Болмаған балалық шақ



Pdf көрінісі
бет10/30
Дата22.07.2023
өлшемі2,2 Mb.
#104632
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
Байланысты:
Elgezek A. Bolmag An Balalyik Shak.a4

 
Тілеукеш
 
Тілеукештің азан шақырып қойған есімі – Тілеуқабыл. Ол менің өмірімдегі бірінші
досым. Құрдаспыз. Екеуіміз бір-бірімізге сай қосылғанбыз. Ойлап таппайтынымыз жоқ. Қия-
лимыз. Әкесі Түсіпхан да өте мейірбан, жақсы кісі. Мені жақсы көретін. Жұрт Түсіпханды
еркелетіп, Түсек деп атайды. Тілеукеш оны әкем деп мойындамай өскен. Себебі, атасының
баласы. Марқұм атасын талай көргем. Көзі үлкен, сымбатты, зор тұлғалы адам еді. Ныспысы
Рамазан. Бір күні ол кісі біздің көшеден өтіп бара жатты. Қолында қосауыз мылтығы бар. Сол
кезде «Рамазан ата үйімізге кіріп Қалаңды көздеп тұрып «бұрқ» еткізіп атып, жалпасынан
түсірсе ғой» деп бала қиялмен армандап үлгергенім есімде. Әйтпесе, біреуге өлім тілеу күнә
екенін білемін. Кезекті бір соққыдан кейін, Рамазан атаны көрген кезде келген ойлар болар.
Үйдегі ойналмаған ойынның есесін Түсіпханның үйінде Тілеукешпен бірге қайтарамын.
Көбінесе, әрине соғыс ойыны ғой. Қаруды кез келген заттан жасап алушы едік. Кәдімгі зембіл-
дің сабын жұлып алып, екіге бөлсеңіз, салмақты мылтық болып шыға келеді. Бұл Тілеукештің
ойлап тапқаны. Сол қаруды жасап алып, Тілеукеш екеуміз бір күні шпион ұстауға уағдала-
стық. Біздің тұратын көшенің бір шеті үлкен тас жолға тіреледі. Арғы жағындағы бос алқапқа
ол кезде эспарцет шөп егілуші еді. Ол егін шөптің біткен жері қалың жыныс, ну-тоғай. Жұрт
оны Сорт-участок дейтін. Онда жүзімнің түр-түрі өсіріледі. Тілеукеш екеумізге соның ішінде
қаптап жүрген оңбаған шпиондар елестейтін.
«Шпионды ұстасақ, аудандық және облыстық газеттерге фотосуретімізді басып, біз
туралы мақалалар жарық көреді. Атағымыз облыс түгілі, мұқым Қазақстанға таралуы ықти-
мал». Осы ойлар бізді үлкен ерлікке итермеледі. Келіскен күні, кешке екеуміз күре жолда кез-
десіп, сорт-участокке беттедік. Тәңір сәтін салса, бүгінгі кеш нағыз шпиондардың жиналып,
құтыратын кезі. Біздің мақсат, қалайда біреуін ұстап, байлап-матап, Тілеукештің үйіне әкеп,
қамап тастау. Сосын милиция шақырып, атақ пен даңққа, мүмкін ақшаға да мейлінше бату.
Екеуміз ағаш мылтығымызды асынып алып, ауыр арқанды сүйретіп жолға шықтық. Арқан
қаныпезер шпионды байлау үшін алынғаны оқырманға түсінікті деп ойлаймыз. Сорт- участок
алыс екен. Келе жатырмыз. Дала іңірдің бояуын бойына әбден сіңіріп, енді тездетіп қоюлана
бастады.
Алыста ағараңдаған бірнәрсе көрінді. Жақындай келсек, «Москвич» маркалы мәшине.
Қуанып кеттік. Іздегеніміз алдымыздан шықты. Москвичтің терезелері буланып кеткен. Бізге
ол қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан шпионды елестетті. Сұмпайы бандит бізді көріп қалма-
сын деп, еңбектеуге көштік. Жақындағанда ыңырсыған дауыс естілді. Буланған терезені сүртіп
қалып, қарасақ, біздің көптен бері аңсап жүрген шпионымыз, бір әйелді тыр жалаңаш шешін-
діріп тастап, тұншықтырып жатыр екен. Ал әйел әлсіз қарсыласып құтылмаққа әрекеттенетін
сияқты. Арасында шаршағаннан ба екен, әлгі басбұзардың арқасынан саусақтары тайып кетіп,
бауырынан кері итергендей болады. Байқұс әйел біз келмесек өледі екен. Шпионыңыз сұм-
дық ірі боп шықты. Бар салмағымен байқұс келіншекті аяусыз жаныштауда. Аяғын аспанға
көтеріп сап, езгілеп жатыр. Соған қарағанда, өлтіре бастағанда аяғы кедергі келтірмесін дегені
ғой деп қоямыз. Былай еңбектеп барып, Тілеукеш екеуміз ақылдасамыз кеп. Әйелді шпионның
жалаңаштап алып, өлтіріп жатуы, өлгеннен кейін киімін шешіп әуреленбей-ақ өзенге лақтыра
салу үшін керек. Ал, енді өзінің шешініп тастауы ол оқта-текте әлгі әйел тұншығып жатып,
құсып қойса, киімі бұлғанбауы үшін деп қоямыз тағы. Қысқасы, қаныпезер қылмыскерді ұста-
уға бел будық. Есікті мен оқыс ашып қалам да, Тілеукеш: «Оңбаған, шпион жолдас, сіз тұтқын-
далдыңыз!» – деп айқайлатын болды.
Мен есікті жұлқи тарттым. Құдай-ай, тыр жалаңаш шпионды бірінші рет көруім. Бор-
биған бөкселері шылпылдай ма, қайтеді, өзі!? Мынау тұншықтырып жатыр ма, әлде байқұс
әйелдің ішіне темір ме, бірдеме тығып жатыр ма? Қапелімде анықтап үлгергем жоқ, Тілеуке-


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
28
штің дауысы саңқ ете қалды. Шпионның бауырында жандәрмені шығып алысқан әйел қаңқ ете
қалды. Шпион атып тұрды. «Түн ішінде неғып жүрген қуаяқтар бұл?!» – деп әлгі дәу мені
ұстаймын деп ауаны қармап қалды. Біз Тілеукеш екеуіміз бір-бірімізді айтқызбай түсіндік.
Мына денесі жалпақ шпионға әліміз келмейтіні анық болды. Содан атақ-даңқтан гөрі аманды-
ғымызды жоғары қойдық та, Тілеукеш екеуміз зытып бердік. Әлгі шпион артымыздан қуып
берді. Зытып келеміз. Артымызға қарай-қарай зытып келеміз. Қорқыныштан аяқтарымыз алға
баспай, шпионға болысып келе жатыр.
– Мылтықты таста! – деп айқайлады маған Тілеукеш.
– Өзің неге тастамайсың? – деп мен де намыстанып бағам.
– Маған керек ол!
– Маған керегі жоқ па екен!?
– Ойбай, анау келіп қалды! Таста, жүгіре алмай қаласың.
– Бірге тастайық!
– Ал, жарайды.
Мылтықтарымыз шпионға қалды. Қылмыскеріміз мәйкішең бізді қуып келеді. Мылтық
болса, кетті. Бірақ арқанды тастауға болмайды. Ол Қалаңның арқаны. Оны тастап, Қалаңның
қолынан өлгенше, шпионның қолынан ерлікпен қаза тапқаным дұрыс емес пе?!
– Таста арқанды!
– Қалаң өлтіреді!
– Өлтірмейді. Біздің үйдегі арқанды аласың!
– Сендердікі Қалаңдікіне ұқсамайды ғой!
– Түууу, сен де!
– Тасташы, айналайын. Өлтіреді анау, түрі жаман екен! – деп қояды менен оқ бойы алда
келе жатқан Тілеукеш.
– Тастамаймын! Ұстап алып, өлтірсін! Сен ауылға бар да елге хабарла!
– Пәлесін қарай гөр өзінің! Жалғыз атақты болғың келеді екен ғой. Әкел арқанның бір
шетін!
Шпионның күші әйелді тұншықтырғанға кетіп қалған болуы керек, бір кезде жұдыры-
ғымен ауаны ұрғылап, қалып қойды. Біз аяқтарымызды сүйретіп, үйге әрең келдік. Ертесінде
елге мақтанышпен айтып отырсақ, бәрі ду-ду күледі. Бізді ешкім ерлік жасады деп отырған
жоқ. Қызық. Содан бері шпион ұстау кәсібінен Тілеукеш екеуміздің де көңіліміз қалды.


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
29


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет