Мәліметтер– хаттамада тіркелген алғашқы әрі өнделмеген эксперимент нәтижелері.
Реферат – зерттеу тақырыбы бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны.
Конспектілеу– зерттеу жұмысының маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан– жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар.
Аннотациялау – кітап немесе ғылыми мақаланың жалпы мазмұны бойынша қысқаша ақпараттық деректеме жазу.
Рецензия(лат. recensio) — талдау, саралау, яғни көпшілік назарына ұсынылған жарияланымдарға (кітап, кино, өнер туындысы т.б.), әдеби шығармаларға, өнімдерге баға беру.
Инструментарий- эксперимент инструменті бақылау әдісінің барлық құралдарын: хаттама, күнделік, карточка, анкета т.б. қамтиды.
Эксперименттермині латынның «experimentum» (үлгі, тәжірибе) сөзінен шығып, ғылыми қалыптасқан тәжірибе ретінде түсіндіріледі. Арнайы жағдайда құбылыстарды зерттеу, бақылау, және оны қайталау кезінде де тура сондай нәтиже алуға бағытталған зерттеу әдісі.
Психологиялықэксперимент– зерттелушілердің психикалық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталып, экспериментатормен ұйымдастырылатын зерттелуші мен экспериментатордың ортақ іс-әрекеті.
Эксперименттікситуация- эксперимент өтетін жағдайлар мен шарттардың жиынтығы.
Эксперименттік айнымалылар- зерттелетін объект жағдайына тікелей және жанама әсер ететін бақыланатын және бақыланбайтын факторлар.
Тәуелсізайнымалы-эксперименттік топ іс-әрекетін енгізілетін зертеуші тарапынан өзгертілетін факторлар.
Тәуелдіайнымалы-тәуелсіз айнымалы әсерінен өзгеріске ұшырайтын факторлар.
Экспериментвалидтілігі-ол біз дәл қажетті қасиетті зерттеп, өлшеп жатқанымызды дәлелдеуге бағытталған эксперимент қасиеті.