Экспериментнәтижелерінбұрмалаушынегізгіқарым–қатынасқателіктері. Психологиялық эксперименттің әлеуметтік-психологиялық аспектілерінің негізін салушы С. Розенцвейг болды. 1933 жылы ол осы мәселе аясында аналитакалық үлгіні жарыққа шығарды, онда эксперимент нәтижелерін бұрмалайтын қарым-қатынастың негізгі факторларын көрсетті:
«Бақыланушыға деген қатынас» қателігі.
Зерттелушінің мотивациясымен байланысты қателіктер.
Тұлғалық әсер ету қателігі, яғни зерттелуші экспериментатор тұлғасын қабылдамауымен байланысты.
«Бақыланушыға қатынас» қателігі. Ол зерттелушінің реакцияларды таңдау кезіндегі шешім қабылдау критерийлерін түсінумен байланысты.
Зерттелушініңмотивациясыменбайланыстықателіктер.Зерттелуші қызығушылық, атаққұмарлық мақтанышпен мотивіне ие болуы және экспериментатордың мақсатына емес, өзінің эксперименттерінің мақсаты мен мағынасын түсінуге байланысты әрекет етуі.
Тұлғалықәсерқателігі.Бұл зерттелушінің экспериментатор тұлғасын қабылдауымен байланысты. Зерттелуші экспериментке өз еркімен немесе мәжбүрлікпен қатысуы мүмкін.
Зерттелушілердің экспериментте қатысуының өзі- олардың бойында әр түрлі жүріс-тұрыс көріністерінің туындауына себеп болады. Солардың ішінде –
«Плацебо эффектісі», «Хотторн эффектісі», «Аудитория эффектісі» т.б.21 Плацебо эффектісідәрігерлерде айқындалған. Бұл эффект сену және өзін - өзі иландыру механизміне негізделген. (Мұнда зерттелушілер дәрі немесе дәрігер әрекеті - оларды сауықтырады деп сенуі нәтижесінде олардың жағдайының жақсарғанын байқаған);
Хотторн эффектісіфабрикалардағы әлеуметтік психологиялық зерттеулер жүргізу кезінде айқындалды. Психологтар жүргізген экспериментке қатысуға шақыртуды зерттелушілер өзінің тұлғасына деген ықылас ретінде бағалаған. Нәтижесінде қатысушылар зерттеуде өздерін экспериментаторлардың күтулеріне сай ұстайды. Хотторн эффектісінің алдын алудың жолы зерттеу болжамын хабарламау немесе жалған болжам айту, сондай–ақ нұсқаумен неғұрлым бейтарап таныстыру;