Болтаева ә. М



бет48/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   89
Әлеуметтік фасилитация (күшею) немесе аудитория эффектісін Г.Зайонц анықтаған. Кез келген сыртқы бақылаушының қатысуы (экспериментатор немесе ассистент) жұмыс орындаушының жүріс–тұрысын өзгертеді. Бұл эффект спортсмен жарыстарында көрермендер мен дайындық кезіндегі нәтижелердің айырмашылығынан анық көрінеді.

Эксперименттік зерттеулердің негізгі кезеңдері:


  1. Зерттеу тақырыбын анықтау. Тақырып зерттеу аймағын, мәселелер шеңберін, пәнін, объектісін, әдістерін шектейді. Алайда зерттеудің нағыз алғашқы кезеңі бастапқы мәселенің қойылуы болып табылады.

Зерттеу жүргізудің негізгі 3 жағдайы бар:

  • құбылыстың болуы туралы болжамды тексеру;

  • құбылыстың өзарабайланыстары туралы болжамды тексеру;

  • А құбылысының В құбылысынан себептік тәуелділігі туралы болжамды тексеру.

  1. Зерттеуші өзін қызықтырған құбылыс туралы басқа да эксперименттік мәліметтерімен, түсіндіру тәсілдерімен танысуы қажет. Мұнда зерттеуші алғашқы қадамды негізгі түсініктерді анықтаудан (сөздіктер және аралас пәндер, энциклопедия көмегімен) бастайды. Екінші қадам – зерттеу тақырыбы бойынша жүйелі каталогтар көмегімен библиография құрастыру. Әдебиеттерге шолу жұмысы–бұл мәселені нақтылау, экспермент зерттеу жоспары мен жаңа болжам қалыптастыру болып табылады. Себебі, психолог мәселенің шешімі жоқ болып көрінуімен немесе бұл тақырыптарға зерттеулердің көптігінен жаңа нәтижеге қосу мүмкін еместігінен зерттеуден бас тартуы мүмкін.





21 Дружинин В.Н. Экспериментальная психология: Учебник для вузов:-СПб: Питер, 2003. - 50б

  1. Болжамдарды нақтылау және айнымалыларды анықтау. Эксперименттікқ болжамның теоретикалық болжамнан ерекшелігі – ол «егер....онда....» түріндегі импликативті сөйлемдер арқылы қалыптасады. Сонымен қатар ол нақтыланған және жүзеге асырылған болуы қажет. Яғни, «егер А, онда В» сөйлеміндегі А мен В экспериментте бақылануы тиіс: А–экспериментатормен басқарылуы, ал В– тікелей немесе аппаратура көмегімен тіркелуі қажет. Бұл болжамды нақтылау кезеңінің аяқталуын білдіреді.

  2. Эксперимент құрылымын талдау қажет. Ол зерттеушіге біріншіден, тәуелсіз айнымалыны басқаруға, екіншіден тәуелді айнымалыны тіркеуге мүмкіндік беретіндей болуы тиіс.

  3. Эксперименттік зерттеуді жоспарлау барлық процедураның негізгі кезеңі болып табылады. Бірінші кезекте тәуелді айнымалыға әсер етуі мүмкін сыртқы айнымалыларды бөліп шығару. Жоспарлау эксперименттің ішкі және сыртқы валидтілігін қамтамасыз ету үшін қажет. Келесі қадам эксперименттік жоспарды таңдау болып табылады. Бұл өз кезегінде эксперименттік болжам, эксперименттегі бақыланатын айнымалылар саны, зерттеу жүргізудің мүмкіндіктері т.б туралы мәселелерге тәуелді болады.

Зерттеу үшін уақыт пен ресурстар (финанстық) шектеулі болған кезде қарапайым жоспарлар таңдалынады. Нағыз эксперименттік жоспарды пайдалану мүмкін болмаған кезде, зерттеуші квазиэкспериментінің жоспары біреуін таңдауына болады.

  1. Зерттелушілерді топқа іріктеу мен бөлу эксперименттік жоспарға сай жүргізіледі. Психологиялық зерттеудің объектісі болуы мүмкін зерттелушілердің потенциалды жиілігін популяция немесе бас жиын деп аталады.

Эксперименттік таңдау тобының - бас жиынды сандық және сапалық жағынан қамтуы репрезентативтілік деп аталады. Бұл талаптың орындалуы шарт, себебі эксперименттегі таңдау тобынан алынған мәліметтер бас жиынға таратылады.
Алайда психологияда бір ғана зерттелушімен жүргізілетін зерттеулер де кездеседі. Бір ғана зерттелушіні эксперименттік зерттеудің классикалық нұсқасы ретінде Эббингауз жұмыстарын атауға болады. Бір ғана зерттелушімен эксперимент мынадай кезде жүргізіледі:

  1. Зерттеуде эксперименттік амалдардың көптігінен сыналушының индивидуалды ерекшеліктері ескерілмей қалған жағдайда;

  2. Зерттелуші–«ерекше объект», яғни талантты музыкант немесе басқа да шығармашыл тұлға болған жағдайда;

  3. Зерттелушіден ерекше біліктілік қажет болған кезде;

  4. Белгілі бір экспериментті басқа адаммен қайталау мүмкін емес кезде.

Жалпы эксперименттегі таңдау тобы бас жиынды ұсыну үшін, барлық зерттелушілерге зерттеудің реалды мүшесі болуға теңдей мүмкіндік берілуі тиіс. Мұны рандомизация деп атайды. Рандомизация техникасы бас жиынның барлық
өкілдеріне индекс беріліп, кейіннен экспериментке қатысу үшін қажетті зерттелушіні кездейсоқ іріктеумен сипатталады.

  1. Экспериментті жүргізу зерттеудің барынша жауапкершілікті бөлімі болып табылады. Эксперимент барысында зерттеуші зерттелушімен өзара әрекеттестік процесін ұйымдастырады, нұсқау оқиды, оқыту сериялары жүргізеді. Тәуелсіз айнымалыны енгізеді және өзі немесе ассистент көмегімен зерттелушілер жүріс–тұрысын тіркейді. Ең соңында зерттелушілермен әңгіме өткізеді (постэксперименттік интервью).

  2. Статистикалық өңдеу әдістерін таңдау жүргізу және нәтижелерді талдау. Әдетте мәліметтерді өңдеу әдістері экспериментті жоспарлау немесе одан да ертерек, яғни эксперименттік болжамды ұсынған кезде таңдалады.

Эксперименттік болжам статистикалыққа айналдырылады. Статистикалық бағалаулар эксперименттік топ пен бақылау тобы мәліметтерінің айырмашылықтардың сенімділігінің дәрежесін айқындайды.
Сонымен қатар мәліметтерді математикалық өңдеуде бағдарламалардың стандарттық қажеттерді пайдалануда болады. ЭВМ арқылы пайдалануда ұтымды әрі әйгілі бағдарламалардың қатарына “Stadіa”, “Statgraphіcs”, “SyStat”, SPSS, SAS, BMDP жатқызуға болады.
Бұл пакеттердің барлығы 1) арнайы пакеттер; 2) жалпы бағытта тағайындалған пакеттер; жарты бағытта тағайындалған жартылай пакеттер деп бөлінеді. Бұл пакеттер зерттелушіден жоғары математикалық – статистикалық даярлықты, мәліметтерді көп өлшемді талдай білу іскерлігін және ЭВМ да жұмыс жасау дағдыларының тереңдігін талап етеді.

  1. Қорытындылар мен нәтижелердің талдауы. Эксперименттік зерттеудің қорытындысы ретінде А және В айнымалылары арасындағы себептік байланыс, тәуелділіктер туралы болжамның расталуы немесе шеттетілуі саналады.

  2. Зерттеудің соңғы нәтижесі ғылыми есеп, мақала, монография тағы сол сияқты ғылыми еңбектердің жариялануы болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет