Болтаева ә. М


Анкетаны құрудағы қателіктерді көрсететін белгілер



бет36/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   89
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ

Анкетаны құрудағы қателіктерді көрсететін белгілер.


Жауаптар қатарының жетіспеушілігі. Сұрақтарды құрайтын терминдердің дұрыс таңдалуы. Олар қиын және түсініксіз. Оның мазмұны респондентке жетпейді.
«Барлығы» немесе «ештеңе» типіндегі жауаптар. Бұл сұраққа жауап бергенде бірыңғай сұрақтарды байқайды, онда ешқандай айырмашылық көрмейді де бәріне бірдей жауап береді. Сондықтан сұрақтарды қайталап қоймау керек.
«Білмеймін», «түсінбедім» деген жауаптар. Анкеталық сұрақ дұрыс құрылмаған, кең көлемде жасалғанын көрсетеді.
Жауап беруге қарсы болса, кіріспе бөлімі дұрыс құрылмаған және толтыру тәртібі түсініксіз, немесе анкета қиын сұрақтардан басталған. Сұраушы анкетаның тәртібін қалай түсіндірсе жауап беруші солай түсінуі керек.
Сондай-ақ респонденттің сұрақтарға берген жауаптар тәртібінің өзгешіліктеріне байланысты және жауап варианттардың ауытқуы байқалады.
Яғни егер де сұрақтардың тәртібі өзгертілсе немесе жауаптардың басқа да варианттары ұсынылса, мұнда жауап берушіден алынатын жауаптардың өзі де өзгереді. Сұрақ арқылы сенімді және негізделген информацияны алуды қамтамасыз ету керек.
Анкета мынадай жағдайларда сенімді деп есептелінеді. Зерттелушілерге біраз уақыт өткеннен кейін қайтадан осы анкетаны жүргізгенде бұрынғы және соңғы зерттеу нәтижесінің өзара сай келуі зерттеу нәтижелерін сенімді түрде қабылдауға негіз болады.

Сауалнама әдісі.


Сауалнама зерттелетін объект туралы әлеуметтік ақпаратты тікелей (интервью) немесе жанама (анкета) түрде зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сай сұрақтар тізімін жасау мен жауаптарды тіркеу арқылы алу. Мұнда зерттелушіні - респондент деп атайды.
Мақсаты: түрлі көзқарастар (қоғамдық, топтық, ұжымдық) туралы әлеуметтік ақпарат алу және респонденттердің өмірлік іс-әрекеттерімен байланысты құбылыс, факты, бағалаулар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет