Болтаева ә. М


Психологиялық зерттеу сызбасы мен зерттеу әдістерінің жіктелуі



бет26/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   89
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ

Психологиялық зерттеу сызбасы мен зерттеу әдістерінің жіктелуі


Психологиялық зерттеу көбіне келесідей қадамдардан тұрады.

  1. Зерттеу мәселесінің қазіргі жайын айқындау. Бұл зерттеу мәселесін қою, зерттеу объектісі мен пәнін таңдаудан басталады. Зерттеу мәселесінің қазіргі жайын анықтау үшін осы тақырыптағы ғылыми деректерге шолу жұмысының маңызы зор.

Бұл қадам библиографиялық дайындықтан, яғни тақырыпқа сай жазылған ғылыми-көпшілік әдебиеттерге шолу жұмысынан басталады. Осы кездегі зерттеушінің жұмысының жүйелілігі - болашақ зерттеу жұмысының табыстылығының алғышарты болып табылады. Мұндағы атқарылатын
жұмыстардың ең маңыздылары төменде топтастырылған.
А) Зерттеу тақырыбына қатысты негізгі түсініктерді анықтап, түрлі ғылыми сөздіктер мен энциклопедиялардағы анықтамаларымен танысу. Бұл өз кезегінде зерттелініп жатқан құбылыстың мағынасын ашуға және негізгі үлес қосқан ғалымдар мен зерттеу аясындағы ең құнды ғылыми жұмыстарға сілтемелерді табуға мүмкіндік береді.
Б) Зерттеу тақырыбына сай жүйелік каталог көмегімен дербес библиография құрастыру. Мұнда бастапқы негіз ретінде зерттеу мәселесінің ғалымдар тарапынан зерттелу жылын, алфавиттік немесе жүйелік принципті алуға болады. Зерттеу тақырыбына сай жазылған ғылыми мақалалар, конференция материалдары т.с. мерізімдік баспасөз құралдарында жарық көрген маңызды ақпараттарды да осы жүйемен тіркеуге болады. Мұндағы зерттеуші үшін маңыздысы-бұл жарияланымдар соңында зерттеу мәселесіне орай жазылған ақпараттар көзі мен түрлі құнды ғылыми еңбектерге сілтемелер көрсетіледі. Бұл өз кезегінде зерттеу тақырыбы бойынша басылымдардың санын, ғалымдардың еңбектері туралы білуге, негізгі авторларды айқындауға көмектеседі.
В) Дереккөздермен жұмыс - зерттеудің теориялық кезеңіндегі ең маңызды жұмыстың бірі болып табылады. Бұл зерттеушінің кәсіби тәжірибесі мен ғылыми зерттеу жүргізу машықтарына байланысты. Зерттеу мәселесі бойынша іріктелген дереккөздердің ішінен мәселенің алғашқы зерттеу кезеңіне көп үлесін қосқан, көптеген зерттеулер жасаған, яғни, дәйекті авторлардың еңбектерінен бастау – осы тақырып бойынша жазылған кейінгі еңбектерді түсінуге логикалық көпір болып табылады. Мұндағы тағы бір маңызды мәселе-дереккөздердің қайсысы болмасын (монография, оқулық, мақала, анықтамалық т.б.) зерттеуші тарапынан қысқаша тезис не конспектілеу қажет. Егер негізгі мазмұнды конспектілеу кезінде қысқартуға болмай жатса, онда автордың қорытындыларын, жұмыста жазылып тұрғандай көшіріп және соңында міндетті түрде сілтеме жасап қою қажет. Бұл кейін жұмыстың теориялық негізін қалыптастыруда таптырмас ақпарат көзі болады болды13
Зерттеу мәселесі бойынша жинақталған дереккөздерді шолу нәтижесінде зерттеу қандай да бір логикалық құрылымға ие болады. Ол зерттеушіге осы мәселенің ғылыми мәселе дәрежесінде пайда болуы, шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеу көзқарастары, нақты жүргізілген зерттеулер нәтижесі, ғалымдар назар аудартқан жайттарын айқындауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде зерттеу мәселесінің даму аймағы, басқа құбылыстармен өзараәрекеттестігі, әсер етуші факторлары мен зерттеу кезеңдерінің логикасын түсінуге алғышарт болады.

  1. Зерттеу концепциясын жасау немесе айқындау. Қызықтырушы құбылыстың жалпы мінездемелік үлгісін кұрастыру. Жұмыстық болжамдарды қалыптастыру.



13 Куликов Л.В. Введение в психологическое исследование.- СПб., 1994.

  1. Зерттеуді жоспарлау. Мақсат пен міндеттерді анықтау. Әдіс және әдістеме таңдау.

  2. Мәліметтерді жинақтау және фактілік сипаттама беру. Теориялық зерттеуде: фактілерді іздеу және таңдау, оларды жүйелеу, фактілерді жаңа көзқарас бойынша сипаттама беру.

  3. Мәліметтерді өңдеу.Сандық-статистикалық және сапалық талдаулар жасау

  1. Нәтижені бағалау. Болжамды тексеру нәтижесі, зерттеу концепциясы аясындағы алынған нәтижелерді интерпретациялау.

  2. Концепциялар мен теориялардың байланыс нәтижесін айқындау. Зерттелуші құбылыстың үлгісін нақтылау. Жалпы шешімдерді қалыптастыру. Мәселенің ары қарай шешілу беталысын бағалау.

Айтылған кезеңдер бойынша дәйекті өту шынайы зерттеуде шартты, себебі, практикалық түрде бастапқы кезеңдердегі шешімдерді кейінгілердің мүмкіндіктер мен шектеулерін есепке ала отырып түзету қажеттілігі туындайды. Себебі, зерттеу ерекшеліктеріне байланысты келесі кезеңдердің мүмкіншілігіне қарай кейде нәтижені өңдеу бірінші жүруі мүмкін.
Психологиядағы ғылыми және қолданбалы зерттеулерде төмендегі эмпирикалық және эксперименттік әдістер кеңінен қолданылады.

  1. Бақылау әдісі

  2. Сұрақтама әдістері (әңгімелесу, сұхбат, анкета, тұлғалық сұрақтамалар т.б.)

  3. Тест әдісі (тест тапсырма, тұлғалық тесттер, ақыл-ой тесттері, тест-сұрақтама, проективті тесттер т.б.).

  4. Модельдеу әдістері (кибернетикалық модельдеу, логикалық модельдеу, техникалық модельдеу, математикалық модельдеу және т.б.).

  5. Эксперимент әдістері:

А) Табиғи эксперимент - зерттеу объектілерін табиғи жағдайларда зерттеу;
Ә) Лабораториялық эксперимент – арнайы жабдықталған зертханаларда алынған нәтижелерді көп реттік растау үшін зерттеуге жағдай туғызу;
Б) Констатациялық эксперимент – зерттеу объектілерін тән қандай да бір ерекшеліктердің, құбылыстардың бар екендігін дәлелдейді;
В) Қадағалаушы – зерттеу объектісіне әсер ету мен әсер тиімділігі нәтижелерін қадағалау;
Г) Қалыптастырушы эксперимент – экспериментатор арнайы әсер арқылы өзіне қажетті психикалық ерекшеліктерді (өзгерістерді) қалыптастырады. Бұл эксперименттің ерекшелігі- зерттеу және бақылау топты қажет етеді және ұзақ мерзімде жүргізіледі.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет