«Болса болар, бәлкім, менің паңдығым »



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата11.01.2017
өлшемі2,61 Mb.
#1620
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сөз – ойдың сөлі. Сөйлеген сөзіне, жазған 

шығармасына қарап, автордың білім­

білік деңгейін бағалауға болады. Дұрыс 

ойлай алған адам ғана дұрыс жаза алады. 

Сауатты ойлай білу – сауатты жазудың 

шарты әрі кепілі. «Жай» сауатсыздық деген 

болмайды! Сауатсыздықтың бірден­бір 

себебі – білімсіздік! Мүмкін, ол профессор 

шығар, бірақ сауатты жаза алмаса – білімі де 

кемшін деген сөз.

К е й б і р   ( к ө п т е г е н )   а д а м д а р д ы ң 

жазуындағы көзге ұрып тұрған қатені 

орфографиялық сөздікті куәға тартып, 

дәлелдеп берер болсаңыз, ол қатесін 

түзетудің орнына, орфографиялық сөздікті 

мойындағысы келмей, «онда жазыла береді, 

менікі дұрыс» деген «уәж» айтқансиды. 

«Ұялған тек тұрмас» деген осы. Кейбір 

жерлерде емленің дұрыс қолданылуын Тіл 

ережелері емес, әр кабинеттегі бастықтар 

мен «бастықсымақтар» «шешіп» беретіні 

де бар. Мысалы, сондай бір бастықтың 

сөздікте «қиын­қыстау» деп жазылғанына 

қарамастан, «ол дефиссіз, бөлек жазыла­

ды» деп бет бақтырмағаны есімде қалып 

қойыпты. Алайда бұл орфографиялық 

сөздікті бұзып қолдануға дәлел де, себеп 

те бола алмайды. Өйткені орфографиялық 



сөздік – Тіл конституциясы! Конститу­

ция мен заңды бұзуға жол берілмейтіндігі 

секілді, орфографиялық сөздікті де бұзуға 

ешкімнің хақысы жоқ! Конституцияны 

жиі өзгертпейтіні секілді, орфографиялық 

сөздікті де жиі өзгерте беруге болмайтыны 

есте болуы керек. Өйткені орфографиялық 

сөздіктегі қатені әркім өзі біліп түзетпейді. 

Ондай сөздер қажет болған жағдайда, жаңа 

басылымда түзетіліп шығады. Ендеше, Тіл 

конституциясын қатаң сақтау арқылы ғана 

біз сауаттылық жолынан ауытқымай жүре 

аламыз.

«қиын» сөздердің жазылуы мен күрделі 



сөйлемдердің тыныс белгілері әркімге де 

айдай анық дей алмаймыз. Сонда қалай, 

әркім өз бетінше «ереже» шығарып, жаза 

беруі керек пе?

Бұл – бұл ма, өзіміз әншейінде жиі 

мақтанатындай, ХХІ ғасырдың алғашқы 

белесінде отырсақ та, орфографиялық 

сөздіктің құрамдас бір бөлігі болып табы­

латын «Ономастикалық сөздіктің» (Атау 

есімдер сөздігі) өзі түгіл, ондай ұғым­

түсінік те біздің өңіміз түгіл, түсімізге де 

кіріп­шықпаған секілді. Бұл сөзімізге 

– осы уақытқа дейін қазақ тілінде адам 

есімдерінің (әсіресе, тарихи тұлғалардың), 

жағрафиялық, басқа да ғылыми атаулардың, 

тарихи оқиғалардың, т.б. сөздің атымен бо­

лып көрмегендігі, әлі де жоқ екендігі дәлел. 

Сондықтан көпшілікке кеңінен танымал 

әдебиетші­академик ағамыз Науаи, На­

уайы, Новой, Науай, т.б. деп, бір адамның 

есімін он беттік мақаласында он шақты 

түрлі етіп жазса, кейбір көптеген тарихшы 

ғалымдарымыз «Ақтабан шұбырынды, 

Алқакөл сұлама», «ақтабан шұбырынды 

алқакөл сұлама», «Ақтабан шұбырынды, 

алқакөл сұлама» (Алқакөлдің өзін бірге, 

бөлек – екі түрлі етіп), көне қала атын 

Мауереннахр, Мауренахр, Моуренохр, Ма­

уенахр, т.б., болмаса, Иасауи, Йасауи, Иас­

сауи, Йассауи, т.б. деп, қойшы, әйтеуір, бір 

сөзді он, жүз құбылтудан «жалықпай» келеді. 

Шетелдік, қазақстандық бұрынғы, қазіргі 

кім рұқсат еткен? (Мысалы, «Заң және 

біз» дегенді «зАяя не Бяяз» деп жазады). 

Ана (мемлекеттік) тілімізді қорлаудың 

бұлтартпас бір дәлелі емей, бұл не сонда!? 

Мұндай өрескелдікке қазақтан басқа қай 

халық төзуі, жол беруі мүмкін? Әр халықтың 

таным­түсінігі – оның тіл байлығының 

қайнар көзі екенін ескермей, ана тілімізді 

неге шет елдер тілінің қолжаулығына ай­

налдырамыз? Бәрін тізіп шығу шарт емес, 

мұндай мысалдарды мыңдап келтіре беруге 

болады. Мұның саяси мәні де жеңіл емес. 

Өйткені тілі тәуелді ұлттың өзі де тәуелді!

Тәуелсіздік демекші, соңғы жиырма 

шақты жылда орыс тілінің ықпалынан 

арылып болмағанымыз өз алдына, ол аздай, 

енді біздің көптеген (кейбір) ағайындар 

қолынан келсе ағылшын болып кеткісі 

келіп, тек, «амал нешік», әзірге бола алмай 

жүргендей мінезді барған сайын анығырақ, 

айқынырақ танытуда. Әйтпесе, теледидар 

мен газет беттерін бермейтін бренд, имидж, 

дайжест («Оқиғалар дайджесті»), саундтрек, 

т.б. секілді бөгде тіл сөздерінің қазақша ба­

ламасы табылмағаны ма? Бұл – бұл ма, «бір 

адым алға, екі адым кейін» дегендей, бұрын 

орыстың «фрагменты» дегенін «көріністер» 

деп көрсетіп жүрген телеарнамыз енді 

оны аяқ астынан «үзік бейне» деп атайтын 

болыпты. Ал білдей бір бағдарламаның 

атауын не қазақша емес, не ағылшынша 

емес, «ТОЙ BESTSTAR» деп қойғанымыз 

– кім болғанымыз?! Бұл құбылыс біздің 

КҮРДЕБАЙ


ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ТӨЛ АТАУЛАРЫ 

Ата-бабамыздың көшпелі өмір салтында қой түлігі ерекше орын алғаны 

белгілі. Ұлттық этнографиямызда, тілдік қорымызда қойға байланыс ты 

сөздер, атаулар, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, теңеулердің көп 

кездесетіні де сондықтан. Жалпы қой түлігінің атаулары оның ерекшелігін, 

дене бітімін, мінезін, сипатын, жас мөлшерін, сапалық қасиеттерін, туған 

мезгілін, төлін білдіреді. Қойшылар осындай атаулар арқылы қойдың қандай 

ерекшелікке ие екенін ажырататын болған.

 «Төрт түліктің төл атаулары» ай­

дарымен өздеріңіздің назарларыңызға 

ұсынылып отырған атау­сөздердің ара­

сында бүгінгі таңда қолданылмайтыны 

да бар, қолданылатыны да бар. Әрине, 

ғасырлар бойы түйенің қомында, 

а т т ы ң   ж а л ы н д а   ғ ұ м ы р   к е ш к е н 

халқымыз төрт түліктің төл атау­

ларына байланысты тіл байлығын 

қ а л ы п т а с т ы р ғ а н ы   б е л г і л і .   Б ұ л 

атауларға қарап біз қой түлігінің 

ғана емес, көшпелі өмір салтының 

этнографиялық білім жүйесін де 

тануға мүмкіндік аламыз. Өйткені атау 

сөздердің өн бойында шаруашылық 

адамының кәсібі мен машығы да 

бірдей көрініс табады. Өкінішке орай, 

қойға байланысты көптеген атаулар­

ды бүгінгі ұрпақ біле бермейді. Ол 

заңды да, өйткені халықтың көшпелі 

өмір салты келмеске кетті. Сонымен 

бірге небір ғажайып ұғымдар, атау­

сөздер, этнографиялық білім қоры да 

бірте­бірте халқымыздың жадынан 

алыстай түсті. Бірақ мұның барлығын 

ой елегінен өткізіп, заман, уақыт 

межесінен қайта зерделеп, атадан 

балаға мұра болып қалған дәстүрлерді 

жаңғырту жолын да ұмыт қалдырмай, 

шама­шарқымызша байтақ қазына 

болып табылатын рухани, мәдени 

дүниелерге мән беріп қарауымыз 

керек. «Төрт түліктің төл атаулары» 

айда рының бұл шығарылымында 

біз әдет тегідей қой түлігіне тән атау 

сөздерді, олардың мағыналарын та­

ныстыратын боламыз. Халық тілінің 

сарқылмас байлығының бір дәлелі 

қойға байланысты атаулардың көп 

екендігі. 

Аққатпа – қойдың ұлтабар құрты.

Айырма. Айырма деп аталатын қой 

індеті бар. Бұл індет сиыр малында да 

кездеседі. 

Абылаңқы.  Қойшылар ерте туған 

төлді абылаңқы деп атаған. Ерте туған 

төл ерекше күтімді қажет етеді. 

Абын. Бұл атау сөз қойдың сирақта­

рын да болатын жүнге қатысты ай­

тылады. Оны абын жүн, тақырлау 

жүн деп те атайды. Көшпелі тұрмыс­

тіршілікте қой жүні ерекше маңызды 

болып саналған. Одан киім­кешек, 

үй тұрмысына қажетті заттар тігілген. 

Сол үшін де халқымыз қойдың жүнін 

ерекше қадірлеп, қастерлей білген. 

Оған өзіне тән атаулар берген. Соның 

бірі – абын. 

Күрдебай.  Қойдың төлі, яғни 

қозыларының да үлкені, кенжесі бо­

лады. Қойшылар кенже туған қозыны 

күрдебай деп атаған. Күрдебай атауы 

арқылы қозының неше жаста екенін 

қай мезгілде және қашан туғанын айы­

ра білетін болған. 

Күрдек.  Күрдек деп жас төлге 

арналған қораны, үйшікті айтады. Жас 

төлге арнап қора салудың қажеттілігі 

оның оңашада тезірек өсіп жетіліп 

кетуімен айқындалған. Оңаша жерде 

өскен жас төл аяқтанып, бойына күш 

жинап, қатарға қосылады. 

Көрпелдес.  Бойына ет алған 

марқа қозыны көрпелдес деп атайды. 

Көрпелдес деп атаудың тағы бір шарты 

марқа қозы жүндес болуы керек. 



Көрпе.  Қозылар дүниеге келгенде 

оларды алғашқы кезде қырықтыққа 

салмайтыны белгілі. Жүні молайып, 

өсе бастағанда ғана қырқа бастайды. 

Ал қырқылмай жүрген қозы кезін 

қойшылар көрпе деп атайды.  



Көгентүп. Қойшылардың  шаруа шы­

лық кәсібінде қозыға ен салу дәстүрі 

бар. Әдетте қозыға ен салған үлкен 

үйдің балаларға беретін қозысы болады. 

Оны көгентүп деп атайды. 

Көбен. Қой етінің ең дәмдісі марқа 

еті саналатыны белгілі. Марқа қозының 

өзіне тән атау сөзі бар. Ол көбен деп 

аталады. Сонымен бірге көбен деп 

қазақтар көктемде жайылып жүріп 

семірген еті бос атты да айтады. 



Тел қой. Бұл атаудың өн бойынан 

белгілі болып тұрғандай, тел қой деп 

енесі сүтіне жарытпаған төл телінген, 

қозысы өлген саулықты айтады. 



Өр. Өр деп қойдың нашар тұқымы 

айтылады. 



Шүленке.  Қой малы өзінің жа­

ратылысы мен сипатына, жүнінің 

ерекшелігіне байланысты әртүрлі 

атауларға ие болып жатады. Мәселен, 

шүленке атауы осындайдан пайда 

болған. Шүленке деп қылшық жүнді 

шүлен қойды айтады. 

Саранжа.  Қойдың төл атаулары 

қойдың құйрығына да байланысты 

қойылатын болған. Соның бірі – саран­

жа атау. Саранжа деп қойшылар салпаң 

құйрықты қойды атайды. 

Мәліш. Табиғат заңына байланысты 

қойлардың будандасуы жүріп жатады. 

Екі тұқымнан өрбіген қойларды будан­

дасуынан туылған төлдің де өз атауы 

бар. Ол – мәліш деп аталады. Мәліш 

деп қойшылаар қаракөл мен саранжа­

дан туған қой тұқымын айтатын болған. 

Бобарты. Мәліш қой секілді қазақ 

қой мен арабы қошқардың ұрпағы бо­

барты деп аталған. Бұл көне сөздердің 

біріне жатады. Бүгінде көп қолданыла 

бермейді. Жалпы таным үшін ұсынып 

отырмыз. 



Көбеген.  Қозылардың арасында 

кейде ерте туып қалатындары бола­

ды. Олардың өзіне тән атау­сөздері 

бар. Мәселен, соның бірі – көбеген. 

Көбеген деп қойшылар ерте туған 

қозыны айтады. 



Көбдік.  Көбегенге қарама­қарсы 

мағынада қолдынылатын сөз бар. Ол – 

көбдік. Көбдік деп керісінше кеш туған 

қозыны атайды. 



Киіпжат.  Жоғарыда атап өткені­

міздей, қой жүнінен тігілген немесе 

тоқылған киім­кешек түрлері өте көп. 

Қой жүні өте жылы келеді. Сол себепті 

одан тігілген киім суықтан сақтайды. 

Сонымен қатар қой терісімен тігілген 

нәрселер де аз болмаған. Ол – киіпжат 

деп аталады. Киіпжат деп қазақтар қой 

терісімен астарланған тақияны айтады. 

Қошқар. Аталық қой. Мұны кейде 

тегермек деп те атайды. 



Құтпан.  Қазақ жаратылысынан 

ырымшыл халық қой. Дүниетанымы 

бойынша малдың киесі бар деп 

түсінген. Олардың арасынан біреуін 

киеліге балап ерекше қастерлейтін де 

болған. Құт­береке көзі деп, таңдаулы 

қой деп баға берген. Осыған байланыс­

ты құтпан атау пайда болған. Құтпан 

деп отардағы таңдаулы құт­береке көзі 

болған киелі қойды айтады. 



Саулық.  Саулық деп үш жастан 

асқан аналық қойды айтады. 



Шартық қошқар – шала тартылған 

қошқар.


Құртаң.  Қой ауруының бір түрі. 

Нақты айтар болсақ, құрт ауруына 

шалдыққан қойды құртаң дейді. 

Қозы – қойдың жас төлі. Қозылар 

түрлі­түрлі болады. Дене бітімінің 

ірісі де, ұсағы да кездеседі. Жүндері 

де өз ерекшелігіне қарай ажыратыла­

ды. Осының барлығына қатысты атау 

сөздер берілген. 



Қошақан – қойдың кішірейтіліп 

айтылғаны.



Мәйекті қозы. Енесінің қышқылтым 

және жай уызын еміп, тез өсіп­жетілген 

төлді мәйекті қозы деп атайды. 

Маңырама.  Төрт түліктің атау 

сөздерінің ішінде жанама қойылатын 

атаулар да кездесе береді. Жанама атау­

лар кейде қойдың үніне немесе өзіне 

тән ерекше мінезіне қарап қойыла 

береді. Солардың бірі – маңырама. 

Маңырама деген қойдың жанама аты 

болғандықтан, ол ешқандай мәнге ие 

емес. Қойдың маңырауына байланысты 

шығарылған атау­сөз де болуы мүмкін. 



Жандық.  Бұл атау да дәл сондай 

жанама атау. Ол қойдан бөлек, әдетте 

ешкіге де қолданыла береді. Соған 

қарағанда ешкілер мен қойлардың 

арасында ортақ атаулар бар болуы 

мүмкін. Оны арнайы зерттегеніміз 

жөн. Малға қатысты айтылатын ортақ 

атаулар жайдан­жай қойыла салмайты­

ны белгілі. Оның өзіндік себептері де 

болады. Бәлкім, мұндай кезде олардың 

ұқсастықтары да маңызды рөл атқаруы 

ғажап емес. 



Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

(Материалды дайындау барысында

 «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» 

пайдаланылды)

ҚАЛАУЫН ТАППАС 

ҚАЙРАН ТІЛ...

ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІК – ТІЛ 

КОНСТИТУЦИЯСЫ

«Қазақ тілінің орфографиялық сөзді­

гінің» (қысқаша «Сөздік») бірінші және 

екінші басылымы Ғ.Мұсабаев, Т.Қордабаев, 

М.Балақаев, І.Кеңесбаевтар секілді 

тілші­ғалымдардың қатысуымен және 

редакциялық алқасымен Қазақ КСР Ғылым 

академиясының Тіл білімі институтының 

«Ғылым» баспасында жарық көрген бо­

латын. Екінші және үшінші («Қазақстан» 

баспасы, 1988) басылымды шығаруға ака­

демик Рәбиға Сыздықова да қатысқан. 

Соңғы төртінші және бесінші басылы­

мы да Р.Сыздықованың қадағалауымен 

оқырманға жол тартты. Бұл басылымдарда, 

негізінен бұрынғы ұстаным сақталғанымен, 

кейбір өзгерістер де енгізілген. Мысалы, 

бұрын «әр түрлі», «ат салысты» деп бөлек 

жазған болсақ, енді ол сөздер біріктіріліп 

жазылған, т.б. Біз, әрине, бұған қарсы 

емеспіз. «Сөздіктің» алғашқы басылы­

мында «қыйсық», «ійу» деген сөздер кейін 

«қисық», «ию» деп өзгертілгені белгілі. 

ПРАКТИКАЛЫҚ ГРАММАТИКА – 

САУАТТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

Орфографикалық сауатсыздық – тек 

жекелеген авторларға ғана емес, баспа, 

баспасөз, ақпарат құралдары, мемлекеттік 

іс қағаздары саласы атаулының баршасына 

ортақ кемшілік. Бұл – әсіресе қазаққа ұят. 

Өйткені орыс тілінде мұндай жағдайлар 

жоққа тән. Орысша сөзді қате жазу көбінше 

«мүмкін емес»! Қатесі бадырайып көзге 

ұрып тұрады. Ал қазақша сөздердің қатесін 

табудан – тау­шатқалдағы тас­бұтаның 

арасында қалып қойған қой­ешкіні табу 

әлдеқайда оңай.

Мұның себебі тағы сол – қазақтың 

жазу мәдениеті дамымаған, ғылыми ізге 

түспеген! Білдей Тіл институты, Термин­

ком, қаптаған қазақ тілі қоғамдарының 

не үшін керек екендігі түсініксіз. Мұның 

соңы мектепке апарып соғады. Бірақ Білім 

министрлігі де еш қам­қаракетсіз оты­

рып келеді. Егер бұлай болмаса, қазақ 

баласы осы уақытқа дейін «Практикалық 

грамматика» деген оқу құралын көзімен 

көрмек түгілі, неге ондай құралдың атын 

да естіп­білмей келеді?! Ал мұндай оқу 

құралы бүгінгі күннің де, келешектің де 

жаңалығы емес, біздің өткен тарихымыздың 

игілігі болуы тиіс еді. Өкінішке қарай, 

біздің мектептеріміздің өмірінде де, қазақ 

тілі ғылымында да бұрын­соңды «аты да 

естілмеген» осы практикалық граммати­

ка оқу құралының не нәрсе екенін мен 

оқырманға таныстыра кетуге мәжбүрмін. 

Әрине, жалпы ғылым үшін бұл – тіпті 

де жаңалық емес. Орыс тілінде «Практикум 

по математике» (Руководство по решению 

задач) дейтін құрал баяғыдан бар. Басқа 

пән салаларына да жат емес. Тек қазақта 

ғана, қазақ тілінде ғана жоқ. Бар «жаңалық» 

– осында.

Енді біздің қайран қазаққа ғана «жаңа» 

кө рініп отырған осы бір оқу құралына 

сипат тама бере кетейін.

Практикалық грамматика (Граммати­

калық практикум) – тіл ережелерінің іс 

жүзінде (практикада) қолданылуын егжей­

тегжейлі, жан­жақты, сан алуан мысалдар­

мен, «тайға таңба басқандай» етіп көрсетіп 

беретін тіл құралы. Егер мектеп, универ­

ситет болса, онда оқулыққа қосымша 

құрал. Бәлкім, біреулер бұл бізде баяғыдан 

бар, оқулықта мысалдар келтіріледі, үйге 

тапсырмалар беріледі, соның бәрін «прак­

тикум» деп айтып жатар. Бірақ кешіріп 

қойыңыз және ол мысалдарыңыз бен 

тапсырмаларыңызды әлі де бере беріңіз. 

Ал біз айтып отырған «практикалық грам

-

матика» – өз алдына жүйесі, әдістемесі мен 

құрылымы, ұстаным, формалары бар жеке 

құрал.

ҚАЗАҚҚА ОНОМАСТИКАЛЫҚ 

СӨЗДІК ҚАЖЕТ ЕМЕС ПЕ?

Осы уақытқа дейін «Қазақ тілінің 

орфографиялық сөздігі» тек бір ғана кітап 

болып (400 бет шамасында) шығып келетіні 

өкінішті. Ал онда қазақ сөзінің әртүрлі 

қолданылу формаларын (варианттарын) 

айтпағанда, тек түбір сөздердің өзі де толық 

қамтылмаған. Мың­мыңдаған сөздер 

қалып қойған! Мәселен, қара құрым, мен 

мұндалап, т.б. сөздерді қалай жазарыңызды 

білмейсіз. Өйткені олар сөздікте жоқ. 

Біріктіріп жазамыз ба, әлде бөлек пе? 

Үш сөз іздесеңіз, соның кемінде біреуін 

сөздіктен таппай, дал боласыз. Әрине, 

жер­су атауларын жазудағы өрескел қателер 

қаншама. Санап тауысу қиын. Осының 

бәрінен кейін қазаққа «Ономастикалық 

сөздік» керек дейтін ойдың туатыны сөзсіз 

ғой. Бірақ тумай келеді! Өйткені қазақ 

тілінде ондай сөздік жоқ. Мінеки, қазақтың 

сауатсыздығының тағы бір себебі осында 

деп білеміз. Сөйтіп, «Ономастикалық сөздік» 



– қазақ тіл білімі үшін «кеш келген көктем» 

болайын деп тұр. Бірақ «ештен кеш жақсы» 

дегендей, бұл қажет істі ертеңге қалдырмай, 

қолға алған жөн. 



АСТАРЫ ҚАЛЫҢ 

ЖАРНАМА

Әдетте біз «жарнама» дегенде, ең ал­

дымен, жиһаз, киім­кешек, азық­түлік, 

тіпті денсаулығың мен сүйікті адамыңды 

«сатып ал» немесе «ұтып ал» деген тәрізді, 

көшеде, теледидар экранында, жалпы, 

кез келген жерде алдыңнан шыға келіп, 

«ат үркітетін», әлеміш­алабажақ көрнекі 

насихатты көз алдымызға елестетеміз. 

Бірақ жарнаманың қызметі мен мақсаты 

тек сауда­саттық қамы ғана деп ойлау 

аңқаулық болар еді. Әйтпесе, «Coca Соla» 

сусынын құмырадан құшырлана сіміріп 

тұрған қазақ қызы мен жігіттің суретінің 

астына «Бақытыңа жет» немесе «Осы сәтте 

өмір сүр» деп жазылған көтеріңкі сөздерді 

қалай түсінуге болады? Шынында, нарық 

қоғамының кең көмейін «Неге олай? Неге 

бұлай?» деп «кердең» сұрақтар қоя беретін 

талғампаз сана емес, бір сәттік ләззатқа 

рақаттанатын тобырлық нәпсі ғана толтыра 

алатыны әлмисақтан бері белгілі. Демек, 

жарнама – сенің бүкпесіз адал, ақ көңіл, 

ашық жанашырың (ғана) емес, ол – ең 

алдымен астары қалың, айласы мың батпан 

аңдушың. Әр қимылыңды қалт жібермей 

бақылап, өз қатпарынан қайта шыға алмас­

тай етіп сіңіріп алғысы келіп тұрады.

Бірақ бұл жолы біздің айтпағымыз – 

нарықтың мұндай бұлтарыс­қалтарыстары 

емес. Тек нарық тілінің (яғни жарнаманың) 

халық тілімен (бұл жерде қазақ тілі) санас­

пайтын «кейбір» өркөкірек өзімшілдігіне 

бірер мысал келтірумен ғана шектелмекпіз. 

Иә, бәрін қазбалап жатудың қажеті де 

бола қоймас. «Теңіздің дәмі – тамшыдан» 

демей ме. Мысалы, орыс тіліндегі «огне­

опасно» деген дұп­дұрыс сөзді қазақша 

«отқа қауіпті» деп бүйректен­сирақ 

шығарғанына не жорық? Бұл – ана (тіпті 

мемлекеттік!) тілімізді өзге тілдің калька­

сына (көлеңкесіне) айналдырудың бір мы­

салы. Сол секілді, орыстар «Обувной мир» 

деп жазды екен деп, біздің «Аяқ киім әлемі» 

деп әлеміштеуімізге жол болсын?! Әйтпесе, 

көше жарнамасын «айшықтап» тұрған 

«Үздіктер (?) үйіңізге бұйырсын» (Все луч­

шее в дом) немесе «Мектепке жинаймыз» 

(Соберем в школу), «Тістер сезімталдығына 

зарланған емделушілер» дегенді қалай 

түсінуге болады? Бұл жарнаманың 

сауатсыздығы ма, әлде астамшылдығы ма? 

Қазақ тілінің табиғи заңдылығын белден 

басу деген осы емес пе?! Ал «Қуырдақтың 

көкесін түйе сойғанда көресің» деген­

дей, кабельдік телеарналардағы титр­

субтитрларда қазақша әріптердің бәрінің 

орнына орысша «әмбебап» «я» әрпін қоюға 

күнделікті қарапайым өмірімізден бастап, 

әдебиет, өнер, мәдениет, ғылым, өндіріс 

саласындағы тірлігіміздің барша бедер­

көріністерінен жиі аңғарылуда.

Жарайды, кейбір шетел сөздеріне дұрыс 

балама табылмай жатқан шығар деп өзімізді 

өтірік алдаусыратқан болайық. Ал онда 

«Қазіргі тойларда қазақтың салты сақталады 

ма?» («Шындығы сол» бағдарламасында 

титрмен берілген сұрақ. «Алматы» теле­

арнасы. 30.08.2014, 19­30­да) немесе «Ел­

басы Қарағанды облыстық қоғамдық ұйым 

өкілдері мен кәсіпкерлері мен кездесті» 

(«Жаңалықтар» бағдарламасында берілген 

субтитр. «24 kz» телеарнасы, 31.08.2014, 

9­40­та), сондай­ақ «ЕҰУ­нің кітапханасы 

әлемдік 500­ке енді» («Әділет» ұлттық 

апталығы, 29 тамыз 2014 жыл, 1­бет) де­

ген «қазақша» сөйлемдердің шатқаяқтап 

тұрғаны қалай? Қазақ тілінде келер 

шақтағы етістікке «ма», «ме» жалғаулары 

жалғанбай,  сақтала ма болып айтылып, 

жазылатынын журналистердің білмегені 

ме? Ал екінші сөйлемде қатарынан кел­

ген екі «мен» (алдыңғы жалғау да, кейінгі 

жұрнақ та) бірімен­бірі «сүзісіп», тіл 

шырқын бұзып тұрғанын аңғару орташа 

сауаты бар адамға қиын емес. Дұрысы: 

«Елбасы Қарағанды облысының қоғамдық 

ұйым өкілдерімен және кәсіпкерлерімен 

кездесті». Бұл нұсқада екі «мен» де 

жұрнақ болып, ала көзденбей, керісінше, 

жұмылған жұдырықтай жымдасып кетеді. 

Соңғы мысалға алған сөйлемде екі қате 

бар. Сөйлемді толық жазсақ, «Еуразия­

лық ұлттық университетінің кітапха насы 

әлемдік бес жүздікке енді» болар еді. 

Ендеше, оның қысқаша жазылуы: «ЕҰУ­

дың кітапханасы әлемдік 500­дікке енді» 

болуы тиіс. Әрине, ана тілімізді жаңа заман 

тұрғысынан жарасымды дамытуға ешкім 

де қарсы болмайды, бірақ тілдің басын 

жарып, көзін шығаратын солақай «рефор­

ма» емес!

Бәлкім, бір белсенділер бұл айтылғандар 

– жала, тіл ғылымымыз өзінің даму 

шыңына көтерілген деп айтып жатар. Мен 

қазақ тіл ғылымының деңгейін жоққа 

шығармаймын. Бірақ біздің академик, 

профессор атағы бар адамдарымыз­

дан бастап, қолына аттестат пен дип­

лом ұстаған жастарымызға дейінгілердің 

жазғандарындағы «мыңғырған» қателер 

қайдан жүр? «Аюға намаз үйреткен – таяқ», 

«Тоқпағы келіссе – киіз қазық жерге кіреді» 

дегендей, ғылымның өміршеңдігі оның 

қалың бұқараның игілігіне айналуында, 

күнделікті тәжірибеде қолданылуында 

емес пе ?! Егер өмірдің өзін «өндіріске» 

баласақ, онда тіл ғылымын өндіріске 

енгізудің өзіндік технологиялары болмас 

па. Жоғарыда менің айтқандарым – осын­

дай ниеттен туған бірер ұсыныс, ой­пікірлер 

ғана деп түсінсек құба­құп.

Осылардың бәрін көріп отырып, 

«Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, 

Одан да шықты жаңғырық...» (Абай) деп 

маңдайың тасқа тиіп, бүгінгің – мынау, 

ертеңгі күнің қандай болмақ, қалауын тап­

пас қайран тіл демеске не шара?!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет