Болмаған балалық шақ



Pdf көрінісі
бет11/30
Дата22.07.2023
өлшемі2,2 Mb.
#104632
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
Байланысты:
Elgezek A. Bolmag An Balalyik Shak.a4

 
Тимур
 
Бір күні Тілеукеш үйге жүгіріп кіріп: «Жүр, біздің үйге бір төбелескіш бала келді.
Менен қаймығатын түрі жоқ. Ұрайын десем, туысқан. Қалған балалар үркіп қапты, сен соны
бір көрші», – деді. Төбелес десе, қарап тұратын мен бе, «жарайды», – деп атып шықтым. Тіле-
укештің үйінің алдына бір топ бала жиналып қалыпты. Ортасында қара торы шымыр біреу тұр.
Басына лента тағып алған. Барып, таныстым. Ол қолымды қатты қысып тұрып, атын айтты:
– Тимур!
– Ақберен!
– Біз оны Ақош дейміз! – деп нояндарым шулап қоя берді.
– Төбелесе аласың ба? – деді Тимур.
– Кәнишня!* 
(Орашолақ орысша. «Әрине» деген сөз).
– Қан шыққанша ма, жан шыққанша ма?
– Жан!
– Кеттік.
– Кетсек, кеттік!
Тілеукештің қорасының артына бардық. Менде ешқашан төбелестің алдында басқалар
айтатындай дірілдеу-қалтырау деген болмайды. Қалаңның алдына бара жатқандай сабырлы-
мын. Анау біртүрлі қобалжып келе жатқан секілді. Балалар мен туралы аңызбен қорқытып
тастаған болуы керек.
Тұрдық. Басталды. Жақсы төбелеседі екен. Тек бір кемшілігі көзін жұмып ап, шабуыл-
дай береді. Бір сәті келгенде артына шығып кетіп, желке тұсынан Қалаңның кәнігі тәсілін қол-
дандым. Миы ауызына түсті ғой деймін, «жан шықты, жан шықты!» – деп айқай салды. Уәдеде
тұрамыз, тоқтадық.
Тимур Тілеукештердің алыс бір туысының баласы екен. Өздері Рудный деген қалада
тұрады. Жүріс-тұрысы қалалық болғанмен, жүрген жерінде төбелесе беретін нағыз батыр
екен.
Бір күні Тимур Құлақты жеңіп кетіпті деген әңгіме гу ете қалды. Құлақ дегеніміз – «78-
дегі» Марат деген сотқар. Одан Тілеукеш те, мен де қорқамыз. Менің маңдайымда тыртық бар.
Ол Марат Құлақтың өмір бойы мені ұмытпасын дегендей салып кеткен таңбасы. Қолына тиген
затпен ұратын ақкөздің өзі еді ол.
Сол бір күні менімен төбелеспекші болды. Дұрыстап төбелескеннің орнына жерден
бір қиыршық тасты тауып ап, әй-шәй жоқ тура маңдайыма бірақ қадасын. Сосын жарылған
маңдайды ауруханаға барып тіктіргеніміз есімде. Шешемнің қан қысымы екі күн қатарынан
көтеріліп, пәле болған.
Сол Құлақты бізден екі жас кіші Тимур соққыға жығыпты. Міне, ғажап. Жүгіріп
Тимурға барсам, мойынын әлгі Марат тістеп тастапты, одан қайтып тұрған біздің жауынгер
жоқ. Маңғаздана қарайды. Құлақты Тимур астына екі бүктеп, тепкілеп тастапты.
Біздің көшеде бүгін той. Себебі, ана көшенің көсемі Марат Құлақ. Енді ол көшенің бала-
лары бізге қарайтын болды. Өйткені жеңімпаз біздің көшенің қонағы! Тілеукеш, Тимур және
мен өле-өлгенше дос болуға серттестік. Ала жаздай ұмытылмайтын сәттерді бастан кешірдік.
Тимур сабақ жақындағанда үйіне қайтатын болды. Шығарып салуға Тілеукеш екеуміз
Үржардың шетіндегі вокзалға бардық. Жанары мөлтілдеп, бізбен ұзақ қоштасты Тимур. Есейе
келе көрікті жігіт болайын деп тұрған бала еді ол. Екі аптадан соң, Тілеукеш үйге жылап келді.
Тимур жол апатынан қайтыс болыпты.
Ағам қайтқан кезде бір жылағаным бар, Тимурдың қазасын естіген мен есім қалмай
еңіредім. Бала кездегі кіршіксіз достықтың дәмі басқа. Әлі күнге дейін Тимурдың отты көздері


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
30
мен әдемі күлкісін, тапқыр сөздері мен жарасымды қалжыңын сағынамын. Бақұл бол, періште
досым, бақұл бол! Мен сені ешқашан ұмытпаймын!


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
31


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет