Түсіндірушіболжам- зерттелетін объекті мен құбылыстардың себеп- салдарлық тәуелділіктері туралы болжамдар. Бұл болжамдар эксперименттік тексеруді қажет етеді.
Прогноздықболжам- зерттелетін объектінің даму заңдылықтары мен тенденцияларын ашып көрсетуге бағытталған болжам.
Статистикалықболжам- математикалық статистика түрінде параметрлер арасында байланысты орнатады.
Нөлдік болжам (Н0) - бұл өлшеніп отырған екіқұбылыстың,параметрлердіңарасында өзарабайланыстың немесе айырмашылықтың жоқтығы туралы болжам.
Алтьтернативтіболжам(Н1)-салыстырылыпотырғанекібелгініңарасында өзарабайланыстың немесе жеткілікті айырмашылықтың бар болуы туралы болжам. Бұл болжамды кейде эксперименттік жұмыс болжамы деп аталады.
Концептуализацияпроцедурасы- зерттеудің әлеуметтік тапсырыстан нақты зерттеу объектісіне ауысуы болып табылады. Концептуализация процедурасы төмендегі жағдайларды: зерттеу мәселесін, мақсатын, міндетін, объектісін, таңдау тобын негіздеу, яғни зерттеудің концептуалды сызбасын нақтылауға мүмкіндік береді.
Танымдықпроцедура- бұл зерттеудің ішкі міндеттерін қою мен осыған сәйкес бірқатар танымдық нәтижелерді алуға дейінгі аралықты қамтиды. Объективтендірупроцедурасы- алғашқы эмпирикалық мәліметтерді, яғни, жаңа, бастапқы мәліметтерді ғылыми-теоретикалық және қолданбалық нәтижелерге айналдырудағы кезең. Бұл процедура осы жаңа білімдердің ғылыми білімдер жүйесіндегі орнын, күнделікті өмірлік тәжірибеде пайдалану тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді.