Болмаған балалық шақ



Pdf көрінісі
бет22/30
Дата22.07.2023
өлшемі2,2 Mb.
#104632
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
 
Күйкентайдағы оқиға
 
Біздің ауылдың ту сыртында Сиректас атты ерекше бір жер бар. Атауы айтып тұрғандай,
бұл жер – бірінен бірі бөлек, сирек-сирек орналасқан таулардың бір тобын тәсбихтей біріктіріп
тұрған мекен.
Ешкім көрмеген ескі замандарда бұл жерде жанартау атқылап, Сиректастың біріне бірі
ұқсамайтын таулар галереясын түзген болуы керек. Мәселен, бір таудың төбесіне кәдімгі пима
орнатып қойған. Оны біз «Пиматас» дейміз. Ал балқи атылған мына жанартау, суығанда қана-
тын жайып қонақтаған бүркіттен айнымай қалған. Мұны біз «Бүркіттас» деп атаймыз. Сол
Бүркіттас жүректен аумайтын кішігірім үңгірі бар «Жүректас» аталатын келесі бір таудан ғана
анық көрінеді. Алдынан немесе келесі жақ бетінен барып қарасаңыз, қанатын қомдап ұшқалы
отырған Бүркітті көре алмайсыз. Мұны мен күнұзақ қой жайып жүріп әбден зерттегем. Керек
десеңіз, бұл табиғи тас мүсіндер жайлы біздің ауылдың адамдарына алғаш айтқан да мен бол-
сам керек.
Келесі бір таудың атауы – «Күйкентай». Сол Күйкентай деген атау, әсілі, Күйгентау деген
сөздің өзгеріске түскен нұсқасы ма деп ойлаймын. Себебі, бұл Күйкентай да Қазақ жеріндегі
Бурабай, Баянауыл сияқты Сарыарқаның жазық даласында өздігінен, жерден атып шыққандай
пайда болған шоқы таулар. Бұларға дейін және бұлардан кейін ешқандай тау сілемдері жоқ.
Демек, бұлар бағзыда буырқанып атқылаған ежелгі жанартаулардың орындары.
Біз әңгімелеп отырған Күйкентайдың Кіші Күйкентай немесе Сасық Күйкентай деп ата-
латын тағы бір кіші інісі бар. Ол Бидайық деп аталатын көрші ауылдың меншігіндегі тау. Оған
мен барып көргем жоқ бірақ.
Егер Күйкентайға жолыңыз түсе қалса, онда сіз табиғаттың өзі сомдаған неше түрлі тас
пішіндерге жолығар едіңіз! Мысалы, біздің Күйкентайдың баурайында жайылып жүрген алып
тас піл бар. Немесе таудың басына біреу қолмен қойып қойған алып тас балық. Бір қызығы –
әлгі балыққа сізді кезінде балқып ағып, кейін толқын-толқын боп қатып қалған ирелеңдеген
баспалдақ алып барады. Ал Күйкентайдың өзі алыстан алып жыланның айдарындай қап-қара
боп мұнартып жатады. Маңайы – қалың тобылғы, ну жыныс. Осы бір тауларда ерекше тылсым
бар-тын.
Бірде қойымды Сиректастан Күйкентайға қарай басталатын үлкен жазық алқапқа жамы-
ратып жіберіп, таудың төбесіне үйілген тас обаның көлеңкесін саялап, кітап оқып жатқам.
Тұсаулы атым әудем жерде жайылып жүрген, бір заматта осқырынып қалды. Басымды жұлып
ап қарасам, маңайда қыбырлаған тіршілік иесі жоқ. Отарды барласам, бір шеті бытырай үркіп,
ортасына қарай иіріле бастапты. Атым құлағын қайшылап, үркіп, әлі осқырынып тұр.
Аспанға қарадым. Көз ұшында Күйкентай жақтан бір алып қара құс ұшып келе жатыр
екен. Қанаттарының қағысы да сондай жойқын. Өзі бір ені де үлкен, денесі созыла ұшатын
ұзын қап-қара құс екен. Жақындай келе әлгі құсым құсқа ұқсамай кетті. Ойпырым-ай, мұн-
дай да болады екен-ау! Құс деп тұрғаным құс емес, ұшып келе жатқан айдаһардың нақ өзі боп
шықты. Қанатын ауыр-ауыр қаққан алып айдаһар тура төбемнен ұшып барады. Бауырын қап-
қара қабыршақ басқан, терісі жыланның терісі сияқты. Басы үлкен. Мойыны ұзын әрі қуатты,
жалпақ. Айдаһар бір кезде төменге басын түсіріп, маған тесіле қарады. Ілезде бойымды билеп
алған үрейдің әсерінен жерге отыра кеттім. Көзімнің қиығымен атымның шұрқырап, тұсауына
қарамай айдалаға шауып, қашып бара жатқанын байқадым. Қасымдағы Пират атты төбет итім
қыңсылай кеп, обаның түбіне тығылды. Менде тіл де, ес те жоқ! Айдаһармен жанарым жана-
сқанда қазір ол мені от бүркіп, өртеп жібереді деп ойлап үлгердім. Жоқ, келесі бір сәтте оның
көздері қаншалықты суық әрі қорқынышты болғанымен, мейірімді, жұмсақ көрінді. Мүмкін
бір сәтке ғана қараған шығар, бірақ бұл көзқарас маған мәңгілікке созылғандай әсер етті. Қара
айдаһар басын көтеріп ап, ары қарай ұша берді. Сол оқиғадан кейін менің бойымда ерекше бір


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
57
тылсым толқыныстың пайда болғанын байқадым. Болашақты су бетінен көргендей айтатынды
шығардым. Айтқаным айдай келетін болды. Алайда мен бұл оқиғаны ешкімге айтқан жоқпын.
Өйткені менің сөзіме ешкім сенбейтін еді. Бұл сырымды мен ең алғаш осы кітаптың бетінде
ашып отырмын. Керек десеңіз, мен осы көрініске өзім де сенбеймін. Бірақ қаша жөнелген
атым, қыңсылаған ит, шеті түріліп, дүрр етіп үріккен отар – бәрі-бәрі бұл шын мәнінде болған
жағдай екенін айқындай береді…
Кейін бұл қара айдаһар талай рет түсіме кірді. Әлі де еніп тұрады. Ол маған адамша тіл
қатып, Құдай туралы, жаратылыс туралы, көптеген таңғажайып әңгімелер айтады.
***
Міне, осылай кешке күн ұясына әбден батып, дала алакөлеңкелене бастаған шақта
ертоқымын асынып ап, қойын үйіне айдап келе жататын ауылдағы жалғыз баланы көрсеңіз,
ол – мен едім.
Атам немересімен мені қораның сыртында күтіп отыратын.
Қойды қораға кіргізіп, жуынып-шайынып алғасын, шәйға да қарамай көшеге шығып,
қалаға кетпеген немесе қыдырып, қаладан оралған достарымды іздеуші едім. Осылай жүріп,
жазды да өткізетінбіз.


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
58


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет