пірәндіктер» деген көзімізге түсті. Орыс
да апанық дұрыс жазылған. Екеуі де
елімізде шыққан. «Текелі Кондитер»
түртүрін көресіз. Қынжылтарлығы сол,
емес, дұрыс ізденістің жоқтығы. «Рахат»
лы да осылай айтуға болады. Мұндағы
алынып отыр. «Печенье» сөзі орыстың
ұлттық сусындары бар. Бұған қоса сүттен
асады. Айран, іркіт, қымыран, шұбат,
деп жалғаса береді. Айтпағымыз, бүгінгі
жо ғалтып отырмыз. Дүкенге кіріп, айран
деген жазуды іздеп таппадым. Қолымызға
емес, «кефир» деген өнімі ілікті. Қораптың
кездестіре алмадық. Осыдан біраз жыл
Бірақ олар өте аз. Мәселен, «ФудМастер»
емес. Ал бірақ бұл отандық өнімдер.
родная» және т.б. Әрине, мұның барлығы
жайттар болып көрінуі мүмкін. Алайда
тигізетінін мойын дауымыз керек.
ақпаратқа бірден көзіміз түсті. «Жаңа
қонақжай ұтып ал» делінген. Орысшасы
меңзеп тұрғанын ұғу қиын болды. Мүмкін,
сауал шығады. Мұндай шалағай аудармаға
лайды» деп жазылған. Жансыз сөйлемдер,
сөздер. Бұл сөйлем де орысшадан тікелей,
дерге қосуға болады. Қант ұнтағымен
делінген. Бұл мәтінде «белогы» дегенді
сын қарайды. Міне, осыдан тұтынушылар
танытады. Олай болса, мемлекеттік тілдің
тетігі–сауатты жарнама. Таңғаларлығы,
бір жүйеде бақылау жүргізілмейтіндігі. Ре
«Геркулес» Экстра». 100г енімнің азықтық
(100г): 306,0ккал/1281кДж. Қоршаған
лады» делінген. Аталмыш заңымыздың
түрлері де айқын көрсетіліпті. Өкінішке
жатпайды екен. Осы заңның 7бабында
деген тармақша бар. Дейтұрғанмен,
туындайды. Қысқасы, мемлекеттік
жүргізу қажет. Бұл заңдарымыздың
солқылдақтығын көрсетеді. Сондықтан
түскеніміз жөн. Қорыта айтқанда, қазақ
жатқызылуы керек.
6
7
№41 (1299)
15 – 21 қазан
2015 жыл
№41 (1299)
15 – 21 қазан
2015 жыл
АНА ТІЛІ
АНА ТІЛІ
АЛТЫ АЛАШТЫҢ АРДАҒЫ
Ұ
ЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ҮЛГІСІ
ТҰСАУКЕСЕР
ӘКІМ БОЛ, ХАЛҚЫҢА ЖАҚЫН БОЛ
ТАҒЗЫМ
Нақтырақ айтқанда, Байқазақ батыр
Жолдасбайұлы 1839 жылы Ырғыз уезінің
Қызылжар жеріндегі Темірастау болы
сында дүниеге келген. Руы төртқара,
оның ішінде Жаншұқыр тармағына
жататын Қасымның (Қаракісі) Мазы
сы. Халқы мен елінің азаттығы үшін
күрескен есіл ер, қазақтың батыры
болған тарихи тұлға. Ресей отаршы
ларына, Қоқан және Хиуа бектеріне
қарсы көтерілістерге қатысқан. XIX
ғасырдың екінші жартысында орыс пат
шасы Жайық жағалауын өзіне қаратып
алғаннан кейін кіші жүздің басқа
жерлерін де жаулап алуды көздейді. Со
нымен қатар жергілікті халықтың мал
дарын тартып алып отырады. Байқазак
батыр қазақ жерін сыртқы жаулардан
қорғау үшін жорықтарға катысып,
тоналған малмүліктерді қайтарып
алып, дұшпандық жасаған адамдарды
аяусыз жазалап отырған. Темір ноқтаға
мойынсұнбаған арда мінез, удай тілімен
орыстың төресін көрсе шыбжың
қағатын биболысқа жақпаған Байқазақ
елге сыймапты. Өзіне қарасты жақын
жуығын ертіп Бесқалаға қарай кеткен.
Қонырат жеріндегі Құсқана тауының
етегіне қоныс теуіп 1896 жылы 57 жа
сында өз ажалымен дүниеден өткен.
Сүйегі сол жақта жерленген.
Мәселен, жуырда Оңтүстік Қа
зақстан облысының әкiмi Бейбiт
Атамқұлов жұмыс сапарымен Сайрам
ауданында болды. Өңiрдiң тыныс
тiршiлiгiмен танысқан әкім ең алды
мен Қарасу ауылындағы сүт өнiмдерi
мен биокефир шығаратын «Сайрам
сүт» ЖШСның жұмысымен танысты.
Тәулiгiне 20 тоннаға дейiн сүт өңдеуге
қауқарлы кәсiпорын бүгiнде нарыққа 28
түрлi өнiм шығарып келеді. Серiктестiк
директоры Уәлихан Жамалбектiң сөзіне
қарағанда кәсiпорын жақында сыр және
балмұздақ өңдейтiн жаңа цех ашуды
жос парлап отырған көрінеді.
– Ол үшiн Ресейдiң Барнаул қаласы
нан қажеттi құралжабдықтар алды
рып жатырмыз. Цех iске қосылса, 10
жаңа жұмыс орны ашылады. Қажеттi
шикiзатты келiсiмдi бағамен жергiлiктi
тұрғындардан аламыз. Өнiмдi Сайрам,
Түлкiбас, Сарыағаш, Төлеби аудандары
мен Шымкент, Тараз, Арыс, Түркiстан
қалаларына саудалаймыз, – дейдi Уәли
хан Батырбекұлы. Жергiлiктi 60 адамды
жұмыспен қамтып отырған серiктестiк
жұмысына облыс әкімі Бейбiт Бәкiрұлы
оң бағасын берiп, кә сiп орын басшысына
жалақыны кө бей тудiң мүмкiндiктерiн
қарастыруды айтты.
Мұнан соң облыс басшысы Ақсу
ауылында орналасқан «Golden Nomad»
тiгiн фабрикасында болды. Бұл – ер
лер костюмiн тiгумен айналысатын
республикадағы бiрденбiр фабрика.
Былтыр ғана iске қосылған кәсiпорында
«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы»
бағдарламасы аясында жергiлiктi 80
адам еңбек етуде. «Бизнестiң жол кар
тасы – 2020» бағдарламасы арқылы 110
миллион теңге алған кәсiпкер жылына
26 400 дана костюм, 52 800 дана шалбар
тiгуге қауқарлы екенiн айтады. Сапалы
отандық тауарға қолдау бiлдiрген облыс
басшысы 25 мың теңгеге «Қазақстанда
жасалған» сауда белгiсiмен тiгiлген
костюм сатып алды. Фабрика басшысы
Жанаргүл Жаңабекова жұмысты жан
дандару мақсатында алдағы қараша
айын да әйелдерге арналған киiм тiгетiн
цех ашуды жоспарлап отырғанын жет
кiздi. Облыс әкiмi отандық тауар өн
дi рушi кәсiпкерге жанжақты қолдау
бо латынын айтты.
Аймақ басшысының жұмыс сапары
Манкент ауылындағы «ЕтАгроМан
кент» СТКда жалғасты. Селолық
тұтыну кооперативiнiң негiзгi жұмысы
мал шаруашылығы, оның iшiнде мал
бордақылаумен айналысады. Мұнда
Павлодар облысынан әкелiнген 600
бас қазақтың ақбас сиыры бағылуда.
Жылына 4500 тонна ет алынады.
Өнiмдi негiзiнен Алматы, Тараз,
Шымкент, Қызылорда облыстарына
шығарады. Кооператив аумағында
аудан әкiмi Уәлихан Қайназаров ай мақ
тың ауылшаруашылығын дамыту ба
Тұсаукесерді белгілі жазушы, пу
блицист Талғат Айтбайұлы жүргізіп
отырды. Алғашқы сөзді сатирикжазу
шы, халықаралық «Алаш» сыйлығының
лау реаты Ғаббас Қабышұлы алып,
кі тап туралы ойларымен бөлісті. «Бұл
кітап дәрігер болатын жастардың қай
қайсысына да өнеге болады. Дәрігер
мамандығы адалдықты талап етеді.
Арлы да адал болыңдар» деген жа
зушы, біздің елімізде дәрігерлердің
жалақысы төмен екендігін алға тартып,
өзінің атынан Мемлекет басшысы
на хат жолдағанын, дәрігерлер мен
мұғалімдердің еңбекақыларына назар
аударуын жеткізгенін атап өтті.
Публицистжазушы Молдағали
Матқан өзінің жүріп өткен жолымен
кейінгі ұрпаққа үлгіөнеге болып
келе жатқан азаматтың адамгершілік
қырларына тоқталды. Жастарды елге
адал қызмет етуге, елдің патриоты
болуға шақырды. Сондайақ С.Бердәу
летовтің әріптестері, зиялы қауым
өкілдері естеліктерімен бөлісіп, авторға
шығармашылық табыс тіледі.
Аталған еңбек үш бөлімнен тұрады.
Алғашқы бөліміне автордың әр жыл
дары жазылған жазбалары енсе, екінші
бөлімде әріптестерінің естеліктерін
Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, көсемсөзші Жүсіпбек Аймауытұлының
есімі қалың қазақ қауымына жақсы белгілі. Алаштың аяулы азаматы өзінің қысқа
ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұралар қалдырды. Оқырман
назарына М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Бас ғылыми
қызметкері, филология ғылымының докторы, профессор, жүсіпбектанушы Айгүл
Мұхамедсерікқызы ІСІМАҚОВА МЕН болған сұхбат ұсынылып отыр.
БАЙҚАЗАҚ БАТЫР
қоры құрылды
Кәсіпкерлерге қолдау бар
ДӘРІГЕР
ЖАЗБАЛАРЫ
Жуырда Байқазақ батырдың
А қ т ө б е ө ң і р і н д е г і ұ р п а қ т а р ы
б а б а л а р ы н ы ң р у х ы н ұ л ы ғ ы л а у
мақсатында бас қосып, келелі шаруа
лардың басын қайыру төңірегінде
мәслихат құрды. Ырғыз ауданының
ә к і м і М е й і р х а н Д у а н б е к о в т і ң
қ о л д а у ы м е н « Б а й қ а з а қ б а т ы р »
Қоғамдық қоры құрылып, оның
төрағалығына осы өңірге белгілі аза
мат, кәсіпкер Абай Ноғаев сайланды.
Абай Ноғаевтың тікелей мұрындық
болуымен осыдан біраз бұрын
Шалқар қаласында Байқазақ батырға
ас беріліп, мұндағы бір көшеге
батырдың есімі берілетін болған еді.
Қоғамдық қор мүшелерінің ұйытқы
болуымен Қарақалпақстандағы
Құсқанаты деген тау етегіндегі Сүйін
Ишанның қорымынан Байқазақ
батырдың сүйегі жатқан жерден
топырақ алынып, ол Ырғыз ауда
нындағы Құрылыс селосына жет
кізілді. Болашақта осы топырақ
әкелінген аумақтан батырдың үлкен
кесенесі тұрғызылмақ.
Жаңадан құрылған Қордың есеп-
шоты төмендегідей:
KZ46926010119R981000. Қызмет
көрсету банкі: «Казкоммерцбанк» АҚ.
БИК KZKOKZKX.
ғытындағы жұмыстарымен таныс тыр ды.
Облыс әкімі үш ауысымда оқитын
М.Мақатаев атындағы жалпы орта
мектептiң жағдайымен де таныс ты.
1 9 6 4 ж ы л ы б а л а б а қ ш а ғ а а р н а п
салын ған ғимарат 1990 жылдан берi
ыңғай лас тырылған мектеп жұмысын
жалғастырып келедi. Бүгiнде мұнда
720 оқушы бiлiм алуда. Бiр сыныпта
2530 оқушыға дейiн оқиды. Аудан
әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi басшысының
мәлiмдеуiнше, өңiрде үш ауысымда
оқитын 8 мектеп бар. Биыл үш мектептiң
құрылысы жүрiп жатыр. М.Мақатаев
атындағы бiлiм ұясына жаңа ғимарат
салу 2017 жылға жоспарланып отыр.
Облыс басшысы бiлiм ошағының жайы
мен жете танысып, мәселенi шешу үшiн
барлық мүмкiндiктi қарастыратынын
жеткiздi.
Сапар бағдары «STRATUS OIL»
кешенiнде жалғасты. Кешен мұнайды
сақтау және өңдеумен айналысады екен.
Жоба құны 4 млрд. 650 миллион теңге
болып отырған бұл кәсiпорын алдағы
уақытта жанаржағармай шығаруды
жоспарлауда. Жобаның өндiрiстiк қуаты
жылына 250375 мың тонна мұнай
өңдеуге қауқарлы. Кәсiпорын бүгiнгi
таңда 160 адамға жұмыс тауып берген.
Өңiр басшысы өндiрiс басшылығына
тек шикiзатпен шектелмей, одан сапалы
өнiм алу қажеттiлiгiн айтты.
Сайрам – халқы көп әрi өндiрiс
орындары мол шоғырланған аудан.
Тұрғындары несiбесiн жерден терiп
жеуге бейiмделген. Осындай ырысты
жердiң бүгiнгi ахуалына қаныққан об
лыс басшысы өңiрдегi серпiндi қа дам
дарға оң бағасын берiп, ондағы өнiм
өн дi рушiлерге қолдауды күшейтудi
тапсырды.
Облыс әкімінің атбасын бұрған тағы
бір елді мекен – Арыс қаласы болды.
Бұл сапарында Б.Атамқұлов құнарлы
жерлерді тиімді пайдалану мәселесіне
бірінші кезекте назар аударды.
– Арыста, жалпы оңтүстiк өңiрде
игерiлмей бос жатқан жер болмауы
керек. Егiстiктi кәдеге жаратпай, босқа
құнарсыздандырып жатқан шаруалар
дан жердi қайтарып алып, оны тиiмдi
пайдаланып, мол өнiм алатын, жұртты
жұмыспен қамтитын азаматтарға беру
керек» деген ол бұл орайда бірқатар
н а қ т ы т а п с ы р м а л а р б е р д і . А р ы с
қаласының әкiмi Сейiт Ертайға игерусiз
а л қ а п т а р д ы м е м л е к е т к е қ а й т а р у
бағытындағы жұмысты күшейтудi
тапсырды. «Бос жатқан жерлердiң
қожайындарының арасында жоғары
лауазымды тұлғалар болса, маған тiзiмiн
бер, олармен де жұмыс iстейтiн бола
мыз» дедi өңiр басшысы.
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
Оңтүстiк Қазақстан облысы
оқуға болады. Үшінші бөлім арнау
өлеңдер мен құттықтауларға арналған.
Жиын барысында қаламгердің
шығар ма шылығынан қойылым көр
сетіліп, отбасы мұрағатынан фотоаль
бом ұсынылды. Елімізге белгілі өнер
қай рат керлері әннен шашу шашып,
ардақты азаматтың мерейін өсір ді.
Жиын соңында Сүлеймен Бердәу
ле тов ұйымдастырушыларға өзінің
ақжарма тілегін жеткізді. «Бұл ең бектің
барлығы жүрек қалауым мен жасалған
дүние еді. Бүгін маған құр мет көрсетіп,
осы еңбегімді ба ғалап жатырсыздар.
Төбем көкке бір елі ғана жетпей тұр деп
айта аламын. Өмір соқпақтары кейде
адамды қа нат тандырады, жігерлендіреді,
мен де өмірдің талай соқпағынан өттім.
Мамандықтың ең кереметі – медици
на, көңіліне кірбің түсіп, ауырсынып
келген науқастан алғыс, бата алу дың өзі
бір ғанибет. Дәрігердің міндеті – қажет
ке зінде көмек қолын созу. Сондықтан
болашақ меди ци на қызметкерлеріне
айтарым – үнемі ізденісте жүріңдер,
оқың дар, үйреніңдер» деп медицина
колледжінің кітапханасына төл туын ды
сының бірнеше данасын тарту етті.
Бағдагүл БАЛАУБАЕВА
кітапханаларында отырып, қазақ да
ласында шыққан газетжурналдар мен
Алаш зиялыларының жазған мақалаларын
түгендеп, библиографиясын түзген. Ол
кезде Алаш азаматтарының аттарын
атауға тыйым салғандықтан, тек қана
мақалалардың библиографиясын жа
сады. Бұл тақырыпта докторлығын да
қорғай алмады. Осы кісінің айтуы бой
ынша, Ж.Аймауытұлының 16 бүркеншік
есімі болған. Үшкөлтай Субханбердина
– қазақтың «Дала уәлаяты» болсын,
қай газетжурналы болса да ондағы
м а қ а л а л а р д ы ң ж о ғ а р ы д е ң г е й д е
жазылғандығын, XIX ғасырдан бастап
қазақ журналистикасы көсемсөзінің
кәсіби деңгейге көтерілгендігін дәлелдеп
кеткен ғалым.
Ж.Аймауытұлының күні бүгінге дейін
айтылмай келе жатқан қыры – оның фель
е тондары. Бұл туралы кезінде профессор
Т.Қожекеев жазған, бірақ Қожекеевтің
зерттеулерінен кейін Аймауытұлының
сатирасы мен сыны айтылмай келеді.
«Сауатсыздықты жою», «Мал бас
садақасы ма, бас мал садақасы ма?»,
«Мысыққа ойын, тышқанға өлім» тағы
басқа фельетондарында елдің жағымсыз
мінезқұлқын, ісәрекетін сынай оты
рып, халықты жаман әдеттерден арылуға
шақырған. Жай бір күлдіргі әңгіме айтып
отырғандай болып, қазақтың мінін тайға
таңба басқандай көрсеткен. Қазақтың
ақсақалдары балаларының қателіктерін
өйтпебүйтпе деп түзетпеген. Басқа
біреуді тұспалдап, сырттан мысалдар ала
ген екен. Жазушы өз шығармасындағы
оқиғаларды басынан кешпесе, кейіпкер
ғып алған баланың психологиясын, ойын
жеткізе алмас еді. Жалпы, бұл роман
да аласапыран кездің өзінде де, қазақ
баласының өз басына ие болып, тектілік
танытуы бейнеленген.
Әлем әдебиетінде «роман воспи
тание» деген жанр бар, қазақшаласақ
романтәрбие болып аударылады ғой.
ЖанЖак Руссо, Дидро шығармалары осы
жанрға жатады. Бұл жанрды қазақ тілінде
іске асырған – Ж.Аймауытұлы. Әлемдік
әдебиеттану анықтағандай, әдебиет өзі
үшін жазылмайды, әр халықтың тарихы,
кейіпкердің тарихы ретінде жазылады. Ол
кейіпкердің тарихы нанымды болу үшін
міндетті түрде бала кезінен басталуы ке
рек. Қазақ әдебиетінде Қартқожадан басқа
баланың тарихы әлемдік психологиялық
роман негізінде әлі жазылған жоқ.
«Қартқожа» – 1916 жылғы Ұлтазаттық
көтеріліс туралы жазылған тұңғыш роман.
1914 жылы патша Жарлығымен, қазақ жас
тарын қара жұмысқа алу басталды. Қарап
отырсаңыз, қазақтарды кемсітіп бұлардың
қолынан тек қара жұмыс келеді, мылтық
ұстатуға болмайды» деген түсініктегі
төмендету. Осыған намыстанған Жетісу
қазақтары көтеріліске шықты. Романда
Қартқожаның образы арқылы көтерілістің
себепсалдары, қазақтардың өзара ішкі
түсінбеушіліктері толық ашылған.
Ж.Аймауытұлы 19261928 жылдар
аралығында Шымкенттегі педтехни
кумның директоры болған. «Ақбілек»
р о м а н ы н о с ы ж ы л д а р ы ж а з ғ а н .
М.Ж.Көпейге жазған екінші хатын
да: «Екі жарым ай болды үйден түзге
шықпағаныма. Бір роман жазып бітірдім,
өзіңіз көрген «Қартқожадан» үлкендігі
екі есе болады. Бар ойым, ынтам, рухым
сол романға кетіп тап жынды кісідей
болыппын. Дос ты, жолдасты, құрметті,
қымбат ағаны ұмытып кете жаздап
пын» деп жазыпты. Жүсіпбектің бұл
хатындағы сөздерінен не түйсінеміз
десеңіз, жазушының шалқар шабытын,
шығармашылықтың рақатын сезінген, та
лантты қаламгердің қаламының қарымын
сезінеміз.
«Ақбілек» романынан бұрын 1924
жылы «Елес» әңгімесін жазған. Осы
әңгімеде жазушы келешек «Ақбілек»
романының сюжетін айта кетеді. Ро
манды жазу идеясы жазушыға осы
әңгімеден кейін келген. Әңгімедегі мына
бір сөйлемге қарайықшы: «Қазақ даласын
көмірдей басып, ақтар өтті». Жазушы
бірақ сөйлемге сол кезеңнің қасіретін
сыйғызған. Ресей жерінен қашып Алтай
арқылы Қытайға бара жатқан ресейдің
ақ гвардияшылары мамыражай жатқан
қазақ ауылдарын қырғынға ұшыратты.
Әйелқыздарын қорлады, ауылдарды
өртеді.
Жазушы «Ақбілекте» тектілік пен
тексіздікті, адамдардың мінезіндегі
ұсақтықты, ру арасындағы таластарты
сты Мұқаш образы арқылы ашқан. Бұл ро
манда шілдехана, сүндетке отырғызу, қыз
ұзату сияқты қазақтың салтдәстүрі кере
мет суреттелген. Ақбілектің жеңгелерінің
ақылмен жасаған ісәрекеттері – өзінше
бір жатқан институт. Автор қазақтың
абыройын сақтаған жеңгелердің қасиетін
даралап жазған. Романның өн бойы
нан, қазақ халқының ақылдылығы,
парасаттылығы, қандай сәнсалтанатпен
өмір сүргендігіне көз жеткізесіз.
Жүсіпбектің мықты психолог ма
ман екені осы романда ерекшеленеді.
Ақбілектің көрген азабын, толғақ қысқан
кездегі жан қиналысын, ер адам бола
тұра өз жүрегімен сезініп жазғанына
таңғалмасқа шараң жоқ. Мен осы ро
ман жайлы Мәскеуде лекция оқығанда
дәл осы сюжеттерді қалай жеткізерімді
білмедім. Ресей жазушылары өте жоғары
баға берді.
Жүсіпбектің аштық жылдарындағы
қызметі де тарихта белгілі. Ауқаттылардан
жылу жинап оны қарайған елге тарату
деген бір абыройсыз жұмыс болды. Елі,
жұрты үшін Жүсіпбек осындай қиын
жұмыстың да басынан табыла білді.
Жазушыны қаралау мақсатында «Елге
таратқан дүниелеріңнің есебін бер, кімге
не бергенің туралы қолхатың қайда?» деп
тергеудің астына алды. Өзіңіз ойлаңызшы,
аштан қырылып, мүшкіл халде жүрген қай
адам сізге қолхат жазып берсін. Сонда
Жүсіпбек: «Төбеде Алла көріп тұр» деп
жауап берген екен. Жалпы Жүсіпбек,
Әлихан, Ахмет, Міржақыптардың басты
бір ерекшелігі – бұлар Құран жолымен
жүрген, ауызында бісмілләсы бар адамдар.
Аштан қынадай қырылып жатқан халыққа
жиналған дүниені талантаражға салды
деп жала жабу – Жүсіпбекке жасалған
үлкен қиянат болатын.
Ж.Аймауытұлы әлем әдебиетінен біраз
аудармалар жасаған аудармашы. Мәскеуде
жүргенде Толстойдың алдына барып, сол
кездегі Андрей Белый болсын, Ресейдің
жетекші жазушыларымен пікір алысып
жүрген әдебиетші. Сондықтан болар Кон
рад Беркович, Рабиндранат Тагор, Джек
Лондон, Гогольді керемет аударған. Че
ховты аударып жатырмын деген хаты бар.
Аудармасы жоқ, жоғалған. Бұл да біздің
жүсіпбектанудағы бір өкінішіміз. Чеховты
ХХ ғасыр басында ешкім аударған жоқ.
А.Байтұрсынұлы – ғалым, Ә.Бөкейхан
– саясаттанушы, Мағжан – ақын. Мен
ойлаймын, Жүсіпбек қана аударған болуы
керек. Неге десеңіз, екеуінің көркемдік
шығармашылықтары деңгейлес.
«Жүсіпбек Аймауытұлын әңгіме, дра
ма, роман, мақала, пьеса, повестері, тіпті
психология кітабындағы әр сөзіне қарап,
қазақтың мемлекеттілігін, қазақ деген ұлт
бар екенін мойындатқан, ұлттық мүддені
қорғаудағы шығармашылықтың басында
тұрған ұлт қайраткері» ретінде қадірін
білуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: