Болтаева ә. М



бет68/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   89
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ

Әдіс - біріншіден оқыту, зерттеу, үйрету жолы, тәсілі; екіншіден табиғат заңдылықтары мен құбылыстарын, қоғамды, жалпы танымды зерттеудегі ережелер жүйесі; үшіншіден, танымда және практикада белгілі нәтижелерге жетудің тәсілі.
Әдістеме – әдісті жүзеге асыру тәсілдері мен операциялар (тізбектелуі және өзара байланысы) жиынтығы, сонымен қатар ақпаратты талдау, өңдеу және жинаудың ережелері.
L-мәліметтер” (Lіfe record data) – зерттеу мәліметтері адамның күнделікті өмірдегі жүріс – тұрысын тіркеу жолымен алынады.
Q-мәліметтер” (Questіonnaіre data) – зерттеу мәліметтері жеке адамға сауалнама және басқа да өзіндік бағалау әдістері арқылы зерттеу жүргізу барысында алынады.
T-мәліметтер” (objectіve test data) – зерттеу мәліметтері бақыланатын эксперименттік ситуацияларға ие объективті тесттер арқылы алынады.
Теория (гректің theria - қарау, зерттеу) - ұғымдардың жүйесі шындықтағы дәлелдемелер туралы сенімді ғылыми білімнің формасы. Ол қоғамдағы заңдылықтар мен өзара қарым-қатынастардың тұтас көрінісін береді.
Аксиома (грек.ахіота) – сенімділік арқасында, логикалық дәлелсіз қабылданатын шынайы қағидалар;
Постулаттар (лат.postulatum)–пайымдаулар, олардың дұрыстығы дәлелденбесе де теория оны шынайы деп қабылдайды;
Болжам - психикалық құбылыстар арасындағы байланыстардың мәні мен сипаты, объектінің құрылымы туралы ғылыми жорамалдау болып табылады.
Сипаттау болжамы - бұл объектілердің жіктелуі (маңызды қасиеттері бойынша), құрылымдылығы (зерттелетін объектінің жекелеген элементтері арасындағы байланысы), функционалдығы (өзара әрекеттестік байланыстарының тығыздығы) туралы болжамдаулар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет