Болтаева ә. М



бет70/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   89
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ

Ғылыми зерттеу бағдарламасы - бұл объектіні зерттеудің әдіснамалық, әдістемелік-процедуралық негізі бейнеленетін ғылыми құжат.
Бас жиын - ғылыми-психологиялық зерттеу бағдарламасы бойынша зерттеу пәні болып табылады және территориялық, уақыттық шектерімен ажыратылған кең түрдегі объектілер жиыны.
Таңдау тобы - бас жиынның бақылау немесе тікелей зерттеу объектісіне айналатын бөлігі.
Репрезентативтілік (француз representatі - показательный) таңдау жиынының бас жиынының сипаттамасын көрсететін іріктеу жиынының қасиеттері.
Іріктеу бірлігі - таңдамалы жиынды іріктеудің әрбір кезеңінде алынатын бас жиынның элементтері.
Бақылау бірлігі - қалыптасқан таңдамалы жиынның статистикалық бақылауға тікелей қатысатын элементтері.
Дисперсия - бас жиын немесе іріктеу жиынының жекелеген мәндерінің орта көрсеткіштерден ауытқуы. Дисперсия неғұрлым жоғары болса, зерттеуді жалғастыру үшін, іріктеу жиынын соғұрлым көлемді болуы қажет.
Пилотажды зерттеу - зерттеудің негізгі процедуралары мен әдістеме сапаларын тексеруге арналған зерттеу.
Табиғи зерттеу (полевое исследование) - объектіні табиғи жағдайларда ақиқаттық айнымалылардың арасындағы байланыстарда зерттеу болып табылады.
Фундаменталды зерттеу - белгісіздік дәрежесі жоғары жаңа құбылыстар мен табиғат заңдарының ашылуы мен қоғамның ғылыми біліктілігін арттыру мен оларды тәжірибеде қолдануға арналған зерттеулер.
Қолданбалы зерттеу - жаңа немесе қазірдің өзінде белгілі құбылыстар мен табиғат заңдарын ары қарай жетілдіру мақсатында шыққан нәтижелерін адам мен қоғамның практикалық қызметінде пайдаланатын зерттеулер. Ол нақты тәжірибелік міндетті шешу үшін пайдалануы тиіс білімдерді алу мақсатында жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет