2.2 Ондық бөлшектерге амалдар қолдану Оныдық бөлшектерді қосу немесе бір ондық бөлшектен екіншісін азайтуды орындау үшін:
Бөлшектердегі үтірден кейінгі цифрлар санын теңестіру;
Үтір үтірдің астына келетіндей етіп бір бағанаға жазу;
Ондық бөлшекте үтірден кейін неше цифр тұрса, шыққан санда сонша цифрды оң жақтан үтірмен айырып бөлу қажет.
Мысал 2.17
Ондық бөлшектерді көбейтуді орындау үшін:
Үтірге мән бермей, ондық бөлшектерді натурал сандар сияқты көбейту;
Шыққан нәтиженің оң жағынан екі көбейткіштің үтірден кейін қанша цифры болса онда, сонша орын үтірмен бөлу қажет.
Мысал 2.18
Ондық бөлшекті натурал санға бөлуді орныдау үшін:
Ондық бөлшектің бүтін бөлігін натурал санға бөлеміз және бүтін бөлікке бөлу аяқталғаннан кейін бөліндіге үтір қоямыз;
Берілген бөлшектегі үтірге мән бермей, бөлуді жалғастырамыз, керек болған жағдайда – бөлінгіштегі үтірдің оң жағына нөлдер тіркеп жазамыз.
Мысал 2.19 жай бөлшегін ондық бөлшек түрінде жазайық. және 6=6,0=6,00=6,000=6,0000 болғандықтан, 5-ті 16-ға бұрыштап бөлейік.
Демек,
Ондық бөлшектерді бөлуді орындау үшін
Бөлгіште үтірден кейін қанша цифр болса, онда бөлінгіш пен бөлгіштегі үтірді оңға қарай соншалықты орынға жылжытамыз;