Елімізде Отбасы күні мерекесі биыл үшінші
мәрте аталып өтті. Республикалық деңгейде
«Мерейлі отбасы» байқауынан бастап,
отбасылық құндылықтарды насихаттау ту-
ралы ақпараттық, тәрбиелік шаралар көптеп
өткізілуде.
Мәдениет пен өнердің ордасы Алматы қаласы
Орталық мәдениет және демалыс саябағында да
Отбасы күніне арналған мерекелік шара өткізді.
Мейірім мерекесіндей болған айтулы шара қала
тұрғындары мен қонақтарына шатшадыман күй
сыйлады.
Алматы қалалық Ішкі саясат басқармасының
әлеуметтік маңызды жобалар негізінде әлеуметтік
желі арқылы Ұлттық журналистік зерттеу орталығы
ұйымдастырған «Отбасы ғаламшары» байқауының
нәтижесі жарияланды. «Үздік отбасы», «Үлгілі
әке», «Өнегелі ана», «Алтын бала» аталымдары
бойынша өткізілген отбасылық байқау Отба
сы күні мерекесін белгілеудегі негізгі ұстанған
ұстанымын, саясатын түсіндіру, үгітнасихат
жұмыстарын жүргізу, «Мәңгілік Ел» идеясы
аясын дағы отбасылық жауаптылықтың астарын
сезіндіру, отбасылық құндылық тарды насихаттауға
арналды.
«Үздік отбасы» аталымында Елеусізовтер
жанұясының жұлдызы жанды. Қызғалдақтай қос
қыз бен болашақтың тізгінін ұстар ұл баланы
тәрбиелеп отырған бақытты атаана Алматының
көрікті жерлерін аралап, «Біздің бір күніміз»
атты бейнеролик арқылы отбасының бір күндік
де малысын көрсеткен. Бейнероликте «Отбасы
деген не?» деген сұраққа отбасы мүшелерінің
әрқайсысы жау ап беріп, бақытты да берекелі
шаңырақ құрудағы өзіндік сырларымен бөлісті. Ал
«Үлгілі әке» аталымын ақын, бірнеше кітаптардың
авторы, журналист Кенже Сартбаев жеңіп алды.
Тағдырдың қатал тезіне шыдап, қоларбаға
таңылса да ана болу бақытын сезінген Меруерт
Сүлейменова «Өнегелі ана» аталымын иеленді.
«Мен өмірді сүйемін» қоғамдық қорының
төрайымы Меруерт Хадышқызы: «Өнегелі ана»
аталымы мен үшін баға жетпес марапаттардың
бірі. Айта кетерлігі, бұл байқауға өзімнің жеңісімді,
жетістігімді көрсетейін деген оймен қатысқан
жоқпын. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғам
назарын аудару мақсатында қатыстым. Бұл ізгі
шара анасына тағзым ететін, анасына алғыс ай
татын әрбір азаматтың жүрегінен орын алатын
байқау болуы керек» деген ойын ортаға салып,
ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Ал №176
мектепгимназиясының 2 «В» сынып оқушысы
Нұрали Аянұлы отбасылық байқауда «Алтын бала»
атанды. Үздіктерді марапаттаған Алматы қаласы
Мәдениет басқармасы бас шы сы ның орынбасары
Ерболат Әуезов оларға шаңырақтың шаттығын
тілеп, осындай биік тұғырдан түспеу туралы ниетін
білдірді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен
диплом дарға ие болды.
«Отбасы ғаламшары» байқауын әлеу меттік желі
арқылы ұйымдасты ру шы лар «Отбасының тыныс
тіршілігі – Отанымыздың келбеті. Сондықтан
мұн дай шаралар алдағы уақытта жалғасын таба
береді» дейді. Алматының Орталық саябағы
алаңдарында күні бойы отбасылық құндылықтарды
насихаттайтын көрмелер, шеберлік сыныптары,
әртүрлі тренингтер өткізіліп, кешке дейін думан
үзілмеді. Эстрада және кішкентай бүлдіршіндердің
концертіне ұласқан мерекеде балақайлар
қызылдыжасылды шарлармен ойнап, муль
тфильм кейіпкерлерімен естелікке суретке түсіп
қана қоймай, спорттық ойындарда да бақ сынады.
Отбасылық бизнес жәрмеңкесі мерекенің көркін
қыздыра түсіп, әр отбасының пісірген өнімдері
көпшіліктің көңілдерінен шықты.
Қарлыға МЫРЗАЛИМОВА,
журналист
АЛМАТЫ
Берекелі шаңырақ – ынтымақ бастауы
ӨМІР ДЕЙТІН ӨТПЕЛІ
ЖОРЫҚТАМЫЗ
Қорықпа қыз,
Өмір дейтін өтпелі жорықтамыз.
Томсырайып қалатын бір бейбақпын,
Торғын баққа түспесе торыққан із.
Табиғатпен жаным бір, үндес едім,
Күн кешемін, мұңлықпен тілдесемін.
Адамдардың барлығын дос көрген соң,
Кеткенін де білмеймін кімге есемнің.
Жүргіншісі болған соң бір көшенің,
Сендермен ғұмырымды бір кешемін.
Жасқанбаңыз, жаныңды азаптайтын
Диуанасы емеспін жынкесенің.
Артарыңды білмейсің кімге сенім,
Аңқау қызау, жаныммен үндес едің.
Ару тұрып тіл дәмін таттырмаса,
Тәттілігін біздегі білмес ерін.
Себепсізден сескеніп, қорықпаңыз,
Өмір дейтін өтпелі жорықтамыз.
Ассуымды сызылып дайындайтын,
Жас сұлуға бір кезде жолыққанбыз.
МАХАББАТ МҰҢЫ
Айқасады бірбіріне айқабақ,
Жанарыңнан мөлдір тамшы тайғанап.
Төмен қарай сырғанаған жасыңды,
Сүртудемін саусағыммен аймалап.
Дірілдеген сөздеріңнен мұң ұқтым,
Қапаландың құрсауында құрықтың.
Өзге жанмен кетіп едің күлімдеп,
Енді неге жылап келдің, қылықтым?
Түсіндің бе шын сезімнің не екенін,
Өзге жанның өгейсітіп кетерін?!
Жылап келдің, жайдым саған құшақты,
Бұл құшағым сенің мәңгі мекенің.
СУЫҚ СОРҒАН СҰР ДАЛА
Сұр күздің суық сорған сұр даласы,
Сұрланып сауық құрмай тұр, қарашы.
Сақтаған сары далада сырым барды,
Сары күз, өтінемін ұрламашы.
Қара аспан қара жерге көп қарайды,
Қара бұлт жылайды көп, тоқтамайды.
Қара аспан найзағай боп қара жердің
Қыпқызыл кеудесіне шоқ қадайды.
Табиғат шаңырағы қаңырады,
Жапырақ – жаным менің жабығады.
АНА
Тұрғандай сезілесің таяу ғана,
Жетелеп жүргендейсің баяу ғана.
Сан адамды көргенде тойдуманда
Ішінен елестейсің, аяулы ана.
Ақ жаулық желбіретіп аналарым,
Жетелеп бара жатса балаларын,
Күтемін бір ізгілік дәл өзіңдей,
Шуақ боп мейірленіп қарағанын.
Болмайдыау дәл өзіңдей басқалары,
Жанымды талайталай жасқа малды.
Алыстан аңсап келсем орының бос,
Ұлыңның құрғамай жүр қос жанары.
А
втобусқа жайғасқанымыз сол еді,
Ш.Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әні
әуелей кетті. Күйбең тіршілікпен жүріп
ән тыңдауға да уақыт таппай қалатынымыз жа
сырын емес. Осы сәтті пайдаланып, терезені сәл
ғана ашып қойдым да, далаға қарап сырлы әуенге
елітіп, терең ойға шомдым. Сөйтіп отырғанымда
түсетін аялдамамның төбесі де көрінді. Улап
шулаған студенттермен жарыса біз де автобус
тан түсіп, ауруханаға жол тарттық. Ауруханаға
келген жұртшылықтың қарасы көп екен. Енді
есікте кезек күтіп сарылып тұратынымды ойлап,
көңілім сәл түсіңкіреп, ғимаратқа оң аяқпен
кірдім. Барлығы да сәтті әрі тез бітсін деген ой
мен ырымдап күбірлеп қойдым. Дәл ғимараттың
ТІЛІМ МЕНІҢ
Тілім менің – бар байлығым, қазынам,
Дей алмаймын қасиетіңді аз ұғам.
Десе біреу тілің ертең өледі,
Бүгін ажал кезегіне жазылам.
Тіл өлмесін сақта тәңір өлгеннен,
Тірі тұрса тілім онда мен де өлмен.
Сан тозақтан аман өтіп келеді,
Небір апат, небір нәубет төнгенмен.
Тілім менің – тасты жарар тарлан тіл,
Ақтанберді, Махамбеттен қалған тіл.
Тілім менің – Әуезовтей кемеңгер,
Халық жанын қашап тасқа жазған тіл.
Тілім менің – самал болып ескен тіл,
Тілім менің – өркендеген, өскен тіл.
Қара қылды қақ айырған қарттарым,
Ердің құнын екі сөзбен шешкен тіл.
Тәуелсіздік таңы бүгін атқанда,
Төл тіліңді түсірме елім қақпанға.
Жұлдыздарың қазақша ән сап аспанда,
Бұлбұлдарың қазақша ұшсын бақшаңда.
Қазақ тілі болса ғана қазақ бар,
Қазақ тілін қорлатпайық мазаққа әр.
Шындап бүгін күреспесек тіл үшін,
Онда мәңгі бізді арымыз азаптар.
МАХАББАТ
Сен деп жүрек не үшін
жұлқынды екен,
Бөлек жансың ажарың
күлкің бөтен.
Екеуміз екі әлем
АҚЫНДЫҚТЫ АЙТ
О, Жамбыл, қасиетті арда бабам,
Аршындап ақиықтай сорғалаған.
Төрінде Кремльдің намаз оқып,
Сәждеге басын иіп Аллалаған.
Партия «патшасы» бар, хатшысы бар,
Шынымен қиын едіау онда заман.
Е
желден Жетісу өңірі – аты аңызға айналған, таңдайына өлең қонып,
жыр ұялаған ақын-жазушыларға бай өлке. Қабан, Сүйінбай, Жам-
был сияқты дүлдүлдер шыққан жерұйық атанған бұл жерде бүгіндері
де таланттар қаулап өсіп келеді. Ілияс Жансүгіров, Мұқағали Мақатаев,
Жұматай Жақыпбаев, Есенқұл Жақыпбековтердің ізбасарлары – жас ақындар
қай ауданға барсаң да өлең оқып, қарсы алады. Олардың тырнақалды
өлеңдері аудандық, облыстық газеттерге жарияланды, тіпті кейбірінің жыр-
лары республикалық басылымдарда басылып жүр. Алматы облысының
әкімшілігі, облыстық Мәдениет басқармасы жастар шығармашылығына
айрықша назар аударып келеді.
Ал Бердібек Соқпақбаев, Сайын Мұратбековтердей қазақ прозасы
классиктерінің жалғасы болады-ау деген жас жазушылар қатары сиректеу.
Проза жазу – көп уақытты қажет етеді. Сондықтан да қазақ әдебиетінің өзінде
прозаиктер саны кемшін келеді. Дегенмен, бойында бұла талант бұлқынған
жанкешті қаламгерлердің қашанда қаламы қолынан түспейді. «Гүл өскен
жерге гүл өседі» демекші, әдебиет айдынында желкендерін жайған, келе-
шекте үміт етерлік жас прозаиктеріміздің алғашқы қалам тартысы қуантады.
Өзіміз сүйіп оқитын «Ана тілі» газетінің жастар шығармашылығына
айрықша көңіл бөліп, арнайы бет бұрып отыруы - өте қуанарлық та құп тарлық
жайт. Міне, бүгін белгілі ақын Нүсіп Әбдірахымның талғам-тал дауынан өткен
бір топ жастар шығармаларын оқырмандарымызға ұсынып отырмыз.
Жастар – біздің болашағымыз. Оларға әрдайым жемісті еңбек,
шығармашылық табыс тілейміз.
Нағашыбек ҚАПАЛБЕКҰЛЫ,
Қазақстан Жазушылар одағы
Алматы облыстық филиалының директоры,
Алматы облысының Құрметті азаматы
Табиғатпен
жаным бір
Күнім өтіп барады
тізбектеліп
Әр жапырақ
бір-бір тағдыр
Екеуміз екі әлем
сияқтымыз
Ырысқа толы
далам бар
немесе анасын жетектеген бала
«Ана тілінің» жастар әдебиеті қосымшасы
«Жыл құсы» беті –
оқырмандарымыздың
сүйіспеншілігіне бөленген
бастамалардың бірі.
Қазақ – ана тілін, әдебиетін
ардақтаған халық.
Сондықтан өлең, әңгіме
жазуға жастарымыздың
қай өңірде болсын көптеп
кездесетіні даусыз.
ыл ққcы
Ж
Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ
1993 жылы дүниеге келген.
І. Жансүгіров атындағы
Жетісу мемлекеттік
университеті гуманитарлық
факультетін журналистика
мамандығы бойынша
бітірген. Жуырда «Тұл
дүние» атты жыр жинағы
жарық көрді.
Торғын ТҰРЛЫБАЕВА
1982 жылы туған.
Мамандығы – журналист,
Алматы облысы, Текелі
қалалық «Текелі тынысы»
газетінің редакторы.
Еңлік САҒЫНДЫҚОВА
1991 жылы Алматы
облысы, Көксу ауданы,
Талапты ауылында
дүниеге келген. І.
Жансүгіров атындағы
Жетісу мемлекеттік
университетін бітірген.
Мамандығы – журналист.
Ілияс РАХАТҰЛЫ
1983 жылы туған.
Жамбыл ауданындағы
Ақсеңгір ауылының
тұрғыны.
Құралбек СӘБИТОВ
1992 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Шәлкөде
ауылында туған. Аудандық, облыстық, республикалық Абай, Ілияс,
Мұқағали оқуларының жеңімпазы. Әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
Қазіргі таңда Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі.
Әйгерім ӘБУ
1995 жылы Жамбыл
ауданының Жаңақұрылыс
ауылында туған. Кешегі
«өлең сөздің еркесі,
айтыста ақпа, жазбада
шақпа ақын» атанған
Есенқұл Жақыпбековтің
шәкірті.
сияқтымыз,
Күн – түннің қосылуы
мүмкін бе екен?!
Ұқсамайтын өзгеге қалпың бөтен,
Неге саған жүрегім тартылды екен.
Сезінеді сезімді деп барған ем,
Кешіріңіз жаныңыз салқынды екен.
Дарасын тапқан едім бақта гүлден,
Жоғалттым көп кешікпей тапқаныммен.
Мен сенің көзіңе де ілінбедім,
Сен менің көңіліме жаққаныңмен.
Таусылған шығар мүмкін
жан тағатың,
Қуанышым бол деп ем
салтанатым.
Сен менің жүрегімді
сезінбедің
Сәл мұңайса түбінен
қан таматын...
Сонда қашан сен қалай жан ұғасың,
Өзімшілдік бояуын жағынасың.
Сен емес, мен өзіңді ұнатқан соң,
Белгілі өзің жақтың тағы басым.
Дегендейін сезімді түсінбедің,
Мына маған ғашық боп неғыласың.
Жүрегімді аяймын мұң кешуге,
Дайын едім өзіңмен үндесуге.
Дегендейін сыр айттың қоя салғын
Дайын едім шынымен сыр кешуге.
Жүрегімді аяймын мұң кешуге
Себебі жалғыздықтың түрмесінде.
Өзімшіл боп бас жүлде алып кеттің,
Бүгінгі махаббаттың жүлдесінде...
Отанына күн туған кезде Жамбыл,
Өлеңімен жау жолын бомбалаған.
Жамандаған Жамбылды кей мұндарлар,
Иттей боп жүр ауызы қан жалаған.
Үрсе де олар керуені тоқтамайды,
Түспейікші біз сондай жолға жаман.
Алаш ұлы алауыз бола берсе,
Бақбереке ешқашан орнамаған...
«Ел бірлігін сақтаған татулықты айт,
Ақындықты айт, ерлікті айт,
батырлықты айт!».
АУЫЛҒА БІЗДІҢ ҚАРАШЫ
Кешқұрым шығып қарашы,
Күннің батқан кезіне.
Шымырлап шөгіп барады,
Шуағы жерге төгіле.
Ауылдың кешін қарашы,
Ауылдың осы ауасы,
Көңілімнің осы дауасы.
Сылдырлап аққан өзеннің,
Жұпарлы жалбыз жағасы.
Қалың мал толы өрісім,
Қырқа мен сайдың саласы.
Ырысқа толы даласы,
Ауылға біздің қарашы.
Анашым, құшағыңды сағынды ұлың,
Сағына күтер көңілім жарым бүгін.
Иіскейін исің сіңген бешпетіңді,
Жанымды алдына сап жалын жырдың.
Артыңнан кенжең болып танылды ұлың,
Өзіңді түсімде, ана, тауып жүрмін.
Іздеймін, елес сағым жеткізбейді,
Амал не, сағындырдың, сағындырдың.
ІЗДЕДІМ БАҚЫТ
СОҢЫҢНАН
Жаздарымнан, жайдары күздерімнен,
Қалқатайдың шат көңіл жүздерінен,
Басып өткен баяғы іздерінен,
Тапсамау деп бір бақыт іздедім мен.
Іздедім мен, бір бақыт іздедім мен,
Аққу қаздың сұрадым тізбегінен.
Баян сынды бақшадан қыз көріп ем,
Баяғы сол тынбадым ізденуден.
Қыз күлкісі сыңғырлап бұлақтардан,
Отырып ап оңаша сыр ақтарғам.
Өзіңді ойлап еріксіз жылап қалған,
Жауабы жоқ қажыдым сұрақтардан.
Жел ырғаған мұңымды құраққа айттым,
Тауларыма сан тылсым сұрақты айттым.
Ормандардан өзіңді сұрап қайттым,
Шатқалдарға шат барып, жылап қайттым.
Күнім өтіп барады тізбектеліп,
Жазды күттім, қыс өтіп, күзді өткеріп.
Бақытымды таба алмай тиянақты,
Іздеп кетіп барамын, іздеп келіп.
Қоштасып қимайқимай туған жермен
Шырқады құстар күзгі әнұранды.
Құлазып күйзеледі дала мынау,
Мазасыз аспандағы шала тұмау.
Сары күз, сырың көп қой мен білмейтін
Бәрін білмей биыл да қаламынау.
КҮЗБЕН МҰҢДАС КӨҢІЛІМ
Күздің күні ұнамайтын басқаға,
Маған жақын, артық несі ұқпадым.
Сұр күндерден сыр сұрадым жасқана,
Осы болды жалғыз ғана ұтқаным.
Құларда да қулықтан жат тілеуі,
Жапырақтар – сары мұңым сүт ерін.
Әр жыл сайын арманымның біреуі
Күзбен еріп келетіндей күтемін.
Әр жапырақ бірбір тағдыр жаны бар,
Жатсадағы тротуарда тапталып.
Мен сияқты жұбатушы табылар,
Жыламайды неге шерін ақтарып?
Көктем сайын көктеп, күзде өлетін
Жапырақ боп кеткім кейде келеді.
Өз ажалын өзінен тек көретін
Жапырақтар жыламайды себебі.
Өзгелерге жат көрінер қылыққа
Туғандықтан күзде, мүмкін, жақынмын.
Жел өтінде лайланбаған тұныққа
Күзбен құрдас бір мұңымды батырдым.
Мөлтек сыр
кейуана
алдында кимешекті ананы жетектеген қырыққа
таяп қалған екі еразаматқа көзім түсті. Бүгінде
кимешекті үлкендердің қатары жоқтың қасы
ғой. Сондықтан бұл көрініс маған ерекше ыстық
көрінді. Үлкенді сыйлап өскен халықтың ұрпағы
болғандықтан, әдемі әжей мен оның баласына
жол бердік.
Барлық есікке кіріпшығып үлгеру үшін
аяғымды жылдамдата басып, дәрігерлердің қолы
мен мөрін бастыртуға кірістім. «Денсаулығыңыз
сыр бермейді ме?» деген сұрақтың бәріне
ойланбастан «иә» деп жауап беріп келемін.
Арыбері өтіп жүріп, сонадайда орындықта
отырған әжейге қарап қоямын. Кейуана отыр.
Баласы жүгіріп жүр. Біраз уақыттан соң ең соңғы
зертханалық кабинетке барсам, әжем сол жерде
отыр. Амандастым. Жүрегім сол әжейге бұрып
барады. Өйткені бір ақын ағамыздың әжесі ту
ралы ерекше толғаныспен жазған өлеңдері мен
әңгімелерін бар ынтаммен оқығанмын. Сол жер
де «кимешектің киесі бар» деп те жазады.
Менің алдымдағы кезек әжейдікі екен. «Қатты
науқастанып қалған ба?» деген жанашырлық
сезімім санамның қоңырауын шыр еткізді.
Араға бір сағат салып, ауруханаға тағы келдім.
Есіктен кіре бергенімде, тағы сол көрініске тап
болдым. Тоқтап, ағадан неге осынша уақыт бойы
жұмыстарының бітпей жүргендігін сұрадым.
Сөйтсем, үлкен кісі болғандықтан саусағынан
қан шықпаған секілді. Соның әуресімен біраз
уақыт жүріп қалғанға ұқсайды. Аз да болса
көңілім орнына түсіп, өз жөніммен жүре бердім.
Бірақ ойымда анасы мен баласының бірбіріне
деген ерекше құрмет, ықыласы қалды. «Жұмақ
анаңның табанының астында» деген тәмсілді
бұрынсоңды мың рет естісем де, астарына терең
үңілмегеніме өзөзімнен ұялдым.
Күнделікті өмірде анасына зекіп, айғайлап,
жылатып, тіпті қол көтеріп, қарттар үйіне де апа
рып өткізетін безбүйрек балалар осындайдан үлгі
алса екен деп ойладым.
12
№41 (1299)
15 – 21 қазан
2015 жыл
АНА ТІЛІ
Құрылтайшы және шығарушы:
«ҚАЗАҚ ГАЗЕТТЕРI»
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi
Бас директор –
Редакторлар кеңесiнiң төрағасы
Жұмабек КЕНЖАЛИН
қабылдау бөлмесi 394-42-90
жарнама бөлiмi 394-41-27
kaz_gazeta@mail.ru
www.kazgazeta.kz
Бас редактор
Самат ИБРАИМ
Бас редактордың
бiрiншi орынбасары
Нұрперзент ДОМБАЙ
Бас редактордың
орынбасары
Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ
Бөлiм редакторлары:
Ақбота ИСЛӘМБЕК – Тіл мәселелері және мәдениет
Бағдагүл БАЛАУБАЕВА – Білім және ғылым
Нұрлан ҚҰМАР – Әлеумет және ақпарат
Фототiлшi
Азамат ҚҰСАЙЫНОВ
Беттеуші
Нұржан АСАНОВ
Терімші
Назгүл БЕЙСЕМБАЕВА
Корректор
Динара МАСАКОВА
Хатшы-референт
Лунара АТАМҚҰЛОВА
Апталық Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң
Ақпарат және мұрағат комитетiнде қайта тiркеуден өтiп, 2006 жылғы 4 маусымда
№7345-Г куәлiгi берiлдi.
Газет аптасына бір рет шығады.
«Ана тiлi» газетiнде жарияланған материалдардың авторлық құқы «Қазақ
газеттерi» ЖШС-ға тиесiлi, жарнаманың мәтiнi мен тiлiне редакция жауапты емес.
«Ана тiлiнде» жарияланған материалдарды көшiрiп немесе өңдеп басу үшiн
редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сiлтеме жасалуы мiндеттi.
Жарияланған мақала авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi.
Газет авторларынан мақалалардың 3 беттен (14 кегль) аспауын, электрондық
нұсқасымен қоса әкелуiн сұраймыз. Редакция оқырман хаттарына жауап
бермейді, қолжазба кері қайтарылмайды.
Газеттiң терiлуi мен бет қатталуы «Қазақ газеттерi» ЖШС-ның компьютерлiк
орталығында жасалды. Индекс 65367. Офсеттiк басылым.
Газет: Алматы қаласы, Мұқанов көшесі, 223 «в».
«Алматы-Болашақ» АҚ, Тел: 378-42-00 (бухг.), 378-36-76 (факс);
Ақтөбе қаласы, Т.Рысқұлов көшесі, 190, «А-Полиграфия» баспаханаларында басылып шықты
Тапсырыс №1727/1804
«Қазақ газеттерi» ЖШС-ның
аймақтардағы өкiлдiктерi:
Толымбек ӘБДІРАЙЫМ 8 701 345 7938 (Астана)
Жанғабыл ҚАБАҚБАЕВ 8 771 769 6322 (Ақтөбе обл.)
Батырбек МЫРЗАБЕКОВ 8 (7102) 90-19-73 (Қарағанды обл.)
Бектұр ТӨЛЕУҒАЛИЕВ 8 (7292) 40-41-01 (Маңғыстау обл.)
«Қазақ газеттері» ЖШС-і сайтының веб-редакторы –
Сұлтан ТАЙҒАРИН
Меншікті тілшілер:
Өтеген НӘУКИЕВ (Атырау) 8 701 518 46 81
Орал ШӘРІПБАЕВ (Семей) 8 705 661 14 33
Оразалы ЖАҚСАНОВ (Қостанай) 8 777 230 71 84
Жарқын ӨТЕШОВА (Мәскеу) Zharkyn-1@yandex.ru
Қоғамдық негіздегі кеңесшілер:
Ғарифолла ӘНЕС – филология ғылымының докторы
Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ – филология ғылымының докторы, профессор
Аягүл МИРАЗОВА – педагог-ұстаз, Қазақстанның Еңбек Ері
Талас ОМАРБЕКОВ – тарих ғылымының докторы, профессор
материалдың жариялану
ақысы төленген
Кезекшi редактор
Ақбота ИСЛӘМБЕК
Таралымы 20020
РЕДАКЦИЯ ТЕЛЕФОНДАРЫ:
394-42-46 (қаб.бөлмесi/факс),
394-41-30
E-mail: anatili_gazetі@mail.ru
МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:
050009, Алматы қаласы,
Абай даңғылы, 143, 6-қабат
А
«АНА ТІЛІНІҢ» ГАЛЕРЕЯСЫНАН
Мұратбек ЖОЛАМАН - суретші.
1966 жылы Батыс Қазақстан облысы,
Сырым ауданы, Жосалы ауылында
дүниеге келген. Қазақстан Республи-
касы Суретшілер бірлестігінің мүшесі.
1985 жылы Ақтөбе мәдени ағарту
училищесінің «суретші-безендіруші»
бөлімін, кейін О.Таңсықбаев
атындағы көркемсурет колледжінің
кескіндеме бөлімін бітірген. 1996
жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ
мемлекеттік көркем сурет ака-
демиясын тәмамдаған. Акаде-
мик Қ.Телжанов пен профессор
М.Қалымовтан дәріс алған. Суретші
туындылары Түркия, Польша, Англия,
Корея, т.б. елдердің жеке қорларынан
орын алған.
ДЕНСАУЛЫҚ
Шеберлерге «Шеврон» қолдау көрсетті
Өнерліге қанат бітірген
ЖАҢА МАУСЫМ
ТОПЖАРҒАН
БАЙҚАУ
ТӘНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ
қарапайым жасушалардың қатерлі ісік жасула-
рына, яғни бөліну арқылы бақылаусыз көбеюге
қабілетті жасушаларға айналуы нәтижесінде
пайда болады.
Созылмалы қабынудың салдары.
Ағзадағы
созылмалы қабыну үрдістері – сау жасушалардың
қатерлі ісік жасушаларына айналу себептерінің
бірі. Ал төменде келтірілген өнімдер қабыну
үрдістерін ынталандырады:
Қант, ұн өнімдері және басқа жеңіл сіңетін
көмірсулар. Қантты қатерлі ісіктің тыңайтқышы са-
найды, себебі қатерлі ісік жасушалары глюкозамен
қоректенеді.
Омега-6 майлары ағзаға белгілі бір
мөлшерде қажет, ал артық мөлшерінде қабынуды
туындатады. Омега-6 майларын тұтынуды азайту
үшін ас мәзіріндегі жүгері және мақта майларын
тұтынуды шектеу қажет (олар, негізінен, омега-6
майларынын тұрады), күнбағыс майымен қатар
зәйтүн майын жиірек қолданған жөн.
Маргарин, аспаздық май, фаст-фуд,
«жеңілдетілген» сары майдың құрамында уыт
секілді әрекет ететін транс-майлар бар.
Тез ерімейтін жануар майларының және
баяу қорытылатын ет сұрыптарының шамадан
артық мөлшері («қызыл ет» аталатын сиыр, қой,
шошқа еттері). Жануар майлары, оның ішінде,
сары майды, күніне 25-30 гр мөлшерінде тұтынуға
болады. Еттің майын сылып тастап, ал құс етін
қабығынсыз жеңіз. Қызыл етті аптасына 500 гр,
күніне 200 гр асырмай тұтынуға болады. Басқа
күндері ас мәзіріне балықты, құс, жылқы етін
енгізген жөн.
Алкоголь жасушалық деңгейде зақым
келтіреді. Артық мөлшерінде қатерлі ісіктердің
туындауына себепші болады.
Канцерогендер және сақтауыштар. Майды
қатты қыздырғанда канцерогендер пайда болады,
осы майды қайта қуырғанда олардың мөлшері
артады. Ал канцерогендер сау жасушаларды
қатерлі жасушаларға айналдырады. Сондықтан
қуырғанды азырақ жеуге тырысыңыз! Канцеро-
гендер ысталған өнімдерде (шұжықтарда, т.б.),
қақталған және ашық отта әзірленген (гриль,
кәуап), сондай-ақ көгерген, бұзылған өнімдерде
болады. Өнімдер (сусындар, т.б.) бұзылмас үшін
өндірушілер оларға сақтауыштарды (мысалы,
натрий бензоаты) қосады, олар қатерлі ісіктердің
және басқа аурулардың дамуына жағдай жасай-
ды.
Қоректік қорғаныс. Қатерлі ісікке қарсы
қасиеттері бар өнімдерді тұтыну аурудың қаупін
азайтуға ықпал етеді. Төменде осындай өнімдердің
тізімі келтіріледі:
Балғын көкөністер мен жемістер -
антиоксиданттарға бай келеді, олар бос ради-
калдарды (жасушалық құрылымдарды бұзуы
салдарынан қатерлі ісіктерді туындатуға ықпал
ететін жойқын молекулалар) бейтараптандырады.
Күніне, кемінде, көкөністер мен жемістердің 450
гр тұтыныңыз.
Көк шәй – ағзаға қатерлі ісіктерді жоюға
көмектесетін полифенолдарға бай келеді. Көк
шәйді 10 минут бойы демдеп, күніне 3-6 шыныаяқ
ішкен жөн.
Қырыққабаттың барлық түрлері қатерлі
ісік тердің дамуын тежейтін, сондай-ақ канце-
рогендерді бейтараптандыруға қабілетті заттектер
бар.
Омега-3 майларының – қабынуға қарсы
қасиеттері бар. Оларға балық және жылқы майы,
зығыр, кендір, майлары, кейбір жаңғақтар, бал-
дырлар бай келеді.
Бұршақ тұқымдастар – талшыққа бай,
канцерогендерді байланыстырып, ағзадан
шығаруға ықпал етеді, ал фитохимиялық
заттектері қатерлі ісіктердің өсуімен күреседі.
Пияз бен сарымсақ канцерогендердің
әрекетін азайтады, ісіктің өсуіне кедергі келтіреді.
Қызанақ құрамындағы ликопинге (қызыл-
қызғылт пигменті) байланысты қатерлі ісікке қарсы
әрекет етеді.
Құлпынайда, таңқурайда, қарабүл дір-
генде, мүкжидекте және анарда эллагин қышқылы
бар, ол ісікті қоректендіретін қанта мырлардың
өсіп-өнуіне кедергі келтіреді және ағзадан уыттар-
ды шығаруға ықпал етеді.
Қызыл және күлгін жүзімде күшті антиок-
сидант – ресвератрол болады. Шиенің құрамында
глюкар қышқылы болады, ол ағзадан уыттарды
шығаруға ықпал етеді.
Бірінші суық сығымдау арқылы алынатын
зәйтүн майында жасушалардың қатерлі өзгерісін
тежейтін заттектер бар. Оны тұтыну нормасы –
күніне 1-2 ас қасық.
Ғалымдар D дәруменінің қатерлі ісіктен
қорғанудағы рөлін көрсетеді, себебі ол 3000
астам гендердің белсенділігін бақылайды (біздің
ағзадағы барлық гендердің 10% жуығы). Оның
тағамдық көздері – балық, бауыр, сары май,
ірімшік, сыр. Д дәрумені теріде ультракүлгін
сәулелерінің әсер етуімен өндіріледі – сондықтан,
күнделікті күн астында дененің ашық тұстарына
күннен қорғайтын крем жақпастан, 15 минуттай
серуендеу – ағзаны Д дәруменімен қамтамасыз
етудің зиянсыз және тиімді әдісі.
Куркума, зімбір, карри татымдығы –
қабынуға қарсы оңтайлы табиғи құралдар.
Шамиль ТАЖИБАЕВ,
Ұлттық салауатты тағамтану орталығы,
ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрлігінің тапсырысы бойынша
Адам ағзасы ауруларға қарсы тұра алатын-
дай қабілетке ие. Бұл қабілеттің шыңдалуына
жол ашылмаса, тұмшаланған күйінде қалады.
Сол секілді, салауатты тамақтану қағидаларына
немқұрайлы қарау ағзаның өздігінше қалпына
келу қабілетін әлсіретеді. Ал қазіргі дамыған
тағамдық технологиялар заманы адамның зиянды
тағамдық әуестігін арттыра түсуде.
Күн сайын «жаңа» тағам. Бүгінде күн
сайын
дерлік дүкендердің сөре лерінде тағамдық
технологиялардың жаңа өнімдері (тәтті сусын-
дар, кондитерлік өнімдер және басқалар) пайда
болуда. Бұл тағам өнімдері сан алуан түсімен
(жасанды химиялық бояғыштар есебінен), исімен
(химиялық хош иістендіргіштер есебінен), сыртқы
түрімен таңғалдырады. Бірақ қоректік заттектер
құрамы жағынан бұл өнімдер біркелкі және жұтаң,
құрамында, негізінен, жеңіл сіңетін көмірсулар,
түрлі майлар және көбінесе, тұздың көп мөлшері
болады. Жоғары тағамдық технологиялар
өнімдерінің және бастапқы табиғи өнімдердің
организмге әсерін күріш үлпектері мен қоңыр
күріштің мысалында салыстырып көрейік.
Баяу, бірақ, дұрыс.
Үлпекке айналмас бұрын
күріш терең техно логиялық өңдеудің бірнеше са-
тысынан өтеді. Алдымен, қабығын, ұрығын алып,
тазартады. Ал дақылдың нақты осы бөліктерінде
дәрумендер, минералдық заттектер және талшық
болады (тазарту барысында күріштің қоректік
құндылығы жоғалтылады). Одан кейін дәндері
түрлі физикалық-химиялық әсерге ұшырайды,
осыған сай олар тұтынуға дайын үлпілдеген
үлпектерге айналады. Тұтас күрішке қарағанда
олар тез сіңеді және қандағы глюкоза деңгейін
күрт өсіреді. Себебі, технологиялық өңдеу кезінде
күріш крахмалы (қарапайым көмірсу – глюкоза
түрінде құрылыс блоктарының ұзын тізбегінен
тұратын күрделі көмірсу) қорытылу үшін жеңіл
қолжетімді болады. Асқазан-ішек жолдарына
түсіп, крахмал глюкозаға тез ыдырайды, қанға
жеңіл сіңіп, оның қандағы деңгейі күрт артады.
Тұтас қоңыр күріш глюкозаның деңгейін
баяу және біртіндеп арттырады. Сонымен
қатар ол ағзаны дәрумендермен (негізінен, В
тобының), минералдармен құнарландырады және
талшықпен қамтамасыз етеді.
Қанттың көптігі – пайданың аздығы.
Қандағы
глюкозаның деңгейі («қанттың деңгейі») қалыпты
жағдайда белгілі бір шегінде тұрады. Тамақ
ішкеннен кейін қандағы қант табиғи күйде
көтеріледі. Осыған жауап ретінде ұйқыбезі
глюкозаның мөлшерін табиғи шегіне дейін түсіру
үшін қанға инсулин гормонын көбірек бөле бас-
тайды.
Жеңіл сіңетін көмірсулардан тұратын тағам
ішкеннен (тәттілерді, ұн өнімдерін) кейін қант
күрт өседі. Қанға глюкозаның көп түсуіне жауап
ретінде қант деңгейін қалыпты ету үшін ұйқыбезі
инсулиннің жоғары мөлшерін қарқынды өндіруіне
тура келеді. Инсулин ағза тіндері жасушаларының
қабырғаларында глюкозаға қан ағымынан әр
жасушаның ішіне енуі үшін есік ашатын «кілтше»
ретінде жұмыс істейді. Егер қанға глюкозаны ай-
дау, одан кейін инсулинді айдау жиі қайталанатын
болса, жасушалық инсулиндік «құлыптар» істен
шыға бас тайды. Нәтижесінде инсулиннің глюкоза
үшін «есік» ашуы қиындайды, глюкозаның бөлігі
жасушалардың ішіне ене алмайтын болады.
Сондықтан ағза өндіретін инсулиннің мөлшері
артқанымен, қандағы глюкозаның деңгейі жоғары
болып қалады. Бұл дегеніміз – екінші типті қант
диабеті ауруының көрінісі.
Диабеттің алдын алу үшін ұйқыбезіне салмақ
түсірмейтін және қанды глюкозамен жайлап,
баяу қарқынмен қанықтыратын тағам тұтыну
қажет. Өмір үшін қажетті глюкозаның тұтас
табиғи көздерін – көкөністерді, жемістерді, дәнді
дақылдар мен бұршақ тұқымдастарды таңдаған
жөн.
Қанттан бас тартқан дұрыс. Оның тәуліктік
шегі – 40-50 гр, ал бір реттік мөлшері – 15 гр
аспауы тиіс (барлық тұтынатын өнімдердегі жасы-
рын қантты қоса). Ал тәтті газдалған сусындардың
бір с тақанында 20-40 гр қант ерітілген! Қантты
кепкен жемістермен, балмен, бояғыштарсыз және
қантсыз мармеладпен, пастиламен, зефирмен,
құрамында 70 пайыз какао болатын кермек шо-
коладпен алмас тыру қажет. Бәрінің де шегін білген
жөн. Мысалы, балды күніне 1-5 шай қасық, ал
шоколадты күніне 20-60 грамм тұтынуға болады.
Қант алмастырғыштарының, аспартамның
және фруктозалық жүгері шәрбатының да ша-
мадан тыс көп мөлшері қанттың артық мөлшері
секілді денсаулыққа зиян келтіреді. Аспартам
ағзада уытты заттектерге ыдырайды, ал фрук-
тоза шәрбаты бауырдағы май тамшыларының
жинақталуына апарады (майлық гепатозға).
Тәттінің салдары. Халықаралық Диабеттік
Федерацияның мәліметтері бойынша, қазақстан-
дықтардың арасында қант диабетіне 526 010
адам шалдыққан және олардың жартысы бұл
ауруға шалдыққандығы туралы білмейді. Ал қант
диа бетінің асқынулары қатерлі ісік, бауырдың
майлық гепатозы (науқас тардың 70-90 пайы-
зында кез деседі), депрессия секілді ауруларға
апаруы мүмкін. Диабетке шалдық қандардың
үштен бірінде қан айналымы жүйесінің қандай да
бір ауруы дамиды.
Бақылаусыз жасушалар.
Тиімсіз тамақтану-
дың диабеттің дамуына қосатын қауіпті үлесі 60
пайызға, ал қатерлі ісіктің дамуына үлесі – 35
пайызға бағаланған. Онкологиялық аурулар –
Қазақстандағы өлім-жітімнің екінші себебі. Олар
Жұқпалы емес аурулардың (семіздік, диабет, жүрек-қантамыр, онкологиялық аурулар,
т.б.) дәуірі ХХ ғасырдың ортасында басталды. ДДҰ сарапшыларының қорытындысына
сай, жұқпалы емес аурулардың басты себептерінің бірі – дұрыс тамақтанбау. Салауатты
тамақтану, керісінше, ағзаның барлық ауруларға, қатерлі ісіктер мен диабетті қоса,
тұрақтылығын арттырады.
Елімізге белгілі «Шеврон» компаниясы руханият саласына да назар аударып,
бірқатар маңызды жобаларға қолдау көрсетіп келеді. Соның бірі Қазақстан
қолөнершілерінің жетінші республикалық «Шебер -2015» атты байқауын
атап өтер едік. Ұлттық қолөнер мен дәстүрлі кәсіпшілікті жаңғыртуды мақсат
тұтқан байқауға қатысуға биыл 129 өтініш түсіп, олардың 39-ы ақтық сынға
шықты. Байқау 2006 жылдан бері компанияның бастамасымен және қаржылай
қолдауымен жүзеге асуда. Сонымен бірге жобаны өткізуге Орталық Азияның
Еуразия Қоры ЮНЕСКО, «Our heritage» қоғамдық қоры, Қазақстан Республикасы
мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Қолөнершілер одағы атсалысты.
А
15 бейсенбі
АБАЙ
трагедия
авт. М.Әуезов
реж. Е.Обаев
16 жұма
ҚАЗА МЕН ЖАЗА
криминалдық драма
авт.И.Вовнянко
ауд. О.Қыйқымов
реж. А. Әшімов
17 сенбі
СЫҒАН СЕРЕНАДАСЫ мюзикл
авт. И. Сапарбай
реж. Е.Обаев, Т.Аралбай
18 жексенбі
БЕЙБАРЫС СҰЛТАН
тарихи драма
авт. Р.Отарбаев
реж. Ю.Ханинга- Бекназар
20 сейсенбі
ОТЫЗ ҰЛЫҢ БОЛҒАНША...
мұңды комедия
авт. Ф. Буляков
ауд. Т.Әлімбекұлы
реж. Ә.Рахимов
21 сәрсенбі
ТАҢСҰЛУ
драма
авт. Ғ. Есім
реж. А.Кәкішева
22 бейсенбі
ҚАЗА МЕН ЖАЗА
криминалдық драма
авт.И.Вовнянко
ауд. О.Қыйқымов
реж. А. Әшімов
23 жұма
ҰЛЫ МЕН ҰРЫ
драма
авт. Т. Әбдіков
реж. Е. Обаев,
Е. Нұрсұлтан
Кіші зал
24 сенбі
ҮМІТ ҮЗГІМ КЕЛМЕЙДІ
драма
авт. Н. Келімбетов
реж. Е. Обаев,
Т. Аралбай
25 жексенбі
МӨЛДІР МАХАББАТ
драма
авт. С. Мұқанов
реж. Ә. Рахимов
27 сейсенбі
ҚАЗАҚТАР
Екі бөлімді тарихи драма
авт. Қ. Ысқақ Шахимарден
реж. Тұңғышбай.
әл-Тарази
28 сәрсенбі
ИМПЕРИЯДАҒЫ КЕШ
драма
авт. С. Асылбекұлы
реж. А. Кәкішева
29 бейсенбі
ҚЫЗ МҰҢЫ
лирикалық драма
авт. И. Сапарбай
реж. Е. Обаев,
Т. Аралбай
Кіші зал
30 жұма
ҮМІТ ҮЗГІМ КЕЛМЕЙДІ
драма
авт. Н. Келімбетов
реж. Е. Обаев,
Т. Аралбай
Кіші зал
31 сенбі
ОТЫЗ ҰЛЫҢ БОЛҒАНША...
мұңды комедия
авт. Ф. Буляков
ауд. Т.Әлімбекұлы
реж. Ә.Рахимов
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық
драма театры 90-маусымының ашылуы
Қазан айының РЕПЕРТУАРЫ
«Жекпе-жек»
Байқау қорытындысына арналған
кешті ұзақ жылдар бойы ұлттық
қолөнердің дамуына өзіндік үлес
қосқан белгілі қолөнерші Айжан
Бекқұ лова жүргізді. Ең әуелі «Шев
рон» компаниясының үкіметпен және
қоғаммен байланыс бөлімінің дирек
торы Еркін Зікібаев сөз алды. Қазіргі
экономикалық жағдайда қолөнерді
кәсіпкерлік түрі ретінде жаңғыртудың
маңызы артып келе жатқанын айтқан
ол қолөнерді жаңғырту шеберлер
ге қолдау көрсетіп қана қоймай,
халықтың мұндай тауарға деген
сұранысын қанағаттандыра отырып,
тұрақты табыс көзінің қалыпта суына
мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.
Байқау жұмыстарын бағалаған қазылар
алқасы биыл қатысушылардың қатары
көбейгенін жеткізді.
ҚР Ұлттық музей директоры Дархан
Мыңбай барлық қатысушыларды
құттықтап: «Қолөнерді жаңғырту,
қол өнер ші лерді қолдау – өткенімізді
б ү г і н г і ұ р п а қ б о й ы н а с і ң і р і п ,
шетелдіктерге елдігі мізді танытудың
жарқын үлгісі» деді. Сонымен бірге
фес тивальге Халықаралық Қолөнер
Кеңесінің Тынық мұхиты бөлімшесінің
президенті Др.Гадда ХижжауиКадду
ми қатысты. Ол Кувейт пен Қазақстан
мәдениеті арасын дағы ұқсастықтарды
алға тартып, қолөнер арқылы әртүрлі ел
мәде ниеттері үндестік табатынын айт
ты. «Қазақ станның ұлттық мәдениеті,
салтдәстүрлері барлығы қолөнерінде
әдемі көрініс тапқан. Жастардың жаңа
бастама лары да қуантады» деді ол.
Ш а р а қ о р ы т ы н д ы с ы б о й ы н
ша жеңімпаздар анықталды. Биыл
алғаш рет «Хас Шебер» аталымы
тағайындалды. Бұл аталым бойынша
белгілі қолөнерші Әуес Сағынаева
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру
орталығында жетім балалар мен ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған «Таң шолпан» республикалық
байқауының жеңімпазы белгілі болды.
Қазақстанның 14 облысынан іріктеу кезеңнен
өтіп келген 32 өнерпаздың ішінен суырылып
алға шыққан 7 жас талант ақтық жарыста бақ
сынады. Нәтижесінде, Владислав Ласкутов
«Таң шолпан» республикалық байқауының
бас жүлдесіне ие болды. Білім және ғылым
жеңіске жетті. Сонымен бірге бір
топ қолөнершілер Қазақстан халқы
Ассамблеясының 20 жылдығына орай
құрмет грамотасымен марапатталды.
О л а р д ы ң қ а т а р ы н д а Ж о л а у ш ы
Тұрдығұлов, Сержан Баширов, Рыскүл
Бекқалиева, Сейітқали Көкенов, Бо
латбек Рысбеков, Ертісай Әбілов, Ай
жан Бекқұлова, Зейнехан Мұхамеджан,
Татьяна Тусева, Абайхан Беспаев сын
ды шеберлер бар.
Шара барысында «Қазақтар ХІХ
ХХ ғасырлар шегінде» атты мұрағаттық
фотосурет көрмесі ұсынылды. Мұ
рағаттағы суреттер ҚР Ұлттық музейінің
қорына тап сы рылды. Соңында Айжан
Бекқұлова мен Әуес Сағынаеваның
этникалық киім дер топтамасының
көрсетілімі болды.
Ақбота ИСЛӘМБЕК
министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің
қолдауымен оныншы рет ұйымдастырылған жоба
еліміздің түкпіртүкпіріндегі жас өрендердің
шығармашылығын дамытуға, өзінөзі танытуға
мүмкіндік беретін дарындылар алаңына айналды.
Байқаудың бас ты мақсаты – жетім балалар мен
атаанасының қамқорлығынсыз қалған талантты
балаларды анықтау, бойларында көркемдік
эстетикалық тәрбиені жетілдіру, балалардың
шығар машылығын дамыту және қолдау.
Серік НӘБИЕВ