Критерий тағайындалуы: T -критерийі бір таңдаудағы зерттелушілердің екі түрлі жағдайда өлшенген көрсеткіштерін салыстыру үшін пайдаланылады. Ол өзгерудің бағытын ғана емес оның айқындылығын анықтауға мүмкіндік береді36.
Сипаттамасы:T - критерийі белгілері ең кем дегенде реттік шкала бойынша өлшенген бірінші және екінші өлшеулердің арасындағы жылжулар реттелуі мүмкін болған жағдайларда пайдаланылады. Бұл үшін олар жеткілікті кең шеңберде түрленуі қажет.
Пайдаланудағы шектеулер:
Екі жағдайда өлшеуден өткен зерттелушінің минималды шегі -5. Максималды шегі 50 адам болады.
H0типтік бағыттағы жылжулар қарқындылығы типтік емес бағыттағы жылжулар қарқындылығынан басымдылық көрсетпейді.
H1типтік бағыттағы жылжулар қарқындылығы типтік емес бағыттағы жылжулар қарқындылығынан басымдылық көрсетеді.
2–ші және 1-ші өлшеудегі (дейінгі –«кейінгі») индивидуалды мәндердің арасындағы айырманы есептеу. «Типтік» жылжуды анықтау және сәйкес болжам қалыптастыру.
3
Айырманы абсолюттік биіктікке ауыстырып және оларды жеке бағанада жазу.
4
Айырмалардың абсолюттік биіктігін өсу реті бойынша рангілеу. Рангілердің жалпы қосындысының есептеу қосындысына сәйкестігін тексеру.
5
Типтік емес бағыттағы жылжуларға сәйкес рангтерді ерекше белгілермен белгілеу.
Tшеткі мәнін nбойынша анықтау (Қосымша 4). Егер Tэмпирикалық
Tшеткі мәнінен төмен немесе тең болған жағдайда. H0-терістеліп, H1- сенімділікпен қабылданады.