешемді
сағынып жүрдім.
Баласын сағынбайтын ана болғанмен, анасын сағынбайтын бала болмайды. Өйткені пен-
десінің кеудесіне Тәңір өмірдің ұлы демін анасының құрсағында жатқанда үрлеп, тірілтеді.
Тіршіліктің ләззаты мен қиыншылығын сіз алғаш рет асыл анаңыздың алтын құрсағында сезе
бастайсыз. Сіз дүниеге келесіз. Алғашқы азығыңызды да анаңыздың бойынан табасыз. Құр-
сақта басталған ана мен баланың байланысы мәңгі үзілмейді. Ол көрінбейтін тылсым жіп
секілді, екеулеріңізді бір адам қылып байлап тастаған. Өкінішке қарай, тағдыр тәлкегімен сіз
анаңызды ұмытуыңыз мүмкін, бірақ сіздің жаныңыз, қайталап айтам, сіз емес – жаныңыз,
анаңыздың жанымен үнемі бірге болады.
Мен анамнан ажырап, Шұбартауға кеткен күннен бастап, сол тылсым, құдіретті байла-
нысты жан-тәніммен, баланың тап-таза, тұп-тұнық жүрегімен сезіп үлгергем. Сізден несін
жасырайын, түні бойы, сол бір ең жақын адамымды сағынып, жастығымды жасқа шылап шыға-
тынмын. Тіпті сол жастықты анам деп елестетіп, құшақтап сүйіп, ұйықтайтынмын. Қазір
жасым қырыққа келді, сол әдетімді әлі қоя алған жоқпын.
Бала кезде сағынышым күннен-күнге үдеп, кейін менің бойымнан бір мезетке де ажы-
рамаған ұлы рухани депрессияға алып келді. Мен анамды сүйемін. Бірақ… Бірақ ол маған
келмеді…
Әдеттегідей, өрістен кеш келіп, үйге кірдім. Босағада біздің үйдің емес, басқа бөтен әйел-
дің аяқ-киімі тұр. Әдемі топылай. Аппақ! Шетінде әдемі гүлдің суреті бар. Біреуі құлап, біреуі
тік тұрған қалпы әлі көз алдымнан кетпейді. Тұмсығы үшкір, сүйкімді топылай болатын.
Сағыныштан сарғайып жүрген санамда «Мама!» деген сөз найзайғайдай жарқ ете қалып,
көз алдыма мейірімді шешемнің бейнесін әкеле қалды. Ентігіп үйге кірдім. Маған арқасын
беріп, жеңгеммен шай ішіп бір әйел адам отыр. Дене пошымы менің шешеме ұқсас, шашы
қоңыр, бойы аласа.
Шешемді көрмегелі аттай үш жыл өтті. Сол! Келді! Сағынған екен ғой! Шешемді жек
көре бастаған өзімді кінәлап, «мені іздемейтіні несі» деп ызаланып жүрген әй, мен де ақымақ-
пын ғой деп қоям! «Түсінікті емес пе?..» деп ойлап тұрмын, Қалаң жібермеген оны. Маған
келетін қаражаты да жоқ шығар. Бүгін келді ғой! Мен барлық өкпе-назымды ұмыттым. Мен
оған керекпін! Анам келді! Мен үшін!
– Урррәәә, мамам келді! – деп әлгі шай ішіп отырған кісіні құшақтай кеттім.


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
60
– Бісмілла, ойбай, мынасы кім! Жібер, ойбай! – деп шешем басқа біреу деп ойлап қалған
болуы керек, менің қолымды қайырып жатыр. Менің осындай күшті, үлкен боп өсіп кеткенімді
білмейді ғой, қазір көргенде қуанады деп, қуаныштан жұмылған көзімді ашпай, еркелеп тұр-
мын.
– Әй, Ғалия, мына қайның жынды неме ғой!
– Ақош, жібер, ойбай, ұят болады. Басыңнан күн өткеннен сау ма? – деп жеңгем маған
айқай салды.
Мен осы кезде ғана көзімді аштым. Жүрегім дір етіп, тоқтап қалды. Бірнеше секунд-
тқа. Сөйтсем, әлгі әйел менің шешем емес, көрші ауылда тұратын біздің құдағиымыз екен.
Кіретін тесік табылсайшы! Сүріне-қабына сыртқа атып шығып кетіп, біздің қораның іргесінен
басталатын ұлы даланы басыма көтеріп, еңіреп қаша жөнелдім. Қорада жүрген атамның: «Әй,
шешек атқыр, не боп қалды-ей!» – деген сөзі құлағыма жетті. Оған да қарағам жоқ. Адамдар-
дан, мына ауылдан, жеңгемнен, ана құдағимыздан, өмірден, өзімнен, бәрінен безіп, сорғалап
жылап келем.
Қанша қорлық көрсем де, қайтпай, қайсарланып тұрушы едім. Бұл менің адам секілді
алғашқы шер тарқатып жылаған күнім еді. Ұялғам жоқ. Өйткені жыламасам – жүрегімнен
ұят. Қайда барғаным, не істегенім есімде жоқ, таңертең атам мені әкемнің моласынан тауып
алыпты… Зираттың есігін ашпастан, бейітке сүйеніп ұйықтап қаппын.
Осы оқиғадан кейін, мен анамды күтуді доғардым. Ал жүрегім сағынуды қоя алмады.
Кейін ержетіп, шешеме жолыққан кезімде, ол маған ай сайын хат жазып тұрғандығын
айтты. Бірақ мен ол сөзге сенгем жоқ. Сенгім де келмеді. Себебі, мен балалық шағымды ұмы-
тқым келген.


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
61


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет