Негізгі нормативтікережелері - мұндағы зерттеу болжамы айқын бағдарлы болуы қажет. Зерттелетін объектіні тану мен сипаттаудың жоғары деңгейі. Эксперимент бырысындағы қатаң бақылау. Қайталау, жаңғырту мүмкіндігі. Зерттелетін объектіге пайдаланылатын әдістер мен өлшеу, байқау құралдарының адекваттылығы.
Пайдаланудағышектеулер-эксперимент жиналған білімдер негізінде айнымалылар құрылымын бөліп шығаруға болатын объект түрінде табылады.
Ерекшелігі:
а) ақпараттар эксперименттік факторға тәуелді болады; ә) экспериментатордың бағдарынан тәуелді болады;
б) эксперименттік ситуация үнемі бақылауда болады;
в) ақпаратқа эксперименттік факторлармен қатар өзге де нәрселер әсер етеді.
Жетістігі:
а) себеп-салдарлы қатынас, байланыстардың сипаттау мен қатар түсіндіруі бірге жүреді;
ә) ақпарат зерттеу мақсатына бағытталған;
б) экспериментті қайталау, жаңғырту мүмкіндігі;
в) зерттеу тарапынан өзгерістерді анықтау мен ұйымдастыруға көмектің болуы.
Кемшілігі:
а) эксперименттік фактор объект ішкі және сыртқы ортамен табиғи байланысын бұзып, оны қалыптан тыс жағдайға әкеледі;
ә) эксперименттің ситуациялық жасанды сипаттары нәтижелерді жалпылауға мүмкіндікті азайтады;
б) қатысушылардағы «исключительность» эффектісі нәтижелерде шешуші роль атқарады, яғни эксперименттік ситуацияның локализациясы қиын өтеді.
Бағдарламасы-бұл зерттеу бағдарламасына тән барлық құрылымдық элементтерімен сипатталады. Бұл жерде басты міндет – болжам қалыптастыру, зерттеу объектісінің іс-әрекетін себептейтін (айнымалылар) факторлар жүйесіндегі оның тексерілуі.
Пәні- зерттелетін объект қасиеттерінің арасындағы байланыстар мен қатынастар және оның әлеуметтік іс-әрекеті мен жүріс-тұрысынан себептейтін факторлар жүйесі.
Объектісі - жеке адам, әлеуметтік топ, ұжым т.с.с. Экспериментте зерттеу тобының 2 - түрін бөліп шығарады: бақылау тобы және эксперименттік топ.