Болмаған балалық шақ



Pdf көрінісі
бет20/30
Дата22.07.2023
өлшемі2,2 Mb.
#104632
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
Байланысты:
Elgezek A. Bolmag An Balalyik Shak.a4

 
Менің жеңгелерім
 
Бердібек Соқпақбаев айтпақшы, мен өмірімде алуан-түрлі жеңге көрдім. Бір-біріне
мүлде ұқсамайтын менің жеңгелерім әрқайсысы бір-бір әлем еді.
Қора жақтан шелегін көтеріп келе жатқан, анау қара торы, момын, кішкене сәуегейлігі
бар келіншек – менің Гүлғайша деген жеңгем. Байқұс жеңгем осыдан біраз жыл бұрын қайтыс
болды. Жатқан жері жайлы болғыр, бұл жеңгем өте сабырлы, ешкімде шаруасы жоқ, арамдық
дегенді білмейтін әйел еді. Бұл – Айдарбектің келіншегі. Өте кеш үйленген ағама тура осындай
жар керек болатын, Құдай Орекеңнің тілегін қабыл етті. Кәкен бұған «Шолақ қасқыр» деген ат
берген. Екі ұл, екі қыз тапқан Гүлғайша жасы қырыққа жетпей, жүрегі тоқтап, жарық дүние-
мен қоштасып кетті. Мен оның жерлеуіне бара алмадым. Осы күнге дейін соған қатты өкінем.
Маған деген пейілі тым бөлек еді, жарықтықтың. «Әлі көресіңдер, менің Ақошым үлкен адам
болады», – деуші еді. Бүгін мен жеңгемнің атын Құраннан қалдырмай, қосып отырамын.
Мына жүзі суық, бірбеткей, қырсық, қисая қалатын шалдуарлау мінезді, тарамыс қатын
Нәзигүл. Бұл – Асқардың әйелі. Шалдан таяқты ең көп жейтін де осы жеңгем. Кәкеннен «Қара
темір» атағын алған Нәзигүлдің қолдары балғадай, өзі үй шаруасынан гөрі, даладағы тірлікке
мығым болатын. Осының түрін, мен, неге екенін білмеймін, қалмақтың әйелдеріне ұқсататы-
нмын. Біртүрлі қазаққа келінкіремейтін келбеті бар еді.
Ғалия. Алматының Талғар деген ауданының тумасы. Топ-томпақ, момын. Алайда
жуастан жуан шығады демекші, жеңгелерімнің арасындағы төбелестерде көбіне-көп осы жеңіп
шығатын. Жасы бәрінен де кіші болғанмен, біздің үйде жиі болып тұратын жеңгеаралық соғы-
старда басқалары секілді шыңғырмай, айқайламай, үндемей ғана төбелесе беретін.
Ғалия –Жалынның жары. Қарсыласы – Нәзигүл. Екеуі үнемі қырқысып жүреді. Сондай
бір ұрыстар кезінде Ғалиямыз үнін шығармай, табанды түрде, сіресе-тіресе намысын қорғай-
тын. Қалған уақытта да жымын білдірмей тиесілі шаруасын жүргізе беретін. Кәкеннен алған
атағы – «Ұйғыр». Ол келген жағына байланысты қойылған болу керек.
Мына сұлу келіншектің есімі Айгүл. Талдықорғанның қызы. Бұл жеңгеме ағам түгілі,
шалдан бастап бүкіл ауыл ғашық. Кәкен оған келген жағына байланысты «Ұзын татар» деген
ат қойды. Мектебімізде араб тілінен сабақ беретін. Біздің сыныпқа да. Бұған тиісу – сұлу гүлді
жұлғанмен бірдей еді. Жеңгелерімді бір шыбықпен айдап, тындамаса, сабап алатын атам осы
Айгүлдің алдында бала боп қалатын. Сұлулықтың алдында зұлымдық та бас иетінін талай
көрген мына пақырыңыздың сөзіне сеніңіз, атам бұл келініне бірде-бір ауыр сөз айтпайтын.
Қабағы кіржиіңкіреп отырған атамды осы жеңгем ғана көңілдендіретін. Тамақты қалай жаса-
ушы еді! Мен оның қолынан шыққан палау мен лағманды еш жерден көргем жоқ, әй, көре
алмайтын да шығармын.
Кейін ол Алматыға кетіп қалды. Атам жібергісі келмесе де, сүйікті жарын сағынып,
сарғайып біткен Айдархан оны қояр да қоймай астанаға алып кетті.
Айгүл Алматыға кетісімен біздің үйге дөрекілік пен боқтық, салақтық пен дарақылық
қайтып оралды. Атам бұрыңғыдай емес, ашудың қарагерін әдетінше ерттеп мініп алып, біз-
дерге тыным таптырмайтын болды.
Кейде… ажарлы, әдепті, биязы келінін көргісі келіп тұра ма, қалай, атам Алматыға жиі
барғыштап та жүрді. Өзге келіндеріне Айгүлді үлгі қылып қоятын. Онысын басқа жеңге-
лерім пыш-пыштап жақтырмай, күбірлесе қалатын. Менің де сұлулық пен тектілікке құмар
жанымды жеңгелерім түсінбей, аса ұнатпаушы еді. Ал, мен болсам, шешемді сағынып жүр-
генім аздай, енді Айгүлге деген сағынышымнан зардап шеге бастадым.


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
50


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет